Баяндама: Жаңаша білім беруді оқу үрдісіне енгізу – ұстаз міндеті

Баяндама: Жаңаша білім беруді оқу үрдісіне енгізу – ұстаз міндеті казакша Баяндама: Жаңаша білім беруді оқу үрдісіне енгізу – ұстаз міндеті на казахском языке


Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы
Т.Шонанұлы атындағы орта мектебі
Талғат Бекетаев

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жүйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизацияға көтеріліетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы асқақ міндеті. Мұғалімдердің инновациялық білім беру технологияларын дұрыс таңдап алып, тиімді пайдалануы оқытудың сапасын арттыруға септігін тигізетінін көптеген зерттеу нәтижелері дәлелдеп отырғаны анық.
Сондықтан педагогикалық инновация білім беру жүйесін жаңартудың қажетті факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арналған мәселен, М.С.Бургин, Н.Д.Молахов, Н.И.Лапин, А.И.Пригожин «инновация», «инновациялық құбылыс» түсініктерінің негізін қарастырса, К.Ангеловский, В.А.Сластенов, В.С.Лазарев, С.Ц.Поляков, М.М.Поташник, О.Т.Хомерики білім саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды.
«Инновация» термині латын тілінен алынған, ол – «жаңару», «өзгеру» дегенді білдіреді. Бұл түсінік XIX ғасырлардағы зерттеулерде пайда болып, белшілі бір мәдениеттің кейбір элементтердің бірінен екіншісіне енгізу дегенді білдірді. XX ғасырдың 30 –жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылым пайда болып, ал 50-жылдары педагогикалық инновация қалыптасты. КСРО – да бұл термин XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап қолданыла бастады. Егер орыс тілінің түсіндірме сөздігіне қарасақ, онда «жаңлық» сөзінің төркініде өміршеңдік немесе тиімділік туралы ештеңе айтылмайды, яғни «жаңа» деген жаңадан жасалған, таныс емес, белгісіз, қткеннің орнына лайық болған деп көрсетілген.
Педагогикалық технологиялар мақсатқа талпыну, мақсатқа бағытталу сияқты сапаларымен сипатталады. Соның әсерінен олар белгілі бір мақсаттарға қызмет атқарады. Ал мақсатқа қол жеткізу әрекеттерінің вариативтілігі оларды икемді ете түседі.
«Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың, педагогикалық технология - педагогикалықмақсатқа қол жетудегі қоданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», - деп түсіндіреді В.Кларин. мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілетті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жае-жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгеін бақылап отыру – әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Бұл туралы Выготский: «Әрбаланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» - деген екен.
Инновациялық білім беру технологияларын мектеп мұғалімдері нақты қабылданған шешім бойынша ,алымдардың басшылығымен жасалған, ғылыми тұрғыдан негізделген бағдарламалар арқылы оқу үрдісіне пайдалануына болады. Себебі, мектеп ғылымның теориялық жетістіктерін іс-тәжірибеде таратудың негізгі ордасы болып табылады.
Әрбір жаңа педагогикалық әдістің екі жағы болады: технологилық әдісті пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері және жаңалықты игеруге өзіндік әсер теу.
Білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру мұғалімдердің ө- мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендіруді талап етеді. Инновациялық іс-әрекет адамдардың шығармашылық жемісті қвзметінің бір түрі және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық шартты компоненттер жатады. Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесін көрсететін кәсіби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.
Креативтік компонент икемделу, өзгеру, қайта өзгеру, бар тәжірибені қайта жаңарту, оны педагогикалық жағдайларға ыңғайластыруды қамтамасыз етеді. Технологиялық компонент инновациялық іс-әрекеттің жүзеге асуымен байланысты, яғни жаңалықты педагогикалық үрдіске енгізі және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.
Шартты компонент белгілі бір инновациялық жүйені көптеген нақты зерттеулер нәтижесімен өлшей отырып, инновациялық іс-әрекеттің мақсатын, зерттеу обьектісі мен нәтижесін түйсінуге жіне бағалауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарйтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезірдіре білуінде жатыр. Оқушының бойына аталған қасиеттерді сіңіріп, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуде инновациялық технологияларды оқу үрдісіне енгізудің маңызы зор.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама Жаңаша білім беруді оқу үрдісіне енгізу – ұстаз міндеті туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Жаңаша білім беруді оқу үрдісіне енгізу – ұстаз міндеті, қазақша баяндама Жаңаша білім беруді оқу үрдісіне енгізу – ұстаз міндеті, баяндама Жаңаша білім беруді оқу үрдісіне енгізу – ұстаз міндеті, баяндама Жаңаша білім беруді оқу үрдісіне енгізу – ұстаз міндеті туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Жаңаша білім беруді оқу үрдісіне, Баяндама: Жаңаша білім беруді оқу үрдісіне енгізу – ұстаз міндеті