Кітапхана сабақ жоспары: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз)

Кітапхана сабақ жоспары: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз) казакша Кітапхана сабақ жоспары: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз) на казахском языке

Тақырыбы: Біз кітапханаға барамыз
Мақсаты:білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру;кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;кітапқа деген қызығушылығын арттыру;оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі:кітап жайлы жазылған плакаттар,суреттер.
Барысы:
Ұйымдастыру.
«Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін»деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар-сендерге білім көзі,рухани қазына.Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімізді молайтады,кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз.Оқығанның,тоқығанның көп болса жеңілмейтін жау,алынбатын қамал жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаса керек.Бүгінгі 3- сынып оқушылары дайындаған «Кітапхана-парасаттылық мекені»атты тәрбие сағатымызды бастауға рұхсат етіңіздер.
Ақбота:Кітап-рухани азық.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Ертегі,әңгімелермен сыр шертетін кітаптар-біздің ең жақын ақылшымыз.
Гүлім:Кітап шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді.Біз кітапты қалай ұстауымыз қажет?
Мейірхан:Кітапты жыртпай,кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап,оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.
Мұғалім:Балалар,бүгін бізге қонаққа «КІТАП»келіп отыр. «Кітапты» ортаға шақырайық.
Кітап:Балалар,мен білім көзі-Кітаппын.Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңірді.Балалар,кітап қайдан шығатынын білесіңдер ме?
Балалар:Ағаштан
Мұғалім:Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіріреміз.Кітап сен бізге қонақ болып балалардың білімін
Балалардың білімін тамашала.
Айназ: Адамның досы-кітап,өмір кілті,
Тең келмес оған барша жиған мүлкі
Ақылшы,жанға серік,жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы,өмір көркі
Нұрдаулет:Саған білім жемісін
Оқулығың береді
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.
Ханшайым:Орманның аялы
Алақаны өсірген
Сонау ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген
Алмат:Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді
Аға қанша шаршаған
Ағаш тиеп үнемі
Нұрайна:Зауыттарда күн-түні
Қағаз жасап бағады.
Қанша адам кім төгеді
Маңдай терін төгеді
Әділет:Оқулықты баршаға
Талай ғалым қолға алып,
Жылдар бойы қаншама
Жазады ұзақ толғанып
Бақдәулет: «Әдемілеп берсем»деп
Бояу жағып не түрлі,
Суретшілер көркемдеп
Қаншама уақыт отырды.
Данагүл:Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі
Баспахана ішінде
Айлап тыным көрмеді
Абулхаир:Оқулықты мектебің
Берер саған теп-тегін
Білмейсің-ау сен бірақ
Қаншама еңбек кеткенін
Леонид:Оқулықты мектебің
Күтіп ұста,кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке.
Көрініс: «Науқас кітап»
Оқушы:Сәлеметсіз бе,дәрігер?!
Дәрігер:Сәлеметсіз бе!
Оқушы:Дәрігер,мен сізге кітабымды әкелдім.Ол қатты науқас.
Дәрігер:Жарайды,алдымен диагнозын анықтап алайық.
Оқушы:Мен үйде жоқта кішкене балалар ұстап осындай күйге жеткізіпті.
Дәрігер:Мұңайма,кітабыңды емдеп жазамыз.Кітабыңа су тиген,беттері жыртылған.
Кітабыңды түптеймін,жыртылмасын
Мұқабасын бүкпеймін,қырқылмасын
Таза болсын беттері,кірлемесін
Көрген адам «Кітабың кір» демесін
Мен мынадай кеңестер жазып беремін,үнемі есіңе сақтап жүр.
Оқушы:Жарайды,дәрігер,кеңестеріңізді үнемі есте сақтаймын.
Дәрігер: Жарайды,кетіңіздер!Сау болыңыздар!
Оқушы:Сізге көп рахмет!Сау болыңыздар!
Мұғалім:Балалар,дәрігер апайымыз айтқандай кітаптар да ауырады екен.Сол зиянды болдырмау үшін мынадай ережелер бар екен:
1.Кітаптың бетін шимайлама.
2.Кітапты бүлдірмей,жыртпай таза ұстау керек.
3.Кітаптың беттерін бүктеме.
4.Кітаптың мұқабасын тыстап қой.
5.Кітапханадан алған кітапты уақытымен қайтар.
6.Кітап бетіне сурет салма.
Мұғалім:Балалар,кітап туралы жазған ғұлама ақын-жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?
Бақдәулет:Кітап маған тақтан да қымбат.
Нұрайна:Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге.
Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей.
Мейірхан:Кітап-мұхит,сол мұхиттан не терең,
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Мен бай болсам,тек қана кітап сатып алар ем.
Ақбота:Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.
Алмат:Кітап-асып таспайтын асыл досымыз.
Мұғалім:Рахмет,балалар.Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Сабақ жоспары жинағы / Кітапхана сабақ жоспары жинағы, кітапхана сабағы, кітапхана сабақ жоспары, мектеп кітапханасы сабақ жоспары, мектеп китапханасы сабак жоспары, библиотечный урок на казахском языке, китапхана сабагы, 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні, китап куни сабақ жоспары, кітап күні сабақ жоспары, кітапхана сабағы кітапхана сабақ жоспары мектеп кітапханасы сабақ жоспары мектеп китапханасы сабак жоспары библиотечный урок на казахском языке китапхана сабагы 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні китап куни сабақ жоспары кітап күні сабақ жоспа, Кітапхана сабақ жоспары: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз)