Баяндама: Кембридж бағдарламасымен топтық жұмыстарға қатысу бойынша өз ойларым

Баяндама: Кембридж бағдарламасымен топтық жұмыстарға қатысу бойынша өз ойларым казакша Баяндама: Кембридж бағдарламасымен топтық жұмыстарға қатысу бойынша өз ойларым на казахском языке


Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы
Ө.Қанахин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жұбандықова Ханбибі Күнболқызы

«Қалай оқу керектігін үйрету» модулі оқушылардың білімі мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістер арқылы жүзеге асады. (Флейвелл, 1976). Бұл үрдісте оқушылар метатану үрдісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесе қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Ал, метатануға когнитивтік үрдістерді білу, түсіну және реттеу немесе олар туралы ойлау, қатесін танып-білу және ойлауды реттеу деген анықтама беруге болады. Метатануды зерттеген Флейвелл жас және ересек балалардың есте сақтау қабілетін зерттей келе, «тәсілдерді пайдалану» және «өнімділік тапшылығы» терминдеріне тоқталып кетті.
Осы Кембридж бағдарламасын оқыту курсына келгенде тренеріміз Бәдигүл апай біздерді танысып болған соң шағын бес топқа бөлді, бұл бөліну де бір ерекшеліктен басталды. Бұдан соң әр топқа қағаздар, бояулар, қайшы, скоч т.б материалдар таратылып берілді, осыдан ақ мен бұл курстың ерекше болатынын білдім. Алғашқы болып топта тапсырма орындағанда нені қалай орындау керек екенін, яғни топтық жұмысты орындап көрмегеніміз білінді. Жұмыс топтарда қызу жүре қойған жоқ, себебі біздер ойларымызды жүйелегенмен арада келіспеушіліктер болды, бірақ жан-жағымызға қарап басқа топтардың жұмысын көріп, егер былай жасасақ деген ұсыныс арқылы жеттік. Топтарымыз күнбе күн өзгеріп отырды, бұл да жұмысты жүйелендіруге септігін тигізді, себебі араларымызда кім көшбасшы, кімнің қолынан не келетіні белгілене бастады, яғни біздің жұмыс істеуге бейімделушілік немесе өз ойыңды айтқанда оны хабарлаушы жеткізе алмаған жағдайда қанағаттанбаушылық болды. Күніге түрлі тапсырмаларды орындап өз деңгейімізді аша түстік, ол біреуге оңай берілсе, кейбіреулердің тіпті түсінбейтінін, жеті модуль мен технологияны үнемі шатастыратыны көп ойландырды. Ең бастысы тренеріміз өздері бұрынғыдай лекция оқымады, тек өздері тапсырманы беріп, қандай да бір шешімге өзіміздің жетуімізге үйретті, бұл оқытудың жаңа бір түрі.Соңғы кездерде педагогикалық технология жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді және нақты жолдарын көрсетеді. Себебі, білім жетілдіру курсында алған теориялық материалды іс жүзінде пайдалануға үйретті,яғни қажетті ақпарат алу, бақылау жүргізу, топ мүшелеріне қолдау көрсету т.б талқылауларды,зерттеулерді көрсетті, жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен, кей жағдайда тренеріміз мұғалімдерге сұрақтар беріп, оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болды, мұғалім мүмкіндігін шектемегенін байқадым. Көп жағдайда мектепте мұғалім оқушы ойын басқарады, яғни бағыт беріп немесе жетекшілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей, оқушылардың өз бетінше ойлау мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін мұғалім өзі дайындап, жоспарды беріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек оған сүйенуін талап етеді. Мәселені ашуда жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады.
Бізде осы оқудан соң практикаға барғаннан ұжымыммен кездесуде курстан алған әсерім туралы, Кембридж бағдарламасының мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша таныстырып өттім. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымы оң тілек айтып, жұмысыма сәттілік тіледі. Практикаға 8- сыныппен зерттеулерді жүргізген соң сабағымның қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспардан бастадым. Алғашқы сабақтарымда сәтсіздіктер кездесті,олар оқушылардың топпен жұмыс жасап қалыптаспағаны,өз ойларын топ алдында нақты , дұрыс жеткізе алмауы,оқушылардың өз-өзіне сенімсіздігі болды.
Курстан алған жаңа әдіс- тәсілдерді өз практикамда қолдандым,ол топқа бөлу,жас ерекшелігіне сай тапсырма беру,дарынды және талантты оқушылармен жұмыс ерекшілігіне назар аудардым.Топқа бөлу әдістерін: мозайка , домино, руларына қарай, туған күн жыл мезгілдеріне, сүйікті тағамдарына, ұлдар мен қыздар, есім санындағы әріптеріне, көлік түрлерін таңдауларына, сабақ бөлімдері кезіндегі әрекеттеріне қарай түрлендіріп отырдым.Әр сабақта оқушыларды топқа бөлудің әр түрлі әдістерін пайдаланып, оқушыларды бір бірімен тығыз қарым- қатынаста болуы үшін, өз ойын ашық айту, еркін жеткізуді көздеп, топқа бөлуде кездейсоқ ретпен бөлу арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып отырдым. Оқушылардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасай алу жағын көздедім. Оқушыларға топпен жұмыс жасау қызғылықты болып, сабаққа деген ынтасы күннен күнге артып отырды. Топта талқылауға тапсырмалар берілген кезде, кейбір сәттерде «үнсіз» оқушыларымыздың сабаққа деген ынтасының, қызығушылығының бір қадам жоғарылағанын байқадым.Мәселен: Т.Айбергенов «Ана.Аруана – бауыр дүние», О.Сүлейменов «Арғымақ.Қыз қуу.Махамбетке» тақырыбында өткізген сабақтарымда топтарға постер жасап, топтық таныстырылым жасағанда, топтағы барлық оқушылар тақтаға шығып, түсіндіруі кезінде өз ойларын ашық айтуы, көпшілік алдында өзін ұстауы, сөйлеу мәдениеті қалыптасты. Жазған эсселерін,жасаған постерлерін қорғау кезінде, оқушылар өз ойларын ашық білдіріп, бір-біріне түсіндіруінен, әр оқушы өзінше ойланып, өзіндік идеяларын ұсынуы мені таңқалдырды.
Сонымен қатар әр сабақтан соң міндетті түрде талдау жасауды қолға алдым,соның арқасында ертеңгі сабағыма толықтыруды қажет ететін жолдарды таптым.Енді көбіне көшбасшылық жасап ,яғни тек дайын ресурсты беріп реттеуші рол атқардым,осыдан соң мен қатарларды аралап шығып,үлестірме материал таратылады және оларды кімге беру керектігін шешуге болатынын сырттай бақылау мүмкіндігін алдым.
Менің тәжірибемде бақылауым бойынша шағын топтардың топ жетекшілерімен жұмысты жүргізген тиімді екеніне көзім жетті. Себебі, бір жағынан ол оқушылар өз беттерімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттырады. Сол уақытта ол оқушының сабаққа қызығушылығы артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін түсінеді.
Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда әдебиет сабағына ынталы қатысатын болды. Әр түрлі деңгейдегі мүмкіндіктері бар оқушылармен жұмыс істеу туралы рефлективтік есептемені жоғарыдағы өткен сабақтағы бақылауым бойынша көрсеткенді жөн көрдім.
Сабақ барысындағы бақылауым: мысалы «тез» жұмыс жасайтын оқушылар Талант, Аянберген, Дидар, Шыналқа топта жұмыс істеуге өте икемді, сұрақтардың барлық түрлерін қойып үлгереді, топқа бағыт бере алды; тапсырмалардың ішінен қолдану, талдау, жинақтау кезеңіндегі тапсырмаларды қажет етеді,оның нәтижесі мынадай белсенді қатысуымен ерекшеленді, анализ, синтез, қорытуды терең және тез жасайды, өз еңбектеріне,іс-әрекетіне талдау жасай алады. Ал «орта» жұмыс жасайтын оқушылар Дәулет, Аружан, Таланды топтың жұмысына жақсы қатысады, өз пікірін ортаға салуға дайын, бірақ «тез» оқушыға жолын береді, оның нәтижесі салыстыру, іздену, дәлелдеу, табу жұмыс түрлеріне жақсы қатысты. Сонымен қатар «баяу» жұмыс жасайтын оқушылар Тайбек, Ғасырбек ,Еркегүлім сұрақтарды дайындауға көбірек уақыт жібереді, ерекше байланыс, жеке жұмыс түрлерін қалайды,ал оның нәтижесі сабақ барысындағы тапсырмаларды толық жасап үлгермейді.
Осы орайда Выготскийдің «Оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Оқушының аса епті және хабары мол адаммен интерактивті вербалды алмасу нәтижесінде оның өз бетімен ойлануына қатысты ішкі жеке қоры ретінде қалыптасады»,- деген пікіріне келіспеске болмас. Алдағы уақытта сабақтарымды топтық жұмыс түрінде өткізу, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып алу басты мақсатым деп алдым.
Міне, осындай бақылау,байқаулардан соң менің ұсынысым мынадай: тапсырмаларды таңдап алу,сабақ жоспарын оқушылар тілегіне сай өзгертіп отыру, кіммен топта жұмыс істеуін өзінің қалауына мүмкіндік беру,тапсырманы орындау әдістерін өздері таңдай алатындай жағдай туғызу, жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік берутілегі мен ынтасын ескеру қажет. Осы жоғарыда атаған жағдайды білім алуда қолданатын болсақ, яғни мектеп мұғалімі өз сабақтарында жеті модульді қолданып жұмыс жасайтын болса, сапалы білім мен саналы тәрбиеге жетуге болатынын бағдарлама барысында үйрендік. Менің өз әріптестеріме айтарым, жаңашыл мұғалім болайық деймін, еш үрейсіз осы жеті модульді іс тәжірибемізде қолданайық.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Кембридж бағдарламасымен топтық жұмыстарға қатысу бойынша өз ойларым туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасымен топтық жұмыстарға қатысу бойынша өз ойларым, баяндама Кембридж бағдарламасымен топтық жұмыстарға қатысу бойынша өз ойларым, Кембридж бағдарламасымен топтық жұмыстарға қатысу бойынша өз ойларым туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасымен топ, Баяндама: Кембридж бағдарламасымен топтық жұмыстарға қатысу бойынша өз ойларым