Баяндама: Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есебі

Баяндама: Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есебі казакша Баяндама: Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есебі на казахском языке


Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Онды орта мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Сүгірова Гүлсім

Қазіргі уақытта еліміздің білім кеңістігінде болып жатқан реформалар Қазақстанның болашақ мектебінің мазмұны мен сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Міне, біз де бір топ тыңдаушылар, ІІІ деңгей біліктілік арттыру курсында жаңа Бағдарлама аясында өз білімімізді көтердік.
Курстың Бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушының қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, білімді өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық техникада құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды (Нұсқаулық 5-бет). Аталған бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.
Курстың ерекшелігі мұғалімдердің тәжірибе алмасу арқылы біліктілігін көтеру: топтық және жеке жұмыс кезінде біздің әріптестермен пікір алысуға, аталып отырған тақырып бойынша пікірлерімен бөлісуге, көпшілікпен талдау, бірлесе шешу, басымыздан өткізіп отырып үйренуге мүмкіндік берді.
Осы курсты оқи отырып, бағдарламаның 7 модулінің білім сапасын көтеруде шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу, сыни тұрғыдан ойлауын мұғалімнің жүйрік ойына негіздеп дамыту,алған білімінің маңыздылығын түсінуге жол ашады. Курстың бірінші «бетпе-бет» кезеңінде алған теориямыз - қазіргі білім беру тәсілдері бойынша бірінші кезекте қалай оқу керектігін үйрету міндеті тұрды .Яғни , адам ол мейлі ересек болсын, мейлі оқушы болсын ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да , сол сияқты танымды тану бар. «Метатану» деп индивидтің қалай ойлайтынын , оқитынын қадағалау , бағалау , бақылау , кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады . Бұл үдерісте мұғалім оқушыға :
• Білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге ;
• Жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге
• Міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға
• Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі
Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер ,өз кезегінде ,өзінің сабақ беруіне емес , оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс . Осы мақсатта мұғалім оқу ортасын құру керек , соның арқасында оқушылар енжар қабылдамай , оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.Оқушы бойында білім мен түсінік қалыптасады , ал мұғалім - бұл үдерісте көмек көрсететін жан .Сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын негізгі факторлар мыналар :
1. Балалардың оқу үдерісін түсінуі;
2. Нені оқу керектігін түсінуі;
3. Оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет екендігі туралы ұғымның қалыптасуы.
4. Оқу нәтижелелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі (Нұсқаулық - 32)
Тізбектелген төрт сабақ топтамасының орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарын жасағанда мұғалімге арналған нұсқаулықты ,жазылған конспектілеріме сүйендім , басшылыққа алдым . Осы мақсатта мен жұмыс үдерісінде мақсатқа жету жүйесін енгіздім, оның нәтижесінде оқушылардың белгілі нәтижеге жеті жетістігі. Сабақтар жүйесін оқушылардың нақты жайға назар аудару қабілеті дамитындай және сабақтар топтамасының материалын жүйелі түрде игере отырып ұзақ назарда ұстайтындай құрдым . Оқушыларды жұмысқа ынталандырып,сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік бердім . Себебі, оқушы оқу үдерісіне белсене қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Оқу үдерісін оқушы мен оқу материалын қосатын көпір десек , осы үдерісті үйлестіретін мұғалім көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс . Біз оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын , сондай-ақ қызығушылықтарын , әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.Сабақ мақсатына жетуде «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін сабақта пайдалану арқылы оқушыларды «Диалог негізінде оқыту және оқу»(Mercer 1995, Alexander,2008) - күнделікті сабақта үнемі қолданатын тәсіл болды. Осы арқылы оқушылардың бір-бірімен сөйлеу мәдениеті қалыптасуына жол ашылды.Тұйық оқушының сөзге тартылуы байқалып, бұл өзгерісті жоғалтып алмау мақсатында, сол оқушыға топ басшысы болуды тапсыру арқылы жұмыстандым.Оқушы бойында белсенділік бірден жарқ еткен жоқ, бірақ ол өзінің жауапкершілігін түсінді және топпен жұмысын басқарудан тыс қалмады.Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайтындығын өз тәжірибемізден көре алдық. Курстың «бетпе-бет» кезеңі аяқталған соң қашықтан оқыту кезеңінің тапсырмаларын орындау үшін өзіміздің еңбек ететін мектептерімізге келдік. Күні кеше ғана ең басты мақсат оқушыларда қандай да болмасын білім қалыптастыру еді, яғни шәкірттер ақпараттар мен мәліметтерді (анықтама ,формула, ереже т.с.с.с.) есіне сақтау керек болса,қазірде білім игеру процесінің ең басты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады. Белсенді әрекеттер арқылы шәкірттер білімді өздігімен меңгереді , үйренеді. Негізгі қағида «не білу» емес, -- «не жасай білу». Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – өзіне–өзі есеп беріп, ойлары мен әрекеттерін талдай білетін ,өзін–өзі бағалай алатын, өзінің мүмкіншіліктері мен қабілеттерін жүзеге асыра алатын, жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптасуға мейлінше тиімді жағдайлар жасау. Белсенді түрде оқу мен сыни түрде ойлау өмірде қолданыс табатын білім береді. Ол жүйелі ойлауға әкеледі.Ал жүйелі ойлау тек қана белсенді түрде ғана сіңіріледі.Белсенді оқыту өздігімен білім алуды дамытады. «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде бағдарламаның жетекші жеті модулін сабақ беру үрдісіне енгізіп, білім беру үрдісінде бұл модульдердің тиімділігін байқадым: балалар білім алуды үйреніп белсенділігі артты, сыни ойлау дағдыларында ілгерілеу байқалды, топтық жұмыстың нәтижелілігі көрінді, ынтымақтастық, бірін –бірі оқыту әрекеттері, бағалауға үйреніп, өз күшіне деген сенімділіктері артты.
Қарым- қатынас мәдениетін жетілдіру үшін "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" негізінде тренинг әдісі өте тиімді. Мұнда әр тренингтің алдында және тренингтен соң оқушылардың өзара әрекеттесу біліктерінің, мәдениетті қарым-қатынас дағдыларының қалыптасуын бақылап, жалпы талдау жасап отырдым. Тек қана қарым-қатынас емес, баланың жалпы психикалық дамуына, сабаққа деген қызығушылықтарының артуына әсері болатынына көзім жетті.
Мен өз сабақтарымда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін, яғни сыни ойлауды жиі пайдаландым, бұрын да тәжірибем осы технологияға негізделген болатын. Оқушылар еркін араласады, сыныпта барлық балаларға бірдей мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар топпен жұмысты тиімді ұйымдастыруға болады. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» , «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту», «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модульдері басшылыққа алынып: күрделі мәтінді игертудегі интерактивті әдіс; сыни ойлау стратегиясы: миға шабуыл (видеоролик); диалог арқылы тірек сызба ;іс-тәжірибелік жұмыс жүргізіліп, зерттеушілік әңгіме (жасалған жұмыс бойынша) жүргізілді. 1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), диалог, 2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету «Ой қозғау» әдісі, «Венн диаграммасы» әдісі ,«топтастыру» әдісі, «Мозаика құрастыру» әдісін , 3-модуль - бағалау, 4-модуль - АКТ, 5-модуль – талантты және дарынды балаларды оқытуды – /cурет салуға бейім/ пайдалануды жоспарлай отырып, оқушылардың ақыл- ой қасиеттерін,оқуға деген жағымды қатынастарын дамытуға тырыстым.Әйтсе де кемшіліктер кездесті.Бастауыш сынып оқушылары әлі дұрыс,сауатты жазуға қалыптасу кезеңінде және сөздік қорлары да аз болғандықтан,стикерлерді , флипчарттарды қолдануда, жазу нормасын сақтауда,талапқа сай қатесіз жазуда кемшіліктер кездесті,жазуда кеткен қателерді артынан жөндетіп отырдым. Себебі постермен қорғау үстінде оқушының ойын бөлгім келмеді.Әйткенмен де оқушыларды кішкентайынан сыни тұрғыдан ойлай білуге үйрете отырып,топпен диалогты қолдана отырып оқытудың мәні өте зор . Диалог – адамгершілікке үйренудің ең тиімді құралы. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон ( 2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар ,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.Зерттеулерде ересектермен интербелсенді қарым- қатынас пен достарымен жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіні айтылған. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.Сондықтан ,оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше .(Нұсқаулық- 39 бет) Cондықтан тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысында тапсырма орындау кездерінде оқушылардың бір-бірімен және топ арасында ,өзіммен үнемі диалогқа түсіп отыруын ескеріп отырдым.Топ арасындағы диалогты қолдану кезінде оқушылар көбінесе Мерсер сипаттағандай келісілген нәтижеге жету үшін білімді бірлесіп алуда немесе « пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылып отырды . Мысалы : «Мал шаруашылығы» сабағын өткізгенде сабағыма қызығушылық танытушы оқушыларыма мектептегі тәжірибе кезеңінің алғашқы күнінде келесі сабақты өзім жүргізетіндігімді, мәтін мазмұнымен алдын-ала үйден оқып таныса берулерін ескерттім.
Шәкірттерім сабақ басындағы жазған рефлексияларында өздерінің тамаша көңіл- күймен келіп, аса сабырсыздықпен, қызығушылықпен сабақтың басталғанын күтетіндігін білдірді.Сабақ жаңа әдіспен бірінші рет өткізіліп отырғандықтан, оқушыларға бір-бірімізбен серіктес бола отырып қарым-қатынасқа түсіп, сабақтың мақсатына жету үшін бірге жұмыстанатынымызды ескерттім. Оқуды бағалау барысына бірге қатысатынымызды, ол үшін бағалау парақшасына сүйенетіндігімізді және топ ережесінің үлгісін ұсындым. Топ ережесі мен бағалау парақшасын өзім дайындап әкелдім. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды» енгізу мен үшін жеткіліксіз болды. Өзімнің өткізген сабақтар топтамасында бағалауды балалардың жас ерекшелігін ескере отырып ,яғни төменгі сынып оқушыларының деңгейіне қарай барлық түрлерін қарастыруға тырыстым.Онда көңіл-күймен бағалау,смайликпен бағалау,қол шапалақтау,марапаттау,өзін-өзі бағалау,топтық бағалау, топ аралық бағалау, формативті бағалау сияқты бағалау түрлерін қамтуға тырыстым . Бұл жерде оқушыларда ішкі уәж де, сыртқы уәж қасиеттері қалыптасты деп айтуға болады деп ойлаймын. Сегізінші тезисте : Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болу керек деген .(Нұсқаулық -36)
Бағалау бағытында өз білімімді жетілдіріп, ізденемін деген ой туды. «Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін қолдануда жеке оқушының пәнге қызығушылығының артуын, оқу процесінің қарқынының жоғарылауы, шығармашылық белсенділігінің көтерілуін байқадым және оқушы мен ұстаз қызметінде ақпараттық мәдениет қалыптасады. Сабақтарымда тақырыпқа сәйкес енгізіп отырдым, алдағы жұмысымда белсенді енгіземін, себебі тиімділігін зерделедім десем болады.
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі сабақтарда кіріктірілді. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғарғы жетістікке жетуге ұмтылады . Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып , бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс. (Eуre and lowe, 2002) деген нұсқауды ескере отырып тізбектелген төрт сабақ топтамасын жоспарлаған кезде талантты және қабілетті оқушыны анықтауды ескеріп отырдым . Ш , І атты оқушылардың жазуға бейімі болса Б атты оқушының сурет салуға бейімі бар, ойы ұшқыр екен .Төменде сол оқушының дүниетану пәнінен өткен тақырыптар бойынша салған суреттерін бердім:

Алдындағы білім алып отырған балалардың болашағы үшін жауапкершілігін сезінгенде ғана, мұғалім еңбегі өрге баспақ. Ел болашағы алдымыздағы шәкірттеріміз, олардың жан-жақтылығы қай ұстазды да толғандыратыны рас. Сабақтарымда оқушыларымның бойындағы ерекшеліктерді көруге, байқауға тырыстым, олар: ертегілерді сахналау кезінде әртістік шеберліктері, өлең немесе шығармаларды оқудағы мәнерлеп оқу машықтары, өз идеяларын қорғау кездерінде сурет салу икемділіктері, бағалау сәттеріндегі оқушылардың берген бақылау сипаттамалары арқылы көрініс тапты.
«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту» модулінде, бастауыш сынып оқушыларының мүмкіндігін көре біліп, оны тиімді, табысты пайдалануды көздедім. Сыныпта 4 оқушы 9 жаста, қалғандары 8 жастағы балалар екендігін анықтадым.Одан әрі қарай бұл оқушыларды сабақ үстіндегі
тапсырмаларда, олардың бойынан қандай ерекшеліктер табылады деген алдымда мақсат болды. Әрине, бұл оқушылардың бірлескен жұмыс үстінде тапсырмаларды орындауда ерекше айырмашылықтар байқалмады.
«Білім берудегі басқару және көшбасшылық» модулінде көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Шығармашыл ахуал қалыптасқан ұжымда ғана, әрбір мұғалім ізденіске ұмтылып, кәсіби деңгейін әркез көтеруге мүдделі болады.
Алдағы уақытта Бағдарлама идеясы маған ұнады, тиімді жақтары басым, әрі қарай өз тәжірибемде жетілдіремін, сабағымның құрылымы мен құрылысы өзгереді және әріптестеріммен тәжірибемді бөлісемін деген ойдамын. Мен үшін бұл оқу нәтижесінде сабақтарымда өзгеріс болады. Оқушыларымның еркін сөйлеуіне және қателесуіне рұқсат беремін. Әрбір мұғалім жаңару үдерісін жатырқамай қарсы алып, өзінің іс тәжірибесіне енгізуге асығуы тиіс. Өйткені әр бала қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты мақсатым деп санайды, сондай–ақ өз айналасынан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді. Сондықтан әрбір мұғалім оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын жаңалықтарды қабылдауға дайын болуы тиіс деп ойымды тұжырымдаймын.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есебі баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есебі, қазақша баяндама Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есебі, Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есебі, Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есебі баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен ә, Баяндама: Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есебі