Баяндама: Халықтық педагогикадағы адамгершілік тәрбиесі

Баяндама: Халықтық педагогикадағы адамгершілік тәрбиесі казакша Баяндама: Халықтық педагогикадағы адамгершілік тәрбиесі на казахском языке


Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Бейнеу лицейінің жоғары санатты
тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы

Бала тәрбиесі –ата-ана үшін күрделі жауапты да міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Адамгершілікадамның рухани арқауы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы қасиеттерімен ардақталады.. Адамгершілік негізі- имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған.
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.Халықтық педагогика – тәрбие жөніндегі халықтық педагогикалық білім, тәжірибесі. Халықтық педагоиканы зерттеу нәтижесінде педагогикалық мазмұн мен осы бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады. Халықтық тәрбиенің негізгі түйіні еңбек тәрбиесі мен өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру болып табылады. Халықтық педагогика халық қажетіне сәйкес тәрбиенің ең адам сүйгіштік, демократияшыл идеяларын ұсынады.
Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді. Мектептерде кез келген оқу пәнін, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық шығармашылығының элементтерін пайдалану балалардың адамгершілігін, жақсы мінез- құлығын қалыптастыру құралы болып табылатынын қазіргі мектеп мұғалімдеріне жеткізу өз қиыншылықтарын туғызуда. Қазіргі замандағы мектепке дейінгі балаларға арналған шетелдік қызықтырушы материалдармен, жаһанды жайлаған компьютерлік ойындармен халық педагогикасын қатар қою күрделі мәселе екені аны
Кез келген бастауыш сынып жасындағы оқушы Гари Потер, Шрек, Бэмби сынды кейіпкерлерді Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасырдан жақсы білетіні ешкімге жаңалық емес екені анық. Осы ретте қоғамды, ақпарат құралдарын жаулаған жаңалықтармен қатар заман талабына сай деңгейде талаптарға жауап беретін халық педагогикасы негізінде нағыз қазақы болмыс қалыптастыру кезегін күттірмес мәселе болып қала бермек.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтық салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде, тәрбиелік шараларды пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Халық арасында кең таралған ойынның бірі – «Сақина тастау». «Сақина тастау» ойынын көбінесе, үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа тақырыпты пысықтағанда, сабақты қорытуға пайдалануға болады.
Бұдан басқа «Көкпар», «Бәйге», «Сиқырлы қоржын» «Асық» т.б. тәрізді түрлі ұлттық ойындарды тәрбие сағаты барысында жаңа материалды түсіндіруге, оны қайталап пысықтауда, бекітіп-қорыту кездерінде жарыс түрінде өткізуге болады.
Шәкірттерді жеке тұлға ретінде қалыптастыруда халықтық педегогиканың ұтымды тұстары бар екендігі анық . Себебі, бар қуаныш, қызығын бала деп білетін халқымыз, «баланы жастайынан» көргенді ұл, өнегелі қыз болуға, ту бастан инабатты келін, сегіз қырлы, бір сырлы азамат тәрбиелеуді мақсат еткені аян. Үлкендердің қабағын бағып, бір ауыз сөзінен, мегзеу, мысал, тұспал, жұмбақ, жорамалынан өмірдің сырын, істің жайын пайымдай алатын сезімталдықты, сергектікті, болжағыштықты, аңғарымпаздықты меңгерген. Солайша үлкенге ықылас, ілтипат танытып, кішіге мейірім, пейіл қоюда, ұя бұзбай, отбасының ынтымақ-берекесін, ауыл-аймақтың, абырой-атағын қорғаудағы намыскерлікті оқымай ұғып, жазбай жадында жаттап өскен. Халқымыздың басқа жұрттан өзгешелігін, ерекшелігін мақтанышпен мадақтау, жандандыру, көркейту – елдігімізге , бүгінгі ұрпақтың азаматтығына сын болса керек.
Қазіргі заман білім беру жүйесі 90-жылдағылармен салыстырғанда ұлттық педагогикаға бет бұрушылық басым екендігін атамауға болмас. Жаңа буын шығарылып жатқан мектепке дейінгі мекемелерге арналған оқулықтарда «Талапбек» пен «Зерделі» сынды кейіпкерлердің қазақ киімінде көрсетілуі, түрлі қазақы нақыштағы суреттер, бейнелеу сабақтарында түрлі текеметтерді салу, жапсыру, мүсіндеуге берілген сағаттар (әдемі қазақы оюлармен текеметтің суреті салынған) т. б ұлттық нышандар көңіл қуантады.
Ата –анамен тығыз байланыс орнату мұғалім жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Осыған орай тәрбие сағаттарында әркез ата-аналардың көмегіне жүгіну орынды. Мәселен, Наурыз мейрамында немесе «Атадан қалған асыл мұра» атты тәрбие сағаттарында оқушыларымның аналары жеке-жеке топ құрып, салт дәстүр бойынша көрініс әзірледі, қарт ата бата берді. Аталар ұлдарға қамшы тоқудың әдістерін көрсетсе, әжелер қыз балаларды ою ойып, кесте тігудің ерекшеліктерімен таныстырды. Тәрбие құралы ретінде ұлттық педагогиканың алар ауқымы өте кең. Қазіргі мектеп оқушыларын мектепке даярлық сыныптан ғылыми – зерттеу әдістеріне үйрету әр мұғалімнің міндеті. Мектепке 5-сынып оқушыларына «Мен және отбасым» тақырыбында жыл көлемінде зерттеу жұмысы беріледі. Бұл нағыз ұлтық тәрбиенің мысалы болады деген ойдамын. Онда бала өзінің үш жұрты болатынын, қазақы туыстық атауларды, жеті атасын зерттеп, дәлелдеу дәрежесіне жетеді. Бұл оның халықтық тағылымды бойына сіңіруге жасаған алғашқы талпынысы. Баланың рухани жан дүниесін оятып, ұлттық дүниетанымын қалыптастыратын әңгімелерді, ертегі-өлеңдерді, жыр-дастандарды жас ерекшелігіне сай іріктеп алу керек. Оларды іріктеуде баланың көңіл-күйіне, ішкі жан сезіміне әсер ететіндей, одан алған әсері есінде қалатындай болып, олардың мазмұнына жоғары мән берілуі қажет.
Сыныптан тыс сабақтарды баланың асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру керек. Баланың рухани адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойындар, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқаны жөн. Ұлттық нақыштағы іс-шараларды, балалар оларға қатысуға құмартып тұратындай және оның жалғасын асыға күтетіндей дәрежеде тартымды етіп өткізу керек.
Қазіргі кезеңде сынып жетекшілері қауымының алдына қойылған міндет –оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы мұраларын жаңғырту, яғни ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу.
Қазақ халқының халық ретіндегі адамгершілікке тәрбиелеуде жылдар бойы жинақтаған мұраларының ерекшеліктері жайында жалпы қорытындыны Елбасы Н. Назарбаевт «Тарих толқынында» еңбегіндегі «…Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір лирикасы, Мұхтардың эпикалық көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол ұлттық құндылықтарымыз әрбір адамның ішкі жан дүниесін рухани байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмайсың» деген салиқалы сөздерімен байланыстырып, біз көтеріп отырған мәселені шешуде ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану керектігін көрсетеді.
Адамгершілік- қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын, қауымдық, әулеттік, халықтық игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым. Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет ретінде, өмірдегі кесір-қырсық, жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу барысында қалыптасады. Үлкенді сыйлау- адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балалар бақшасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлай білу дәстүрін бұзбау және қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
Қазақ халқының ұлттық әдеп салтында адамгершілік жоғары бағаланады.. Адамдық қалыпты, әдепті сақтай алмаған адам «адамгершіліктен » шыққан болып есептелінеді. Әдеп сақтау- адамгершілік белгісі. Әдеп сақтау сонымен қатар қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, әлеуметтік тәртіптің, борыш пен міндеттің заңды айғағы. Халық өмірлік практикада ешбір тиым саусыз-ақ өз қалауынан адамгершілік мақсат-мүддеге сәйкес әдептілікті, әдеп сақтау жүйесін қалыптастырған.Әдеп сақтаудың экологиялық мәні де зор. Әдепті адам табиғатты қорғай білуге тиіс. Табиғаттың әсемдігіне, әдемілігіне кір келтірмеуге міндетті. Суды былғау, талды кесу, қайнардың көзін ашпау,жолдағы кедергі затты алып тастамау,құдыққа түкіру, нанды лақтыру әдептілік емес. Халық ондай әдепсіздікті кешірмейді. Әдеп сақтау- этикет, яғни мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан, халықтық ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау ұлттық рәсімге, тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, атап айтқанда, адамгершілік борышты өтеу болып табылады. «Әдептілік- әдемілік» дейді халық. Әдептілік – имандылық,кішіпейілділік, көпшілік деген сөз.
Мектепте де «әдеп» , «адамгершілік»деген сөздердің айналасында тәрбиелік шаралар ұйымдастырылады. Көшеде жүру, көпшілік ортасында болу, үлкенге орын беру, кішіге қамқорлық жасау, қарт адамды қадірлеу, ата-ананы ардақтау, жолдастық қарым-қатынас, сәлемдесу, табиғатты қорғау төңірегінде сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері тәрбие жұмыстарын жүргізіп келеді. Мектепте әдеп сақтау дәстүрі оқушылар ережесімен, балалар ұйымдарының тәрбиелік жұмыстарымен байланыстырылады. Сынып жетешісі « әдеп дегенді қалай түсінеміз», «Әдеп сақтау – адамгершілік белгісі» тақырыбындағы сынып сағаттарын өткізеді. Әдеп сақтау, адамгершілік тақырыбындағы әсем безендірілген жарнамалар бала тәрбиесіне ерекше әсер етеді. Осы тақырыпқа апталық ұйымдастырып, оның соңын жалпы мектепішілік кешпен ұштастыру қызықты өтеді. Кешке ата-аналар, ұстаздар, өнер адамдары қатыстырылса оқушыларға берер тәлімі мол болмақ.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама Халықтық педагогикадағы адамгершілік тәрбиесі туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама, қазақша баяндама, баяндамалар, Халықтық педагогикадағы адамгершілік тәрбиесі, баяндама Халықтық педагогикадағы адамгершілік тәрбиесі туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама, қазақша баяндама, баяндамалар, Х, Баяндама: Халықтық педагогикадағы адамгершілік тәрбиесі