Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабағым туралы

Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабағым туралы казакша Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабағым туралы на казахском языке


Ақтөбе қаласы
Ізмағамбетова Жаңылсын Кенжебайқызы

Бүгінгі мектеп оқушысы - ертеңгі ел азаматы. Егемен еліміздің болашаққа өркениетті мемлекеттер санына қосылып,тәуелсіздіктің көк байрағын биік ұстауы осы жас ұрпақтың білімі мен ақыл-парасатына, іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты. Осы орайда мұғалімнің алдына қойылатын талап өте жоғары. Бұл мұғалімнің өзінің кәсіби шеберлігіне, құзіреттілігіне байланысты. Қазақтың біртуар жазушыларының бірі Ж.Аймауытов : «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», деген екен.
Шебер ұстаз - қоғам дамуына сын көзбен қарай отырып, өзінің іс-әрекетінде өткенді жаңамен байланыстырады. Қазіргі заман талабы сындарлы оқыту болып табылады. Жаңа технологияларды меңгере отырып, сабақ беруде жаңа өзгерістер енгізуді қажет етеді.Ұстаздың міндеті-тәрбиелі,білімді, сыни ойлана алатын, қиындықтарды жеңе білетін, өз пікірі мен ұстанымыболатын тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларына ұмтылысы. Кембридж тәсілімен оқытудың негізгі міндеті - Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу./Нұсқаулық,12 бет/
Сондықтан күнделікті сабақта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану үлкен жетістік болып табылады.
Мектептегі тәжірибе кезінде 8-сыныпқа география пәнінен
«Қазақстанның жазықтары,қыраттары,үстірттері»тақырыбына оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, сабақ өткіздім. Сабаққа барлығы он тоғыз оқушы қатысты.
Сабағымның мақсаты:
1) Қазақстанда кездесетін жазықтықтар,қыраттар,үстірттер туралы түсінік беру; 2) картамен жұмыс жасату;3) сыни тұрғыдан ойлай отырып,сұрақ қоя білу; 4) Өзара бағалай білуге, топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Осы сабағымда күтетін нәтижем:
* Қазақстанда кездесетін жазықтарды,қыраттарды,үстірттерді біледі.
*картадан көрсете алады;
* Сыни тұрғыдан ойлай біледі ;
* АКТ-ны қолдана алады;
*Өзін-өзі бағалай алады;
*Шығармашылықтары шыңдалады;
Сабағымның ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың күнделікті сабаққа қандай көңіл-күймен келгендерін смайликтер арқылы білуден бастадым.Шыны керек оқушылар бұрынғы сабақтарға қарағанда қызығушылық танытып таласа тармаса жабыстырып жатты. Үй тапсырмасын«оқыту мен оқудағы жаңа тісілдерді» пайдалана отырып «Атыспақ» ойыны арқылы сұрадым. Әр оқушыға бір-бір сұрақ дайындатып, жиналған сұрақтарды араластырып ,барлық оқушыны ортаға дөңгеленіп тұрғыздым.«Сұрақтарға жауап бере аламыз ба?» деп сұрағанымда, оқушылар бір ауыздан келісетіндерін айтты. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын осылайша тексердім. Оқушылар арасында «Амандасу» тренингін өткіздім. Сынып түгелімен ортаға шығып өздерінің есімдерінің бас әрпінен түратын әріптерге өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.
Мысалы:«Әдепті Әлібекпін», «Зейінді Зульфиямын»,« Мөп-мөлдір Мөлдірмін» деген сөздер айтты. . Оқушыларды басқа оқушылармен қарым –қатынас жасату мақсатында сыныпты топқа бөлдім. Топқа бөлу «Мозайка»әдісі бойынша бөлінді.Топқа бөлу барысында сыныпта шу және кедергілер болды.Кейбір балалар өзінің қай жерде отыратынын білмей достарынан көмек сұрап жатты. Осылайша үш топ отырды. Бірінші топ: «Қыраттар»,екінші топ:«Жазықтықтар»,үшінші топ: «Үстірттер».Жасыратыны жоқ бұрынғы сабаққа қарағанда бұл секілді өзгерістердің оқушылар үшін қызықты өтетіні байқалды. Біз бұрынғы сабағымызда да топқа бөлуді қолданып жүрміз, ал бұл әдіс-тәсілдің өзгешелігі суретті құрастырып топқа бөлу болып отыр. Және бір айырмашылығы біз бұрын топқа бөлер алдында озат оқушыларды әр топқа бір-бірден араластырып отырғызатын едік,ал бұл жаңалықтың негізінде «жақсы, жаман » оқитын оқушы деген жоқ,бәрі бірдей тең дәрежеде. Осылайша оқушылар топқа бөліну барысында жаңа тақырыпты суретті құрастырғанда біліп отырды.Оқушыларға бүгінгі жаңа тақырыптың мазмұнымен таныстыра отырып, интерактивті тақтадан слайд көрсеттім. Оқушыларға топтық жұмыс «Джигсо»әдісі бойынша берілді. Топтар берілген тақырыпты мұғалімнің көмегінсіз өздері жан-жақты ізденудің арқасында, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап берді. Топқа берілген тапсырманы тиянақты, жылдам орындап постерлерін қорғауға ортаға шықты. Оқушылар өздерінің түсінгендерін ортаға емін-еркін, ойларын тиянақты жеткізе білді. Осыдан кейін қалған екі топ өздерінің екі жұлдыз, бір тілектерін білдірді. Топпен, жұппен жұмыс жасау оқушылардың бір-бірімен пікір алысып, жан-жақты мағлұмат алуға, ой бөлісуінде зор ықпал етті.Топтық жұмыс сыныпты ауызбіршілікке,сыйластыққа, бір-бірінің пікірін құрметтеуге,тыңдай білуге, бірлесіп жұмыс істеуге , шығармашылық қабілеттерінр дамытуға тәрбиелейді.Осыған байланысты менің байқағаным орташа оқитын оқушылар өздерін еркін сезініп, ойларын ұялмай айтуға тырысты.Отыр «дұрыс емес» деген сөзді естуден гөрі тағы кімнің қандай пікірі қандай?,толықтырамын деушілер бар ма?,-деген сықылды сұрақтарға үйрене бастады.
Екі жұлдыз, бір тілекте оқушылар тақырыптың мазмұны түсінікті жеткізгендігін , ұсыныста толықтыру қажет екенін айтып жатты. Үш топ постерлерін қорғап болғаннан кейін көңіл-күйлерін көтеру мақсатында сергіту сәті «Just Dance Kidst» биін видеороликтен қайталау арқылы жасадық. Сыныпта оқушылардың күлкісі жиі естіліп тұрды. Мерсер ( 2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде,олар «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас жасайды. /Нұсқаулық, 29 бет/ «Оқытуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады . Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті.Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар.Мұғалім оқушыға білім міндеті қоятын талаптарды түсіндіруге, олардың жұмыстарын зерттеуге,сабаққа керекті сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектесуі керек./Нұсқаулық,32 бет.
«Талантты және дарынды оқыту»модуліне байланысты атлас картамен жұмыс жасатып, кескін картаға түсіру жұмысы тапсырылды. Кескін картамен жұмыс жасауда алға суырылып шыққан оқушылар болды.АКТ-ның сабаққта қолданылуы уақытты үнемдейді, сонымен қатар көрнекілік ретінде пайдалануға өте ыңғайлы болып келеді. Сондықтан да сабақтарымда интерактивті тақтаны пайдаланып отырдым.
Сабақтарымда көшбасшы оқушылар топтық жұмысты жақсы ұйымдастыра білді. Гүлшат, Нұршат, Наурызбек, Батырхан, Абылайхан т.б оқушылар сыныпта көшбасшы оқушылар қатарынан табылды. Сыныптың көшбасшысы ретінде теориялық білімім мен тәжірибелік білімімді ұштастыра отырып сабақты түрлендіріп өткіздім.
Оқушылар арасында тапсырманы жылдам орындаған оқушылар, басқа оқушыларға көмек беру арқылы көзге түсті. Өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша оқушыларды өзара бір-бірін «бағдаршам» арқылы, смайликтер,үш шапалақ,екі жұлдыз,бір тілек, ишара, жетон арқылы бағалап отырдым.
Сыныпта оқушылармен кері байланыс орнатуға тырыстым. Кері байланыс құралдарына « Бессаусақ» әдісін пайдаландым.
Оқушыларға стикерлер таратып бердім. Сабақ барысында: Сыныпта қарым-қатынас қалай болды ?, Шығармашылық қабілетіңіз: тәрбиелік мәні : Не қосар едіңіз. Болашақтағы пайдасы: деген сұрақтар жазылған плакат іліп қойдым. Сабақ соңында оқушылар алдарына таратылған стикерлерге ойларын осы сұрақ төңірегінде жауап жазып плакат бетіне жабыстыруын тапсырдым. Бұл тәсілді басқа да сабақтарымда қолданып отырдым. Мені таңғалдырғандары, оқушыларға есімдерін жазу міндетті емес екендігін ескерткеннен кейін , стикерлерге ойдарын барынша ашып жазғандай болды. Сонымен қатар, сабақтың қызықты, көңілді өткенін, тақырыптың қызықты жерлерін көрсеткен. Барлық қойған сұрақтарымнан жауап ала отырып, рефлексия жасауға бағыт алдым. Оқытуды бағалаудың тиімді жақтарын атап көрсеткенімдей, оқушылардың жоғары деңгейдегі ойлауын қалыптастыру үшін түрлі сұрақтар қою арқылы оқушылардың нені үйренгенін бағаладым.
Сабақ соңында оқушылардың бағалары қорытындыланып үйге тапсырма бердім.Келесі күнге сәттілік,тілей отырып,сабағымды аяқтадым. Осы сабағымның соңында «Не сәтті өтті» дейтін болсам оқушылар топқа бөлінуде шапшаң ,тез бөлінді, ойларын толық қорыта білді,өзін-өзі бағалауда оқушылар қызығушылықпен орындады. «Не сәтсіз өтті» дейтін болсам топқа бөлінуде кедергі жасаған оқушылар болды, сұрақтарға қате жауап берген оқушылар болғандықтан бағалауға уақыт аз қалды. Сөз соңында айтарым: әр сабақтың мағыналы,мазмұнды өтуі мұғалімнің тікелей шеберлігін, көшбасшылығын қажет етеді. Күнделікті сабаққа дайындалып, жоспар құрып,сол жоспарды іске асыру мақсатында біраз тер төгуге тура келді. «Ұйымдастыра білген адам ұтады» демекші жауапкершілікті, шеберлікті қажет ететін жұмыстың жемісін көру де бір бақыт. Әсіресе география сабағында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятыпсапалы білім алуына зор ықпал етеді.Мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын, кәсібиілікке бағытталған тұлға деп қарайтын болсақ, бұл тәжірибе аясында көшбасшы-мұғалімнің тәжірибесі заманның дамуына байланысты жаңарып,көркейіп отыруы тиіс.Осы Кембридж тәсілімен оқыту бағдарламасы аясында мұғалімдердің жаңарып,түрлі әдіс-тәсілдерді сабақтарына қолдана білуі жақсы жетістіктерге, жаңа бет бұрыстарға жетерлері сөзсіз. Балалардың да мұндай бет бұрысқа қызығушылық танытуы менің де кәсіби қызметімнің алға қарай басуына, шыңдалуына себебін тигізері анық.Жеті модульді ықпалдастыра отырып болашақта: «Мен нені дамытамын», оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырамын ,мағынаны тануға,ой қорытып,түйінді пікір айта айтуға, өз бетінше үйренуге , өз бетінше жұмыс жасауға ,сыни ойлауға, жан-жақты мағлұмат алуға, оқуға деген жауапкершілігін арттырамын, шығармашылықтарын шыңдауға көмектесемін. Алдағы уақытта мектептегі тәжіриебем мен теориялық білімімді ұштастыра отырып, сабақ құрылысында кеткен кемшіліктерге жол бермеуге тырыса отырып, жаңа идеялар мен бағалау түрлерін қосамын деген ойдамын.
Заман ағымы бізден кәсіби шеберлікті,қоғам дамуына сын көзбен қарай отырып,өзіміздің іс-әрекетімізде өткенді жаңамен байланыстыруды немесе жаңадан жаңаны табуды талап етіп отыр.
Әрбір оқушының жүрегінің кілтін таба білу – мұғалімге оңай емес, десекте өз пікірін еркін жеткізе білетін, сандық технологияның қыр-сырын меңгерген, қазақ әдебиеті мен қазақ мәдениетін шексіз сүйетін, шығармашыл, тұлға қалыптастыруға негіз, ұйытқы бола білсем болғаны деймін. Заман талабына сай менің және менің оқушыларымның бойындағы өзгерістер осымен тоқталмайды, әрі қарай жалғасын табады. Қорыта келе, өзгеден ақылымызбен, білімімізбен озып, көшбасшылық таныта білсек,іс-тәжірибемізде өзгерістің енгенін көруге болады. Кәсіби шебер, құзіретті, көшбасшы бола білген мұғалім шығармашылық жетістіктің шыңына жетеді. «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» -деп А.Байтұрсынов айтқандай, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақты түрлендіріп, оқушының ынтасын арттырып, білім беруде оң нәтиже бермекпін. Түсіну дәрежесін бағалау үшін қойылатын сұрақ түрлерін де жетілдіруім қажет деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012ж
«Сыни тұрғыдан ойлау үдерісі» әдістемелік құралы,2010 ж



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабағым туралы, баяндама Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабағым туралы, қазақша баяндама Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабағым туралы, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабағым туралы, баяндама Кембридж бағдарламасы бойынша тіз, Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабағым туралы