Баяндама: Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы

Баяндама: Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы казакша Баяндама: Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы на казахском языке


Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан

он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай

сырлас» деген тамаша сөздің терең философиялық мәні бар.Тәрбие мен

білімнің алғашқы дәні-мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.Ұрпақтың

азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдері, туған ел,төлтума

мәдениет, салт-дәстүр,моральдық-этикалық нормаларын қалыптастырудың

қайнар көзі мектепке дейінгі кезеңнен бастау алатыны ақиқат.

Балабақша еліміз бойынша қашаннан күн тәртібінен түспей, барынша

қордаланған мәселенің бірі болатын.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың айрықша назарға алып,нақтылы тапсырмалар мен міндеттер

жүктеуінің арқасында серпінді жұмыстар қолға алынып,мәселе түйіні

шешіле бастады.2011 жылғы Жолдауында мектепке дейінгі тәрбие туралы

арнайы айтылып,елдіктің асыл мұратындай «Балапан» бағдарламасының

қолға алынуы қала мен ауылда бірнеше жүздеген балабақшалардың ашылуына

мүмкіндік тудырып, сәбилерге қуаныш сыйлады.Бұл құжатты көпшілік

көңілінен шыққан бақытты балалыққа апаратын баспалдақ деуге болады.Бұл

жоба бойынша балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 5 кезең

арқылы сатылай жүргізіліп,2014 жылға қарай бүлдіршіндердің70 пайызын

қамту жоспарланып отыр.Бүгінгі күні ата-аналарға әрбір баланың жеке бас

қабілеттерін дамытуға сай келетін балабақшаны таңдау мүмкіндігі пайда

болды.4972 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеуде және ол мектепке дейінгі

балалар санының 38,7 пайызын құрайды.

Осындай елбасы бастаған мектепке дейінгі білім беру саласындағы өрелі оң

өзгерістер біздерді жақсы жетістіктерге бастайды.

Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, білім

беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру

арқылы нақтыланады.Адамгершілікке,еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде,

жұмысты ұтымды ұйымдастыру кезінде ойын және оқу ісінде жоспарлы

түрде іске асады.Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасыбалалардың жан-

жақты дамуын,олардың мектепке дайындығын қалыптастырады.

Халқымыздың бай да құнарлы ауыз әдебиеті арқылы ата-бабаларымыз

қалдырған мұраларға сүйене отырып,балдырғандардың еңбекке,өнер-білімге

деген құлшынысын арттырып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын біліп өсуіне,

рухани адамгершілік қасиеттерге баули аламыз.Ұлтымыздың ұлағаты

дәстүрлерін сабақта, ойын кезінде қолданып тәрбие ісіне арқау етіп, ата-

аналармен байланыс жасай отырып,балаға өнеге көрсетуіміз қажет.Бізідің

«Жұлдыз» балабақшасында халық педагогикасына сүйене отырып,балабақша

балаларымен өткізген сабақтарымызда «Ұлттық ойындар», жұмбақтар,

санамақтар,ертегілерді кеңінен пайдаланамыз.

Ұлтымыздың мақтанышы болған,ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов «Ел

боламын десең,бесігіңді түзе» деген екен,тәуелсіз ел екенімізді әр бала

жанымен,жүрегімен сезінуі керек.Қазақ халқы дәстүр бойынша баласын бес-

алты жасынан бастап-ақ шешендердің,ел бастаған көсемдердің,даналардың,

батырлардың өнегесін біліп өсуге баулыған.Онысы-бала халық дәстүрін,жол-

жоралғыны көңілге тоқып өссін дегені болуы керек.Мектеп жасына дейінгі

жас ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін фактордың бірі,дәстүрлі мәдение-

тіміздің бір бағыты халықтың ұлттық ойындары.

Өйткені ойын баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.



Бұл ойындар: «Ақ серек пен көк серек»,«Қыз қуу»,«Асық ату», «Ақ сүйек»

ойындары.

Халықтық шығармалары ішінде баланы дұрыс,анық сөйлеуге

үйрететін,тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр жаңылпаштар,

жұмбақтар.жаңылтпаштар арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге және

дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді,ал жұмбақтар баланы

байқағыштық,тапқырлыққа баулап,ой қиялын ұштауға әсер етеді.

Балаларды халықтың салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеумен бірге олардың

шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруда халқымыздың қол өнерінің

алар орны ерекше.Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі ұлттық

ою-өрнектер.

Ата-бабаларымыз өмірдегі бар асылын ұрпағына арнаған,оның келешегін

әріден ойлап,нәрестенің дүниеге келген сәтінен-ақ шілдехана,бесік тойы,

тұсау кесу, тілашар рәсімдерін жасаған.көптеген тақырыптарға

байланысты ата-аналармен бірлесіп жұмыстар атқарылды.Мұның балалар

үшін де,ата-аналар үшін де берер тағылымы мол болды.

Халықтық педагогика-ұлттық қазына,сондықтан да оқу тәрбие

жұмыстарына оны кеңінен қолданып,бала бойына ата-баба өсиеттерін,

салт-дәстүрін сіңіріп,халық қамын ойлайтын тілін,дінін терең

білетін,ұлтжанды,білімді жас ұрпақ тәрбиелеу баршамызға ортақ

міндет.Олай болса,тәрбие саласындағы еңбегіміз қашанда жемісті болсын.


Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағытуралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы, баяндама Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы, қазақша баяндама Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы, Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағытуралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы, баяндама Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы, қаз, Баяндама: Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы