Баяндама: Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас

Баяндама: Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас казакша Баяндама: Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас на казахском языке


Атырау қаласы,
Қ.Смағұлов атындағы орта мектебінің
жоғары санатты химия пәні мұғалімі.
Орбисинова Майра Басипқалиқызы.

«ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры»
Н.Ә.Назарбаев

Білім саласында 12жылдық білімге көшуге байланысты елеулі істер атқарылуда .Бұл білімді де, білікті ұрпақты тәрбиелеуде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға байланысты туындап отыр. Қазіргі ұстазға өзгеру қажетпе десек, ол рухани жоғары адамгершілігі мен жауапкершілігі мол рефлексияға қабілеті басым , білімді ,өзін дамытып өзін көрсете алуға ұмтылып әдіснамалық қалыптасуы жоғары деңгейдегі тұлғалық коммуникативтік ,ақпараттық және біліктіліктің түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман иесі екені сөзсіз. Мектептерде білім берудің ұлттық моделінің құрылуына білім беру жүйесінің мына факторлары әсерін тигізеді.
1.Білім беру сапасын жетілдіру.
2.Мұғалімнің кәсіби- құзырлігін жетілдіруге жұмыстану .
3.Педагогикалық процесті жетілдіру.
4.Бірлесіп жұмыс істеудің форма әдістерін іздеу.
Осыған байланысты ‘’Өрлеу’’ біліктілікті арттыру ұлттық орталығындағы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілігін арттыру курстары өзекті мәселелерді талқылап, бағдар сілтеуде.
ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезең қазіргі заманғы еңбек нарығы талаптарына сәйкес келетін техникалық және кәсіби білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру. Білікті Отандық кадрларды даярлау елдегі білімді берудің деңгейін әлемдік стандарттарға жеткізу, өмір бойына тиімді оқу жүйесін қалыптастыру қазіргі заманғы ұстаз қолында. Қоғамдағы білім беру жұйесін реформалау балаларды оқытып, тәрбиелеуде оқу үрдісінде балалардың білімді меңгеру процесінде тиімді әдістерді пайдалану арқылы білім беру болып табылады.
Білім беруде жаңаша өзгерістер бүгінгі күн талабына сәйкес бәсекеге қабілетті жеке тұлғаларды тәрбиелеуде маңызды орын алады. Сондықтан 12 жылдық оқытуға көшу барысындағы білім беруді іске асыру мектептердегі білім беру жүйесінің ынтымақтастық негізінде өз жұмыстарын ұйымдастыруды талап етеді.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер атты курсты оқу барысында мен нені ұғындым, неге қол жеткіздім, не туралы ойландым. Қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады.Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан- жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу - ұстаз қолында. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді.
Жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы білімді өзі іздеп, өзі зерттеуі тиіс.Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас, қазақша баяндама Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас, баяндамалар, Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас, Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас, қазақша б, Баяндама: Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас