Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасына «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі қалай және неге енгізілгені туралы

Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген  сабақтар  топтамасына     «Сыни  тұрғыдан  ойлауға    үйрету»  модулі  қалай  және  неге  енгізілгені  туралы казакша Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген  сабақтар  топтамасына     «Сыни  тұрғыдан  ойлауға    үйрету»  модулі  қалай  және  неге  енгізілгені  туралы на казахском языке


Ақтөбе қаласы,
Кайболдина Анаргуль Мусабековна

Тәжірибе кезінде курстан жаңа үйренген және өзімнің бұрыннан да білетін әдіс - тәсілдерді қолдана отырып,оқушыларымның өзіндік пікір айта алуын, баламалы шешімдерді қабылдай білуін , ойлауын және өз іс-әрекеттеріне жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуын дамыту мақсатында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін таңдадым. Мұғалімнің сабақта " Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету" модулін тиімді пайдалануы сабақ үрдісін өзгертуге, мұғалім мен оқушының тығыз байланысын одан әрі күшейтіп,оқушы білімінің артуына жеткізеді.Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейлерінің өсуіне үлкен үлес қосады деп айтқандай, сабақтарымда диалогты көбірек қолдандым. (нұсқаулық, 39 бет).Атап айтсақ алғашқы сабақтың тақырыбын анықтау кезінде «серпілген сауал» арқылы диалогқа түсуші Тұрлыхан Анельге «өсімдік топыраққа қалай бекиді?» деген сұрақ қою арқылы өзіне «топырақ астында оны бекітіп ұстайтын мүшесі болады,сондықтан қанша дауыл соқса да өсімдік топырақтан ажырап кетпейді» деген жауап алды , ал Нұржан Гүлмараға «топырақтағы қоректік заттар өсімдіктің сабағы мен жапырағына қалай барады?» деген сұрақ қою арқылы өзіне «өсімдік те адам секілді өсіп-өну үшін қоректі қажет етеді,яғни адам денесіне қажетті қоректер қан арқылы тамырмен келетін секілді, өсімдік те топырақтағы су мен қорек заттарды тамыр арқылы сіңіреді» жауап алды, олардың сөздерін үнсіз тыңдап тұрған Дильназ бұл сұрақ-жауаптан өтілетін тақырыптың атын тауып («Тамыр туралы деп») нақты жауап берді.Көріп отырғанымыздай қарапайым сұрақтарменде диалогқа түсіп үнсіз отырған оқушыларды сөйлетуге,сыни ойлатуға,олардың сабаққа деген құлшыныстарын оятуға болады және оқушылар әрі серпіліп,әрі сабақ тақырыбын өздері табады. «Тамыр » тақырыбында өтілген топтастырылған сабақтарымда оқушылар топтық жұмыс арқылы өсімдіктердің тамыр және тамыр жүйесін биологиялық тілде меңгеруге,ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылуға, мәселенің шешімін бірлесе табуға, сұрақ қоя білуге, өзін-өзі реттеуге,өзін және өзгелерді бағалау арқылы білім деңгейін саралай алуға үйренді. Сабақ басынан бастап сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып,оқушыларды бес,он,жиырма теңгелер бойынша топқа бөлуде оқушым Нұржан «осы жылы қараша айында төл теңгеміздің шыққанына 20 жыл болады» деген мәлімет айтып,сыни көзқарасының жоғары екеніндігімен сыныптастарын таңырқатты. Топқа бөліп тапсырмаларды оқушыларға өз бетінше игеруге берген мақсатым оқушылардың бойындағы дарындылық пен талантын ашу болып табылды. Сабақ барысында берілген түрлі жаттығулар мен тақырыптарға жауап беруде талантты, дарынды балалардың берген жауаптарына үлгерімі орташа оқушылар еріп отырып, қалай оқу керектігін үйренулеріне жол ашылды.Осы тұрғыда талантты оқушылардың бірі Өмірбектің шығып қорғаған презентациясына үнсіз оқушымның бірі Нұрдаулет қолын көтеріп «тамыр арқылы өсімдіктерді көбейтуге де болады» деп өз ойын қосты. Бұл жерде үнсіз отырған оқушымның ашылғанына мен өте қуандым. Сын тұрғысынан ойлау уақытты қажет етеді. Сондықтан да,мен оқушыларға ойланып, толғануға мүмкіндік жасауға тырысамын. Әр сабақта оқушыларым ойларын ортаға салып,болжамдар жасайды. Менің байқауым бойынша,олар жасайтын тұжырымдар алғашқыда терең болмағанымен, кейінірек олар толықтырылып, жетілдірілген соң, мәнді және мазмұнды болып шықты. Мен сабақта оқушыларымды нені, қалай жасап жатырмын деп ойлануға үйретуім, бағыттауым керек деп ұйғардым. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді игере отырып «Диалог арқылы оқытуды» (Мерсер.1978. Alexander 2008) пайдалану арқылы сыни тұрғыдан ойландыра отырып, талантты, дарынды балалардың оқу үдерісіндегі жетістіктерін басқа да оқушыларға ашық түрде үлгі ету,тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне сай бере отырып қалай оқу керектігін үйрету, алған білімдерін түсініп қана қоймай өз өміріне пайдалана алуды қалыптастыру болды. Мәселен, жоғарыда аты аталған оқушылардың диалогқа түсуі,оны тыңдап тұрған оқушымның жауабы осының айғағы деп білемін.Сабақтың мақсатын ашуда,түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындауда мұғалім тек қана оқушыларға бағыт-бағдар беріп,ал оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып ,ізденіп,өзін сыныптастарының алдында жоғары деңгейде көрсетуге талпынды. Менің түйгенім Выготскийдің пікірінше оқушылардың бір-біріне қарым-қатынас жасауы мен олардың үйренуі жұмыс істеу қабілетін жақсартты. Оқушыларға топ бойынша таныстырылым дайындауға бердім. Бірінші топ-«Тамыр және оның қызметі»,екінші топ-«Тамырдың түрлері», үшінші топ - «Тамыр жұйесі» туралы өз ойларын ортаға салды. Әрбір топтағы оқушылар белсенділік танытып,өз мүмкіндіктері бойынша ойларын ортаға салды. Үшінші топтан Гүлмара топ атынан суырыла шығып күнделікті көріп жүрген жемістер мен көкөністердің тамыр жүйесі туралы мысалдар келтіріп,салыстырмалы түрде дәлелдеп тамаша постерлерін қорғады. Бірінші топтан Өмірбек пен орташа үлгеруші Шыңғыс та топтан шығып өз постерін қорғаған сыныптастарынан қалыс қалған жоқ,яғни тамыр-өсімдіктің маңызды мүшесі деп тұжырымдады. Осы тұста топтың арасынан суырылып шығып «Тамыр жүйесі» туралы постерді қорғаған Гүлмараның бойынан дарындылық қабілетін байқадым,ал Өмірбек тобының көшбасшысы бола алады деп түйіндедім,себебі ол топта мен белгілеген топ басшысы басқа оқушы еді және ол Шыңғысқа сен де өз ойыңды айтып берші деп ұсыныс жасау арқылы жолдасын да білімді өз бетінше игеруге жетелей алды...Бұл тапсырманы орындауда сыныптағы оқушылардың тең жартысынан шығармашылық қабілеттерін байқадым. Топқа бөліп тапсырмаларды оқушыларға өз бетінше игеруге берген мақсатым-оқушылардың бойындағы дарындылық пен талантын ашу болып табылды. Александер(2008) атап көрсеткендей,балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. «Синкуейн» әдісін пайдалануда оқушылар өз мүмкіндіктерінің ашылғандығын дәлелдегендей болды, яғни оқушылар тақырыпты меңгергендерін бес жолды өлең шығаруда көрсетеді, мысалы :Өмірбек «тамыр - негізгі,жанама;бекітеді,өседі,сіңіреді;Тамыр-өсімдіктің жерасты мүшесі;организм. Осылайша балаларды жиырма бірінші ғасырда өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру –мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек[1] Оқушыларды топ басшылардың көмегімен және өзіндік, топтық бағалау арқылы бағалап отырдым. «Тамыр бөлімдері» тақырыбын оқушылар «Ротация» әдісі бойынша меңгерді.Олар жеке,кейін жұптасып жұмыстанды,мәтіндегі төрт түрлі тақырыпты бөліп алып оқып,бірінші топ ішінде,кейін басқа да топтарда сұрақтар арқылы талдады.Бұл әдіс оқушыларға қалған тақырыптар бойынша өз түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Бұл «Ротация» әдісінде оқушылар өз жауапкершіліктерін сезіне отырып, тақырыпты мұғалімнің көмегінсіз өздері меңгеріп, бір-біріне түсіндіріп,талдады. Осының нәтижесінде оқушылардың бойында әлеуметтік танымдық қабілеттері қалыптасты. Нені оқу керектігін түсіне отырып, білім алу үдерісі қалыптасты. Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақ қоюдың маңызы зор. Сұрақ-сыни ойлаудың қажетті бөлігі екенін атап көрсету керек. Сонымен бірге сұрақ-жауап рәсімі-шешім қабылдаудың қажетті бөлігі. Рұқсат етілген проблеманы жете түсінгенде ғана ,шешім тұжырымдалады. Өз кезегінде проблеманы жете түсіну сұрақ-жауап рәсімінде белгілі жүйемен өтіп жатады.[2] Бұл ретте оқушылар берілген сұрақтарға терең, ой тастай отырып жауап беріп отырды. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі бар:төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады деген пікір бар [1] Осы пікірге сүйене отырып сабақ кезінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлеріне қарап сұрақтар бердім. Оқушылардың қызығушылығын ояту барысында оларға түрткі сұрақтар, сынама сұрақтар қойып отырдым. Рефлексия кезеңінде өтілген сабақтар бойынша өз ойларын ашық білдірулері үшін жіңішке сұрақтардан жуан сұрақтар қойдым, яғни «Кластер» әдісін пайдалану барысында. Алдыңғы сабақта өтілген мәліметтерді еске түсіруде Гүлмара,Өмірбек,Тұрлыхан есімді оқушылар көшбасшылық танытып отырды. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіменің маңызы зор.Бұл тұрғыда көшбасшы оқушылар сыныпта үнсіз отыратын оқушыларды жетелеп отырды. Оқушылардың шаршағандарын басу үшін «Улыбнись» сергіту сәтін өткіздім. Оқушылардың барлығы орындарынан көңілдене тұрып, қуана би билеп, шаршағандарын басып, қалыпты жағдайға түсті. Одан әрі оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін тақырыпқа байланысты «кілтті сөздер» тапсырмасы беріліп,сол сөздердің мағынасын табу керек болды. Бұл тапсырманы бірінші топтың оқушылары басқа екі топқа қарағанда жылдам және еш қатесіз орындап шықты.Осы ретте көп үндемейтін Жансая мен Данагүл «тамыр,тамыр жүйесі,негізгі тамыр,жанама тамыр,қосалқы тамыр» сөздеріне анықтама беріп, мысалдар келтіру арқылы өз ойларын ашық және еркін жеткізе білді. Әр тапсырмадан кейін барлық оқушыларды ынталандыру мақсатында бас бармақ және үш шапалақ әдістері арқылы бағалау жүзеге асырылды. Сабақ барысында оқушылар түрлі тапсырмаларды орындау барысында топ мүшелері бір-бірінің пікірлерін тыңдап, өз ойларымен бөлісіп ортақ шешімге келіп отырды,ешкімге кедергі келтірмей ,өздерінің және өзгенің пікірін құрметтей білді. Сыни ойлаудың негізгі құралы-ұғынып ойлау,пікірлесу және пайымдау болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің әдістері сабаққа нәтиже бере отырып, сабақтың сапасын арттырды. Осы ретте көптеген нәтижелер байқалды. Оқушылар жаңа сабақты мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен түсініп, талдады. Сыни тұрғыдан ойлай білетін оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, үнсіз отырған оқушы өз бетінше пікір айтуға үйренді. Биология пәні сабақтарында үнемі өздігінен туындайтын кедергінің ең маңыздысы ол сабақ барысында оқушылардың өз ойларын жеткізудегі сөздік қорларының жетіспеушілігі немесе өздері біліп тұрған сөздік қорларын дұрыс пайдалана алмауы болып табылады. Оқушылар өткізілген екі тақырып көлемінде топтаса және жұптаса отырып түрлі тапсырмалар орындай алды. Сонымен бірге оқушыларымның жетістіктері мен әрбір берген дұрыс жауаптары үшін формативті бағалауды барынша көп қолданып отырдым. Оқушыларға ұсынылған «Серпілген сауал», «Өрмекші торы» әдістері арқылы сұрақтар өткізгенде дарынды оқушылардың бірі Гүлмара мен Нұржан үлкен дайындықпен келіп тамаша орындап шықты. Бұл екі оқушы кез-келген тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындады. Сыни тұрғыдан ойлауды тәжірибеге енгізгенде оқушылардың бойынан біршама өзгерістер байқадым. Бұл тұрғыда топпен бірлесе отырып жұмыс жасау арқылы оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артты,топта,сыныпта еркін сөйлей алуға ұмтылыс байқалды,үнсіз оқушылар ашылды,өз пікірлерін айтуға үйренді.Алдағы сабақтарымда барлық модульдерді өзара тығыз байланыста қолданып,оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамытамын.Келесі өтілген сабақ «Тамыр-өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар» тақырыбында болды. Оның мақсаты : Өзара диалогқа түсу арқылы өсімдіктердің тамыр арқылы қоректенуін, тыңайтқыштардың түрлері мен маңызын сипаттауды мазмұнды түрде көркем жеткізе білу,ұсыныстар жасау арқылы топта мәселені талқылау, нақты жауап беру,өз мүмкіндіктерін көрсете білу, бағалау түрлерін жүзеге асыру. Қолданылған әдіс-тәсілдер: «соқпақ жол» тренингі, хан тәжі, мозайка, ББҮ, сонымен қатар оқушылар жаңа тақырыпты «ойланудың қалпағы»бойынша меңгерді.

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра алу әрбір мұғалімнің құзіреттілігінде. Бақылау, талдау, қорытынды және интерпретация дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушылардың сыни ойлана алуын зерттедім. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы өзара талқылау тәсілін пайдаланып,бір-бірінен үйренетініне және олардың пікірлері басқалар үшін маңызды екендігін байқадым.Зерттеу жүргізу үшін оқу үлгерімі «жоғары», «орташа»,«төмен» деңгейлі үш оқушыны бақыладым. Гүлмара сабақты жақсы оқиды,өз -өзіне сенімділігі басым,берген тапсырманы мұқият орындайды,ынтасы жоғары,сабаққа үнемі дайындықпен келеді,қосымша материалдар жинақтайды, жан- жақты оқушы. Жеткерген берген тапсырманы бұлжытпай орындайды бірақ сабақ айтқан кезде сөзін жинақтап, ойын еркін жеткізе алмайды. Ал Данагүл тұйық, үнемі құрбыларынан көмек күтеді. Бұл баяу қозғалады, ақырын сөйлейді, сұрақ қойсаң ойын толық жеткізе алмайды. Бақылау нәтижесі бойынша оқушылар дербес жұмыс кезінде қандай? екен деп бақыладым. Қорыта айтқанда менің мектептегі тәжірибеде байқағаным cыныптағы оқушылар өтілген жаңа сабақты өз бетімен меңгеруді үйренді.Сын тұрғысынан ойлай отырып оқушылар бір-бірімен өзара еркін пікірталаса отырып, достарының ойын тыңдайды, проблеманы шешу жолдарын іздейді. Мұғалімдер өз кезегінде өзінің сабақ беруін емес,оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс деп нұсқаулықта көрсетілген. Өзімді оқушы орнына қойып бірінші бетпе-бет кезеңіндегі оқу мені оқушының қалауы мен ішкі жан дүниесін түсінуіме көмектесті. «Тамырдың түрөзгерістері» тақырыбындағы сабағымның мақсаты: зерттеушілік әңгімеге қатысу барысында тақырыпқа байланысты шығармашылық қиялдарын жетілдіру. Осы сабақ барысында оқушылардың сыни ойлауы жүзеге асу үшін әр топтағы оқушылар көрініс қою,логикалық тапсырмалар құрастырып-шешу,интернет материалдарын іздеп-пайдалану секілді жұмыстарды жүзеге асырды.Жоғарыда өтілген сабақтарымның барысында қолданған әдістерімнен оқушы-оқушы-мұғалім арасындағы іс-әрекеттерді айқын байқадым.Алдағы уақытта сыни тұрғыдан ойлауды сабақтарыма кіріктіруді жалғастыру арқылы тәжірибемді одан ары қарай жетілдіріп,оқушының да өз біліміне жауапкершілікті қалыптастыруын дамыта аламын деп ойлаймын.Сыни тұрғыдан ойлау-сыныптағы оқушылардың кез- келген нәрсеге терең ойлана қарап,салыстыра отырып талдау жасау,оң көзқарасын білдіру,өз ойын тұжырымды жеткізе білуі деп білемін. Қорыта айтқанда,осы тәсілдерді барлық сабақтарымда тиімді қолдану арқылы,критериалды бағалауға көп көңіл бөле отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, өз беттерінше білім алуға және шығармашылықтарын арттыруға,тұлғаның өзіндік қалыптасуына зор ықпал етемін. Өз есебімді Л.С.Выготскийдің «Сын тұрғысынан ойлау-ең алдымен шығармашылық ойлау, осы шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді»деген сөзімен аяқтағым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Мұғалімге арналған нұсқаулық».Үшінші деңгей,2012 жыл.
2.Имжарова.З.У. Сын тұрғысынан ойлау білім үдерісінде.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасына «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі қалай және неге енгізілгені туралы, баяндама Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасына «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі қалай және неге енгізілгені туралы, қазақша баяндама Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасына «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі қалай және неге енгізілгені туралы, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасына «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі қалай және неге е, Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасына «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі қалай және неге енгізілгені туралы