DataLife Engine / Табиғат әлемі

Табиғат әлемі

Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс –тәсілдер: ТРИЗ әдісі, саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар.

Көрнекі – құралдар: АКТ, тақырып бойынша суреттер, видео – слайд, теледидар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

ҰОІӘ дайындық

Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздрімізді білдіріп таңғы шаттық шеңдерін жасайық.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң бақшамыз



Сәлеметсізбе!

Біз де куаныштымыз



Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң бақшамыз

ҰОІӘ өткізілуі





Балалар сендер отырмас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар.

Бір жерінде ыстық

Бір жерінде суық

Бір жерінде күн

Бір жерінде түн

Керемет алып неткен

-Иә дұрыс айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні қандай?













Жер шары

Дөңгелек



Балалар біз қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекедейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы:тәрбиеші «Жер шары» десе бала «адам» деп жылдам жауап беруі тиіс.

Балалар ойынды ойнайды.





Жарайсыңдар балалар! Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар. Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз?

Дұрыс айтасыңдар біз бүгін сіздермен осы табиғат ұғымымен тереңірек танысамыз.

Ғажайып сәт

Экраннан хатты оқу

Табиғат аясындағы ақ қайың ағашынан келіп тұр екен.

Табиғат





Хат

Сәлеметсізбе, құрметті балалар! Мен ақ қайыңмын.

Мен сендерге жазда жандарыңа сая болатын едім. Кәзіргі кезде менің қалым нашарлап бара жатыр маған адамдар көңіл бөліп қарамайды. Менің бұтақтарым сынып,сусыз қурап бара жатырмын. Мен сендерден сұрайтыным маған көмек беріңдерші. Сәлеммен Ақ қайың

Балалар хатты мұқият тыңдайды





-Балалар сендер, мейрімді де ақылды, сүйкімді балаларсындар ақ қайыңға көмектесемізбе?

Ендеше Табиғат аясына саяхатқа шығып ақ қайыңға көмектесейік.

Табиғат аясында жүргенде ережеледі айтып жүру.

Табиғат ананы ластамай тазалықты сақтай біліуіміз керек.

Тағы қандай ережелерді білесіңдер?
Тыныштық сәті: Табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдау.

Тәрбиеші: Балалар не естідіңдер?

Ненің дыбысы деп ойлайсыңдар?

Осы құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына жатады.

Табиғат – бізді қоршаған орта, туған елім, ауа, күн мен жер және су, орман мен жануарлар.

Табиғат екіге бөлінеді. Ол тірі табиғат және өлі табиғат.



Балалара өздері білетін ережелерді айтады.

Желдің үрлегенің, жаңбырдың жауғанын, құстардың мен

жан-жануарлардың дыбыстарын естідік.


«Ауа»

Демалу үшін

Түсі жоқ ,көрінбейді

Жоқ олмен ұстауға болмайды.


Жоқ



1-тәжірбие: Әр баланың қолына айна беріледі.Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткіеді

2-тәжірбие: Балалар енді мұрнымызды қолымызбен жауып аузымызды ашпай көрейік.

- Көрдіңдер ме балалар ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен.

Ендеше балалар осы табиғат аясында бойымызды сергітіп бір тынығып алайық.

Сергіту сәті.

Осы сәтте ақ қайыыңды бір бала көріп қалады

Саламатсызба ақ қайың!

Біз сіздің жіберген хатыңызды алып сізге көмек берейін деп келдік.

Ақ қайың: Амансыңдар ма бүлдіршіндерім менің бұтақтарымды қатты жел соғып сындырып тамырымды кептіріп кетті. Маған су құйып, бұтақтарыма көмектесіп жіберсеңіздер жақсы болар еді.

Ақ қайың рахметін айтады.

Ақ қайың біздің балаларымыз табиғатты қатты құрметтейді.Олар табиғат жайлы тақпақтар да біледі.

Балалар мұрындарын қолдарымен жабады.







Балалар қимылмен бойларын сергітеді.





Апай әне бізге хат жіберген ақ қайың анда тұр.



Балалар ақ қайыңға су құйып, түбін қопсытып көмектеседі.





Тақпақтар



Қасым:

Бұтақтарды сындырмай

Тазалықты сақтаймыз

Гүл өсіріп су құйып

Табиғатты қорғаймыз

Нұрзада:

Бақта гүлдер тереміз

Бірге ойнаймыз күлеміз

Міне біздер қандаймыз

Табиғатты қорғаймыз

Әдемі:

От та, суда, ауа да

Жан-жануар барлығы

Орман теңіз тауларда

Табиғаттың байлығы

Мансұр:

Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен

Мәңгілік болсын егіздер

Жер –Ана , көк теңіздер



Қорытынды

- Міне балалар біз табиғат аясындағы ақ қайыңғада көмектестік. Ендеше саяхатымызды аяқтап балабақшаға оралайық.

Балабақшаға оралу.

- Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

- Балалар бізге хат жолдаған не еді?

- Балалар біз табиғат аясында нені білдік?

- Тірі табиғатқа нелер жатады екен?



-Ал өлі табиғатқа ше?

-Ендеше бүгінгі саяхаттан алған білімдеріңізді байқау үшін қазір

«Таңдап алда, атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға шақырамын

Ол үшін ғажайып дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып,алған заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті фланеграфқа апарып орналастырасыздар.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,

Бір-бір ағаш және гүл егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Балалар, біз табиғат туралы айттық. Сендерге ұнады ма! Барлығың да бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар

Ия

Ақ қайың

Табиғаттың екіге бөлінетінін.

Аңдар,құстар,жануарлар,ағаш,гүл

шөп жатады.

Тас, су, ауа, құм жатады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өлі және тірі табиғатты айырып.

Үйренеді: Табиғатты аялауға, қамқорлықпен қарауға. .....
27.02.2019
Вернуться назад