Баяндама: Рефлексивті есебі: тізбектелген төрт сабақ бойынша өзгеріс

Баяндама: Рефлексивті есебі: тізбектелген төрт сабақ бойынша өзгеріс казакша Баяндама: Рефлексивті есебі: тізбектелген төрт сабақ бойынша өзгеріс на казахском языке


Ақтөбе облысы, Шалқарқаласы,
№6 орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Керимова Нұргүл Кәрібайқызы

«Ешкім де кейін қайта алмайды және өткенді жаңадан бастай алмайды, бірақ кез -келген адам бүгіннен бастай алады және жаңадан аяқтай алады» деген екен Мария Робинсон. Осы даналықты ақыл таразысына сала отырып, өзімнің тоғыз жыл мұғалімдік қызметімнің бір сарында өтіп жатқаны ойландырды. Олай болса осы Кембридж тәсілінің менің жұмысыма айтарлықтай өзгеріс енуіне бірден - бір себеп болғаны көңіл қуантады. Бірінші бетпе - бет кезеңде алған теориялық білімімді тәжірбиеде өткізген тізбектелген төрт сабағымда барынша тиімді пайдалануға тырыстым. Егер осы тәсілді өз мәнінде пайдалана алсам, бұрынғы дәстүрлі сабағымнан жаңа тәсілдің ұтары көп екені айдан анық болды. Олай болса дәстүрлі сабақ пен Кембридж тәсілін салыстыруда жаңа тәсілдің таразы басын басатыны анық. Алғашқы сабағым топқа бөлуден бастап өзгерді. Әдетте топқа бөлуді дәстүрлі білім беру кезеңінде ашық сабақтарда ғана пайдаланатынымыз жасырын емес. Мен де балаларды бөлу барысында барынша түрлендіруге тырысып бақтым. Алғашқы топқа «Абай» тобы, «Шәкәрім» тобы, «Ахмет» тобы, «Мағжан» тобы деп төртке бөлдім. Оқушылар қолына түскен шығарманың кімнің шығармасы екенін тауып, сол әдебиет өкілінің атымен аталған топқа баруы керек. Бұлай етіп бөлудегі мақсатым өткен шығармаларын бір мәрте естеріне түсіру. Әрине барлық бала қолына түскен шығарманың әдебиеттің қай өкілінікі екенін тез таба қойған жоқ, оқушылар бұрынғы әдеттері бойынша менен сұрап келді, мен көшбасшылық ұстанымымды алға тартып өздерінің ізденуіне жол сілтедім. Кейбір балалар тез арада оқулықты пайдаланса, кейбір балалар дәптерлеріне жазған мәліметтерінен алды. Бұл орайда мен көздеген мақсатыма өзгерістер арқылы жайлап қадам бастым деп ойладым. Екінші сабағым Әбіш Кекілбаевтің «Шыңырау» әңгімесі тақырыбында өтті. Бұл жерде жаңа тақырыппен байланыстыру мақсатында жер бетіндегі су аттарымен бөлдім. «Өзен» тобы, «Көлдер» тобы, «Арал» тобы, «Теңіз» тобы деп. Балалар бұл жерде Қазақстандағы су түрлерін тез арада ажыратып, топтарына жинақтала қойды.
«Баланы оқытудың мақсаты - оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз - ақ дамуға қабілетті ету» Эдгард Хобард. Осы сөзді көңілге тоқи отырып, балаларымның менің басшылығыммен өздерінің білім алуын көздедім. Көздеген мақсатыма жету үшін Сыни тұрғысынан ойлау модульінің әдісін «Біреуі үйде, үшеуі қонақтаны» пайдаландым. Дәстүрлі сабағымызда бір баланы тақтаға шығарып, әңгіме мазмұнын барлық класқа тыңдататынбыз. Бұл әдіс арқылы балалар үшеуі қонаққа кетіп, біреуі үйде қалып, қонаққа кеткендер үйреніп келгендерін өз жанұясына түсіндіреді. Бұл жердегі өзгерісім жақсы оқитын бала да, үлгерімі төмен бала да бір - біріне әңгіме мазмұнын баяндайды. Мазмұндай отырып өздері де тереңірек түсінеді. Яғни сөйлемейтін бала болмайды. Кембридж тәсілінің тиімді тұстары көп, соның бірі барлық баланы сөйлету, яғни сыныпта үнсіз бала болмайды. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ бұрынғы сабақтарымызда бес – алты бала, әрі кетсе сегіз – тоғыз бала сөйлейтін, Кембридж тәсілінде топтағы балардың барлығы дерлік кез – келген тапсырмада өз үлесін қосады. Осыдан соң оқушылар тақырып бойынша өз беттерімен жинап келген мәліметтерін ортаға салды. Балалар оқулықтан тыс деректерді бұрыннанда жинап келетін, алайда ол жұмыс түрін тек мен ғана тексретінмін. Жаңа тәсіл арқылы балалар кім қаншалықты мәліметті көп жинады және қаншалықты дереккөздер маңызды, осы критерилер бойынша топ ішінде содан соң топ арасында өздері талқылады. Бұл әдістің де тиімділігі осы жерде ұтымды болды. Әр топ бір-бірін екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалады. Бағалау кезеңінде де балалар тілек айтуда алдарына жан салмаса да, жұлдызға келгенде тосылып қалып жатты. Ол кездерде өзім жанамалап түсіндіру арқылы, жетектеп отырдым. Алайда оқушылар екі – үш сабақтан кейін екі жұлдыз бір тілек айтуда ысыла бастады. Осыдан кейін тақырыпты қорытындылау мақсатында «Кластер» әдісін пайдаландым. Бұған дейін «Топтастыру» стратегиясын пайдаланатынмын. Тақырып бойынша жұмысты күрделендіру мақсатында «Кластер» әдісіне көштім. Оқушылар өз дәптерлеріне тақырып бойынша не білетіндерін жазды, содан соң топ болып постер жасады. Бұл жұмыстың түрінде оқушылардың топтық жұмысқа деген қызығушылығы артқаны байқалды. Себебі түрлі –түсті стикерлер, қызылды – жасылды маркерлермен жұмыс жасау алтыншы сынып балаларын айтарлықтай қызығушылығын оятып бір мақсатта жұмыс жасауға жұмылдырды деп ойладым. Постер жасауда алғашқы сабағымнан бастап оқушылардың жұмыс жасауында ешқандай қиындық болған жоқ деп айтуыма толық негіз бар. Себебі топтар арасында бәскелестік басым болды. Бірлесіп жұмыс жасауда мынадай тиімділіктер болды: біріншіден – топ ішінде ұйымшылдық бар; екіншіден – топтар арасында бәсекелестік басым; үшіншіден – жинақтаған мәліметтерін тиімді пайдалана білді; төртіншіден – эстетикалық талғамын жетілдірді. Мағынаны ашу кезінде Әбіш Кекілбаевтің «Шыңырау» әңгімесін өткенде «Тоғысқан пікірталас» әдісін пайдаландым. Пікірталасты бұрынғы сабақтарымызда дебат түрінде өткізетінмін және балалар алдын – ала дайындалып келетін яғни жаттанды сөздермен өткізетінбіз. Сыни тұрғысынан ойлау модулінің мына әдісі бойынша пікірталасым мүлдем басқа формада өтті. Сонымен қатар айтарлықтай жемісін де берді. Мен ортаға «Еңсептің құдық қазу кезіндегі өлімі қаншалықты әділ?» деген сұрақ тастадым. Осындай проблема тудыру мақсатында балаларды пікірталасқа тарттым. Нәтиже мен күткеннен де жақсы болды. Себебі балалар жаңа тақырыпты сол сабақта меңгеріп, ізе – шала пікірталасқа қызу кірісіп те кетті. Тартыс кезінде қарсыластар бірінің пікіріне бірі қарсы шығып, қызу тай –талас өтті. «Тоғысқан пікірталас» әдісін өткізудегі ұтқаным балалар бір – бірінің пікіріне қарсы шығып, шығарма бойынша өздерінің де білімдерін толықтыра түсті. Сонымен қатар пікірталасқа әдеттегідей дайындалып келмесе де, жоғары деңгейде өтті.
«Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деген ұлы ойшыл А. Дистервергтің сөзіне сүйенсек бұрынғы дайын білім беру үрдісін өзгерту мақсатындағы жұмыстарымның бірі сабақты қорытындылау кезінде «Алты телпек» әдісі бойынша өз көзқарастарын білдірді. Сары телпек алған Ардақтың тобы әңгіменің басты кейіпкері Еңсептің бір өзінің құдық қазуы сәтті өтті десе, Қара телпек алған топ Еңсептің сол құдықтың ішінде өлуі сәтсіздік деп тапты. Көк телпекпен жұмыс жасаған Бектұрдың тобы бұл жердегі проблеманың су екенін, су тіршілік көзі дей келе адам өмірінде алар орны зор екендігін баса айтты. Де Бенонның алты телпегін осылайша пайдалана келе сұйықтың өмірдегі алатын орны ерекше екенін оқушылар жете түсінді. Бұл тұста да балалар өз ойларын телпектер арқылы ашық айтып, сабағымызға өзгешелік енді деп ойлаймын.
Мұхтар Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы туралы сабағым тізбектелген төрт сабақың үшіншісі болды. Сабақ жазушының шығармашылығымен таныса отырып , қосымша деректер жинақтау, өз бетімен ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Мағынаны тану кезінде «Түртіп алу» әдісін пайдаландым. Әр топ мүшелері таратылған беттерге «v»- маған таныс; «+» - мен үшін жаңа; «-»- мен білетін түсінікке сәйкес келмейді; «?»- бұл туралы тереңірек білгім келеді. Бұл жерде оқушылар оқулықтан және ғаламтордан алған материалдары бойынша жұмыс жасайды. Бұл әдістің де өзгешелігі сол өз бетінше оқыған мәтіннің нәтижесін әкеліп жұпта, сосын топта талқылайды. Бұрын шәкірттерім мағынаны тануда әрқайсысы бөлек – бөлек тақтаға шығып түсінгендерін айтатын болса, мына әдіс арқылы топ мүшелері болып талқылады. Одан кейін мағынаны ашуға кірістік. «Кластер» әдісі арқылы жазушы шығармашылығын әуелі әр оқушы дәптерлеріне содан кейін топта, соңында сыныпта әр топ өз жұмыстарын көрсетті. Тақырыпты қорытындылау мақсатында «Автордың орындығы» әдісін пайдаландым. Әр оқушы бүгінгі тақырып бойынша білімдерін дәптерлеріне түсіріп өз жазбаларын автор ретінде аудитория алдында оқиды. Оқып болғаннан кейін аудитория тыңдап сұрақ қояды. Саламат деген оқушым өз жазбасын автор орындығына отырып оқып, сыныптастарының сұрақтарына жауап берді. Оқушының үлгерімі орташа болатын, бұл әдіс арқылы және осыған дейін пайдаланған Осындай өзгертілген әдіс арқылы оқушының жаңа сабақты жақсы меңгергенін байқадым. Саламат сабақта өте жақсы бағаланды, яғни өзгерістің жемісі. Келесі сабағым «Бір атаның балалары» әңгімесі болатын. Сабақтың мақсаты: әңгімені өз бетінше оқи отырып, талдау машығын дамыту, шығарманы композициялық құрылысына талдау. Сабақты шаттық шеңбер құрып, әр оқушы амандасып, ең жақсы көретін ісін және осы күнге бір тілек айтудан бастадым. Бұл жердегі жаңалық оқушыларымның сабақ үстінде бір - біріне тілек айтқаны. Осы тәсіл арқылы мен оқушыларымның бос уақытында немен шұғылданғанды жақсы көретінін аңғардым. Мысалы: ер балалар жағы спортпен шұғылданғанды жақсы көретін болса, қыз балалар бисермен жұмыс жасағанды, тоқыма тоқығанды жақсы көреді екен. Аружан деген оқушы домбырада ән салатынын айтты. Ислам деген оқушымның еркін күрестен бірнеше дүркін чемпион екенін білдім. Осылайша оқушылар өздерінің немен шұғылданғанды жақсы көретінін біліп, арасында бір-біріне уәж айтып күлісіп те алды. Күлкі балалардың көңіл –күйін көтерудің, жүзін жадыратудың тиімді тәсілі болды. Тілек айту барысында оқушылар ұшқыр ой танытып өте жақсы тілектер айтты. Сыныпта тұйық бала Айжұлдыз өзінен кейін тұрған Биғалиға «Бүгінгі күнің сәтті өтсін, сабақтан бестік баға алып кеткін» деген өлең жолдарымен тілек айтты. Мағынаны танытуда оза оқыту әдісін пайадаланып, әрі уақытты үнемдеу үшін өткен сабақта оқушылар келесі сабағымыз бұдан да қызықты өтуі үшін «Бір атаның балалары» әңгімесін үйден оқып келіңдер деген тапсырманы айтқан болатынмын. Оқушылардың барлығы дерлік оқымаса да көпшілігі әңгімені оқып келіпті. Осы жағдайды ұтымды пайдалану үшін шығарма мазмұнымен танысып келген балалар менің тарапымнан мадақтау алып, оқып келмеген оқушыларға түсіндіре бастады. Мадақтау алған оқушылар бір масайрап алып менің айтқан тапсырмаларымды орындауға кірісті. Мағынаны ашу бөлімінде барлық оқушы өздерінің шығарма мазмұны бойынша алған білімдерін ортаға салды. Өзгешілік енгізу мақсатында шығарманы композициялық құрылысына ауызша талдаттым. Дәстүрлі сабақ барысында шығарманы компазициялық құрылысына жазбаша немесе барлық сынып бірігіп талдайтынбыз. Талдауды топ – топ болып оырндады. Осы орайда топтар арасында бәсекелестік туындап, бірінің ойынан бірі асырып түсіргісі келіп тырысты.
«Рафт» стратегиясы арқылы шығарманы ролге бөліп, қойылым көрсетті. Рольге бөлу кезінде оқушылар кейіпкерлерге таласып, шекісіп те қалды. Оқушыларды ынтымақтастыққа шақыру үшін әр рольді жағымды жағымсызына қарамай көрерменге жеткізіп сомдағанда сендіре білу керек екенін түсіндірдім. Бұл жерде сендер әртіссіңдер дегенді де қостым. Ардақ деген сынып лидері «Басқарма басшысының» рольін алғысы келмей, сыныптастарының қолқалауымен іске кірісті. Зигфрид Вольвганг Вагнерді сомдаған Саламат есімді оқушы өзінің сырт келбетінің неміске ұқсайтынын айтып сыныпта бір күлісіп алдық. Қойылымды бастағанда балалар рольге ене алмай күлкіге айналдырған кездер де болды. Екінші рет қойғанда оқушылар жауапкершілікті сезініп әртіс болмаса да ұқсап бағып, бар ынталарымен ойнап шықты. Әсіресе Зигфридті ойнаған Саламаттың рольге енуі шынайы көрінді. Қойылымнан кейін балалар өздері де риза, мен де риза болдым. Осындай тәсіл арқылы шығарма мазмұнын тереңірек меңгерді идеясын түсінді. Бұл жаңа тәсілдің тиімділігі осы жерде арта түсті. Сабағымызды қорытындылауда «Алты телпек» әдісін тағы бір мәрте пайдаландым. Себебі өткен сабағымда бұл әдіс оқушыларыма ұнап телпек арқылы өз көзқарастарын айту оларға тиімді екенін ББҮ әдісі арқылы білген болатынмын. «Сары телпек» алған топтың мүшесі Ержан Ахметтің жетім қалған неміс баласын бауырына басуы қазақ халқына тән мінез екенін және шығарманың өте ұтымды жері екенін айтты. «Қара телпек» алған топ соғыстан кейінгі көп баланың жетім қалғанын аянышпен білдірді. «Қызыл телпек» алған топ әңгімені оқи отырып, жетім балаларды әр адамға зат секілді таратып беріп жатқанда аяныш сезімдері оянғанын айтып өтті. Осылайша сабағымызды қорытындылап, шарықтау шегіне де жеттік. Жалпы сабақтарымды жоспарлауда жаңалыққа жаны жақын балғындарды қайткенде қызықтыруды, жаңа дүниелер арқылы пәнімнің мәртебесін арттыра түсуді көздедім. Мақсатыма жеткенімді екінші бетпе – бет кезеңге кететін уақыттағы оқушыларымның «Апай енді біз сабақты бұрынғыдай өтеміз бе?» деп көңі –күйлерінің түскендігінен байқадым. Оқушыларымның менімен қимай қоштасқандығына қарағанда менің сабағымның ұнағанын мақсатыма жеткенім деп түсіндім.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама Рефлексивті есебі: тізбектелген төрт сабақ бойынша өзгеріс туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Рефлексивті есебі: тізбектелген төрт сабақ бойынша өзгеріс, баяндама Рефлексивті есебі: тізбектелген төрт сабақ бойынша өзгеріс туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Рефлексивті есебі: тізбектел, Баяндама: Рефлексивті есебі: тізбектелген төрт сабақ бойынша өзгеріс