DataLife Engine / Ерхан Болатұлы | Жетім

Ерхан Болатұлы | Жетім


2007-жылдың күңіренген күзі. Мұң жамылған, тұңғиық тылсым сырға толы жапырақтар тізбегі, бейне бір сағыныш хаттары іспетті. Ақ қайыңнан саудырап түсіп жатыр...

Қаулаған гүл, қара жер қойнауына еріксіз сүңгіп, аяқ астына тапталып, кешегі жайқалған жасыл шалғын қурап жаншылған. Бейне бір, құстар үнінен еріксіз мүлгіген ауыл тынысы тарылғандай. Түнек тынған күн болатын.

Таң атып, кеш қарайған шақта, тұңғиық бір түнекке еліткен, терезе саңылауынан сұқтана төнген сәулелі нұрдан еш жылу таба алмай, жарасымы ғайыптық күй кешіп жүрмін. Себебі, ардақты асқар тау әкемнің дүние салғанына екі жылдың жүзі болған.

Аяулы, арқа сүйер анашымның, қаладағы емханадан келер күнін санап, жолын тосып жүрген кезім. Қала жақтан сыры ұшып, сүмектей сүйретілген сары автобус, аялдамадан сәл аса бере тоқтады. Үміттене, үздіккен жанарыма үш қара көрінді. Бір әйел мен екі ер кісі. «Бұл, кім болды екен» - деп, таңдана қарап тұрғанымда, қапталдан, қабырғалас көршім. «Мынау, сенің туыстарың емес пе?» - деді. Естей сала, ентіге жүгіріп, қонақтармен амандасып, қолындағы жүктерін жымыра ұстап, жәрдем етуге асықтым. Бұл үштіктің қаралы хабарды да арқалап келе жатқанын қайдан білейін...

Үйге келе сала, телефон желісінің тетігін сан мәрте бұрады да, күбірлей сөйлесті. Сәлден соң жұрт арқасы жинала бастады. Жүрегім бір жамандықты сезгендей, бір сөзді әлденеше қайталап...

— Анам. Анашым, қайда? - дедім.

— Ботам, алтыным... Сен, ақылдысың ғой?! Сен бәрін түсінесің, солай емес пе?

— Ия, Гүлнар тәте... Бірақ, анашым қалада ғой... Неге, бірге келмедіңіздер?!

— Ақылдым сол, сенің анаң...

— Тәте, анама не болды? Анашым қайда? Жайшылықта келмейтін, мына жұрттың бәрі неге жиналуда? Айтыңызшы...

Сәл кібіртіктеп, «жаным-ау, менің. Анаң сәл ауырыңқырап келе жатыр». Күт - деді де, тұншыға жылады.

Үрей құшқандағы сансыз ой арпалысып маза берер емес... Алыс-жақынды мен білер-білмес жандардың, бас қосқан ыру-дыру ұнамай тұр. Шақырусыз қонақтарды күту күйтімен жүріп кеш қарайды... Есік алдына ақ жедел жәрдем көлігі келіп тоқтады. «Анашым келді» - деп қуана жүгіре жөнелгенімде, қаусыра ұстаған көрші Қанат аға әрі жібермеді. Сол аралықта жоқтап жылаған дауыстар естілді. Қанат ағада үнсіз қостап, «Балапаным-ау, Жаратқанға сенің не жазығың бар еді?! Анаңнан айырылып қалдық» - дегенде, үстіме, мұздай суды төгіп қалып жібергендейтін.

Аза тұтқан екі күннен соң, қара шиден, қаумалаған қауым кілт тынып, ақ кебін жабынған табыт көтерген, ақ сәлде киген пенделер жазық алаңқайға анамды алып шықты. Жазмыштың заңды құбылысына көндіге алмайтын, жер бауырлап жылаған жетім жүректің жасы көпті бей-жай қалдырмағандай. Жұбанышты сөзін жаудырып, жұбатып әуре.

«Фәни мен Бақилық екі әлемді мекен еткен әр пенде, ерте ме, кеш пе өлімнің дәмін татары анық?! Сондықтан, бүгін жан тәсілім етіп, жалғаннан шын дүние мекеніне аттанған игі-жақсымызды еске алып, дұға етейік құрметті жамағат» - деп ұлық сөйлеген имам, «Қане, бұл кісі қандай адам болып еді?» - дегенде, бәрі жамырай «Жақсы жан»-еді десті.

Кішкене жүректің түпкір тұсында, тірісінде тілдеген міскіндердің дымын білдірмей мақұлдасып тұрғандығы қатты таң қылды. Аяқ-қолды дәрменсіздік билеп, сәулелі нұр сағымына матап, сұлық тұрған күйі қаттым да қалдым. Мұң артқан мұнарлы көш көз алдымда ұзай түсті. Сәл уақыттан соң, біздің үйді бетке алған манағы нүктелік белгі қалмаған қара көрінді. Есенгіреп жүрген есте, қабір басына бара алмаған ескінің адамдарына, «Марқұмның мекенін жұмақтан еткей, жарының жанына қойдық» - дегені, санада ұмытылмастай сақталып қалыпты. Жалғыздың жары «Құдай» - деп жаратқанға тапсырған дүйім жұрт тарқасып, сейіле бере анам жерленген зиратты бетке алдым. Күн қызамыртып қызыліңіріне асыққан шақ.

Асқар тау, асыл әкемнің зиратын білуші едім. Жүріп келемін, жүріп келемін... Ата-анам, «Жалғызымм, ботам» - деп, алдымнан құшағын жайып қарсы алатын тәрізді. Жеткенде, әкемнің оң жақ қапталынан орын тепкен ана бейітін көргенде, үнсіз ет жүректі езген жас төгіліп, керең жерге лық етті. Өксігін басалмай өксіген жүректен әрең сусыған қол мөлтілдеген мөлтек жасты жасырып әуре. «Әттең» - деп, ботадай боздаған жетім үнін ессіз өмір елемей, жұтымыр жер, қостап тұрғандай көрінді. Жол бойы жылап келемін. Үйге жете, іле қараңғы, ең түпкі бөлмеге ентіге кірдім. Буылтық болып іскен жүзден әр, сұлбадан әл кеткен қалпы көзім ілініпті. Сол күннен бастап түсімде...
Көк майсаны желек еткен, өзіннің арғы жағында, ұлы мен қызының қызығын қызықтап отырған әке-шешемді көріп, жүздерін жүзбе-жүз көруге асықтым. Бұйра толқынын жарға соққан жылмық тұнған тұнық көлшені кешіп өткім-ақ келеді. Жүрген сайын тереңдей, жүзген сайын алыстап, жағаның арғы бетіне жетуге шамам жетпей кері қайтамын үнемі.

«Жаратушы ие, әрбір пендесінің пешенесіне, өмір есігін ашқанда, бұл жарық дүниедегі ғұмырына не істеп не қоярын жазып қояды?!» - деседі. Жаратушым, сынағы көп шеңгел өмірде, тірлікті алданыш қылып, ырқына көндігер пендесінің пешенесіне жазады-мыс. Мендік пайымдағы «Өмір» - керемет, тиятр іспетті. Ең аса шебер режиссер өңдеуінен өткен тағдыр туындысын сомдаушы біз пенделер. Сәнді безендірілген уақыт сахнасында, бірде аш - бірде тоқ, бірде бар – бірде жоқ, дүрбелеңге толы дүние дүбір сынынан сыналу міндеті тұр. Ресжиссер қалауымен, мен ол тұста, таңертең жесір әйел, түсте балалығы қалмаған оқушы, ал кешке еркелікті ұмытқан ересек тұл ролін сомдау бұйырыпты. Қолда тұрмас сынап уақыт сырғып өтіп, жансыз ана бейнесін құшақтаған күйі мен қалдым.

Қан сорғыш сүліктей, қадалған жерден қан алмай тынбайтын, намысына тисе қамшы көретін, албырт көңілде сағым жасқаған ана бейнесі. Өңімде д, түсімде де, үнемі бірге. Үнемі жанымда жүргендей сезілетін. Жалған заман көшін сүйреп, анамның дүние салғанына міне үш жылдың қарасы болыпты. «Балапаннан бау тағып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, алғашқы қоңырау сыңғырында ет жүрегі елжіреп, тілеу еткен тірегі едім. Анасыз соңғы қоңырау төрінде тұрмын. Жұрт қуаныштан еріксіз жас алса, мен сіздерді сағынғаннан төгіліп тұрған мөлтек тамшы. Болашақ, жарқын боларына сенгім-ақ келеді. Бірақ, сене алмай тұрмын...
Жалғасы бар...

31.10.2018
Вернуться назад