» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қысқы табиғат ерекшеліктері

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қысқы табиғат ерекшеліктері

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қысқы табиғат ерекшеліктері казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қысқы табиғат ерекшеліктері на казахском языке
Бімділілік: балаларға дәстүрден тыс үрлеу әдісі бойынша қар кесегін түтікшемен үрлеп салуға үйрету. Қысқы табиғат ерекшеліктерін ажыратуға, атап айтуға үйрету.
Дамытушылық: қысқы ойын түрлерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: эстетикалық талғамдарын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қар кесегінің суреттері, кляксография әдісі ақ қағаздар, қысқы табиғат ерекшеліктерін ажырататын видео ролик.
Қажетті құрал - жабдықтар: тушь көк түс, гуашь ақ түс, ақ қағаз, сүлгі, түтікше видео ролик.
Сөздік жұмыс: Қар кесегі.
Көптілділік: Қар - снег - snow

Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Қыс келді, қыс келді
Ақтарып ақ қарды.
Дала аппақ түске енді.
Аралап қайтайық.
Ақ күміс бақтарды
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң апайлар!

Ұйымдастырушылық – ізденістік
Оқу қызметі жұмбақ жасырудан басталды.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады,
Ол не?
Қар жауғанда топ бала
Соқтық келіп аққала
Мұрын - сәбіз, үп - үшкір,
Көзі - көмір, қап - қара
Ол не?
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Ендеше боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз?
- Үскірік аяз болып тоңғанда не істейді?
- Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
Суреттерді көрсетіп, қысқы табиғаттың ерекшелігін айтамыз.
Слайд. Ауа - райы.
Слайдпен көрсетіп, кляксография әдісімен қар кесегін салу жолдарын көрсету.
Көптілділік: Қар - снег - snow
Бұл кляксография әдісін ақ қағаздарды дайындап алайық.
- Балалар ақ сия мен көк сияны араластырамыз сол кезде көкшіл түске айналады.
- Осы сияны қағазға тамызып оны түтікшемен үрлейміз.
- Сол кезде қар кесегінің суреті дайын болады.
Сергіту сәті видео ролик

Тақтамен жұмыс
«Топқа бөлу» дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтада қысқы киімдер, қысқы құралдар, қысқы ойындар. Суреті ілініп тұрады. қысқы киімдер, қысқы құралдар, қысқы ойындартиісті белгілерді жанына орналастырады.
Мақсаты: қысқы табиғат көрінісін бейнелейтін сөздерді айтқызу. Қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. .....




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 130 | 8.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды Қысқы табиғат ерекшеліктері дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Қысқы табиғат ерекшеліктері, мектепалды Қысқы табиғат ерекшеліктері дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мекте, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қысқы табиғат ерекшеліктері