Баяндама: Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы оқытудың маңызы

Баяндама: Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы оқытудың маңызы казакша Баяндама: Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы оқытудың маңызы на казахском языке


Ақтөбе қаласы,
Россовхоз орта мектебінің
бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі
Сарсенбаева Маруар Жаксикалыковна

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.

Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы:
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Қазіргі уақытта сабақтарды мультимедиа арқылы модельдеу, жеке тұлғаның компьютер арқылы қатысымға түсу мүмкіншілігін туғызу арқылы тілдік қатысымға еркін түсе алатындай білікті, қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсаты қарастырылады. Олай болса компьютер – мультимедиалық білім алудың негізі.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы оқытудың маңызы баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабағым туралы, баяндама Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы оқытудың маңызы, қазақша баяндама Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы оқытудың маңызы, Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы оқытудың маңызы, Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы оқытудың маңызы баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған б, Баяндама: Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы оқытудың маңызы