Баяндама: Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай оқытып тәрбиелейді?

Баяндама: Мұғалімдер оқушыларды ХХІ  ғасырда қалай  оқытып тәрбиелейді? казакша Баяндама: Мұғалімдер оқушыларды ХХІ  ғасырда қалай  оқытып тәрбиелейді? на казахском языке


Атырау қаласы,
Қ.Смағұлов атындағы орта мектебінің
жоғары санатты химия пәні мұғалімі.
Орбисинова Майра Басипқалиқызы.

«Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім»
Ж.Аймауытов.

Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты мәселе білім беруде оқушылардың заманауи тәсілдермен алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, әр түрлі педагогикалық тәсілдерді қолдану мүмкіндіктерін қалай және қай жағдайда қолдану қажеттілігі туралы білуі қажет.
Мұғалімдер ақпараттық –коммуникациялық технологиялар саласында мықты дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруге тиіс,сонымен қатар ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдана білгені жөн.Ұстаздар әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құру,жүргізу ,басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін жетілдіріп отыруға тиіс.
Мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз практикасына рефлексия жасауға тиіс.Оқушылардан талап етілетін дағды сын тұрғысынан ойлау , нақтыдан бастап кешенді сараптамалық білімдерді игеру , ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді.Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор,сонымен қатар ол мұғалімнің көптеген мәселелер жөнінде қарулануын, әрі сабақ барысында жедел шешім қабылдауға дайын болуын ескеруі қажет.
ХХІ ғасыр дағдылары жүйесі мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейді.Үздіксіз кәсіби дамудың көлемді зертеуінде Кембридж университетінің оқытушылары Опфер мен Педдер(2010ж) мұғалімдердің кәсіби оқуына септігін тигізетін және оқушылардың оқудаға нәтижелерін арттыратын алты факторын анықтады.
1.Шынайы жағдайға барабар әрекет .
2.Бастама.
3.Әріптестермен ынтымақтастық.
4.Арнайы мән-мәтін
5.Нақты сыныптағы тәжірибелік жұмыс.
6.Оқу кезеңінің ұзақтығы.
Сапалы оқытудың ерекшелігі мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуімен бағалай алуы болып табылады. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқытудың сапалы және табысты болуы ұстаздың заманауи жаңаша оқыту үрдісіне бейімделе алуына тығыз байланысты.
Бұл негізгі мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауында жан-жақты сипатталған: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс».
Ел басы жолдауда өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтардың жеке кредосына айналуы тиіс деп бекер айтпаған да болар.
Ал 2012 жылғы Қазақстан халқына «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында, «Оқыту жүйесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды ендіру керек» деп үн тастауы әлемдік білім кеңістігіне кіруді қажет етеді.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай оқытып тәрбиелейді? туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай оқытып тәрбиелейді?, қазақша баяндама Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай оқытып тәрбиелейді?, Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай оқытып тәрбиелейді?, , Баяндама: Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай оқытып тәрбиелейді?