DataLife Engine / Үш әлем аясындағы тағдыр

Үш әлем аясындағы тағдыр


1

Алматының еңсесі биік ғимараттары басыңды айналдырардай, иін тіресе орналасқан. Сол ғимараттардың бірінің жарығы, күндегісінен ерте жанды. Бұл Қарагөз атты қыздың пәтері еді. Қарагөз әншейінде күн көтерілгенде бір ақ оянатын. Қарагөз бетін жуа бастап еді, айнаға көзі түсті. Көзі түсті де, бір сәт ойланып тұрып қалды. Ойына түнде көрген түсі оралды. Бұл не ғажап! Расында,бұл не болғаны?

Ну орманның арасында адасып келеді екен. Айналасы көк тұман. Басы зеңіп, ауырып тұр. Ол сол жерде айналшақтап біраз тұрды. Кенет, о ғажап, күн жарқырап ашылып, басы ауырғаны да қойды. Алдынан үлкен бір үй көрінді. Не де болса көріп, өлейін деп үйдің есігін ашты. Үй қаңырап бос тұр. Қыбыр еткен жан жоқ. Ақырын басып екінші қабатқа көтерілді. Түпкі бөлменің есігін ақырын ашқаны сол еді қатты да қалды. Тіпті айқайлауға шамасы келмей қалды. Қарагөз тап алдында, асылып өлген жас жігітті көрген еді.....

2

Серіктің бүгін туылған күні. Екі езуі екі құлағында, мәз-мәйрам, жас балаша қуанып жүр. Өйткені ол аттай 20 жаста. Осы себептен де, жұмыс орнынан ерте қайтқан еді. Үйінің есігін ашып, жарықты жаққан кезде “Серік, Серік, Серік туылған күніңмен” деген құттықтау сөздер жамырай естілді. Ал содан соң, ары қарай белгілі ғой тілектер, торт, ән-күй тағысын тағылар араласып кете береді. Достары Серікке телефон сыйлады. Телефон дегенде жай телефон емес, атағынан ат үркетін Iphone 5 S деген телефон. Сол телефонмен бірге Серіктің өмірінде жаңа өзгерістер, жаңа оқиғалар енетінін Серік те, оның достары да білмеген еді....

3

Күн жексенбі. Қарагөз әдеттегідей ұйқысынан ерте оянды. Бұлай болатыны, таң бозара бастағанда күнде бір түсті көреді. Көреді де, шошып оянады. Бірақ, шықпа жаным шықпа деп әрең жүр. Ауыр ойлар еңсесін басқан ол компьютеріне шұқшиып біраз отырды. ВК-дағы достарын көріп, мұңға батты. “Өмірде де осылай досым көп болса ғой”. Өзіне жоладанған заявкаларды қабылдамай шетінен қырып келе жатыр еді, біреуіне көзі түсті. Жеке парақшасына кіріп ол туралы ақпарат оқи бастады. Серік Сансызбайұлы, 95-жылғы, Алматы қаласы. Суреттерін де тамашалады. Үнемі артқы фонда түсе беріпті, өзі жалғыз түскен бір фотосы жоқ. Соған қарағанда досы көп болғаны ғой. Қарагөз оны, өзі красавчик екен деп көңіліне түйіп алды. Әйтеуір бірдеңе жүрегінде түйіліп тұрғандай болды. Ол нәрсе беймәлім болашақта не күтіп тұрғанын аңғартқандай еді. Принять заяку-ды қалай басып жібергенін аңғармаған Қарагөз Серіктің суретіне тесіліп қарап қалған еді......

4

Қарагөз пен Серік бір-бірімен көптен бері сөйлесіп жүр. Әлеуметтік желі арқылы. Қазіргі кезде тіпті етене жақын адамдардай, ескі таныстардай бір-бірін жақсы таниды. Міне, екеуінің желі арқылы сөйлесіп жүргендеріне бүгін тура бір жыл толады. Бүгінгі әңгімені Қарагөз бастады

Қарагөз:

- Сәлем, қалайсың?

Серік:

- Сәлем, жақсы,өз?

Қарагөз:

- Норм,не истеп?

Серік:

- Жай отрм, сенш?

Қарагөз:

- Мен тож.

Серік:

- ммм.

Қарагөз:

- бүгін біздің сөйлесіп жүргенімізге 1 жыл толады!

Серік:

-ммм солай ма?

Қарагөз:

- Кездессек деймін.

Серік:

-..............

Бұл Қарагөздің көптен бергі арманы. Мұны талай рет айтқан. Бірақ Серік әрнені сылтаурата беретін. Әңгімені ары қарай Қарагөз жалғастырды:

- Неге үндемейсің? Мен саған ренжідім, болд жазба маған!

Бұл сөздер Серіктің жүрегіне тікен болып қадалды..Серік

- Жарйды кездесейік.

Осылай вк-дағы әңгіме аяқталды. Екеуі кездесу орны мен уақытын белгіледі. Серік еңсесін басқан ауыр ойлардан арыла алмаған күйі төсегіне құлай кетті.......

5

Серік белгіленген жерге уақытынан ерте барып алған-ды. “Ол мені көргенде не ойлар екен” деп ойлаған Серік тұманды ойға шомып кетті. Серік сол жерде жарты сағаттай тұрды. Бірақ, ешкім келмеген еді. “Ол мені сырттай көріп, кетіп қалған шығар” деген күдік Серікті тұмшалай бастаған еді. Сол мезетте ол оған қарсы келе жатқан бір адамды көрді. Ол Қарагөз болатын. Серіктің жүрегі аттай тулап кетті.

Қарагөз Серікті алыстан таныған. Аузында алқызыл раушан гүлі. “Ал бірақ неге аузында екен, әлде бір керемет көрсеткісі келді мекен”. Осылай Қарагөз өзіне-өзі күбірлеп келе жатыр. Келген бетте:

Сіз Серік боламысыз? Менің атым Қарагөз деп қолын ұсына берген еді. Бірақ Серік пальтосын желбегей жамылған күйі мелшиіп тұрды қалды. Қарагөздің көз алдына көптеген оқиғалар жүріп өтті. Ол енді алдында тұрған жігіттің екі қолының шолақ екендігін түсінген еді. Қарагөз шыңғыра, жылап басы ауған жаққа кете барды. Аяққа тапталған раушан гүлінің күлтелері шашылған күйі жерде қалыпты....

6

Сол кездесуден кейін Серік өмірден қатты түңіліп кетті. Нәр татпайтын болды. Күні-түні төсегінде көзін тарс жұмып, ешкіммен сөйлеспей жататын болып алды. Достары Серікке қаншама рет келіп, не болғанын сұрады. Бірақ Серік таз қалпында жата берді. Ойына неше түрлі нәрселер келіп кетті. Бүйтіп өмір сүргенімше өлгенім артық деп ойлады ол. Бірақ мешітте естіген уағызы есіне түсе берді. “Бұл дүниеде адам өз-өзін қалай өлтірсе, ана дүниеде мәңгілік солай азапталатынын” молданың айтып бергені бар еді. “Жоқ, кілтсіз құлып болмайды, не де болса амалын табу керек”. Не де болса.......

7

Кездесуден кейін үш-төрт күн өтті. Қарагөз өз пәтерінде көк жәшікке телміріп отырған-ды. Сол оқиғадан кейін қайыра әлеуметтік желінің бетін көрмеуге ант еткен. Бірақ, біртүрлі жүрегі алабұртып, бірдеңеге алаңдағандай болады. Неге екені белгісіз, соткасына алаңдай берді. Кенет бірнәрсе дыз ете қалды. Қарагөз селк етті. Бұл қолындағы телефоны екен. Хабарлама келіпті. Ол ішінен “21 ғасырда да хат жазатын адамдар бар екен-ау” деп таңғалды. Қараса белгісіз номер. Не істесе болады. Хабарламаны ашты, ашты да дауыстап оқи бастады. Неге екені белгісіз, дауыстап оқыды. Өлең екен:

“Ұнап еді ай дидарың,

Мөлдір қара көздерің

Бір көрдің де ғайып болдың

Жан сырымды сезбедің.

Кейде мұз боп қатып қалам,

Кейде жалын от болам

Мұны оқып отырсаң сен

Бұл өмірде жоқ болам.”

Қарагөз өлеңді оқып болып, есіне Серік түсті. Мұны жазған сол болар. Жанарынан аққан жас бетін қуалай жерге тамып кеткенін Қарагөз аңдамады. Басына неше түрлі ойлар зымырап өтті. Кенет, ылғи мазалап, көріп жүрген түсі көз алдынан ақырын өте бастады. Оны бір белгісіз күш есікке сүйрелей жөнелген еді..........

8

Қаргөздің аяғы өзіне бағынбай, жеделдей басып, Серік тұратын пәтеріне келді. Подъездің есігін ашқан жігітті қаға-соға ішке ентелей кірді. Пәтерінің есігі ашық болып шықты. Қарагөз өзінің терлеп кеткенін де елеген жоқ. Жүрегі атқақтап, аузына сияр емес. Түпкі бөлменің есігін тартып көрді, ашылмады. Қатты-қатты жұлқылады, тепті, ұрды. Бұдан еш пайда болмады. Бір кезде есіктің ортан тұсы әйнек екенін көрген Қарагөз, жұдырығымен әйнекті түйгіштей жөнелді. Қолынан сорғалап аққан қанға, қолының қатты ашығанына мән бермей төпештей берді. Ақыры әйнек кісі сиярлықтай болып сынды. Не деген өлермендік?! Неге бұлай жасады? Бұл сұрақтарға бас қатырған Қарагөз болмады. Өзі тескен жерден өтті де, сүріне қабына орнынан тұрды. Орнынан тұруы мұң екен, алдындағы көріністі көріп, көзінің алды тұманданып кетті...

9

Тергеушілер бүгін тым мазасыз. Уылдақ машиналарымен топ-топ болып милициялар да жүр. Аға тергеуші көрші тұратын тәтеден жауап алып тұр. Аға тергеуші:

-“Сол күні не көргеніңізді айтып беріңізші ”деді.

Көрші әйел дауысы дірілдей шығып:

- “Мен сол күні қоқыс төгуге далаға шықтым. Қайтып келе жатыр ем, бір нәрсенің сынғанын естілді. Жалма-жан пәтеріме қарай жүгірдім. Сол кезде көрші пәтердің есігі ашық тұрғанын байқадым. Ішке кірсем, түпкі үйдің есігі сыныпты. Сол сынған жерден қарап едім, бір жігіттің асылып тұрғанын және бір қыздың жерде жатқанын көрдім. Сөйтіп сіздерге баяндадым” деп көрші әйел сөзін аяқтады. Сол сәтте аға тергеушінің жанына майор Талғатов келді. Келген бойда:

“Тергеуші мырза мұны қалай түсінеміз!” деді үні қатқыл шығып. Аға тергеуші иегін сипап, аз тұрған соң: “ Бұл әрине суицид, ал қыздың өлімі неден болғаны белгісіз, бірақ жүрегі тоқтап қалған, бұл әдетте қатты шошынғаннан болады” деп сәл күрсінді де үнсіз қалды.

Бұл мезгілде күн қызыл шұғылаланып ұясына батып бара жатқан еді...

07.11.2018
Вернуться назад