Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенінрастайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы

Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша оқыту  мен оқуда  өзгеріс  енгізілгенінрастайтын  тізбектелген  сабақтар  топтамасы өткізілгені туралы казакша Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша оқыту  мен оқуда  өзгеріс  енгізілгенінрастайтын  тізбектелген  сабақтар  топтамасы өткізілгені туралы на казахском языке


Ақтөбе қаласы
мұғалім портфолиосы
Мажитова Ақмарал Серікқызы

«Тегінде, адам баласы адам баласынан, ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» Деп қазақтың ұлы акыны, әрі философы Абай атамыз айтқандай, бүгінгі күнгі білім беру ісіндегі басты приоритет- оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін, бойындағы барлық қабілеттерін дамытып, бәсекеге қабілетті біліммен қаруландыру және оларды шынайы өмірде дара тұлға етіп тәрбиелеу. Ал географиядан білім берудің мақсаты-«географиялық орта –адамның мекендейтін орны» деп білетін көзқарастар мен ұстанымдар жүйесін қалыптастыру. Біз оқушыларға география ғылымы, жер ғаламшары мен оның табиғаты және халқы, географиялық карта туралы бастапқы түсініктерді және алғашқы географиялық білім мен біліктерді беріп, үйретіп отыруымыз керек.
Мектептегі тәжірибелік сабақтарымды өткізуге 7 сыныптың «Материктер мен мұхиттар географиясы» курсын таңдадым. Мектептегі тәжірибе кезіндегі бір сабағымды «Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер» тақырыбында өткіздім. Өткізген сабағымның мақсаты:Жеті модуль идеяларын ықпалдастыра отырып, әр мұхит суларының қасиеттерін, жануарлар дүниесінің таралуы, табиғи байлықтары бойынша өзіндік ерекшеліктерімен танысу. Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері, жағалауындағы ағып жатқан ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі, мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту. Топпен бірлесе білім алуға тәрбиелеу.
Сабағымның күтілетін нәтижесі: Оқушылардың мұғалімнің айтқанын орындап, ережеге бағынады, бір- бірін тыңдауы, білім алуда жұмыла тапсырманы орындайды, ойларын сөзбен жеткізе білуді нақтылайды.Оқушылардың бұрын алған білімдерін бүгінгі алған ақпараттарынмен салыстырып, талдай отырып, қажетіне жаратады. Өз ойларын нақты дәлелмен жеткізе біледі. Тапсырманы орындау барысында ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, тез шешім таба білуді, алған білімдерін өзгеге жеткізе білуге, өзгелердің білімге деген қызығушылығына ықпал етеді.
Мектептегі тәжірибе кезінде 7 сыныптың география пәнінен өткізілген сабағымның тақырыбы «Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер» болғандықтан оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту үшін сыныпты ынтымақтастыруды «Ашық журнал» бойынша жасадым.Сабақтың кіріспебөлімінде, сабақты «Құм мен тас» көңіл-күй тренингімен көңілдері бастадық. Демонстрациялық үстел үстінен өздеріне қажет смаиликтерді алып журналға орнатты. Оқушылар көңілді, өте жақсы көңіл күймен жауап берді. Көңіл күйлерін айтып, топпен бөлісу сыныпта ынтымақ орнатып, бірлікке шақырды. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятты. Сабақта белгілі тәртіп ережелеріне бағынып, келісілген критерийлер бойынша топта жұмыс істейміз және таныстырылымды бірге қорғаймыз деп қабылдадық. Апай қол көтерсе-тынышталу, тыңдау. Тапсырманы орындадық, даярмыз деп шулап айтпаймыз, ишармен білдіреміз, яғни- топ мүшелері қолдарынан ұстасып жоғары көтеру, т.б.ережелер. «Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек»,- деп И.Гете айқандай І бетпе- бетте үйренген Оқытудағы Кембридждің тәсілдерін өз сабақтарыма ыңғайлап, оқушылардың оқуға қызығушылығын ояту үшін және жаңа сабағымды өзгеше әсер қалдырардай етіп, жеті модульді ықпалдастыра құрдым.
Топқа бөлу. «Капитан» ойыны арқылы топқа бөлдім. Сабақтың тақырыбы мұхиттар туралы болғандықтан сабағымның әр моментін мұхит пен теңізге қатысты мәліметтермен байланыстырсам, сабағым әрі қызықты, әрі көп ақпаратты жүйелі түрде бере алатыныма көзім жетті. «Капитан» ойыны арқылы топқа бөлгенде балалар тек шапшаңдыққа ғана емес, сыныпта бір-бірін жақсы көрмейтін балалардың өзі топтасу үшін қалай бір-бірін құшақтағанын сезбей де қалды. Мен «қайық» дегенімде қайық боп сап түзеген әр «бестік» бір топ боп, топтар даяр болды. Сабақтың тақырыбын оқушыларға таныстырдым. Сабақтың мақсаты айқындалды. Жаңа сабақтың таныстырылымын бағдарламаның төртінші модулі Біржан АКТ-ні қолдана отырып «Дүниежүзілік мұхит» туралы ақпаратты электронды оқулықтан тыңдату арқылы таныстырдым. Өз қалаулары бойынша өте құнды үш сөйлемді дәптерлеріне жаздырттым. Әр бала сыныпқа бір сұрақтан қойып ақпарат талқыланды.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша топпен жұмыс жасаттым.Жаңа материалдардың таныстырылымы. Түсіну, тану, білу арқылы оқушылар топ боп жаңа сабақтың мәтінін өздері отырып меңгерді.Меңгеріп болған соң топтық таныстырылым құрастырып, қорғады. Қажет ақпаратты оқулық мәтінінен алды.
І топқа Атлант мұхиты
ІІ топқа Тұнық мұхиты
ІІІ топқа Үнді мұхиты
ІҮ топқа Солтүстік Мұзды мұхит. Топта жұмыс жасауы, бірлесіп бірі стикерге жазып, бірі суретін салып, енді бірі мәтінді оқып таныстырылымға дайындады. Кешегімен салыстырғанда бүгінгі сабақта балалар ынтымақтаса, критерлерді ескеріп, уақытты тиімді пайдалана отырып мәселені шеше алды және топтық таныстырылымдарын қорғады.
Балаларды әрі сергіту үшін, әрі патриоттық тәрбие беру үшін мынадай сергіту сәтін жасаттым.
« Менің Отаным»
Кең батақ менің Отаным,
Асқар да, биік тауларың.
Шыңдарың тіреп аспанды,
Мөп- мөлдір ашық аспаны.
Төбеде күні жайнады,
Желбіреп туы- байрағы.
Қалықтап көкте қыраны,
Мен бақытты ұланы.
Азамат болып өсемін,
Отанға қызмет етемін.
Жайқалған гүлін теремін,
Анама сыйға беремін.
Осы сергітуден кейін, балаларға «біздің Отанымыздың мақтанышы не зат?» деп ойлайсыңдар деп ой тастау арқылы өз Отанының даласын, су мен тауын, рәміздерін қастерлеу туралы шағын талқылау жасадым. Қалыбек «мен Қазақстаныммен мақтанамын» десе, Ербол «ал, мен десант болу үшін әскерге барамын» деді.
Сын тұрғысынан ойлау модулі бойынша «Жұптық әңгіме» өткізу үшін мынадай интерпретациялық сұрақтар бердім.

1жұп. «Мұхиттардың материк табиғатына әсері қандай ?» деген сұраққа екеуінің келіскен шешімді жауабын «материк табиғатын қолайлы етеді. Жауын- шашын әкеледі»деді.
2 жұп. «Мұхиттағы кәсіптік балық аулаудың негізгі аудандары қандай?» жауабын «қоңыржай белдеудің жылы ағыстар мен суық ағыстар түйіскен жері және мұхит жағалауларында өнімділік жоғары болады» деп жауап
3жұп. «Теңіз өнімдерінің адам денсаулығына пайдасы қандай ?» деген сұраққа Жансая мен Ақтоты былай «суда еріген адам ағзасына қажет заттар көп, сондықтан теңіз капустасы мен балықтарын аптасына бір рет болса да жеп тұру керек» деп жауап берді.
4жұп. «Мұхит жер шарындағы «тіршілік бесігі» деп неге айтқан ?»деген сұраққа екеуінің келіскен шешімді жауабын Ербол өзі «Алғашқы тіршілік суда ғана пайда болып, кейін құрлыұұа шыққан» айтты. Кендебай
5жұп. «Мұзтаулардың адамзатқа пайдасы мен кемелер үшін неге қауіптілігі?» деген сұраққа Аягөз пен ерекше мәліметтер берді. «Мұзтаулар табиғаттағы ең тұщы сулар» деп, ал Жансая «Титанниктің» су астына кетуіне мұзтау себеп болды» деп ой қорытты.
Жаңа материалды қолдану кезеңінде«Көзге көрінетін айғақтарды» қолдану арқылы топтай білуге, сыни ойлауға дағдыландырдым.Сын тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен синтездеуге бағытталған пәндік шешім (Нұсқаулық, 49 бет) болғандықтан, мен өз пәнімнің сұрақтарын сыни ойлауға бағыттап құрамын. Топпен жұмыс :
1 –ге, 2-ге санатып, топқа қайтадан бөлдім.бөлдім.
1топ. Тіршілік дүниесі. Таратылған теңіз жануарлары мен жәндіктері мұхиттардағы тереңдік бойынша үш деңгейге бөлінетінін, әр тереңдік бойынша тіршілік дүниесі таралатынын айта отырып, мекен ету аймағына рет- ретімен желімдеп, неге солай жасағандары туралы түсіндіріп, топтық таныстырылым қорғады.
2 топ. Дүние жүзіндегі маңызды порттар. Берілген зәкірі бар суретте дүниежүзілік маңызы бар порттардың аты жазылған дөңгелектерді кескін картаға тиісті орындарына желімдеді.
Географиядан білім берудің мақсаты-«географиялық орта –адамның мекендейтін орны» деп білетін көзқарастар мен ұстанымдар жүйесін қалыптастыру менің пәндің мақсатым. Біз сондықтан, оқушыларға география ғылымы, жер ғаламшары мен оның табиғаты және халқы, географиялық карта туралы бастапқы түсініктерді және алғашқы географиялық білім мен біліктерді беріп, үйретіп отыруымыз керек.
«Дүниежүзілік мұхиттардың материктерді шаюы» деген тапсырманы
І топ. Шаталовтың «Сызбалар құру» тәсілін қолдана отырып кластер құрып. топтық таныстырылымын жасап қорғады.
ІІ топ. Сыни ойлау технологиясының «Венн диаграммасы» тәсілін пайдаланып, әр бала әр мұхит бойынша тпсырманы уақыт ұту үшін стикерге жазып жапсырып,топтық таныстырылымын жасап қорғады.
Бағдарламаның маңызды модулінің бірі Оқыту үшін және оқуды бағалау модулі сабағымның маңызды элементі болғандықтан, әр жауаптан кейін бағалау арқыла балаларды ынталандырып отырдым. Қолданған бағалау түрлері:Қолдарымен үш рет шапалақтау, «екі жұлдыз, бір тілек»,өз- өздерін бағалау, көшісін бағалау, көрші топты бағалау.
Мұғалім берген баға
Барлығы
Доннальд Шонның «Рефлексивтік практик: кәсіби іс-әрекетке қалайша ойланады» (1983) деген кітабында мұғалім қандай да бір жүргізген үдерісінен кейін «іс-әрекеттен кейінгі толғаныс» жүргізеді (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 53-бет) - деп мұғалімді бағаласа, мен де өз ісіме талдау жүргізсем: оқушылардың әр дұрыс жауаптары үшін оларды шынайылықпен мадақтап, оқыту үшін бағалап, олардың ынтасын арттырып отырдым. Логикалық сұраққа ерекше жауап берген топтарға жұлдызша беріп отырдым. Түрлендіріп қолданған сұрақтарыма оқушы «қате» жауап бергенде, «Қане, тағы бір терең ойланып көрші», «Тағы қалай ойлайсыңдар?», «Қане, кім толықтырады?», «Жылы –жылы, бірақ нақты емес» деген сияқты т.б. баланың оқуға деген ынтасын жойып жібермейтін, баланың бетін бірден қайтарып тастайтын жауаптар қатпаймын. Осы іс-әрекетіммен балалардың өздеріне деген сенімділігін арттырып, өзгелер сияқты сәл –пәл оқыса жан- жақты, ақылды болатынына көздерін жеткізіп, білімге деген қызығушылығын оятамын. Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын қызықты сұрақтар қою, түрлі ойындар арқылы арттырып, білім алуына қолдау көрсеттім.
Сабақта алған жаңа білімдерінәрі қарай дамыту үшін үйге мынадай тапсырмалар бердім: Мұхит, теңіз, шығанақ, бұғаздарды кескін картаға түсіру. Атлант және Тынық мұхиттарына «Материктер мен мұхиттар географиясы» оқулығының қосымшадағы 238 беттегі жоспар бойынша сипаттама беру.
Өз сабағымды қорытындылайтын болсамсабағымда бағдарламаның жеті модулі де қамтылды. Оқушыларшылар проблемалық сұрақтардың жауабын тауып, сыни тұрғыдан ойлай алатынын дәлелдей алды. Топтық жұмыстарды орындау кезінде ұйымшылдықпен тапсырмаларды тиімді орындады.
«Не сәтті өтті?» деп «іс-әрекеттен кейінгі толғанысты» өз жүргізген ісіме жасайтын болсам, менің оқушыларым сабақ барысында жауап беруге таласып, үнемі белсенді болды. Топпен жұмысытары жақсы нәтиже көрсеттік.Жеке тасырма беру оқушының мүмкіндігін ашатыны байқалды,оқушылардың не ойлайтыны және білім деңгейінің дәрежесін көрсетті. Өмірмен байланысты сұрақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылыгын оятты. Мен бүгінгі сабақтағы мақсатыма жеттім.
«Мен үшін не сәтсіз өтті?», «Нені дамыта алдым?» деген сұраққа жауап берер болсам, мектеп бойынша интербелсенді тақтаның болмауы сабағымды өткізуде кедергілер туғызды.Дегенмен сол кедергіні ноутбуктар көмегімен шеше алдым. Қандай да бір кедергілерді өз күшіммен жеңу арқылы мен өзімнің көшбасшы бола алатынымның дәлелі. Баланы ғана сыни ойлауға баулымай, өзіміздің де сыни ойлауға қабілетті болуымыз керек. Өйткені бұл заман талабы. Аумалы- төкпелі әлем шарттарында сыни ойлау шешім қабылдауда ұтымды ойлаудың маңызды, дәлелді, бөлінбес бөлшегі болып саналады. («Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде» оқу- әдістемелік құрал. З.У.Имжарова) Сондықтан, «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түпкір –түпкірінен жиналған білім берушілердің еңбегі болғандықтан, күнделікті сабағымызда қолдану арқылы білім беру жолында көптеген жетістіктерге жетеміз. Сын тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен синтездеуге бағытталған пәндік шешім (Нұсқаулық, 49 бет) болғандықтан, менің өзім сабақ беретін география пәнінің әр сабағын қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі мұғалім ретінде үнемі ізденуім, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдануым, оқыту әдістемесін жаңартып, инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуім, тұлғаның жан-жақты ашылуына жағдай жасау, шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуболып табылады. «Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жоспары бағдарламасы «мұғалім –зерттеуші» емес, «мұғалім- дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылады»,- деп Elliot ( Мұғалімге арналған нұсқаулық, 87- бет) идеясын ескере отырып, география сабағын қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі мұғалімнің үнемі ізденіп, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолданып, оқыту әдістемесін жаңартып, инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуге, тұлғаның жан-жақты ашылуына жағдай жасайтын боламын. Шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуге үлес қосуға ұмтыламын. Әрбір ел ең әуелі сапа арқылы алдыға шығатындықтан, сол елдің болашағы бүгінгі алдымда отырған балаларды отажандылыққа, елінің жерін сүюге, оның экономикасын дамыту үшін сапалы білім алуына өз үлесімді қосамын. Өйткені сапа қай салада да өте қажет нәрсе. Әсіресе білімде. Біздің жастар әлемнің кез-келген мемлекетінде еркін білім алып, оқып шығу үшін ең алдымен мемлекетіміздегі білім беру сапасын көтеруіміз керек. Бұлай дегенде бізде қазіргі уақытта сапа жоқ деген емес, бар, бірақ соны одан әрі дамыта, жетілдіре түсу керек екенін шәкірттерге түсіндіруім керек.
Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 39-бет) туралы айтқандығын өз тәжірибесінде есте ұстаған ұстаздың ұтары көп.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде» оқу- әдістемелік құрал. З.У.Имжарова
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық
3.Ғаламтор материалдары

Мен мектептегі тәжірибе кезеңінде Кембридж бағдарламасының негізгі ұстанымдарын іс жүзінде жүзеге асыру барысында алдымен мектеп директорымен Ж.К. Тажибаевамен пікір алмастым. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің барысында танысқан Бағдарламаның негізгі мақсатымен, мазмұнымен, күтілетін нәтижесімен 7 модулімен таныстырдым. Сабақ барысында жеті модуль бірдей пайдаланатынын және жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болатынын түсіндірдім. Осы Бағдарлама бойынша өткізілетін сабақтардың дәстүрлі сабақтардан айырмашылығын анықтай отырып, бұл сабақтардың нәтижесінде үнсіз оқушы ашылып, талантты және дарынды балалар анықталып, топтық, жұптық жұмыстары арқылы , бірлесе жұмыс жасай отырып оқушылар өздігінен, бірін – бірі үйрете, оқыта отырып білімдерін жетілдіретіні, мұндай оқытудың тиімді екенін түсіндірдім. Мектеп директоры Ж.К. Тажибаева бағдарлама бойынша сұрақтар қойып, қызығушылық танытты. Содан кейін педагогикалық ұжымды жинап, әріптестерімнің көзқарастарын білу мақсатында семинар өткіздім. Бағдарламаның мазмұнын АКТ-ны қолданып, презентация көрсету арқылы түсіндірдім және ынтымақтастық орта қалыптастыру мақсатында олармен түрлі тренингтер жүргіздім.Ұжымның барлығы толық қолдамағанымен, көбісі сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп, қызығушылық танытты. Мұғалімдерден сауалнама алып, олардың сабақта қолданатын әдіс – тәсілдері, оқушының өзін – өзі бағалауы , талантты мен дарынды балаларды анықтауы, жаңа Бағдарлама туралы ойларын білдім. Кейбір мұғалімдер сабағыма қатысып, бұл оқытудың тиімділігін түсініп, өз ойларын айтты. Жоғары санатты мұғалімдер бірден қолдады. Жоғары санатты бастауыш класс мұғалімі Көбентаева Балжамал менің сабақтарымды көргеннен кейін өзінің класында топпен, жұппен жұмыстарды ұйымдастырып, бірден тиімді, балалардың ерекше қызығушылықпен жұмыс жасайтынын байқады.
Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да байланысты. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Сол себептен ынтымақтастық орта қалыптастыру қажет. Сабақтарды көтеріңкі көңіл – күйде өткізіп, түрлі тренингтер, ойындар, сергіту сәттерін өткізіп, психологиялық жағынан жақсы ахуал қалыптастыру қажет. Мұндай тренингтер, ойындар оқушылар бойындағы қабілеттерін шыңдауға, үнсіз оқушылардың ашылуына, белсенділік танытпайтын оқушыларға өз - өзіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде, мен сабақтарымды Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйке оқыту және оқу модульне сүйене отырып,«Ашық журнал» пайдалан отырып, оқушылар смайликтер арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды ( АКТ) пайдану барысында «Сызат» флеш тренингін өткіздім. Бұл тренинг адамгершілік туралы, оқушыларымның бойынаадамгершілікті ұялату. Осы тренигте оқушыларыма сұрақ қойдым? Адамның жақсы қасиеттері туралы. Оқушылары жақсы жауап берді. Сабағымды топқа бөумен бастадым « Капитан» ойыны арқылы топқа бөлінді. «Үш шапалақ» арқылы оқушылар бір – біріне қолдау көрсетіп отырды.

Екінші сабағымда смайликтер арқылы оқушылардың көңіл –күйін анықтап, «Құм мен тас» тренингін өткізе отырып, ынтымақтастық орта қалыптастырып,оқушылардың бірлесе топпен жұмыс жасауына ықпал еттім. «Ашық журнал» пайдалан отырып, оқушылар смайликтер арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Топқа бөлу « Капитан» ойыны арқылы топқа бөлдім.
«Атлант мұхиты», «Тынық мұхиты», «Үнді мұхиты»,«Солтүстік мұхиты», Топқа бөлінгеннен кейін сабақтың мәтіні таратылады өздері отырып меңгереді. Оқушылар топпен қоргайды. Қорғап болған соң Бағалау кезінде де Үш шапалақ, өз- өздерін бағалау, көршілерін бағалады.
Үшінші сабағымда арқылы оқушылардың бірін- біорі бағалап отырады.
Төртінші сабағымда «Капитан» ойыны, «Мозайка» арқылы ынтымақтастық орта қалыптасты.Оқушылар өз қалауы бойынша топтарға бөлінді.Ынтымақтастық орта қалыптастыру барысында ешқандай қиындықтар кездестірмедім. Басқа әріптестерімнің айтуынша кедергілер болыпты. Мысалы, үлгерімі жоғары оқушылар нашар үлгіретін оқушылармен отырғысы келмепті, себебі топпен жарысамыз деп ойлаған. Мұндай кедергілер кездескен жағдайда, мен оларды тренингтер, ойындар жүргізу арқылы жеңер едім.Мен оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын ескере отырып сабақтарымды жоспарлаймын. Әрқашанда оқушының жеке қасиеттеріне мән беруге тырысамын.
Барлық өткізген сабақтарымнан кейін, оқушыларым өзгергені байқала бастады. Оқушыларым басында бірін- бірін бағалағанда өздері көтеріңкі баға қойып еді, содан кейін бір- бірін әділ бағалай алды, дәстүрлі сабақтарда белсенділік таныта алмай отырған Ербол атты оқушым бірте- бірте дами бастады, үнсіз оқушым Рим ашылды өз ойын шамалы жеткізе білді. Сонымен, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Стронг,2011) деген негізге сүйіне отырып, мен бұл өз тәжірибемді жетілдіру жақсы бастама деп санаймын, осындай тәсілмен оқытуды әрі қарай жалғастырып, әріптестерімді қызықтыра отырып, бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау табады деп ойлаймын.

мен оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасадым. Әрқайсысына тоқталып кетсек, бірінші сабағымда Оқыту мен оқудағы АКТ –ның көмегімен
Әрқайсысына тоқталып кетсек,
Александер (2004)оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бірсаранды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады.Оқу үдерісі сапалы, нәтижелі болу үшін мұғалім сұрақ қоюды дұрыс жоспарлау керек. Дұрыс қойылған сұрақтар ғана сабақ берудің тиіімді құралына айналады. Оқушылардың тақырыпты жақсы түсіну үшін мұғалімдер сұрақтың екі түрін қолданады: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар.Төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақ дейді. Оларға берілген жауаптар «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, бағалауға, талдауға тиіс.
Мен де мектептегі тәжірибе кезеңінде сабақтарымда сұрақтардың екі түрін де қолдандым. Мысалы,« Еуразия географиялық орны. Зерттелу тарихы» атты сабағымда Күріш өсіру үшін қандай жағдайлар қажет? Одан қандай тағамдар жасалады? Ы.Жақаев туралы не білесіңдер? - деген сұрақтар қою арқылы диалогқа тарттым. Сабақ барысында жабық, ашық сұрақтарды да қолдандым. Ашық сұрақтар арқылы балалардың ойлауын жоғарырақ деңгейде дамытуға тырыстым, ал жабық сұрақтар арқылы төмен деңгейдегі оқушыларыма дұрыс жауап беруге мүмкіндік бере отыра, оларға қолдау көрсету, өздерінің кішкентай жетістіктеріне қуана отырып, сыныпта өздерін еркін сезінуге жағдай жасауды мақсат еттім. Мысал келтірсек, «Өзгерген өлке» тақырыбында оқушыларға қазіргі таңда Маңғыстау қалай өзгерген? деген сұрақ қойылды.Сонда оқушылар ойланып, бұрынғы Маңғыстауды қазіргі Маңғыстаумен салыстыра отырып жауап берді. Мұнда оқушылардың жоғарырық деңгейдегі ойлауы қалыптасты.Қате жауаптар болған кезде басқаларың қалай ойлайсыңдар? –деп сұрап, басқа оқушылардан дұрыс жауап алуға тырыстым. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау техникаларын пайдаландым. Оқушылардың жауаптарын тек қана олардың білім деңгейін тексеру үшін ғана емес, олардың ойларын анық жеткізу үшін, дамыту үшін пайдаланады.
Рэгг және Браун (2001)оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынған. Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар, зерттеуде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кеін де кідіріс жасау қажет екені атап көрсетілген.(Харгривс пен Гэлтон, 2002).
Әр сабағымда төмен дәрежелі сұрақтармен қатар жоғары дәрежелі сұрақтарды да қолдандым және оқушылардың жауаптарына мән беріп отырдым.Оқушының жауабы толық емес немесе дұрыс болмаған жағдайда басқа оқушылардың пікірлерін тыңдауға тырыстым.Сен қалай ойлайсың? Кім толықтырады?-деп. «Күнделікті өмірдегі көліктер» деген сабағымда бір сәтке өмірімізді көліксіз елестетіп көрейік. Сонда не болмақ?-деген ой тастадым.Сонда Дильназ: «Жедел жәрдем машинасы болмаса, біз ауырған адамдарға көмек көрсете алмаймыз,» -деді. Аружан: «Ауыл шаруашылығында пайдаланатын көліктер болмаса, біз егін еге алмаймыз, егін болмаса,нанымыз болмайды», -деп жауап берді.Оқушылардың нені үйренгенін бағалау үшін, өзіңізді қалай бағаладыңыз, неліктен? – деп сұрадым.Дарынды оқушым Нұрдәулет соңғы сабақта өзін төмен бағалап, қола медалін таңдады.Оны былай түсіндірді: «Мен өзімнің мына сабақта жұмыс жасағанымды басқа сабақтағы жұмыстарыммен салыстырдым», - деді. Жекелеген оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, төмен деңгейдегі оқушыларға түрткі сұрақтар қойдым, дарынды оқушыларға жоғары дәрежелі сұрақтар қойдым. Мысалы, көліктің қандай түрлерін білесің? Ол көлікпен қайда бара аламыз? Ал дарынды балаларға Қызылорда аймағының табиғаты шөлді болғанымен күріш егуге қолайлы, неліктен деп ойлайсың деп ойландырдым.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгімені құру барысында мен тиімді әдіс – тәсілдерді қолданып, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып мақсатыма жеттім. Жұп құруда сыни ойлауға мүмкіндік беретін тапсырмалар арқылы диалог орната алдым. «Ақ күрішті аймақ» тақырыбында жұптық жұмысты ұйымдастырдым. Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс істеп, оқып, жұп болып талдады. Жұптық жұмыс жасау барысында олар сыни тұрғыдан ойлап, «Синккүйен» әдісі бойынша Ы.Жақаев туралы білімдерін толықтырды. Оқушылар тақырып бойынша пікірлерімен алмасып, жұптасып талқылап, ортақ жауап берді.Бұл тапсырма арқылы дарынды оқушыларды анықтай алдым.Осы стратегиясын қолданғанда оқушылардың осындай жағдайда жұмыс істеуі жайлы екенін байқадым.Жұптық жұмыс өзіне сенімі аздау балаларға жұмысқа қатысуға көмегін тигізді.Мәтінді жұппен талдап,өз идеяларын айтып,пікірлерімен бөліскен кезде таң қалдырған жағдай Ы. Жақаевтың туған жылына дейін айтып берді. Сыни тұрғыдан ойлауды әрі қарай дамыту мақсатында алдағы уақытта жұптасу әдіс – тәсілдерін жақсартуға, оқушылардың танымдық ерекшеліктерін ескеруге тырысамын.

Өзін – өзі реттеу үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну,бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады.Метатану – танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе олар туралы ойлау, қатесін танып білу және ойлауды реттеу.
Мектептегі тәжірибе кезінде өзін –өзі реттеуді дамытуда балалардың психологиялық ерекшелігін, оқушылардың іс – әрекеттерін бағыттауға, өзін – өзі реттеуді тексеру парағы бойынша бақылау жүргізуді, олардың қорытындыларын талдай білуді,көшбасшы бола отырып, 7 модульді ықпалдастыра отырып сабақ құруды үйрендім.Өзін – өзі реттеуді дамытуға жағдай жасап отырып, «Еліміздің інжу – маржаны» атты сабағымда семантикалық карта тараттым. Оқушылар Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облыстарын салыстырып,өзен – көлдері, өсімдіктері және шаруашылық түрлерін анықтады. Оқушылар еске түсіріп, салыстыруды, өз бетінше жұмыс жасауды үйренді, өз пікірлерін дәлелдеуге, еркін жеткізуге үйренді. Екі оқушымды бақылау барысында мен дарынды оқушым тапсырманы шапшаң, жеңіл орындайтынын байқадым, ал төмен деңгейдегі оқушыға көбірек уақыт қажет болды. Ол көп ойланып, басқалардан көмек күтті.Рефлексия нәтижесінде мен оқушыларымды мақсаттар мен тапсырмаларды білуге, түсінуге, бағалауға дағдыландырамын, өз бетінше жұмыс жасауға, өз деңгейлеріне сәйкес келетін тапсырманы таңдауға, оларды тиімді пайдалануға, өздерінің әрекеттерін түзетуге, мақсатқа жетуге үйретемін.

Біздің елімізде « Ақ күрішті аймақ» деп қай облысты атайды?- деп жабық сұрақ қойдым. Бұл сұраққа орта деңгейлі оқушы дұрыс жауап берді.Күріш өсіру үшін қандай жағдайлар қажет? -деген жабық сұраққа төмен деңгейдегі оқушылар Ернур, Нұрдәулет күріш өсіру үшін жарық, жылу,су,құнарлы топырақ қажеттілігін айтты.Күріштің пайдасы қандай? Қызылорда аймағының табиғаты шөлді болғанымен күріш егуге қолайлы, неліктен деп ойлайсыз? Ыбырай Жақаев туралы не білесіңдер? Жансая Ы. Жақаевтың туған жылын айтып берді.Жоғары деңгейдегі Айнұр күріштің 200 сорты бар екенін айта отырып, Жақаев күріштен жақсы өнім жинап, рекорд көрсеткенін айтып кетті.

Мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тиіс.Талантты және дарынды балаларды анықтау үшін әртүрлі әдістерді қолдануымыз керек. Талантты және дарынды оқушыларымды мен әртүрлі деңгейдегі оқушылардың топтық жұмысына арналған тапсырмаларды жоспарладым.Әртүрлі деңгейдегі үш оқушыны бақылап, олардың топта қалай жұмыс істейтіндігін бақыладым.Мысалы,«Еліміздің інжу-маржаны» атты сабағымда «ТВ шоу» әдісін қолдандым.Топтарға әртүрлі тақырып ұсынып, бағдарлама ретінде көрсетуді сұрадым. Топтардың бағдарлама дайындау кезінде әртүрлі деңгейлі балалардың даму деңгейіне сәйкес іс – әрекеттерінің түрлі болғандары байқалды. Дарынды оқушым Нұрдәулет бірден бас кейіпкердің рөлін таңдады, қабілетті оқушым Дария студиоға келген қонақ ретінде өзін көрсете білді, ал төмен деңгейдегі Айсұлтан өз икемділігіне сай оператор рөлін таңдап алды.Басқа сабақтарымда постермен жұмыстар ұйымдастырғанда да дарынды оқушылар бірден жұмысқа кірісіп, басқаларды үйретіп, жауаптарын нақты, күрделі бергендері байқалып отырды.
Олар өз топтарында көшбасышы ретінде көрінді.
Біз оқушыларымызды сыни тұрғыдан ойлата отырып, сонымен қатар балалардың аналитикалық ойлау дағдыларын бағалай білуіміз керек. Сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыны іс – әрекетке бағыттадым. «Күнделікті өмірдегі көліктер» атты сабағымда құс пен ұшақтың суреттерін көрсетіп, олардың ұқсастығы неде деп сұрадым. Таң қалдырған жағдай орта деңгейлі оқушым Төрехан: «Адамдар бұрында ұшуды армандапты. Құстарға қарап, олар ұшақ ойлап шығарған», -деп жауап берді. Болашақта қандай көлік болғанын армандайсыз, суретін салып көрсетіңіз деп басқа тапсырма бердім. Жоғары деңгейдегі Жансая ұшатын кеменің суретін салып, былай түсіндірді: «Кейбір кішкентай балалар біздің Жерімізді ғарыштан көргісі келеді, сондықтан олардың арманы орындалу үшін мен осындай ұшатын кеме салдым». «Өзгерген өлке» атты сабағымда болашақта туған өлкеңіздің қандай болғанын қалайсыз? –деп сұрақ қойдым, сонда төмен деңгейлі Аружанның жауабы таң қалдырды: «Біздің ауылымызда да мұнай өндіріліп, ауылымыз үлкен қалаға айналса екен»,- деп жауап берді. Тағы бір таң қалатын жағдай, дарынды оқушым Нұрдәулет соңғы сабақта жақсы жұмыс жасағанымен, өзін төмен бағалап, қола медаль таңдады. «Сен неге қола медаль таңдадың?» –деп сұрағанымда, ол: «Мен өзімнің бүгінгі сабақтағы жұмыс жасағанымды басқа сабақтардағы жұмыстарыммен салыстырдым»,- деді. Мен балалардың өзін – өзі әділ бағалай білгендеріне қуандым. Сонымен, болашақта сыни тұрғыдан ойлатуды дамытуды жоспарлай отырып, мен әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға, оқушылардың іс – әрекеттерін мұқият бақылауға, бақылау қорытындыларын талдауға тырысамын.
Мен Кембридж Бағдарламасы бойынша курста өз білімімді жетілдіре отырып, алдағы уақытта 7 модульде қарастырылған идеяларды сабағымда пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын , өз бетімен ізденушілігін арттыра отырып, сыни ойлауын дамытып, білім сапасын көтеремін деген үміттемін. Бағдарламаның мазмұнын түсінуде, алған білімімді іс – тәжірибемде қолдануда маңызды рөл атқарған тренерім Жубаева Жангуль Онаевнаға және группаластарыма алғысымды білдіремін.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы, үшінші (негізгі) деңгей, үшінші басылым, 2013 жыл.
2.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар, үшінші (негізгі) деңгей, үшінші басылым.
уға, бақылау қорытындыларын талдауға тырысамын.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Кембридж бағдарламасы бойынша оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенінрастайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралытуралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасы бойынша оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенінрастайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы, баяндама Кембридж бағдарламасы бойынша оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенінрастайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы, қазаша баяндама Кембридж бағдарламасы бойынша оқыту, Кембридж бағдарламасы бойынша оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенінрастайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралытуралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенінрастайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы