Қазақ әдебиеті | Ақтан Бабиұлы

Қазақ әдебиеті | Ақтан Бабиұлы

Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап "Кедей күні”, "Сары Мешелге”, "Қарау байға”, "Жөргем салға”, "Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады.
А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап "Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды.
Ақынның 1940-1960 жылдарда жазған өлеңдері үгіт-насихат сипатында болып, халықты жаңа қоғам құруға уағыздады, ескі мешеулікті қатты сынауға бағытталды. Ол достық тақырыбында "Орыс даласы”, "Москвам”, "Қанды соғыс”, "Отан жыры” секілді туындылар, "Қыс”, "Жазғы мысал”, "Қобда өзені”, "Бесбоғданың қойыны”, "Бөкентау” секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның "Бүркіт” (1959), "Досымбек-Балқия” (1964), "Өмір жолы” (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар болумен бірге поэма жанрының қалыптасуына негіз болды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!