Баяндама: Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Баяндама:  Ойын арқылы оқушылардың   ойлау қабілетін дамыту казакша Баяндама:  Ойын арқылы оқушылардың   ойлау қабілетін дамыту на казахском языке


Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
№26 мектеп – гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Оспанова Сауле Саттаровна

Білім берудің негізгі бағыты-адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде таңып, оның рухани жан дүниесінің баюына, саяси көзқарасы мен шығармашылық белсеңділігінің кәсіби іскерлігінің жоғары деңгейде қалыптасуына толық мүмкіндік беріп, жағдай жасау.
Оқушылардың оқу қабілеттерін дамытып, оларды шапшандыққа, тапқырлыққа, баулитын жұмыстын бірі - ойын түрі. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып отырса оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігі артады. Ойын балалар сабақта зеріккенде сергіту мақсатында ғана емес, берілген түсініктерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен қорытынды жасай алады. Оқушылардың сабақтағы белсеңділігі олардың сабаққа деген қызығуларының артуымен тығыз байланысты.
Ойындар оқушылардың көшбасшылар қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін
дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпалын тигізеді. Ойындар оқушылардың тілдік материялдарға қызықтыруымен қатар тіл білімінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Өйткені дидактикалық ойындар оқушының таңымын кеңейтіп, оңын ойлау қабілетін, іздемпаздығын, еңбекқорлығын дамытады.
Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтын салтын үйренуде, табиғи құбылысын таңуда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады.
Ойындарды оқыту үрдісінде қолдану тарихы әріден басталады. Ойын сөзі мағынасының түп - төркіні қуанышқа әзілге сәйкес келеді. Мысалы, ежелгі рим халықтарында ойын сөзінің мағынасы қуаныш, мереке сөздерінің мағынасымен ұштасып жатса, еврей тілінді әзіл мен күлкіні білдіреді, ал қазақ тілінде жас балалардың іс әрекетін, ересектер арасында әзілді, қалжыңды меңзейді. Бұл қазақ халқының мақал-мәтелдерінде анық байқалады. Мысалы "Асық ойнаған-азар, доп ойнаған-тозар, кітап оқыған-озар".
Д.Эльконин төмеңгі сыныптағы бала психикасының дамуында ойынды жетекші іс-әрекет сөз тіркесімен сипаттайды.
Ойынның, әсіресе, балалардың психологиясына тигізетін әсері көп, ойын негізінде балалардын орта мен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез -құлқы қалыптасады. Ойынның сан алуандығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды. Мысалы "Баланың істегені білімбес", "Ойнай білмеген, ойлай білмейді" деген қазақтың мақал-мәтелдеріне қарасақ, балалардың ойынға аса құмар келетіне, ойын арқылы балалардың сана-сезімі, ақыл-ойы өсіп, жетілетіндігі дұрыс көрініс береді.
Ы. Алтынсарин қазақ балаларына мағыналы жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер, таңымдық қызығуының тудыратын жайттар адамгершілікке ақыл -ойды тәрбиелеуге аса тиімді болады деп санаған.
А. Құнанбаев бала психалогиясының ерекшелігі-білуге құштарлық деп есептейді. Өсе, ержете келе тәрбие құралдарының қатарына ұлттық ойындарды-оның ішінде ақыл-ойды дамытатын "тоғызқұмалақ" ойның жатқызған.
Н. Құлжанова "ойын арқылы бала дене және көңілді машықтандырады" деп, ойынның әр жақты функциясын ашып көрсетеді және балалар ойнын таңу, білуге құштарлығымен сөйлеумен ұштасып жататындығын ескертеді.
М. Жұмабаев балалар фантазиясының табиғатына ерекше көңіл қойып, оны өркендетудегі ертегі ойындар мен ойын материялдарының рөліне тоқтала келе, балалардың тілдесуі сөйлесуі топтық ойындар арқылы көрінетіндігін айтып, тілдің адам өміріндегі дәйекті талдау жасайды. "Ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі, айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе құйындай екпінді қайратты, біресе тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінездері көрініп тұр".
Б. Момышұлы да аса жоғары бағал анған. Ол еңбектерінде ұлттық ойындар ептілікке, ширақтыққа, қайсарлыққа үйрететіндігін түсіндіреді.
Ұлы педагог В. Сухомлинский "Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәтіндегі ақыл-ойды тәрбиесі болмайды" дейді. Ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оның бала белсеңділікпен және асқан ыждағаттықпен қабылдайтындықтан көптеген педагагтер мойындайды, оқу үрдісінде міндетті түрде еңгізу керектігін айтады.
К. Ушинскидің "ойын баласын ойын үстінде үйрет" деген сөзін айта кеткен жөн. Ғалымдардың еңбектерін саралай келе, біз ойын әрекетінін жүзеге асуына мына жағдайлар әсер етеді.
1. Ойын әрекетін жүзеге асыру үшін балада артық энергиялық күш болу қажет (бұл жерде энергиялық күшті біз баланың ойынға деген құлшынысы, талпынысы тұрғысында түсінеміз). Балалар осы энергиялық күш негізінде ойнап, қанағаттанады.
2. Ойын-адамдар геңінде қаланған инстинкті жеткізуші. Балалар ойнау арқылы өмір тәжірбиесімен танысады, ересектердің қимылын қайталайды, сол арқылы өмірге қажет қимылды, іс-әрекетті және ойлау дағдыларын меңгереді.
3. Ойын балалардың қиялынан туындайды, ойын-бала шығармашылығы. Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, олар ойнау кезінде "басқа әлемге" енеді.
4. Ойын қоршаған ортаға, қоғамға қарай түрленеді. Бұл қазіргі заман балалары мен ертеректе өмір сүрген балалардың ойындарының әр түрлі болғандығынан көрінеді. Қазақ халқының ертеректегі ойындары оның көшпелі, салт-дәстүріне байланысты шыққан. Мысалы, жамбы ату, көкпар, асық ойыны.
5. Ойындар-белгілі бір білімді, іс-әрекетті үйретуші құрал. Мәселен, бұрынырақта шахмат ойыны соғыс өнерінің тактикасы мен стратегиясын үйреткен. Кейінгі кезеңде жұртшылыққа кең тарап, спорттық ойын түріне жатқызылды. Мұндай мысалға қазақ халқының аударыспақ, жамбы ату,ойындарын жатқызуға болады.
А. Байтұрсынов өз еңбектерінде тілдік материалдарды тек теориялық тұрғыдан ғана үйретіп қоймай, оқушылар күнделікті өмірде білімдерін кеңінен қолдана алатын дағдыларды қалыптастырудың негізін қалаған. Мұның себебін ол " Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің шеберлігінің керек орны, өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, сол жолдан балалар қиналмай өту үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беруінен бетін белгілеген мақсатта түзеп отыру " деп тұжырымдайды.
Ғалым оқулықтарды құрастырған кезде теорияның тәжірибемен байланысы ұстанымын басшылыққа алған. А. Байтұрсынов оқушының меңгерген білімін тәжірибеде орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін тілдік материалдарды үш кезеңде ұғындыру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне ерекше назар аударған.
Бірінші кезеңдер тіл білімінің сыртқы болмысын таныту жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді орынды пайдалана отырып тіл заңдылықтары мен ережелернің болмысын меңгертеді.
Екінші кезеңдер оқушылардың тәжірибеде өз білімін қолдана алу дағдылары мен біліктерін, білімдерін бекіту үшін "Сынау" және "Дағдыландыру" жұмыстары жүргізіледі. Сөздердің мағыналары қандай, олар сөйлемде қалай орналасады, бір-бірімен қалай тіркеседі, сөйтіп тіл білімінің заңдылықтары тәжірибе хүзінде танытылады.
Үшінші кезеңдер оқушыларды шығармашылық ойлауға дағдыландыру үшін дидактикалық ойындар қолданылады. Бұл ойындарды қолданудағы басты мақсат- оқушының жаңа білім жөнінде түсінігін қалыпастыру, білімін жетілдіру, баланың тіл ережелерін өздігінен ізденіп қолдануға үйрету. Дидактикалық ойындарда оқушылардың жас шығармашылық қабілеттерін дамытатын тапсырмалар беріледі.
А. Байтұрсыновтың тілдік материалды меңгерту кезеңіндегі оқушылардың ойлау қабілеттерін эмпирикалық ойлау (I кезең), теориялық ойлау (I кезең), шығармашылық ойлау (III), деп қарастыруы - балаларға білімді игертудің ұтымды жолы. Ғалымның әдістемелік жаңалығы бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Әл-Фараби "Рухани негіз түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқу, үйрету нәтижесіне шәкірттің ниеті әсер етеді. Көңіл қалауы болмақ" десе, Әбуғали ибн Сина оқушының сабаққа қызығуы басым болса, оның білімінің нашар болмайтының айқындап, өз пікірін былайша тұжырымдаған: "... егер ұжымда бала тәрбиеленсе, онда ол жалықпайды, сабаққа ыңтасы мен қызығуы пайда болып, басқалардан қалып қоймауға талпынады". Мәселен А. Байтұрсыновтын "Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтіп, мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады. Оқу барысында қиын болса, балалар суға түскен мал сықылды малтығып, жылжи алмай қиналады, үйретуші сүйреп шығара алмай қиналады" деген пайымдауы сол ғұлама көз қарастармен орайлас келеді.
Бұл пікірден ғалымнын сабақта дидактикалық ойындарды оқушыларға жаңа материялды толық меңгерту үшін ғана емес, олардың сабаққа қызығуын арттыру мақсатында қолданғанын көреміз.
А. Байтұрсыновтың оқулықтары мен еңбектерінде арнайы "дидактикалық ойындар" деген термин қолданылып аты аталмаса да сабаққа оқушылардың ыңтасын туғызатын ойындардын түрлерін кеңінен қолданған. Мысалы "Қата оқыған жақ қайта оқиды" дидактикалық ойыны. Осы 8 сөзді 8 баладан одақтасып бәске оқиды. Бәстері қата шығармау: шығарған жақ қайта оқу, бала басына 1 сөйлемнен оқиды. Бірі қаталасса, қалса қатасы одағынын бәріне жұғады
Қаталасқан жақтан біреу бөтен мақаланы қатасыз оқып шықса, одақтастарынын қатасынын бәрін жуады.
Бұған қарағанда А. Байтұрсынов дидактикалық ойындарды балалардын сауатын арттыруда, олардын орфоэпиялық дағдыларын қалыптастыруда толық пайдаланған.
Сондай-ақ, ғалым дидактикалық ойындардын басқа түрлерін арнайы "Ойнандар, ойландар" деп тапсырма түрінде берген. "Төлептін төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар. Төлептін барлық баласы нешеу болған?
Ойын-балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал ол білімді бала қайдан алады. Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, көптеген ерекшеліктері болады.
Ойын-балалардын негізгі іс-әрекетінін бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психалогиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүние таңымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психолоктардын айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса өскенде еңбекте де сондай болады дейді. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаев: "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?"-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны таңып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, іздемпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. (cезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) түрлі психалогиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реңіш сезімінде болады.
Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына пайдаланатын әдістемелер мәнді, жұмыр болу керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болу керек. Олай болса, ойындарды балаға қай сәттерде, не мақсатпен пайдаланатынымызды тоқталып өтейін. Балалардын ой-өрісін дамытатын "Санамақ" ойыны оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, саңға аты ұйқас заттарды таңып біледі.
Бір дегенім-білеу,
Екі дегенім-егеу,
Үш дегенім-үкі,
Төрт дегенім-төсек

Оқушылардың ой белсенділігін саналы ойлана білуін дамыту-жетідіру-мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қиындықты жеңуге төзімдікке баулиды.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, анаграмма, ұйқасын тап ойындарынын әсері мол. Мысалы, "Ұйқасын тап" ойыны арқылы балалардын білсем деген ұтымы артып, қызығып, белсеңділігі таңытылады.
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім? ... (Қоян)
2. Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді...... (шымшық)
3. Бата алмас түлкі,
Үсті тікен........ (кірпі)
4. Өңеші кең таңдайын,
Дәнге тосты ........ (комбайн)

Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуда әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарда әр сабақ сайын жүйелі пйдалану керек. Сабақта балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады.
Жұмбақ баланы шапшаң ойлай білуге, шапшаң сөйлеуге үйретеді. "Қайсы кімнің баласы?" ойыны.
Бұл ойында балаға жан-жануарлардың балалары қалай және қайтіп аталатындығына мән беру. Сұрақтарға жауап ала отырып, баланың ойлау, жауап беруін еске түсіре отырып, бейнесін табуға, ойын дәлелдеуге үйрету мақсаты қойылады. Мұғалім оқушыларға түрлі аңдардың балаларының бейнелерін таратып береді де, жануарлар мен аңдардың бейнесін келесі топқа жаратып береді. Содан кейін төмеңдегі сөдерді тіркестіре айтады, балалар сол айтылған бейнелерді көтереді де атауларын айтады. Осы өлең арқылы бала таңымы мен ой-өрісі дамиды. Сонымен қатар жануарла атымен тіршілігімен таңысады.
1. Түрлі бөрік тігетін
Суда өмір сүретін
Құндыз баласы-құнай
2. Құйрығы былың, өзі сылаң,
Өте қуаң
Түлкі күшігі-шыршай
3. Көрмеген еш тоңып,
Балменен өш болып,
Қашан да, маң басқан,
Аю баласы-қонжық
4. Шөлге қатты шыдайтын,
Шөлге жатып ұйықтайтын,
Адамдар оны ұнатқан
Түйе баласы-ботақа

"Ғажайып алаңы" ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың санды өрнек және оның мәнін табу туралы түсініктерін дамыта түседі.
Жүргізуші дөңгелектерді айналдырады да, тоқтаған тілшеге сәйкес келген санды өрнекті оқуды жазуды және оның мәнін табуды ұснады. Мұны тақтаға дұрыс орындаған оқушы келесі ойыеға дөңгелекті айналдырады. Егер ол қате жіберсе оның қатесін түзеген оқушы айналдырады. Ойын осы ниетпен арықарай жалғастырыла береді.
"Кім болам?" ойыны.
Тақтаға суреттер ілінеді. Тақтаға шыққан оқушы өзіне ұнайтын мамандыққа сәйкес суретті таңдап алады да, оның артындағы тапсырмаларды орындайды. Қалаған мамандықтарына сәйкес тапсырманы орындаған оқушы сол маманық иесі болып есептеледі.
Ойын - тиімді тәсіл. Ойын-оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады.
Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде ролдік ойындар тиімді нәтиже береді. Сабақта оқушының рөлдік ойындарды ойнау барысында іс-әрекеті әлеуметтік сипат алады. Сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп тұрған оқушы өзін шешенге, батырға теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді 4-сынып оқушыларының тілін дамытуда рөлдік ойындар қолдану жұмыстары мынадай бағытта жүргізіледі.
1. Сөздік қорын молайту.
2. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Рөлдік ойындар оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыратын, өз пікірін екінші адамға толық жеткізуін жетілдіретін тиімді тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл арқылы оқушылардың әдеби сөйлеу дағдылары қалыптасып, оларды шығармашылыққа баулиды.
Осы мақсатта мақал-мәтелдердің тақырыбын айқындап, мақал-мәтелдерді өмірдегі жағдайларда қолдану кезіне мәтін құрау тапсырылады. Сол үшін
"Мақалды дұрыс қолдан" ойыны жүргізіледі. Бұл ойында оқушыларға мақал-мәтелдер жазылған кеспе қағаздар таратылып беріледі. Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын айқындап, тақырыбын табады (достық, Отан, жақсылық, тіл, туған жер, білім).
Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайту, оқушыларға халықтың асыл-маржаны мақал-мәтелдерді меңгерту. Ойынды ойнату барысында әрбір оқушыға әртүрлі мақал-мәтел жазылған кеспе қағаздар таратылып берілді. Бірінші Жамила есімді қыз жауап берді. Қыздың жазған мәтіні:
Мал баққанға бітеді
Атам Русланға кішкентай қозы сатып әперді. Қозысы сүйкімді, бір орнында тыныш тұра алмайтын еді. Руслан қозысына күнделікті шөбін, суын беріп, астын тазалап тұратын. Русланның қозысын көрген көршісі Асан атасына айтып жүріп ол да бір қозы алды. Қозысын бір апта қарағаннан кейін. Асанның құмары басылып, далаға ойынға кетуді әдетке айналдырды. Екі жұмадан кейін мүлде қозысы ауырып, өліп қалады. Атасы осы жөнінде айтып, Русланға ризалық білдіріп, "Мал баққанға бітеді", - деді.
Бұл тәсіл оқушылардың тапқырлығын, еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа тәрбиелейді, нақты ой болжамын жетілдіреді. Оқушылардың осы ойы арқылы сөздік қоры молайып, байланыстырып сөйлеу қабілеттері дамыды. Мәтінді жоспарлау, қорыту, сөйлемдерді байланыстырып жазу дағдылары жетілді.
Берілген бір сөзді қатыстырып мақал құрау тәсілі.
"Мақалды тап" ойыны.
Мұғалім сынып оқушыларын екі топқа бөледі. Әрбір топтың алдына келіп, бір сөз айтады. Қай топ осы сөз кіріктірілген мақал-мәтелдерді көп тапса, ұтқан болып есептеледі. Мысалы, мұғалім бірінші топтың алдына келіп, тіл деді, оқушылар тіл туралы мынадай нақылдар айтады:
1. Өткір тіл-дарын,
Ұзын тіл-жауың.
2. Тіл-тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Келісті сөз алтын,
Жемісті жұмыс алтын.
4. Тоқсан ауыз сөздің
Тобықтай түйіні бар т.б.
Мұғалім екінші топтың алдына келіп, еңбек деді. Оқушылар еңбек туралы бірнеше мақал-мәтелдер айтты:
1. Ердің атын еңбек шығарар.
2. Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.
3. Еңбегімен танылсын
Ердің алтын тұлғасы.
4. Еңбекті сүйгенді ел сүйеді.
5. Егін ексең тыңға,
Шықтым дей бер шыңға т.б.
Осындай ойындар арқылы оқушылар сөз қадірін түсінуге дағдыланып, сөздік қорлары молаяды. Мақал-мәтелдерді табу оқушылардың тілін дамытумен қатар олардың әсерлі сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады. Оқушылардың сөйлеу тілінде мақал-мәтелдер көп болса, олардың тілдік қарым-қатынасқа түсу түрткілері артады. Сөйлеушінің сөзінде орынды қолданылған мақал-мәтелдер тыңдаушыға да әсер етеді. Нәтижесінде сөйлесіп тұрған адамдардың арасында жағымды жағдай қалыптасады.
Мақал-мәтелдердегі түсіп қалған сөзді орнына қою тәсілі.
"Сөзді тап" ойыны. Мұғалім оқушыларға бір сөзі түсіп қалған мақал-мәтелдерді таратып береді. Мысалы, Су ішкен ...түкірме. Ауру қалса да ... қалмайды. Қайтып кірер ... қатты жаппа. Екі ...таласса, бір қарғаға жем болар. Бірлік түбі- ... тірлік. Тозған ...топтанған қарға алады деген мақал-мәтелдер жазылған кесте қағаздар таратылып беріреді. Әр оқушы өз кеспе қағаздарындағы
мақалдарды қалып қойған сөздерін тауып дәптеріне жазады. Мұғалім орындаған жұмыстарын тексеріп, бағалайды. Дұрыс әрі жылдам орындаған оқушы ұтқан болып есептеледі.
Алғашқы қатары айтылған мақал-мәтелдердің келесі қатарын табу тәсілі.
"Дұрыс тап" ойыны. Мұғалім алғашқы қатары жазылған мақал- мәтелдері бар кеспе қағаздарды оқушыларға таратып береді. Мысалы,
1. Жақсы байқап сөйлер
.....
2. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ,
...
3. Жаман аттан аяғым артық.
...
Оқушылар мақал-мәтелдердің екінші қатарын жазып, мұғалімге апарады. мұғалім дұрыс әрі тез шешкен оқушыны бағалайды.
Мұндай ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын жетілдіреді.
Сөз жұмбақ ойнатамын.
1. Республикамыздағы бір өзеннің аты батыр сөзінің синонимі мен бастағы бір мүше атынан құралған. Ол қай өзен? (Ертіс)
2. Өздерін оқыған бір жұмбақ төрт сөзден құралған. Оның бірінші сөзі- сарай сөзінің синонимі, екінші сөзі-астында сөзінің антоноимі, үшінші сөзі-ірі сөзінің антоноимі, төртінші сөзі-тау жынысты қатты заттың аты. Ол не деген жұмбақ? (үй үстінде ұсақ тас).
Ойын ойнаған оқушының тілін дамыту үшін қазақ тілі сабағында талдау алгоритімі ойының ойнаттым.
Талдау алгоритімі
1. Ақ
2. Полисемия көп мағыналы:
3. Ақ - түстік ұғым
Ақ - сүт тағам
Ақ - таза адал
Ақ - істің дұрысы
Ақ - босаға
Ақ - дастархан
Ақ - жауын
Ақ - боран
4. Омонимдік қатынасы
Ақ - түс ұғым (сын есім)
Ақ - сүт тағам (зат есім)
5. Синонимдік қатынас
Ақ, мөлдір, таза, тұнық. Мысалы: Ақ дастархан, мөлдір бұлақ
6. Антонимдік қатынасы
Ақ - қара
Мысалы: Ақ ниетті адам
Қара пейілді адам
7. Тұрақты тіркес
Әдемі - ақ.
Мен өз сабағымда мақал-мәтелдердің теориялық жақтарына, олардың бір-бірінен айырмашылықтарына ден қоймай-ақ, тәрбиелік мақсатта жиі қолданамын. Қазақ халқының би, шешендері бір ауыз ұтымды сөзбен, оралымды, келісті мақал-мәтелдермен небір үлкен дау-дамайларды шешкен. Сондықтан да мақал-мәтелді үйрену , оның мағынасын түсіну оқушыларды қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдеп-ғұрпын түсінуге, шебер де әдемі сөйлеуге үйретеді.
Мақалдар: "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді ", "Адам көңілді болса, ісі де өнімді болады"
Мәтелдер: "Апама жездем сай", "Асатпай жатып, құлдық деп".
Мақал- мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілінің өткірлігі, мағынасының тереңдігі.
Осындай мақал -мәтелдердің мағынасын талқылаудан бастаған сабақ ары қарай жүйелене береді. Абайдың алыптығын сезінген, мұңын ұққан, Мағжанның сұлу жырына сұқтанған, Мұхтардың дарын қуатына таңданған, Махамбеттің қасіретіне жүрегі сыздаған, Мұқағалиды жаны елжіреп жақсы көрген бала бөтенге еліктемейтін, өз асылының қадір-қасиетін ұғып, бағалай білетін, өзін- өзі сыйлай білетін азамат болып өсері анық.

Қорытынды:

О.Бальзактің "Ұдайы еңбек ету - өнердің де өмірдің де заңы" дегендей ойын арқылы оқыту оқушылардың белсенділігін арттыру мұғалімге үнемі ізденуді, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Ойын- тиімді тәсіл. Оқушылардың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде ойындар тиімді нәтиже берді.

Пайдаланған әдибеттер:

1. А. Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы. Ана тілі 1992 448-6
2. Қазақстан мектебі 4-2008 32-33бет.
3. Қазақстан мектебі 3-2008 58-60 бет
4. Қазақ тілі мен әдебиеті 6-2006
5. Қазақстан мектебі 5-6-2007.
6. Қазақстан мектебі 9-2002 13-14 бет



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту., баяндама Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту., қазақша баяндама Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту., баяндама Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабіл, Баяндама: Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту