» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: ГОСО мектепалды даярлық сыныбына

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: ГОСО мектепалды даярлық сыныбына

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: ГОСО мектепалды даярлық сыныбына казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: ГОСО мектепалды даярлық сыныбына на казахском языке
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы
27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) индикатор – баланың даму деңгейінің көрсеткіші;
2) интеграция – мазмұнның құрылымдық бөліктері арасындағы байланысты жасайтын процесс;
3) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық балалардың тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс;
4) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы;
5) білім беру траекториясы – педагогтің ата - аналармен және басқа мамандармен бірлесіп белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін межелеген бала дамуының үздіксіз процесі;
6) ұйымдастырылған оқу қызметі – педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталған әрекеттің бір түрі;
7) мектепке дейінгі ұйымда балалардың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру – балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың физикалық, адамгершілік және зияткерлік дамуы үшін уақытты үйлесімді бөлу және қолайлы жағдайларды жасау;
8) заттық - кеңістіктік дамытушы орта – бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі;
9) күн тәртібі – бұл баланың қалыпты дамуына және оның денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін тәулік бойғы уақытты ұтымды бөлу және түрлі әрекет түрлері мен демалыстың дұрыс өзара сабақтастығы;
10) үлгілік оқу жоспары – стандарттың негізінде жасалған мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін қамтамасыз ететін мемлекеттік нормативтік құжат.
2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін:
1) осы стандартқа;
2) үлгілік оқу жоспарларына;
3) жалпы білім беретін оқу бағдарламасына;
4) Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын айқындайды;
2) оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, заттық - кеңістіктік дамытушы ортаның мазмұнына, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
4. Стандарт талаптары:
1) үлгілік оқу жоспарларын;
2) баланың қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске асыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын және қосымша бағдарламаларды әзірлеуге негіз болып табылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасын;
3) мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасын;
4) мектепке дейінгі ұйымдарда олардың ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру процесін жүзеге асыруды;
5) мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу - дидактикалық құралдар мен әдістемелік ұсынымдарды;
6) мектепке дейінгі ұйымдар мен педагогтардың қызметін мемлекеттік аттестаттау талаптарын;
7) ерекше білім беруге қажеттіліктері бар (психикалық және физикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар) балаларға арналған білім беру бағдарламасын;
8) балалардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін дамыту бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын;
9) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті.
5. «Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөлімде әрбір баланың жетістіктерінің психологиялық - педагогикалық диагностикасы негізінде ұйымдастырылған оқу қызметі мен режимдік процестер арқылы іске асырылатын білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер көрсетілген.
6. «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде мектепке дейінгі білім берудің мақсаты, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игерудің нормативтік мерзімдері, типіне, түріне және меншік нысанына, сондай - ақ оқыту тіліне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында балалардың міндетті түрде меңгеруі тиіс мазмұнның көлемі көрсетілген.
7. «Оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар» деген бөлімде жас кезеңдеріне сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы және оларды санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізу көрсетілген.

2. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны:
1) күтілетін нәтижелер түріндегі мақсаттар жүйесіне жету есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыруға;
2) ұлттық дәстүрлерге, сондай - ақ жалпы адамзаттық қағидалар мен нормаларға негізделген рухани - адамгершілік және мәдени - әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруға;
3) тәрбиелеу, дамыту және оқытудың мақсат - міндеттерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің арасындағы жүйелілік, тұтастық, сабақтастық және үздіксіздік қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге;
4) балалардың, соның ішінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін психологиялық - педагогикалық жағдайларды жасауға;
5) мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын қызметінен оқу қызметіне біртіндеп өтуге дайындыққа;
6) жеке тәсілдер негізінде балалардың түрлі іс - әрекеттерінде олардың қабілеттерін, бейімділіктерін, талаптары мен дарындылықтарын дамытуға;
7) мектеп жасына дейінгі балалардың бастауыш мектепте оқуына тең мүмкіндік беруді көздейтін қарапайым қимыл - қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
9. Әрбір жас тобы бойынша дағдыларды меңгеру деңгейі осы стандартқа қосымшаға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5 - кестелерде келтірілген.
10. Баланың қалыптасқан дағдылары:
1) дене бітімі дамыған;
2) білуге құмар;
3) белсенді;
4) эмоциялық елгезек;
5) үлкендермен және құрдастарымен қарым - қатынас жасау құралдары мен өзара іс - қимыл тәсілдерін меңгерген;
6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;
7) мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды......




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 58 | 8.03.2019


Загрузка...
Читайте также
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Біз мектепке барамыз
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Біз мектепке барамыз
Мектепалды дайындық сабақ жоспары:  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Драма сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Драма сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Еңбек тәрбиесі
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Еңбек тәрбиесі
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Артық кем тең
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Артық кем тең
Әдістемелік нұсқау хат. 2017-2018 оқу жылы
KZ
Әдістемелік нұсқау хат. 2017-2018 оқу жылы

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды ГОСО мектепалды даярлық сыныбына дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, ГОСО мектепалды даярлық сыныбына, мектепалды ГОСО мектепалды даярлық сыныбына дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: ГОСО мектепалды даярлық сыныбына