Ж дыбысы мен әрпі

  Ж дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Балаларды ж дыбысы мен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.
Сурет арқылы заттың атын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, интерактивті тақта.

Мотивациялық - Қозғаушы кезең
Жылулық шеңбері.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!

Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Балалар, бүгін біз орманға саяхатқа шығамыз. Орманға саяхатқа шығу үшін алдын ала дайындаламыз. Орманның бір түкпірінде қазына жасырылған. Ол үшін біздерге қандай заттар қажет?

Қанеки балалар біздерге керекті заттарды сатып алайық. Ол үшін біз білімпаз атайдың дүкеніне барамыз. Бұл дүкеннің басқа дүкеннен айырмашылығы заттарды тек қана білімімізбен сатып аламыз. Ол үшін мынадай тапсырмалар беріліпті.

Ы дыбысы қандай дыбыс? Дауысты дыбыс екенін қайдан біліп тұрсың? Олай болса ы әрпінен келетін сөздер айтайықшы? Ыдыс деген сөзді кім буынға бөледі?
Балалар біздер керекті заттарды алдық олай болса жолға шығамыз. Балалар орманда нелер мекендейді?
Оларды бір сөзбен қалай айтамыз?

Балалар алдымыздан жолбарыс шықты. Осы жолбарыс деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр?

Олай болса біздер бүгін ж дыбысымен танысамыз. Балалар бәріміз бірге ж деп айтып көрейікші. Ж дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба? Онда қандай текшемен белгілейміз? Ж дыбысы дауыссыз дыбыс айтылғанда қысқа, кедергіге ұшырап айтылады. Егерде оны созып айтсақ ы дыбысы қосылып кетеді. Балалар жолбарыс қандай жануар? Саяхатымызды әрі қарай жалғастыру үшін жолбарыс біздерге кедергі болып тұр. Жолбарыс апанындағы сиқырлы кітапты оқытпай бізді орманға жібермейді екен. Сиқырлы кітаптағы сөздерді балалар қайталап оқиды. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі