Баяндама: Дарынды баламен жеке жұмыстарды ұйымдастыру

Баяндама: Дарынды баламен жеке жұмыстарды ұйымдастыру казакша Баяндама: Дарынды баламен жеке жұмыстарды ұйымдастыру на казахском языке


Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бейнеу лицейінің жоғары санатты
тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі
Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы,

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек»,-дейді. Демек, ұстаздар қауымының оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ғылымды насихаттау бағытында интелектуалды дамуына жол ашу, ғылыми-танымдық қызығушылығын қолдау мақсатында дарынды оқушылармен жұмыс жасауына тура келеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту»сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады.
Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, талантты бала деп баланың, ата-ананың,мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.
Қабілетті балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру біздің тәжірибемізде төмендегідей негізгі бағыттарды қамтиды.
1.Жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың икемділігін, қабілеттілігін айқындау, оларды топтарға бөлу;
2.Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың әдістемелік тәсілдерін жасау;
3.Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру;
4.Білімді бағалау,бақылау жүйелерін жетілдіру.
Шәкірттерді топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары,орташа,төмен деп үш топқа бөлуге болады. Оқушылардың жұмысқа қабілеті деп олардың өнімді оқу қызметімен шұғылдануын айтамыз. Жұмысқа қабілеттілік дәрежесі оқушылардың психо-физиологиялық мүмкіндіктерімен,оқуға ынтасы және іскерлігімен анықтайды. Жұмысқа қабілттілікті арттыруда оқу дәйектілігі, оқуға құлшынысы, денсаулық жағдайы,табандылығы,сезімталдығы, оқудың тиімді тәсілдерін қолдану тағы басқалары елеулі роль атқарады. Жұмысқа қабілеттілігінің де жоғары,орташа,төмен деңгейлері бар. Оқушыларды топтарға бөлу үшін мұғалімдер мен сынып жетекшілер төмендегі бағытта жұмыстар жүргізеді:
а) оқушылардың жеке құжаттарын,мінездемесін, сынып журналын зерттеу.
Ә) оқушының сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасау,талдау.
Б) әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып шәкірттің білім деңгейін айқындау.
В) оқушы білімін өздігінен жетілдіру іскерлігі мен дағдыларының бкастапқы деңгейін анықтау мақсатында арнайы тексеру жұмыстарын жүргізу.
Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізу және жан-жақты талдау арқылы оқушылардың икемділігін,қабілет мүмкіндіктерін айқындауға болады.

Әр мұғалім, тәрбиешінің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады. Кейбір оқушылардың қабілеті ерте ашылған гүл сияқты жұрттың бәрін, таңдандырып жарқырап көрінеді, ал екіншілерінің мінез-құлқына, темпераментке байланысты көзге көп түсе бермейді.ал ұстаздың міндеті оқушылардың көзге түсе бермейтін қабілетін көре білу және оны дамытуды жүзеге асыру. Бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастырудың ең басты да, негізгі формасы сабақ болып табылады. Оқу материалын саралап оқытудың сабақ түрінде қолданылуы, негізінен, дидактикалық материалдардың мақсаты жүйесі және оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай әдістемелік тәсілдерді ұтымды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Қолдану мақсатына қарай дидактикалық материалдар ақпараттық,нұсқаушы,жаттықтырушы,аннотациялық бақылаушы болып бөлінеді.
Бұл материалдардың дені карточка-тапсырма, нұсқаушы парақтар, сызбалар тағы басқа түрінде беріледі. Дидактикалық материалдар ауызша және жазбаша, зертханалық және тәжірибелік,аналитикалық және графиктік сияқты танымды тапсырмаларды орындауды көздейді. Сөйтіп дидактикалық тапсырмалар оқыту үрдісінің барлық сатыларын қамтиды және бұл тапсырмалар жеке оқушының да, деңгейлік топтардың да ерекшеліктері мен дайындық дәрежелерін, мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған, бұл тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылардың өз күштеріне сенімі, білімді игеруге деген қызығушылығы, ынта-ықыласы, қабілеті,қасиеттері ашылады.
Біздің тәжірибемізде шәкірттерге берілетін шығармашылық сипаттағы тапсырмалар сабақ үстінде негізгі бағдарламалық жұмыстар орындалып болғаннан кейін барлық оқушыларға, яғни бүкіл сыныпқа түгел беріледі. Тапсырманы орындаған оқушыға «өте жақсы» бағасы қойылады да, орындамаған оқушыға баға қойылмайды. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар қабілетті шәкірттерді неғұрлым дамытуды көздейді, сондықтан тапсырмалар мазмұны стандартты тапсырмалардан өзгеше болып келеді. Осындай тапсырмаларды жүйелі орындату арқылы оқушылардың қабілеттерін шыңдауға, ал кейбір көрінбей жүрген оқушылардың қабілеттерін, мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік жасауға болады.
Қабілетті оқушылармен жеке жұмыстарды ұйымдастырудың біздің мектебімізде қолданылып жүрген тағы бір түрі пәнді оқып, үйретуге, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға ерекше белсенділік көрсеткен оқушылармен жұмыстың арнайы оқу бағдарламасын жасау барысында оқушының жеке ерекшелігі,қабілеті, ынта-ықыласы, дайындығы, денсаулығы мұқият ескеріледі. Осындай бағдарлама бойынша жұмыс жасау қабілеті шәкірттің мүмкіндігін тежемей оның білімге, ғылымға деген құлшынысының одан әрі артуына жағдай жасады.
Оқушылармен жасалатын жұмыстың тағы бір түрі шәкірттердің ғылыми жұмыстармен айналысуы. Бұл бағытта мектебімізде «Жас талап» ғылыми қоғамы құрылған. Осы қоғамның ұйымдастыруымен лицей шәкірттері жыл сайын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бағдарламасы бағыттары бойынша ғылыми жоба жарыстарына қатысып,әр түрлі деңгейде марапатталып келеді. Сонымен қатар облыстық, республикалық КҒА-ң ғылыми-практикалық конференцияларына қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді. Халықаралық ғылыми жобалар рейтингінде де лицей оқушыларының үлесі мол. Бұл жұмыстар лицейде жыл бойы үздіксіз жүргізіледі. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.
І кезең – наурыз, сәуір- тақырып таңдау;
ІІ кезең- мамыр- қыркүйек- тақырып бойынша зерттеу жұмысы;
ІІІ кезең- қыркүйек-қазан- ғылыми жоба жарыстарының мектепішілік кезеңі;
ІҮкезең – қазан-қараша- жұмыстарды сайыстың келесі кезеңіне ұсыну;
Ү кезең – қаңтар-ақпан- ғылыми жоба жарыстарын қорытындылау, талдау, бағалау, ұсыныстар беру.
Шәкірттерді ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді:
1. Тақырыптың ғылыми құндылығы;
2. Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі;
3. Шешендік шеберлігі, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы, аудиторияны тартуы;
4. Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;
5. Жұмыстың көркем безендірілуі;

Қабілетті шәкірттердің бейімділігі одан әрі дамыту, оның шығармашылық қызметін, іс-әрекетін жетілдірудің бір түрі, оларды олимпиадаларға дайындау жұмыстарын ұйымдастыру мектеп бойынша, сондай-ақ пән мұғалімдерінің арнайы жасалынған жеке жоспары негізінде жүргізіледі. Мектепішілік пән олимпиадасының жүлдегерлері, олимпиадаға қатысатын үміткер оқушылар арнайы сауалнама негізінде іріктеліп мұғалімдерге бекітіліп беріледі.Бұл оқушылармен дайындық барысы, жоспарланған жұмыстың орындау сапасы мектеп басшылары тарапынан апта сайын тексеріледі, қорытындыланып отырылады. Тексеру кезінде тапсырмалардың талапқа сай іріктеп алынуы, оның орындалу сапасы, пайдаланып жүрген әдебиеттер, оның дұрыс іріктелуі, шәкірт дайындығының деңгейі, т.с.с. егжей-тегжейлі тексеріледі.Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізудің нәтижесінде оқушыларымыз облыстық, республикалық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болып жүр.
Мектебіміздің негізгі міндеті талантты да дарынды оқушыларды ұштау, оқыту мен тәрбиелеуді әрі қарай дамыту. Мектебімізді «Дарын» кешенді бағдарламасына сәйкес оқушылармен жасалатын жұмыстардың жоспары жасақталып, алға қойған мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Осыған орай оқу жылының басында дарынды баламен жеке жұмыс жоспары жасақтадым. Аптасына екі рет дарынды деп таңдалған баламен сабақ өткіземін.Тапсырмалар беремін, қосымша әдебиеттерге сілтеме жасаймын.Пәндік олимпиадаға,ғылыми жоба жазуға дайындаған оқушыларым облыс, республика көлемінде жоғары деңгейден көрініп жүр.
2010-2011 оқу жылында Тағабердин Әлібек аудандық және облыстық «Атамекен» жас турист-өлкетанушылар слетінде «Сөнбес жұлдыздар» бағыты бойынша «Сайын Назарбек кемеңгер тұлға» тақырыбын қорғап І орынға ие болды.
2010-2011 оқу жылында Тағабердин Әлібек құқық негіздері бойынша республикалық пәндік олимпиадаға қатысып «Күміс медаль» иегері болды.
2011-2012 оқу жылында Тағабердин Әлібек құқық негіздері бойынша республикалық пәндік олимпиадаға қатысып «Күміс медаль» иегері болды.
2011-2012 оқу жылында Ақылбеков Сағадат, Алиева Мира «Маңғыстаудың ежелгі қалалары»тақырыбында ғылыми жоба қорғап, облыстық «Дарын» ғылыми жобаларын сайысының ІІ орын жүлдегері болды. Сонымен қатар ҚР Кіші Ғылым Академиясының ХІІ облыстық ғылыми жобалар сайысында ІІ орын, Республикалық КҒА 38-конференциясында ғылыми жоба бойынша І орынға ие болды.
2012-2013 оқу 10-сынып оқушысы СалиеваАйторғын «Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми жобасын наурыз айында өткен ҚР Кіші Ғылым Академиясының Маңғыстау облыстық филиалында қорғап, ІІ орынды иеленді.Сол жолы Ақтөбе қаласында өтетін ҚР Кіші Ғылым Академиясының 39-конференциясына өз ғылыми жобасын ұсынуға жолдама алған болатын. Айторғынның Ақтөбе қаласына сапары да сәтті болып, ІІІ дәрежелі дипломмен оралды.
2013-2014 оқу жылында11-сынып оқушысы Салиева Айторғын облыстық «Дарын» ғылыми жобалар сайысында«Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғап, жүлделі Іорынды иеленді. Сонымен қатар 10-сынып оқушысы Жолбергенов Данияр «Бейнеудің керуен сарайлары» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жолбергенов Данияр 2014 жылдың 18 ақпанында Алматы қаласында өтетін республикалық «Дарын» ғылыми жобалар сайысына жолдама алды.
Оқушыларымның еңбектері республикалық ақпарат құралдары арқылы насихатталуда.Ақылбеков Сағадаттың ғылыми жобасы республикалық «sabaktar.kz» сайтында 25.12.2013 жылы «Ғылыми жұмыстар» категориясымен жарық көрді. Сонымен бірге республикалық«45minut.kz» сайты ұйымдастырған «Жаңа білім- Жаңа ғасыр» атты оқушылардың ғылыми жобаларын жариялайтын энциклопедияға енді.
Құрметті әріптестер!Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ғылымды насихаттау бағытында интелектуалды дамуына жол ашу, ғылыми-танымдық қызығушылығын қолдау мақсатында дарынды оқушылармен жұмыс жасай берейік.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖЕКЕ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама, қазақша баяндама ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖЕКЕ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖЕКЕ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖЕКЕ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама, қазақша баяндама ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖЕКЕ ЖҰМЫС, Баяндама: Дарынды баламен жеке жұмыстарды ұйымдастыру