Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тәжірибе сабақтар арқылы оқыту мен оқудағы өзгеріс туралырефлексивтік есебі

Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тәжірибе сабақтар арқылы оқыту мен оқудағы өзгеріс  туралырефлексивтік есебі казакша Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тәжірибе сабақтар арқылы оқыту мен оқудағы өзгеріс  туралырефлексивтік есебі на казахском языке


Қарғалы ауданы,
Сазды орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Баганаева Ақтолын Рысдаулетқызы

«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді».
Әбу- Насыр әл-Фараби

Өмір – бұл ағын су секілді, бір орында тұрмайды, яғни жылдар жылжып, уақыт өтеді. Уақыт өткен сайын қай салада болмасын дүниенің бір жаңалығы орын алып жатады. Сол жаңалықты тосырқамай, жақсы-жаманын саралап қабылдай білу керек.
Жаңалыққа жаны құмар кәсіп иелерінің бірі – мұғалімдер. «Бала бойында өзгертуді талап ететін ешнәрсе таба алмасақ біз өзгерісті өз бойымызға ендіруіміз керек»,- деп Карл Юнг айтып өткендейалдындағы шәкірттерінің білімін тереңдетіп, өрісін кеңейтуде мұғалім заман ағымына сай болып жатқан өзгерістерден өзін шеттетпеуі керек.
Өмірді ағын суға теңесек, білімді – теңіз, мектепті – кеме деп қарастырамыз, ал мұғалім – сол кеме капитаны деуге болады. Кеменің тереңге батпай, дұрыс бағдармен жүруі мұғалімге байланысты.
Мұғалімнің ұстанымы әрі мақсаты – шәкіртінің ішкі дүниесін тану, оның жеке басының құндылықтарын құрметтей отыра, тұлға ретінде қалыптастыратын ерік, мақсатқа ұмтылушылық секілді қасиеттерін жандандыруға көмектесу. Соған сәйкес, оқу процесінде оқушыларды жұмысқа ынталандырып, сыныпта болатын іс-шаралардың бәріне белсенді қатыстыру.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз» - деп атап көрсеткендей, осы заманғы ұстаз – болашаққа замана ағысымен ілгерілеген озық тұлға. Мұғалімге осындай көзқараспен қарау, оның алдына қойылар талапты да айқындайды.
Кез-келген адам алдына қойған мақсатына ерік-жігерін аямай еңбек ету арқылы, осы жолда өзін – өзі бар қырынан жетілдіру арқылы жетеді.
Елбасымыз: «Білім беру реформасы –Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасы мұғалімдердің шеберлігін жетілдіру мен дамытуды басты міндет ретінде қарастырып отыр. Аталған курстың негізгі мазмұны тиісті сабақтарда пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты идеялары өзара байланыста болатын жеті модуль түрінде берілген. Олар:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Аталған модульдер білім беру үдерісінде өзара астасып жатады.
Бағдарламаның бірінші – «Бетпе - бет» аудиторлық кезеңінде оқу үдерісі қалай жүру керектігі, сапалы оқыту, сыныптағы жұмыс тәсілдерін модельдеу арқылы белсенді оқуға қатысу, бағдарламаның жеті модулі аясында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді зерделеу, сынып тәжірибесіне енгізілетін бағдарламаның идеяларын пайдалана отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау тапсырмалары орындалды.
Аталған курсқа мектеп әкімшілігінен жіберуін өтініп келгенмен, курсқа келген соң әуелгідебойымда қорқыныш сезімі болғаны жасырын емес. Себебі курстың алғашқы тыңдаушыларынан бағдарлама жайында сұрағанымызда қиындықтарбар екенін айтқан. Оған қоса курс соңындажүргізілетін тест және бар.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – дәстүрлі сабақ беру жүйесін өзгертуге бағытталған. Педагогикалық тәжірибеге аса бай болмасамда ескі үрдіске төселіп қалған мен алғашында өзге де курс тыңдаушылары секілді: «Дәстүрлі сабақтың қандай кемшілігі бар? Өзгерістің не қажеті бар?» деген сұрақтарды қойдым. Курста жүрген әріптестерім арасында бағдарламада қарастырылған жаңа әдіс-тәсілдерді түсінуде қиындық туып жатқаны, түсінбеген идеяны іс-тәжірибеге қалай ендіруге болатыны жөніндесөз болды, яғни 45 минутқа 7 модульдің бәрін бірдей қалай енгіземіз деген ойлар туындады.Жасыратыны жоқ, курстың алғашқы күндерінде жүргізілген «мәдениет», «ұстаным, құндылық», «мінсіз оқушы» т.с.с. тақырыптарға түсінбей, үйренген ешнәрсем жоқ деген ойда жүрдім. Бұл біздің өзгерісті әлі де болса қабылдамағанымыздың дәлелі еді. Осы кезге дейін де педагогикада техонологияның сан түрі болды, солардың бірі екен деген көзқараста жүрдім.Бағдарламаның идеяларына күмәнмен қарап, «Курс аяқталысымен кешегі күніме көшемін» деген пікір көпшілігінің көңілінде тұрды.
Бірақ бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде-ақ,Бағдарламаның мазмұнымен тереңірек танысып, білім беру үдерісінде тиімді екенін түсінген соң «кешегі күнге» оралу мүмкін емес екенін ұққандаймын.Әрине, бұрынғы дәстүрлі сабақтарымыз «жарамсыз» деп айта алмаймын. Сол білім жүйесі арқылы өзімізде білім алған болатынбыз.Дей тұрғанмен, заман басқа.Бұрын оқушылар үшін ақпарат тасымалдаушы мұғалім болатын болса, қазір олар ақпаратты жан-жақтан алады. Мұғалімдер беретін дайын білімді оқушылар интернет желісінен де, кітаптан да ала алады. Сол себепті мұғалім тек ақпарат тасушы емес, таным үрдісін ұйымдастырушы да бола білуі керек.
Курстың бірінші «Бетпе – бет» кезеңінен кейін менің кәсіби тәжірибемде үлкен өзгерістер орын алу үшін өзімді өзгертуім қажет екендігін ұғындым. Курс барысында алдымен өзімнің білім беруге деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. «Бұрын менің сабақ беру әдісім қай бағытта жүргізілген?» деген сұрақты қазір өзіме қоюдамын. Бұрын соңды оқыту технологиялары бойынша біліктілігімді арттырмаған болатынмын, тек өз бетімше ізденіп әр технологияны тәжірибемде пайдаланып жүрдім. Соның ішінде «сын тұрғысынан ойлау» технологиясының стратегияларын көп пайдалансам да жетік түсіне алмағанымды Бағдарламаның «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі жөнінде мәлімет ала отырып білдім. Ойлау туралы ойланудың мәнін түсінгенімде өзімнің аталған модульге жақын жүргенім жайындағы ішкі сезіміме сеніммен қарауыма көмек берді. Себебі, мұғалім бойында сенімділік орнағанда ғана тұлға аралық қарым-қатынас орнатуда да, сапалы білім беруде де нәтижелі болмақ.
Мен бұл курстан не игердім? Бағдарлама мазмұнында көрсетілген модульдерді ықпалдастыра отыра тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды үйрендім. Жоспарлауда алынған нысандар сабақ үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдердің қолдану мүмкіндігін, оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық атмосферасын ойластыруға ықпал етті. Бастысы – қалай оқыту керек деген сұраққа нақты жауап табылды.ОМЖ-да осы бағдарламаның негізгі тұстары – жақсарту мен дамыту қажеттігін түсіну, мұғалімнің жеке құндылықтарын, көзқарастарын анықтау және дамыту проблемалары мен басымдықтарын айқындау, жалпы бағдарламаның жеті модуль идеяларын түгел қамту қарастырылған. Дәстүрлі сабақ жоспарына қарағанда жаңа тәсілдерді қолдана отырып жоспар құру маңыздырақ екен деген түсінік пайда болды. Олай дейтінім, бүгінгі таңда жасалып жүрген күнтізбелік-тақырыптық жоспарда біз көп нәрсені қамтымаймыз, жоспарланған іс-шара орындалғаннан кейінгі нәтижені назарға алмайтындығымызды айтуға болады. Сонымен бірге, топтық жұмыс және формативті бағалау тәсілдерін қолдану сабақтың тиімді, мазмұнды өтуіне септігін тигізеді.
Бірінші «Бетпе бет» кезеңінде игерген теориялық білімімді бағдарламаның екінші – «Мектептегі тәжірибе» кезеңі барысында іске асыру үшін менің алдымда бірнеше мақсаттар тұрды.
 Мектеп әкімшілігімен, әріптестеріммен кездесу барысында «Сындарлы оқыту теориясы» жайында оң көзқарас қалыптастырып, әріптестікке тарту;
 Бағдарламада қарастырылған жаңа әдіс-тәсілдерді кіріктіру арқылы тізбектелген сабақтар топтамасын өткізіп, бұл сабақтарда балалардың білім алу туралы дерек жинау, оқушыларды білім алуға көзқарастарын өзгерту;
 Оқыту тәжірибеме Бағдарлама идеяларының енгізілуін талдау;

Іс-тәжірибе басталмас бұрын университет қабырғасынан енді келгендей бойымда қорқыныш болды. Себебі «жаңалыққа сыншы көп» екені белгілі. «Мектеп(әріптестер, оқушылар) өзгерісті қалай қабылдайды?», «Кедергілер туындамай ма?» деген сұрақтар мазалайтын.
Облыстық педагог қызметкерлердің аталмыш курсты бірінші деңгейінен өтіп келген үш әріптестеріммен бірігіп «төртеу түгел болса төбедегі келеді» демекші, алдағы орындайтын іс-шараларымның жоспарын осы әріптестерімнің көмегімен жасадым.«Іс-тәжірибенің» алғашқы аптасындамектеп директоры және директордың орынбасарларыменкездесіп, Бағдарламаның негізгі қағидаты практикалық қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен байланыстыру екендігі жөнінде кеңесіп, «мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындалатын тапсырмалар мен нұсқаулықтарды орындаудабасшылықтың қолдауының қажет екенін атадым.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Бисембаева Зухра Ахметкерейқызы курс бағдарламасына қызығушылық танытуы мені қатты қуантты. Бағдарлама жөнінде кеңінен тану үшін электронды мекен-жайын сұрады.

Мектеп әкімшілігінің қолдауымен мектептегі іс-тәжірибенің алғашқы аптасында мұғалімдерді қатыстыра отырып, «Сындарлы оқыту теориясы» аттысеминар-практикум өткіздік. «Оқыту - тәжірибелер алаңы» дегендей осы оқу кезеңіндегі білген, көңілге түйгендерімді пайдаланып, оны талқыға салу арқылы өзім де үйреніп, өзгелермен бөлісуді негізгі ұстаным ретінде қарастырдым.
Семинар-практикум барысында мұғалімдердің іс-тәжірибелерін тиек ете отырып, Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлік Мектебі ДББҰ ұсынған бағдарламаның теориялық негіздерімен таныстырылды, яғни бағдарламаның жеті модулі таныстырылып, формативті бағалау, Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарын айқындау, т.б. әдіс-тәсілдер сөз етілді және практикалық тапсырмалар жасалынды.Әріптестерімде «Сындарлы оқыту бағдарламасы тиімді тәсіл екен»,«Бүкіл оқушының ой пікірін тыңдау арқылы оларға көп нәрсе үйретуге, оқытуға болады екен», «Семинар өте жақсы өтті» деген пікірлердің қалыптасуы мені қуантты.

Мен үшін, бұл кездесу өте әсерлі болды. Себебі, практикалық бөлімде семинарға қатысушы бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, информатика, ағылшын тілі, математика, тарих және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері өздерін оқушы рөліне қойып, қызыға қатысты. Алғашқы да қарсы пікірде болған ұстаздарға бағдарламаның идеяларын көрсетудің алғы шарттарын жасау мақсатында «Бүгінгі семинар-практикумнан не көргіңіз
келеді?»- деп ортаға сұрақ тасталды.Пікірлесу барысында жаңаша әдіс-тәсілдер жөнінде білгілері келетіндерін атады.
Әріптестерім тарапынан оқыту үшін және оқудағы бағалау,сыныпта диалогтік оқытуды өрбіту, оқушыны сыни ойлауға үйрету тәсілдеріне қызығушылық басым екенін аңғардым. Нәтижесінде, бұл бағдарламаны мектебімізге ендіруде еш қиындық тумайды деген пікір қалыптасты.
Бағдарламада қарастырылған жаңа әдіс-тәсілдерді кіріктіру арқылы тізбектелген сабақтар топтамасын өткізіп, бұл сабақтарда балалардың білім алуы туралы дерек жинау, оқушыларды білім алуға көзқарастарын өзгерту үшін зерттеуге алған 7класымда тренинг, сауалнамалар жүргізу қарастырылды. «Бетпе-бет» кезеңінің алғашқы сабағында пайдаланылған «Мен сізді...таныстырғым келеді» тренингін өткізуде оқушылардан жұптаса отырып, жұбы жайында бұрын бізге беймәлім қырларымен таныстыру сұралды. Оқушылар бір-бірін таныстыру барысында әріптесінің жақсы қасиеттерін айтуда сыни ойлауға дағдыланды. Осы ретте оларға тарих пәнінен қай деңгейде екенін білу үшін «мақсат ағашы» суреті арқылы анықтау тапсырмасы берілді. Сурет арқылы өз деңгейлерін белгілеу қызық екенін жасырмады. Сыныптағы оқушыларды топпен жұмыс жасауға, бір-бірін бағалауға дағдыландыру үшін «Біз неліктен оқимыз?» топтық жұмыс жүргіздім. Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына сүйене отырып, қысқа мерзімге арналған төрт сабағымды өткіздім. Сабақ өткізу барысында топтық, жұптық және жеке оқыту түрлері негізгі болып табылды. Оқушылар бұған дейін де топқа бөлініп жұмыс жасайтын, топқа бөліну аса бір жаңалық болмағанымен, тапсырмаларды орындау, рөлдерді бөлісу, топтың және әрбір оқушының қатысуын қамтамасыз ету барысында жаңалықтар басымдылығы сезіле бастады. Себебі, жаттығуларды орындау барысында әр оқушы өзі үшін емес топ үшін жұмыс жасау керектігін түсінді. Жасалған жұмысты қорғау керектігін, оның мазмұнына ғана емес маңыздылығына, құндылығына мән беру қажеттілігін түсіне бастады, формативті бағалау барысында осылардың барлығына мән берілетіндігін байқады және олардың оқушы жетістіктерін бағалауда орын алатынын түсінді. Ешқандай жұмыстың және оқушының бағаланбай қалмайтынына көздері жетті. Топтық жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топта бірлескен жұмысқа тарту. Топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды, керісінше, қажетті жағдайда бір-бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді. Бұл жағдайда әрбір оқушының тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе кемшіліктерін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады. Топпен жұмыс жасау кезінде диалогтік оқыту тәсіліне, сыни тұрғыдан ойлануға жағдай жасадым. Оқушылардың бір-бірінен үйренуге, басқа оқушылардың пікірлерін құрметтеуге, тұйық мінезді оқушылардың ашылуына және сыни тұрғыдан ойлануына әсер етсе жеке оқыту түрі оқушыларға кейбір тапсырмаларға тереңірек тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді.
М. Жұмабаев: «Бала тәрбиесі - бір өнер, өнер болғанда да - ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін - өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәрбиесі, тәжірибесі жетіспейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен де танысу керек», - дегендей бұл курстан көптеген іс-тәжірибелер жинақтадым, басқа мұғалімдермен пікір алмастым.Төрт апта оқып, алған білімімді үш апта өз тәжірибемде қолданып көрдім. Алғашында қиындық орын алғанмен дәстүрлі сабағыммен салыстырғанда нәтижелі екеніндігіне көзім жетті.Оқушыларымнан айтарлықтай өзгерістер байқап, сабаққа деген қызығушылықтары артты. Оны мен кері байланыс жасау арқылы біліп отырдым.
А.Байтұрсынов: Білімсіз халық қанша бай болса да, байлығы басқа халықтың қолына көшеді» деген. «Білім де ақша сияқты: оны мол иелену керек, әйтпесе бәрібір жарлы боп көрінесің» демекші бағдарлама аясында игерген білімімді пайдалана отырып өз байлығымыздың өз қолымызда қалуына ықпал жасаймын.
Кембридждік тәсілдің теориялық негіздерімен танысқанға дейін мен оқытудың мақсаты оқушы бойында оқу бағдарламасы негізінде білім, білік, дағды қалыптастыру деп келсем, енді оқыту мен оқу мақсаты білім, білік, дағдымен қатар, оқушының зияткерлік, құзырлылық іс - әрекет тәсілдері деген пікірге келдім.
Бұған дейін мұғалімді білім жеткізуші ретінде санасам, енді таным үрдісін ұйымдастырушы, дамыту жұмысының көшбасшысы ретінде санаймын. Ал, оқушыны тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталатын, проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындайтын, проблеманы шешіп, мақсатқа жетуде әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдайтын ізденуші– зерттеуші деген көзқарасты өзімде қалыптастырдым.
Ізденімпаз мұғалім қалай оқыту керектігін дамыту үшін алдымен өзінің құндылығын, ұстанымын және стратегиялық іс әрекетін айқындауы қажет. Мен құндылығымды және ұстанымымды нақтылауда оқуға орнықты қызығушылықты дамыту бағдарламасына сүйендім. Бағдарлама ұстанымдары оқушыларға мектептен алған білімдерін кез-келген ситуацияда қолданып, келешекте еркін, мақсатқа ұмтылғыш, сенімді көшбасшы тұлға қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
Кембридж университетінің сапалы білім берудегі жаңа дағдыны дамытуға ықпал етеді деген сенімділіктерінесүйене отырып, “іс - әрекеттегі зерттеу” үдерісін келешектегі жұмысыма стратегиялық іс-әрекет ретінде қарастырғым келеді. Зерттеу жүргізу үдерісіндегі бірінші қадам - оны тиянақты орындау жөнінде саналы түрде жауапкершілік алу болып табылады. Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің сатылары: зерттеуге шақыру, зерттеуді жүзеге асыру мақсатында сұрақтар мен жауаптар әзірлеу,тәжірибенің мәнін түсіну үшін деректер мен талдаулар жасау, жасалған сұрақтарды қайта жаңалау, тәжірибені іске асыру үшін сабақ жоспарын жасап, зерттеулерді енгізу. Бір сөзбен айтқанда іс әрекеттегі зерттеуді жүргізу мұғалімнің өзін қажетті рөлде көре білуіне, таным және даму әлемінде оқушыларға бағдар беріп, өзін өзі сыни тұрғыдан қарастыра білетін жан ретінде тануына мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл жұмыс тәртіпті және жұмысқа деген қабілеттілікті талап етеді және де жаңа дағдыны дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.
Бұл жерден мен өзімді жаңашыл мұғалімдер қатарына жатқыза аламын.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» ДББҰ, 2012 жыл
2. Дәріс материалдары



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Кембридж бағдарламасы бойынша тәжірибе сабақтар арқылы оқыту мен оқудағы өзгеріс туралы рефлексивтік есебітуралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасы бойынша тәжірибе сабақтар арқылы оқыту мен оқудағы өзгеріс туралырефлексивтік есебі, баяндама Кембридж бағдарламасы бойынша тәжірибе сабақтар арқылы оқыту мен оқудағы өзгеріс туралырефлексивтік есебі, қазақша баяндама Кембридж бағдарламасы бойынша тәжірибе сабақтар арқылы оқыту мен оқудағы өзгеріс туралырефлексивтік есебі, Кембридж бағдарламасы бойынша тәжірибе сабақтар арқылы оқыту мен оқудағы өзгеріс туралы рефлексивтік есебітуралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен, Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша тәжірибе сабақтар арқылы оқыту мен оқудағы өзгеріс туралырефлексивтік есебі