Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша сыни тұрғыдан ойлауды дамыту туралы

Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша сыни тұрғыдан ойлауды дамыту туралы казакша Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша сыни тұрғыдан ойлауды дамыту туралы на казахском языке


Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,
Хлебодар орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Ержанова Айнур Онталаповна

Бір-бірінің ойымен санасуға дағдыландыру,сыни пікір, жаңаша идея айтуға бағыттау, өз ойларын, пікірлерін дәлелдеуге жетелеу мақсатында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды тәжірибемде басшылыққа алдым.
Сыни тұрғыдан ойлау кезінде – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты, ойлауға, талдауға бағалауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім екенін білеміз. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізетінін байқау мақсатында.Кіші жастағы оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға үйрету. Кез келген оқу материалындағы мазмұнды сынау емес сын тұрғысынан қарау арқылы ұтымды жауап іздеу, сол жауапты іздеуге жай ойлау емес шындалған ойлауға оқушылардың қолын жеткізу.
Бір ай бойғы тәжірибемде байқағаным төмендегідей. Оқушыларым 2 класс болғандықтан бірден үйренісе қойған жоқ, бұрын өз ойларын толық айтып жеткізіп көрмеген оқушылар үшін қиыншылық туғызды. Олар бірте – бірте қызыға сабаққа белсенді қатысып, жұптық жұмыста ашыла түсті. Мысалы ынтымақтастықты қалыптастыру барысында "Мен өзіме тілеймін!" атты тренинг өткізгенімде оқушылардың көбі өздріне "жақсы баға", "тәртіпті болу", "денсаулық" деп жауап берсе мені таң қалдыған Ерасыл өзіне мен осы ауылдың әкімі болып халқыма қызмет етуді тілеймін деді. "Мен досыма тілеймін!" атты тренингімде достарына деген ықыластары мені қуантты, тіпті Нұрғазы деген оқушым менің досым апай, мен апайға денсаулық, бақыт, оқушылары тәртіпті болсын деп тілеймін дегенде тәжірибенің әсерін байқадым. Күннен – күнге серіктестік жұмыстарында нақтылық, дәлдік пайда бола бастады. Ойлары да, өз шешімдерін қорғай алатындай тереңдей түсті. Бір – бірімен жұмыс барысында пікір алмасып, ой бөлісіп, ортақ шешім қабылдап үйренді, топтың атынан сөйлеу оларды жауапкершілікке жетеледі. Сыныптағы ұяң оқушы Димаштың топтық жұмыс кезінде өз ойынан суретті жақсы салатынын байқап осы бала ашылмай жатқан дарынды екенін байқап, алдағы уақытта жұмыс жасау керек екенін ұқтым. Мұғалім ретінде алдымдағы оқушылардың өзім білмейтін жақсы жақтарынан танып, таң қалдым. Әрқашанда әзілқой, мазасыз оқушым Ардақтың түйеге байланысты шығарған "Шөл даланың кемесі, шудабайдың енесі, жыл санауда құр қалған, төрт түліктің төресі", "Шұбаты бар шұрайлы, тек жантақты сұрайды" деп жұмбақтар құрастырып келген. Мен Ардақты сыни тұрғыдан ойлай алатын, дарынды бала екенін аңғардым, осы уақытқа дейін Ардақпен қосымша қандай жұмыс жасасам деп ойлайтынмын. Себебі Ардақ мазасыз, жыбырлақ бала болатын. Бұл балаға шығармашылық тапсырмаларды беріп отыру керек екен. Сыныптың басқа оқушылары да Ардаққа қарап жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі құастыра бастады. Ал Гүлжайна үйіндегі интернеттен "Төрт түліктің тамаша қасиеттері" атты тақырыпта. Ақпараттық технологияны ағасының көмегімен ізденіп, материалдарды өздігінен саралап сабаққа әкеліп сыныптастарымен бөліскенінде, Менің алдымда осындай ізденімпаз шәкірттім барына қуанып. Мен Гүлжайнаға "Кішкентай ізденімпаз"- деп ат қойдым.
- Ешкі түлігін бес күн ерінбей таңертең өргізіп кешке қораға әкеліп қамаңыз. Одан кейінгі күндерде иесінсіз-ақ осы әдетті қайталай береді. (Ал мың күн тәрбиелесең де түзелмейтін адамдар жетеді.)
- Егіз төлдер енесінен бұрын бірін-бірі іздеп тауып алады. (Ал адамдарда өмір бойы бауырларын іздемейтіндер де кездеседі.)
- Жылқы түлігі көбіне екі-екіден достасып ала қояды. Әрі "достарын" әсте ұмыипайды. Сан жылдан кейін кездесе де, оқыранып, қасыныса кетеді. (Батыр бабаларымыздың жылқыдан басқа досы болмаған)
- Боталы інген боздап, көзінен жас ағып тұрған қандай да бір ботаны көрсе үстіне түсіп емізе береді. (Оларда мейір-шапағат туысқандықпен өлшенбейді) Бұл да оқушымның сыни тұрғыдан ойланып, ізденгені деп ойлаймын.
- Алпауыт бұқа, атан өгіз, сүзеген сиыр болсын енесі қанша қораш, әлсіз болса да, оған беттемей жасқанады. Тіпті қанша аш, ызалы болса да, алдындағы жем-шөбін енесіне тастап, тайып тұрады. (Ата-ананы сыйлау – мейлі қандай сәтте де мойындағы парыз ғой) Міне осындай төрт түліктің тамаша қасиеттері жайында жоғарыдағыдай жайттарды айтып берді. Мен Гүлжайнаның еңбегін оқушыларға бағалаттым. Бұл ретте, менің мақсатым мұғалім жалғыз бағалаушы емес екеніне назар аударту. Оқушылар өзін-өзі және өзгелерді бағалай отырып білім алуға, өз бетінен ізденуге деген қызығушылығы артады.
Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады, "Оқыту бағалау тәрізді" деген ұғыммен форматифті бағалау қағидаты, білім алып қана қоймай, білімді түзетін әдістерге қатысу арқылы оқу дегенді білдіреді. Бұл идеялар оқушыларды оқу мен оқыту үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде қарастыратын сындарлылық құрылымына сай. Адамдардың қай тұрғыдан алғанда да бір-біріне икемделуі құрмет пен сенімге негізделген. Диалогтік оқыту ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын қолдаушы болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 52 бет).
Яғни мұғалім әр қадамын нақты ғалымдардың теориясына, зерттеулеріне сүйеніп қадам жасай алады. Алдыңғы тақырыпта бағалау түрлері, әдістері туралы мағлұмат алсақ, енді диалогтық оқытуды да нақты теорияны практикамен бекітіп отырдым. Әр сабағымда диалогтық оқытуды үнемі жүзеге асырып отырдым, себебі әдебиет пәні ауызша жеткізуді, оқығанын қандайда бір дәлелдемелерді қажет ететін пән. Постер жасау жаңа тақырыпты игеру мен түсіну үшін тиімді болды, себебі кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін бейнелеп көрсету, көркемдеу жұмыстары өте маңызды. Ал мәтінмен жұмысты постер арқылы, рөлдік ойын арқылы жүзеге асыру өте тиімді. Оқушыларды шапшаң жұмыс жасап, тез шешім қабылдауға дағдыландырады, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Сыни ойлауын дамытады. Мәселен, «Төрт түліктің кеңесі» тақырыбын рөлге бөлу арқылы оқушылар өз беттерінше меңгерді. Бұл жұмыста оқушылар геометриялық фигуралар арқылы өздерін бағалады. Арсен осы бағалауда әр фигураның қандай бағаға келетінін айтқаны ұнады. Ол шаршы - "5" себебі оқуымыз, жазуымыз, сөйлеуіміз, жылдамығымыз. Үшбұрыш - "4" мұнда біреуі жетпей қалуы мүмкін. Шеңбер - "3" әр жерде домалап жүре береді деп өз ойын дәлелдеді. Яғни бұл өздерін әділ бағалауға болатынын көрсетеді. Мерсер(2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. (29 бет) Жанэль өзінің құрдастарының жоғары деңгейлерге ұмтылғанын көріп, алға ұмтылушылық білдіргенін оның Қамбар атаға жазған хатынан байқадым. "Олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді" деу - өзін басқа біреумен салыстыру үдерісінің негізі. адамдардың қандай да бір салада болсын табысқа жеткен біреуді көрсе, өзіндік тиімділік деңгейі арта түседі. (нұсқаулық 27 бет). Мысалы өлеңді қалай жалғастыруға болады деген тапсырмада Ардақ Шопан ата пірі бар
Қошақаны тағы бар
Момын түлік жануар деп өлеңдетіп жауап берді.
Бұрын сабақтан себепсіз көп қалатын Ерасыл осы топтастырып сабақ өту басталғалы сабақтан қалмайтын болды. Оның өз бетінше ізденіп мақал-мәтелдер жаттап келіп өрмек құрастыру ойынында биіктен көрінгеніне қуанғанын байқадым. Бала бірте – бірте қызыға сабаққа белсенді қатысып, жұптық жұмыста ашыла түсті. Күннен – күнге серіктестік жұмыстарында нақтылық, дәлдік пайда бола бастады. Ойлары да, өз шешімдерін қорғай алатындай тереңдей түсті. Бір – бірімен жұмыс барысында пікір алмасып, ой бөлісіп, ортақ шешім қабылдап үйренді, жұптық жұмыс барысында "Көршіңді тыңда" ойыны да оны жауапкершілікке жетеледі.Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағыдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттер мен қаруландыру мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қол жетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлаумен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander, 2008).
Тәжірибе барысында да суреттерді пайдалана отырып топтық таныстырылым құрастыру, эссе жазу кезінде олардың сыни тұрғыдан ойлауы дамитынын байқадым. Практика жүзінде үйренген жаңалықтарымды енгізіп, өзгерістер байқадым, оқушыларымның жауаптарына сенімділігін көрдім. «Үйренуді үйрету» идеясын жүзеге асыра бастадым. Дегенмен де бастауыш сынып болған соң алдағы уақытта аянбай еңбек етсем, оқушыларымды сыни тұрғыдан ойлауға қалыптастыруға болатынын түсіндім. Мен өз іс-тәжірибемде байқағанымдай оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында келешекте осы әдісті көбірек қолдансам деген ниеттемін. Өйткені оқушылардың ойлау деңгейі әртүрлілігіне байланысты, әрқайсынан әртүрлі идеялар шығады. Дұрыс және нанымды жауаптарды қайтаруды үйренеді. Дәстүрлі оқытуда біз көбінесе оқушылардың ойларын тыңдай бермейміз. Ал, осы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда біз олардың пікірлерін тыңдап, өзгелердің де пікірін тыңдай білуіне жағдай жасаймыз . Сыни тұрғыдан ойлау әдісін өте аз мөлшерде пайдаланамыз, ендігі ойым келешекте осы әдісті қолға алу. Әр сабағымда пайдаланамын деген ойдамын. Сыни тұрғыдан ойлау баланың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кез келген мәселені бақылап, талдай алатын, өзін-өзі реттей алатын тұлғаны қалыптастырады. Баланың дамуы, қоршаған ортаға сыни көзқарасы мектеп партасынан қалыптасады демекпін. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра алу әрбір мұғалімнің құзіреттілігінде.
Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушының білім алуына соншалықты әсер ететінін айтқан. Бұны өзім 2 сыныпта «Төрт түлік мал» тарауын өткен кезде олардың адамға деген пайдасы, өмірдегі маңызы туралы толық жауаптарынан көрдім, оқушылар өздеріне мәліметтерді түртіп алғанмен ойларын жеткізуге асықты, өздерінің сабақта теориялық білімін іс жүзінде іске асыра білді және сыныптағы әріптестерімен бөлісті. Ең бастысы сабақ үдерісінде балаларға ой тастап, оларды тақырыпты талдауға дәлелдеуге, жауаптарын салыстыруға, зерттеулерін негіздеуге жетелеу керек екеніне көз жеткіздім. «Төрт түліктің кеңесі» атты сабағымды сәлемдесу мен бастап, топтастыру кезінде балаларға қызықты болу үшін төрт түліктің төлдері арқылы өзім әндете жүріп топтастырдым. Үй тапсырмасын "ассоцация" әдісі арқылы әр топ өздеріне берілген түліктердің пайдасы мен қасиетті туралы топтастырды. Осы топтастыру кезінде оқушылардың төрт түлік туралы білімдерін жинақтай отырып жүйелі сөйлеуге де жаттыға бастағанын аңғардым. Бұл сабақта оқушылар "Бас бармақ" арқылы өздерін бағалады, яғни бұл өздерін әділ бағалауға болатынын көрсетеді.
Сыни тұрғыдан оқыту үдерісін тәжірибеде ары қарай өзгерту, дамыту бойынша тақырыптарға сәйкестеп оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тапсырмалар беру керектігін ұқтым. Оқу үдерісінде оқушыларды диалогтік әңгімеге тартуға байланысты туындайтын қиындықтарды жоққа шығаруға болмайды. Тәжірибеде сұрақтың мәнін дұрыс түсінбеу, тақырыпқа қатысты сұрақ үлгілерін ойластыра алмауы, сыни тұрғыда ойлау деңгейінің төмен болуына байланысты қиындықтар туындады. Бұл қиындықтарды мен оқушының өзінде бар білімге қозғау салу арқылы, әдістерімді түрлендіру арқылы, қалыптастырушы бағалауды пайдалану арқылы жоюға тырыстым. Оқыту үдерісін өзгертуде мұғалімге қойылатын талап та өте жоғары екенін түсіндім. Мұғалім ретінде бұл талапқа сай болу үшін ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасап, өмірдегі болып жатқан өзгерістерді тез ұғынып, қабалдап осы заман ағымынан қалыс қалмай тынбай еңбек ету керек деген ойды түйіндедім. Өзімнің тәжірибем кезінде оқушылар өзіндік ізденуге, шығармашылыққа, сыни тұрғыдан ойлауға дайын деген шешімге келдім. Жеті модульді басшылыққа ала отырып, болашаққа нық сеніммен алға қадам басу біздің ендігі міндетіміз. Яғни үйренген әдіс-тәсілдерімізді жарты жолда қалдырмай оны жетілдіру, дамыту қажет деп ойлаймын. Осы сыни тұрғыдан ойлау модульдін әр сабаққа енгізе отырып, күннен – күнге жаңа идеялар туындап, менің бойымдағы ұстаздық қабілетім оданда артып, жұмыс жасауға құлшынысым оянды. Оқушыларымның да сабаққа деген мотивациясы артып, берген тапсырмаларды жұппен, топпен бірігіп, бір – бірінің айтқан пікірлерін тыңдап, бір – біріне сыни сұрақтар қою арқылы қорытынды шығарып үйренді. Осы модульді әр сабаққа енгізе отырып, күннен – күнге жаңа идеялар туындап, сабағымның берілуін түрлендіріп, өзгертіп отырдым. Бұрын оқушылардың сабаққа деген ынталары төмен, топта жұмыс жасап бір – бірімен пікірлесіп, бір – бірінің пікірін тыңдай алмай, өзара бағалай алмаған оқушыларым қазір сабаққа деген мотивациясы артып, берген тапсырмаларды жұппен, топпен бірігіп, бір – бірінің айтқан пікірлерін тыңдап, бір – біріне сыни сұрақтар қою арқылы қорытынды шығарып үйренді. Алдыңа мақсат қойып, сабақта әр модульді тиімді қолдансаң сонда ғана нәтижеге жетесің дегім келеді. Жеті модуль бойынша туындаған идеяларды сәйкестендіріп, өз сабақтарымның құрылымына толығымен өзгеріс енгізе отырып, Болашақта -Өскелең ұрпақты өз бетінше және ұжымда жұмыс жасауға, өз көзқарасын айтуға, өзгелердің ойымен есептесуге, әлеуметтік ортада табысты өмір сүруге үйретемін
Сөз соңында өз ойымды ұлы ақын Абай атамыздың даналы сөзімен аяқтадым. Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Кембридж бағдарламасы бойынша сыни тұрғыдан ойлауды дамыту туралы туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасы бойынша сыни тұрғыдан ойлауды дамыту туралы, баяндама Кембридж бағдарламасы бойынша сыни тұрғыдан ойлауды дамыту туралы, қазақша баяндама Кембридж бағдарламасы бойынша сыни тұрғыдан ойлауды дамыту туралы, Кембридж бағдарламасы бойынша сыни тұрғыдан ойлауды дамыту туралы туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасы бойынша с, Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша сыни тұрғыдан ойлауды дамыту туралы