Баяндама: Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу

Баяндама: Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу казакша Баяндама: Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу на казахском языке


СҚО, Уәлиханов ауданы,
Елтай орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Габитова Зарина Маратқызы

Қазіргі кезде егемен елімізде білімді берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Әрбір мұғалімнің алдында оқушылардың үлгерімін жоғарлату мақсаты қойылады. Бірақ мұғалімнің сабақта таңдаған жұмыстың орташа ырғағы оқушылардың бірілеріне ыңғайлы, екіншілері үшін жылдам, қалғандарына тіпті баяу болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақта жаңа технологияларды қолданып, оқыту сапасын арттыруы қажет.
Жаңаша оқытудың мақсаты оқушылардың өздігінен үйренуін талап етеді.
Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуіне баулу негізінде ғылыми жұмыстармен айналасуы негіз бола алады.
Ғылым – іс-ірекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептеледі.
Ғылыми жұмыстың тиімділігі оқушы өрісінің кеңдігіне, білімдігіне, ақпараттық мәдениетіне байланысты.
Оқушылар арасынан таңдалып алынған ғылыми жұмыспен айналысатын жас зерттеуші сауатты, көп салалы білімді болу керек.
Зерттеу жұмысы-шығармашылық үрдіс. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын тақырыптаңдау қажет. Бұл үшін «бұл кімге қажет?» деген сұрақтар қойылады. Негізгі мақсат-жаңалық ашу, әрі бұл жаңалық адамға қажет болуы керек.
Ғылыми жұмыстың маңызды бөлігінің бірі – жаңа ой-пайым (идея) және болжам (гипотеза). Қиялсыз, тапқырлықсыз, жаңа ой-пайым табу қабілетінсіз зерттеуші табысқа жетуі мүмкін емес. Гипотеза – ғылыми болжау, зерттеуші жұмысының айрылмас серігі.
Жұмысты бастар алдында жоспар жасап алу қажет. Жұмыс жоспары «не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс?» деген сұрақтарды қамтиды.
Жұмыс жоспары мынадай құрылымнан тұрады:
- Жоба тақырыбы мен мақсатты айқындау;
- Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау;
- Ғалымдардан, ғылыми жобалармен айналысатын адамдардан ақыл – кеңес сұрау;
- Интернетке жүгіну;
- Байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу;
- Тәжірибе жүргізу. Оны жүйелі түрде талдау;
- Тәжірибенің нәтижесін шығару;
- Қорытынды жасау;
- Презентация жасау;
- Жұмысты қорғауға дайындалу.
Дұрыс нәтижеге жету үшін оқушы жұмыс жоспары бойынша жұмыс жасау керек. Зерттеу жұмысына көп уақыт қажет. Қазіргі уақыттағы өзекті мәселесін білу, зерттеу нысанын таңдау үшін 7-8 күн, ақпарат көздерінің тізімдемесін жасап, оны анализдеу үшін 15-20 күн, жұмыстың мазмұнын талдау үшін 20-25 күн, оның тәжірибелік кезеңін жүзеге асыруға сондай бірнеше күн, тіпті бірнеше ай қажет. Соңғы кезең қағаз бетіне түсіріп, оны көркемдеп, презентация жасау үшін 10 күн қажет. Жұмыстың көркемделуі зерттеу жұмысында алатын орны бөлек. Кіріспе бөлімі 2-3 бет, зерттеу процесі мен оның нәтижелері 1-2 беттен кем болмауы, бұл жұмыстың барысына байланысты, (10 бетке дейін баруы мүмкін) зерттеу жұмысының қорытындысы 3-4 бет болуы қажет.
Әр оқушы ғылыми жұмысты жазу барысында күнделік жүргізгені дұрыс.
Ғылыми жұмыстың құрылымы мынадай:


Ғылыми жұмысты жазу, іздену тер төгетін еңбекті қажет етеді. Сондықтан зерттеу, ізденісте әрқашан балаға ақылшы-кеңесші ретінде мұғалім жетекшілік етуі тиіс.
Бұл сабақтан тыс уақытта жаңа технологияны қолдану болып табылады.
Сабақта оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне баулу үшін дербес оқыту көп септігін тигізеді. Сондай технологиялардың бірі – деңгейлеп саралап дамыта оқыту. Технологияның негізгі мақсаты – өздігінен дамуға ұмтылған жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл технология бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен игереді. Бұған көмекші құрал ретінде өз оқу құралы, электронды-әңгімелесуші оқулықтар, қосымша әдебиеттер болады. Мұғалім бұл жерде тек бағыттаушы мен ақыл – кеңес беруші. Алған білімдерін оқушылар қарапайым мысалдармен бекітеді. Кейіннен деңгейлік тапсырмалар орындай бастайды. Деңгейлік тапсырмалар 3А+2В+1С формуласы бойынша құрастырылады. Бірінші деңгейлік тапсырмалар – «А», оқушылық деңгей, (5 ұпай) – бұл тапсырмалар білімнің төменгі шегі, міндетті түрде шығарылуы тиіс. Тапсырмалар:
- үлгі бойынша орындалатын тапсырмалар болуы тиіс;
- жаңадан келтірілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс:
- - жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Екінші деңгейлік тапсырмалар – «В», алгоритмдік деңгей, (10 ұпай) – бұл деңгейдегі тапсырмалар күрделене түседі.
- өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар;
- өткен тақырыптарды қамтуы тиіс.
Үшінші деңгейлік тапсырмалар – «С», эвристикалық деңгей, (15 ұпай) – қисынды ойлау жүйесі жоғары балаларға арналған тапсырмалар болып табылады.
- әр түрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер;
- танымдық-іздену түріндегі күрделірек тапсырмалар.
Төртінші деңгейлік тапсырмалар – «*», шығармашылық деңгей, (20 ұпай) – қосымша беріледі, дарынды, ізденімпаз, қабілетті балаларға арналады.
- шығармашылық ойлауға қажет ететін тапсырмалар.
Деңгейлік тапсырмалар оқушының оқуға деген талпынысын арттырады, әрі бағалау кезінде қиындық туғызбай, бағалау жүйелі түрде жүргізіледі. Бағалау жүйесі былай жүргізіледі:
«А» деңгейін шығарған оқушы «3» деген баға;
«В» деңгейін шығарған оқушы «4» деген баға,
«С» деңгейін шығарған және қосымша шығармашылық тапсырманы орындаған оқушыға сәйкес «5» деген баға қойылады.
Мектептегі оқу үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл педагогтердің қолында. Бұл технологияларды қолдануға әлі де кеш емес. Егер мұғалім оқушылардың алған білімдерін сапалы еткісі келсе, онда сабағының өтуі туралы ойлануы тиіс.
Қорыта келе, деңгейлеп саралап дамыта оқыту технологиясының тиімділігі мынадай:
- әр оқушы өздігінен білім меңгеру арқылы ізденеді;
- өзара бәсекелестік арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады;
- жеңілген әлсіздер ұпайларын көбейтуге тырысады;
- мұғалім оқушылардың интеллектуалдық және жеке тұлғалық құндылықтарын есептей алады;
- жасанды бағалаудан арыла алады, обьективті бағалау қамтамасыз етіледі
- сыныптың психологиялық алаңдаушылығы төмендейді.
Елбасымыз Н.Назарбаев 2010 жылғы жолдауында «Біз толайым табыстарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындырдық, алайда алар асуымыз әлі де алда» деп ой айта келіп, мұғалімдерге де үлкен міндеттерді жүктегені мәлім. Ендеше келешекте Қазақстанның қарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі оқушы – ертеңгі азамат болғандықтан, оқу үрдісін жаңартып, білім сапасын арттыру мұғалім құзырындағы жауапты іс.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама, қазақша баяндама, баяндама Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама, қ, Баяндама: Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу