Баяндама: Сын тұрғысынан ойлау

Баяндама: Сын тұрғысынан ойлау казакша Баяндама: Сын тұрғысынан ойлау на казахском языке


Ақтөбе қаласы
№36 қазақ орта мектебі
математика пәнінің мұғалімі
Киякбаева Алия Сакипжановна

Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарымда қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Оның мақсаты- оқушыларды ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету,мәселені сын тұрғынан шешуге дағдыландырады, ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
"Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшемі – оның тиімділігі, нәтижелігі, жаңашылдығы.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі - бұрынғы және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өздерінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы кезең келесі қызметтерді жүзеге асырады:
 Дәлелдеме – тақырыпқа, жаңа ақпаратқа қызығушылығын ояту;
 Ақпараттық- бар білімді актуалдандыру және жүйелеу.
 Сындарлы қарым-қатынас, байланыс- жанжалсыз ой алмасу.
 Мақсат қою- зерттетін тақырыптың мақсатын анықтау.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»оқушылар жаңа ақпаратты алғанда, жаңа идеялар ойға келгенде жүзеге асады.
Мағынаны ашу кезеңінің мазмұнында оқушы:
1. Жаңа ақпаратпен танысады.
2. Жаңа ақпаратты өзінде бұрыннан бар біліммен, тәжірибемен байланыстырады.
3. Пайда болған сұрақтар мен қиындықтарға жауап іздейді.
4. Түсінбеген жерлерге көңіл бөледі, жаңа сұрақтар қояды, мақсатқа түзету ендіреді.
5. Жаңа ақпаратпен танысу прпоцесін бақылайды, өздерінің көңілдерін не аударып тұрғанын аңғарады, қандай аспект қызық жәнеғ неге екенін түсінеді.
Оқушының бұл кезеңдегі міндеті – мазмұнмен айналысу, жаңа идеяларды өзінде бар біліммен байланыстыра білу. Оқушылар ақпаратпен белсенді жұмыс жасап, ақпараттың маңыздылығы туралы шешім қабылдай алуы қажет, маңызды ақпараттарды елеусіз ақпараттардан ажырата білуі, бар білімді жаңа білімммен кіріктіре алуы, жаңа жағдайлар мен мүмкіндіктерге ақпаратты қолдануға машықтануы қажет.
Үшінші кезең «Ой толғаныс»- білім алудың қорытынды кезеңі, оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең. Бұл саты саналы талдаумен, білімді тәжірибеде қолданумен, жаңа идеялар мен түсініктермен жинақталады, бұл әркімнің жеке білімінің көрінетін уақыты. Ой толғаныс арқылы оқушылар өз ойларын айқын тұжырымдайды, өз жолдастарымен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алады және жаңа ақпаратпен өз білімінің толығуын тексере алады, яғни бұрынғы білім негізінде жаңа білім жасалады. Ой толғаныс ойды мұқият таразылауға, бағалауға, таңдауға, болжай білуге үйретеді.
Сабақтың үш кезеңдік жүйесі оқушыларды тиімді оқытудың төмендегі механизмін қамтамасыз етеді:
Бар білімді өзекті етіп қоя білу, білім берудегі қиындықтар мен кем-шіліктерді анықтау, оқуәрекетінің мақса-тын қою.
Жаңа ақпаратпен таны-су, оны өзінде бар біліммен салыстыру, қойылған сұрақтарға жауап іздеу, кемші-ліктер мен қарама-қайшылықтарды табу, мақсатқа өзгерту енгізу. Жаңа ақпаратты жи-нақтау және жүйелеу, оған баға беру, оқу материалына өзіндік көзқарасын қалып-тастыру, оқу қызме-тінің жаңа мақсаттарын қою.

СТО жүйесімен жұмыс істеген оқушылардың табысы:
1) сабақты түрлендіре біледі;
2) оқушылар еркін сөйлейді;
3) өзіне деген сенімділік;
4) пікірталас жүргізе білу;
5) өз ойын жинақтай білуі;
6) сабақта белсенділікпен жұмыс істей білуінен көрінеді.
Жаңа педагогикалық технология ұстаз шеберлігін жетілдіруге ықпал жасаса, сонымен бірге оқушының ойлау қабілетінің шыңдала түсуіне әсер етеді. Сабақ біздің заманымызда оқытудың негізгі түрі ретінде қала береді. Оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін өзгертіп, жаңартуда қазіргі заманғы жаңа оқыту технологияларын меңгеру- күрделі үрдіс. Оқыту үрдісінде жаңа технология түрлерін кеңінен ендіру немесе элементтерін пайдалану- әрбір мұғалімнің міндеті. Егемен Қазақстаннның келешегі, бүгінгі оқушылар, дүниежүзілік білім деңгейінде қалыптасқан азамат, білімді, жан-жақты тұлға-біздің болашағымыздың жарқын кепілі.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Сын тұрғысынан ойлау туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Сын тұрғысынан ойлау, Сын тұрғысынан ойлау туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Сын тұрғысынан ойлау, Баяндама: Сын тұрғысынан ойлау