Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау» модулінің қалай және неге енгізілгені туралы

Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау» модулінің қалай және  неге  енгізілгені туралы казакша Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау» модулінің қалай және  неге  енгізілгені туралы на казахском языке


Байғанин ауданы Тобық Жармағанбетов орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі Жаңбырбаева Амангүл Ақмұратқызы

«Бала деген гүл, оған суды қалай
құйсаң, ол солай қарай өседі».
( В.А. Сухомлинский )

Елбасымыздың жолдауында «XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялы ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады» - деп сапалы білім беруге ерекше назар аударылып отыр. «Мұғалімге арналған Нұсқаулықта» сыни ойлау туралы мынадай тұжырым жасалған: «Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы шығуға немесе баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуды, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқа да сынилыққа баулуды білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады: Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін. Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады. Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді (Мұғалімге арналған Нұсқаулық 6-бет.)
Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға сабақ барысындағы кез - келген мазмұнды сын тұрғысынан ойлап,демократиялық қоғамда өз көзқарасы,пайымдауы бар,өз-өзін жетілдіріп отыратын,айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап,жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжірибесін сабақтарда қолданудамын. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға сабақ барысындағы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
«Сын тұрғысынан ойлау жобасының» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп санаймын.
Сабақ барысында осы жобамен жұмыс жасау барысында байқадым. Жобаның ішкі құрлымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңдердің мақсаты мен міндеті: Қызығушылықты ояту болса мен мектеп тәжірибесі кезінде Қазақстан тарих пәні бойынша 3 а сыныбында өткізген «Әдет ғұрып» атты сабағымда оқушыларды тақырып бойынша топқа бөліп, «мен сізді таныстырғым келеді» деп оқушылардың кімді-кім қалай танитыны барысында өздерінің бір-бірін қаншалықты белетіні айтылды. Осыдан соң сыныпта жағымды ахуал қалыптасты. Оқушыларда еркіндік пайда болды.
Біз баламалы мүмкіндіктер заңдылығына және адамдардың тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі білім жиынтықтары мен ойлау нормаларын үйрету арасындағы шиеленіскен қатынастарды реттеу тәсілдерін қарастыруымыз керек (Мұғалімге арналған Нұсқаулық, 51 бет). Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Осылайша мен тізбектелген сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау модульінің көрініс тапқанын бағдарладым, бір қызығы мен әуелі қысқа мерзімді сабақтарымды жоспарлағанымда, орта мерзімді жоспарымды жинақтағанымда - модульдерді қалай көрсетсем деген ой болды. Ал, сабағымның мақсатына жету үшін құрған тапсырмаларымның үйірінің тиімді болуының нәтижесінде модульдердің өзінен-өзі-ақ көрініс тауып жататынын көрдім. Ал, осы бір модульдік есепке таңдап алған сыни тұрғыдан ойлау модульі қазіргі талапқа сай жоспарланған сабақ болса, іздетпестен-ақ сабағыңызда үстемдік құрары хақ. Ол үшін, әрине, мен ойлаймын сыни тұрғыдан ойлаудың екінші қыры - мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдылық пен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер: білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны; қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технолгияларын дамыту керек (Мұғалімге арналған Нұсқаулық 52-бет) деген нұсқаулықтағы теориялық ой менің ішкі ойларыммен үндестік тапқандай. Менің ойымша да оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін ықпал етуші күш ол сыни тұрғыдан ойлауды реттей алатын мұғалімнің ықпалы. Бұл дегеніңіз сыни тұрғыдан ойлаудың білім беру бағдарламасында туындаған қажеттілігінің нәтижесі. Мұғалім осы жайтты жадында ұстауы шарт.
«Қол өнер» тақырыбы бойынша оқушылар топтық таныстырылым жасады, топтық таныстырылым кезінде дәстүрлі сабақта көп араласпайтын Қуаныштың да суретке деген қызығушылығын байқадым. Дарынды тұлғалы оқушым Амангүл топтық таныстырылымда бес жолдық өлең шығарып таланттылығын көрсете білді. Топтық таныстырылым кезінде оқушылар топтық бағалау, екі жұлдыз бір тілек арқылы Әйгерім таныстырылымның мазмұндылығы мен жүйе сақталғанын айтса, Саламат рәсімделуіне әлі де мән беру керек деп пікірін білдірді. Оқушылардың сыни ойларының қаншалықты деңгейде екенін анықтау барысында «кері байланыс» әдісін қолдандым. Онда оқушылар өткен тақырып бойынша жуан және жіңішке сұрақтар әзірледі. Сабақта баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға Қасым хан туралы басқа да ойлары жазуды ұсындым. Оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын сабақ соңында өз пікірлерін білдім.
Келесі сабағым «Киіз үй» тақырыбы бойынша ассосация жұмысы жүргізілді. Ассосацияны Әлібек түсіндірді. Бұл жұмысты басқа оқушылар тыңдады толықтырды. Үй тапсырмасы деңгейлік тапсырма арқылы тексерілді, бағаланды, бұл тапсырма кезінде Айжанның таланттылығын байқадым, өйткені бұл оқушым өте тұйық болатын. Осы сабағымда рөлдік тапсырма беруді мақсат еттім. Оқушыларға рөлдік ойынға ену негізінде тапсырма берілді. Рөлдік ойын оқушыларыма жақсы ұнады. Бұл сабағымда оқушылардың барлығы рөлдерге енді. Ержан мен Айгерімнің таланттылығы жоғары көрінді. Бұл сабағымда оқушыларыма ішкі-сыртқы шеңбер ұйымдастырылды. Оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, бір-бірін тақырыпты қаншалықты меңгерні тексерілді, бағаланды. Оқушылар жұптасып жұмыс жасау барысында Хақназар хан туралы ойларын дәптерге жазды, екеу ара бірінің жұмысын бірі тексеріп, толықтырды. Оқушылар үй тапсырмасы бойынша деңгейлік тапсырма арқылы бағаланды, бұл тапсырма кезінде Айжанның таланттылығын байқадым, өйткені бұл оқушым өте тұйық болатын. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау деген негізге сүйене отырып, сабақ кезеңдері бойынша әр оқушы әр түрлі деңгейде шыңдала түсті.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету. Бұл технология сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді:
1- кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әр түрлі әдіс – амалдары қарастырылады деген. Сыныптағы дарынды оқушыларым: Ержан, Амангүл, Дәулет үшінші сабақты өту кезінде сынып оқушыларын өздері топтастырды. Олар топтарды хан аттарымен байланыстырып бөлді.
Екінші кезеңді іске асыру үшін бірнеше әдіс – тәсілдер бар. Олар болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, білемін, білгім келеді, сұрақ қоя білуді үйрету, өзара оқыту, топпен болжау, топпен зерттеу, т.б. Осы әдіс – тәсілдерді қолдану бұл кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс - әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. Дәулет сабақтың болжау кестесін құрды. Білемін, білгім келеді әдісі бойынша оқушылардан сабақтың басында сұралды. Білетін оқушылардың ойлары тыңдалды. Білгім келеді деген оқушыларға тың ақпараттар ұсынылды. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды тұжырым жасады. Осы сабақта топтық зерттеу жұмысы жүргізілді. Әр топ бойынша үздік зерттеу жұмыстары жүргізіліп, бағаланды. Әйгерімнің жүргізген зерттеу жұмысы мазмұнды толық, қызықты болды.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Дәптермен жұмыс кезінде сәйкестендіру, толықтыру тест жұмысы жүргізілініп бағаланды. Сабақты қорытындылау барысында алты қалпақ әдісін қолдандым. Ақ қалпақ бойынша оқушылар тарихтағы айғақтарды жинады, қызыл қалпақта оқушылар әдет ғұрыптар заңдар жинағына шолу жасады. Көк қалпақта оқушылар хандардың өмір сүру кестесін айтты. Жасыл қалпақты оқушылар Бұхар-қазақ қатынасы туралы ой айту және кесте бойынша таныстырды. Қара қалпақ Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы саяси тартысына шолу жасады. Сары қалпақ Қазақ –өзбек соғысы туралы қосымша дерек көздеріне тоқталды.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай –ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой –пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді білуінде қамтиды (Мұғалімге арналған Нұсқаулық 7 бет.)
Күтілетін нәтиже: сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты арттырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді. Яғни осы жерде мен өз ойымды нұсқаулықтағы қағидамен дәлелдегім келеді. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады (Мұғалімге арналған Нұсқаулық 54-бет) .

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. Alexander, R., (2004). Диалогтік сөйлесуді оқыту: сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну.Сambridge: Dialogos UK.
3 Mercer, N., ( 2000). Cөздер мен сана: бірлесіп ойлану үшін тілді қалай қолданамыз? London :Sage.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Кембридж бағдарламасы бойынша «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау» модулінің қалай және неге енгізілгені туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Кембридж бағдарламасы бойынша «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау» модулінің қалай және неге енгізілгені туралы баяндама, баяндама қазақша «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау» модулінің қалай және неге енгізілгені туралы баяндама, Кембридж бағдарламасы бойынша «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау» модулінің қалай және неге енгізілгені туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдеби, Баяндама: Кембридж бағдарламасы бойынша «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау» модулінің қалай және неге енгізілгені туралы