Баяндама: Кембридж бағдарламасымен оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өз өзгерісім туралы

Баяндама: Кембридж бағдарламасымен оқыту мен  оқу  тәжірибесіндегі  өз өзгерісім туралы казакша Баяндама: Кембридж бағдарламасымен оқыту мен  оқу  тәжірибесіндегі  өз өзгерісім туралы на казахском языке


Ақтөбе қаласы,
Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Гулдераим Балагереевна Наурзалина

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.
Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский

Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының әсерi түрліше болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады, олар: тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартулар; оқыту мен оқудың жақсартылған әдiстерi (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 88 бет).
«Қалай оқу керектігін үйрету» модулі оқушылардың білімі мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістер арқылы жүзеге асады (Флейвелл, 1976). Бұл үрдісте оқушылар метатану үрдісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Ал, метатануға когнитивтік үрдістерді білу, түсіну және реттеу немесе олар туралы ойлау, қатесін танып-білу және ойлауды реттеу деген анықтама беруге болады. Метатануды зерттеген Флейвелл жас және ересек балалардың есте сақтау қабілетін зерттей келе, «тәсілдерді пайдалану» және «өнімділік тапшылығы» терминдеріне тоқталып кетті (Нұсқаулық 12 бет).
Осы Кембридж бағдарламасын оқыту курсына келгенде «тренер» деген жаңа терминмен таныстым, бұрын куратор, мұғалім деген сөздер естейтінмін. Екі апталық курсқа келгенде тек пән бойынша оқитынбыз, ал мына үш айлық курстың ерекшелігі барлық пән мұғалімдермен бірлесе жұмыстар жасадық. Осы кезден бастап тренеріміз біздермен танысып болған соң шағын бес топқа бөлді, бұл бөліну де бір ерекшеліктен басталды. Бұдан соң әр топқа қағаздар, бояулар, қайшы, скоч т.б материалдар таратылып берілді, осыдан ақ мен бұл курстың ерекше болатынын білдім. Алғашқы болып топта тапсырма орындағанда нені қалай орындау керек екенін, яғни топтық жұмысты орындап көрмегеніміз білінді. Жұмыс топтарда қызу жүре қойған жоқ, себебі біздер ойларымызды жүйелегенмен арада келіспеушіліктер болды, бірақ жан-жағыма қарап басқа топтардың жұмысын көріп, мен егер былай жасасақ деген ұсыныс арқылы жеттік. Топтарымыз күнбе күн өзгеріп отырды, бұл да жұмысты жүйелендіруге септігін тигізді, себебі араларымызда кім көшбасшы, кімнің қолынан не келетіні белгілене бастады, яғни біздің жұмыс істеуге бейімделушілік немесе өз ойыңды айтқанда оны хабарлаушы жеткізе алмаған жағдайда қанағаттанбаушылық болды. Әр күні түрлі тапсырмаларды орындап өз деңгейімізді аша түстік, ол біреуге оңай берілсе кейбіреулердің тіпті түсінбейтінін, жеті модуль мен технологияны үнемі шатастыратыны көп ойландырды. Топтық таныстырылымды таныстыру кезінде Ардақтың, Жанымгүлдің қорытындылау кезінде айтқан ойлары маған ұнады және шабыттандырды. Тренердің берген тапсырмасы арқылы тәжірибемізде алмасты. Ой бөлістік.
Ең бастысы тренер бұрынғыдай лекция оқымады, тек тапсырманы беріп, қандай да бір шешімге өзіміздің жетуімізге үйретті, бұл оқытудың жаңа бір түрі. Соңғы кездерде педагогикалық технология жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді және нақты жолдарын көрсетеді. Себебі білім жетілдіру курсында алған теориялық материалды іс жүзінде пайдалануға үйретті, яғни қажетті ақпарат алу, бақылау жүргізу, топ мүшелеріне қолдау көрсету т.б талқылауларды, зерттеулерді көрсетті. Жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен, кей жағдайда тренер мұғалімдерге сұрақтар беріп оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болды, мұғалім мүмкіндігін шектемегенін байқадым. Көп жағдайда мектепте мұғалім оқушы ойын басқарады, яғни бағыт беріп немесе жетекшілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей, оқушылардың өз бетінше ойлау мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін мұғалім өзі дайындап, жоспарды беріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек оған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік бермейді. Мәселені түсінбей, маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алмай, өзінше ой қорытып, тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Мәселені ашуда жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады.
Ұжыммен кездесуде курстан алған әсерім туралы, Кембридж бағдарламасының мақсты мен міндеттері туралы қысқаша таныстырып өттім. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымы оң тілек айтып, жұмысыма сәттілік тіледі. Мектептегі тәжірибе 4 сыныппен зерттеулерді жүргізген соң сабағымның орта және қысқа мерзімді жоспар құрудан бастадым. Өз өзімді реттедім, сабақ жоспарларымды қайта-қайта қарап, бұрынғы сабақтарымды есіме түсіріп, жаңаша көзқараспен, алған теориялық білімімнің негізінде үздіксіз жұмыс жасадым, сабақ өткізуде өзгерістер енгіздім. Оқушылар әрқашан жаңалыққа құмар болғандықтан курстан кейін жан-жақты қаруланып сабағыма кірістім. Алғашқы сабақтарымда сәтсіздіктер кездесті, олар оқушылардың топпен жұмыс жасап қалыптаспағаны, өз ойларын топ алдында нақты, дұрыс жеткізе алмауы, оқушылардың өз-өзіне сенімсіздігі, уақытқа үлгере алмауым болды.
Брунер теориясында «Іс-әрекет арқылы оқыту», «сынау және қателер» арқылы оқыту және «жаңалық ашу» ұғымы көптеген елдерде білім беруге қатты ықпал етті (Үлестірме материалдары 61 бет) негізге адым. Білімде жаңалық ашпағанмен курстан алған жаңа әдіс - тәсілдерді өз практикамда қолдандым, ол топқа бөлу, жас ерекшелігіне сай тапсырма беру, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс ерекшілігіне назар аудардым, ең бастысы кейбір маңызды жақтары бұрынғы сабақтарымда маңызсыз деп санап келіппін, өйткені оқушы тек дайын материалды оқып, айтып берсе болды деген түсінікте болғанмын. Оқушыларды сабақ тақырыбына сай топқа бөліп бірнеше жұмыс түрлерін орындаттым. «Шыбық» тақырыбында тал атауларына байланысты, «Қараторғай» әңгімесін өту кезінде құстарға байланысты топқа бөлдім. «Нан туралы өлең» тақырыбында өлеңнің үзінділеріне сай топтасса, «Түлік туралы сабақта» төрт түліктің пірлерімен топтастырдым.
Сонымен қатар әр сабақтан соң міндетті түрде талдау жүргіздім, соның арқасында ертеңгі сабағыма толықтыруды қажет ететін жолдарды таптым. Енді көбіне көшбасшылық жасап яғни тек дайын ресурсты беріп реттеуші рол атқардым, осыдан соң мен топтарды аралап шығып, үлестірме материалды кімге беру керектігін шешуге болатынын сырттай бақылау мүмкіндігін алдым. Әр оқушы өз алдына мақсат қойып, өз беттерінше оқиды. Оқушыға әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар беру барысында оларды орындауына уақыт бөліп, тыңдап, бірін-бірі оқытуына мүмкіндік бердім. Оқытуда оқушылар өздеріне деген жауапкершілікті сезінді, өзіне деген сенімі күшейіп, оқуға деген белседілігі артты.
Үдеріске өздері қатысты. Тренинг өткізген кезде оқушылар өз идеяларын айтып, өздерінше ұйымдастырды. Бірінші сабақта «ақылды терек» тренингін ұйымдастырдым. Психологиялық ахуал оқушыларға жақсы әсер қалдырса керек, сабақ барысында оқушылардың еркін ұстауы, өзара сыйластық деңгейлері, қарым-қатынастары жоғары болды. Сабақ соңында да смаийликтермен де көңіл-күйлерін білдірді.
Жаңа тақырыпты игерту барысында өткенмен байланыстырып, оқушылардың тақырыпты ашуына септігімізді тигізуіміз қажет. Сабақ барысында үй тапсырмасын орындағаннан соң оқушылардың өздері жаңа тақырыпты ашуына байланысты тапсырмалар беріп отырдым. Бұл әдіс оң әсерін беріп отырды. Сабақ кезінде кездескен сұрақтарды, кедергілерді қалай жою керектігін оқушылардың өздерімен пікірлесу арқылы дамытып отырдым. Оқушыларға тақырыпқа қатысты «Сен қалай ойлайсың?» дегендей сұрақтар бере отырып, олардың ойлау деңгейін бақыладым. «Өз жерімізді, табиғатымызды қалай қорғаймыз?» деген сұрақ қойғанымда, олар әртүрлі деңгейде жауап қайтарды. Әр оқушы тәжірибе барысында суреттерді пайдалана отырып әңгімелер құрастыру, эссе, ой толғау жазу олардың сыни тұрғыдан ойлауы дамитынын байқадым. Пән аралық байланыс өте жоғары деңгейде сақталды. «Қараторғай» әңгімесін өту кезінде оқушылар музыкадан өткен құстар туралы әндерін орындап сергіді. Әсіресе ортаға ой тастап отырсам, олардың сабаққа деген қызығушылығымен жауап беру кезіндегі белсенділігі артқанын байқадым. Яғни сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта пайдалану жақсы жетістіктерге жеткізеді деген ойдамын. Балалар күннен - күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander,2008), (Нұсқаулық 51 бет). Мен өз іс-тәжірибемде байқағанымдай оқушылардың пәнге деген, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында келешекте осы әдісті көбірек қолдансам деген ниеттемін.
Тез жұмыс істейтіндер үшін: тапсырманы ерте аяқтаған оқушылар үшін қосымша карточкалар таратып бердім. Менің тәжірибемде бақылауым бойынша шағын топтардың топ жетекшілерімен жұмысты жүргізген тиімді екеніне көзім жетті. Себебі, бір жағынан ол оқушылар өз беттерімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттырады. Сол уақытта ол оқушының сабаққа қызығушылығы артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін түсінеді. Сайтцен Гүлназ, Бердалы Берік, Құрманғали Құралай үнемі тақырыпты алдын ала оқып қосымша тапсырмаларды қызығушылықпен дайындап әкелетін. Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда сабағына ынталы қатысатын болды. Әр түрлі деңгейдегі мүмкіндіктері бар оқушылармен жұмыс істеу туралы рефлексивтік есептемені жоғарыдағы өткен сабақтағы бақылауым бойынша көрсеткенді жөн көрдім.
Ы. Алтынсарин: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі , қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Тақырыптарды өту барысында «көзбен көретін айғақтар» әдісін қолдана отырып оқушылардың есте сақтау қабілеттері дамыды. Әр тапсырма кезінде топтық ереже ескерілді.
1.Топ мүшелерінің белсенділігі.
2.Өзгелердің ойын тыңдау.
3.Танымдық жаңа ой пікірлер.
4.Бір-біріне көмек беру.
5.Уақытты үнемді пайдалану.
6. Тәртіп сақтау.
Әр сабақта бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Топ болып оқушылар қараторғайға ұя жасады. Бұрын әңгімені оқып, түсінгенін айтатын болса, ал қазір тақырып туралы жан-жақты қарастырылды. Тақырып бойынша таныстырылым, эссе, зерттеушілік әңгіме, қос жазба күнделігі т.б бір сабақта бірнеше тәсілдерді қамтыдым. Оқушылар өзара пікірлер мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасады. Жұмыс жасау барысында оқушыларға көптеген сұрақтар да қойылды. Сабақ барысындағы сұрақтар мен жауаптардың нақтылығы маңызды екені түсінікті. Осыны негізге ала отырып, сұрақтарды мейілінше түсінікті тілде өмірмен байланыстыра беріліп, жауаптардың да өзара байланысты болуын қадағалап отырдым. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқартынынын (Нұсқаулық 29 бет) көрсеткендей сабақ кезінде мұғалімнің сұрақ қойғанынан гөрі оқушының оқушыға сұрақ қойғаны дұрыс деп есептеймін. Өйткені оқушылар сыныптасының қойған сұрағына қызығушылықпен жауап береді. Сұрақ жауабы толық болмаған жағдайда «басқа жауап беретін оқушы бар ма?», «кім толықтырады» деп мұғалімнің қайта бағыттауына болады. Егер оқушылардың жауабы дұрыс болмай қалған жағдайда сұрақ қойып отырған оқушы өз ойын ашық білдіріп, мысалдар келтіре отырып, түсіндіріп береді. Яғни оқушылар арасында пікірлесу, әңімелесу, ой бөлісу арқылы сабаққа деген қызығушылық артады, білім беруде қиындықтар мен түсінбестіктері анықталып, жойылады. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясында 4-деңгей: Өзін-өзі құрметтеуге деген қажеттілік жігер-күшке, жетістіктер мен шеберлікке, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады (Нұсқаулық 24 бет) деген үзіндіні алған себебім осындай түрленген топтық жұмыс барысында тұйық оқушым Қайыпқали Ақтолқын ашыла сөйлеп, сабақ барысында үнемі өз пікірін білдіріп отырды. Бердалы Берік өзін-өзі таныта білумен қатар дарындылық, шығармашылық қабілеті одан әрі шыңдалды. Класта көшбасшы бола білді. «Қараторғай» әңгімесі арқылы «Автор орындығы» бойынша «сарапшы» атынан сөз сөйлеуге дағдыланды. «Түлік туралы сабақта» топ ішінде төраға, хатшы, бақылаушы, журналист болып бөлініп әрқайсысы өз жұмыстарын орындады. Дәптермен жұмыс кезінде «Қос жазба күнделігі» , «Еркін жазба күнделігін»де пайдалана отырып жазба жұмыстарын жүргіздім.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады (Нұсқаулық 61 бет).
Венн диаграммасына үй құсы мен дала құсын жаза отырып салыстырды. Автор туралы мәліметпен толық танысты, сабақ соңында білемін, білгім келеді деп өз ойларын жазды. Сабақта мультемедиялық таныстырылымдарды тиімді көрсете білдім және уақытты да үнемдедім. Оқушыларда бір біріне ілесе отырып жұмыс түрлерін орындады.
Бағдаламада бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығаруда, оқудың алға ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданамыз. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Бағалау кезінде Бердалы Берік сабақ бұрынғыдан өзгеше, түсінікті, түрлі тапсырмалар орындадық қызықты болды деп өз пікірін білдіріп сізге де «Үш шапалақ» деп маған ризашылығын білдірді.
Үй тапсырмасы да түрлі деңгейде берілді. «Қайырымдылық жылы жүректен» эссе жазу берілсе, «Жасыл ел» тақырыбында ой толғау орындаса, «Түлік туралы сабақта» сюжетті диафильм орындап үйренді.
Өзгеріс оңай емес, оны сезіну маңызды оқушыларымда курсқа дейін класта бәсекелестік болғанмен ынталандыру қиын, тапсырмаларды менің басқаруымен орындаса, курстан кейін топтық жұмыстың барысында ынтымақтастық орнай бастады, тапсырманы шамаларына қарай орындады, еркін ой айта білуге тырысты. Бұрын сабақтың көп бөлігін түсіндірумен өткізетін болсам, алдағы уақытта бағыт беріп, өзара түсіндірудің бірнеше жолдарын жүргізем. Бұған дейін де түрлі тәсілдерді қолданатынмын бірақ, жүйелі болмайтын, тәжірибе барысында қолданған тәсілдерді саралауға, қорытуға бейімделдім.
Міне осындай бақылау, байқаулардан соң менің ұсынысым мынадай:
-сабақ жоспарын оқушылар тілегіне сай өзгертіп отыру;
- кіммен топта жұмыс істеуін өзінің қалауына мүмкіндік беру;
-тапсырманы орындау әдістерін өздері таңдай алатындай жағдай туғызу;
-жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік беру;
- тілегі мен ынтасын ескеру;
Осы жоғарыда атаған жағдайды білім алуда қолданатын болсам, яғни өз сабақтарымда жеті модульді қолданып жұмыс жасасам сапалы білім мен саналы тәрбиеге жетуге болатынын курс барысында үйрендім. Менің өз әріптестеріме айтарым жаңашыл мұғалім болайық деймін, еш үрейсіз осы жеті модульді іс тәжірибемізде қолданайық.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. Alexander, R., (2004).Диалогтік сөйлесуді оқыту: сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну.Сambridge: Dialogos UK.
3 Mercer, N., ( 2000). Cөздер мен сана: бірлесіп ойлану үшін тілді қалай қолданамыз? London :Sage.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама Кембридж бағдарламасымен оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өз өзгерісім туралы қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, Кембридж бағдарламасымен оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өз өзгерісім туралы, қазақша баяндама Кембридж бағдарламасымен оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өз өзгерісім туралы, баяндама Кембридж бағдарламасымен оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өз өзгерісім туралы, баяндама Кембридж бағдарламасымен оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өз өзгерісім туралы қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технология, Баяндама: Кембридж бағдарламасымен оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өз өзгерісім туралы