Баяндама: Әдептілік-әдемілік

Баяндама: Әдептілік-әдемілік казакша Баяндама: Әдептілік-әдемілік на казахском языке


Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы,
Қандыағаш қалалық
№2 орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі
Шамуршанова Айгүл Аблазиқызы

Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу +тәрбие беру туралы ой пікірлері. "Тәрбие жетекші", "жан жүйесі","жаңа ауыл" атты еңбектерінде жан-жақты көріне береді.
Жас баланың нәресте, балдырған кезіндегі адам болып қалыптасуы 1-5 жастың арасы десек 6-10 жастағы бала әдептілік негіздерін үйреніп, оның терең ұғымдарын қалыптастыру.
Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ,асырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім- тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі- баларды сыпайылылыққа , кішіпейілділікке, ізеттілікке, мейіріміділікке, қайырымдылыққа баулу. Қазақ халқының жас ұрпақты инабаттылыққа, әдептілікке үйрететін тәлілімі мен рәсімдері көп. Солардың бірі- сәлемдесу рәсімі.
Халқымыз ежелден-ақ сәлемдесуге ерекше мән берген, тәрбиені амандасудан, есен-саулық сұрасудан бастаған. Адам үшін әрбір күн немесе әңгіме сәлемдесуден басталуға тиіс болған. Дұрыс сәлемдесу:"мен сені аман-есен кезіктіріп тұрмын. Өз басым саған амандық, саулық, бақыт тілеймін"деген ойды білдіреді.
Қазақ салтында үлкендерге "Сәлеметсіз бе?","Аман-есенсіз бе?' немесе тәуліктің мезгіліне қарай "қайырлы таң","қайырлы күн","қайырлы кеш"немесе "кеш жарық" деген сөздер айтып амандасады. Ал балалар "Сәлемет пе, Талғат" немесе "кездескенше, Айжан" деп тек достарымен ғана еркінси амандасуына болады.
Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады. Үйге немесе сынып бөлмесіне кірген адам қатысып отырғандармен (іштегілермен) бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқан адам қалушылармен бірінші болып қоштасады. Бұл жерде кіруші мен кетуші жөніндегі ереже қыздарға да, ұлдарға да қатысты.
Көпшілік орнында, мәселен, асханада, театрда, кинода т.б. жерлерде танысыңмен бас иіп немесе қол беріп амандасқан жөн. егер сенің серігіңмен амандасса, саған таныс болмағанмен, сен де оның сәлеміне жауап қайтаруың керек.
Сыпайылықтың тағы бір айғағы сәлемдескен кезде орнынан тұрып, ізет білдіру. Мектепте оқушылардың мұғаліммен орнынан тұрып сәлемдесуі- әдептіліктің белгісі. Халқымыздың дәстүрлерінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлінген. Әрбір қазақ отбасында жас баланы сәби кезінен үлкендермен қол алысып амандаса білу дағдысына тәрбиеленген. " Ағаңа қолыңды беріп амандас", "Көкеңнің қолын ал", деп жатады ата-ана. Ондай кездерде үлкендер де "таудай бол", "Үлкен жігіт болып өс" деп балалардың қол алуға деген ынта-ықыласын арттыра түсіп, мерейін өсіріп тастайды.
Қол алысу әрқашан да достық белгіні білдіруге тиіс және екінші адамның қолын ауыратындай қатты қыспау керек. Қолды селқос, сұлқ ұсына салу дұрыс емес. Тамақтанып отырған кезде ас үстінен қол ұсынбайды. Қолғапты, бас киімді шешіп амандасу - адамдарды құрметтегендіктің белгісі. Әдептілік қағидасы бойынша, қыз балаларға, егер, олардың қолғаптарының, бас киімдерінің қайтып киілуі қиын болса, оны шешпей-ақ амандасуларына болады.
Ал мектепте, мәселен, бастауыш сыныпта сыныптан тыс тәрбие жұмысын жүргізу жоспарында: 1 Қалай амандасу керек, 2 кімнің бірінші болып амандасуы керек, 3 қандай жағдайда орнынан тұрып амандасуы керек, 4 қол алысуы, 5 кіммен, қай жерде сәлемдесу керек т.с.с. нақтылай тақырыптар беріліп, қыздар мен ер балалардың сәлемдесу ерекшеліктеріне көңіл бөлініп отырған жөн. Сонымен қатар "Атамекен" ұлттық ғылыми-тәлімдік рухани танымдық бағдарламасы бойынша құрылған. Ұлттық тәлім тәрбие орталығының негізі бағыттарындағы "Аталар", "Әжелер" мектебінде жүйелі түрде үйретіп отырса, үйірме жұмыстарында сахналық көріністер көрсетіп тұрса құба-құп болар еді.
Қорыта айтқанда, болашақ ұстаздар мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардағы сәлемдесуден басқа да әдеп тәрбиесінің қыры мен сырына қанық болу керек. Назар аударатын басты мәселе - отбасы, балабақша, бастауыш мектеп арасындағы бірлікті нығайтып, жас өспірімдердің ой-өрісі мен қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, әдеп тәрбиесін ғылыми негізінде кешенді түрде жүргізу керек.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама Әдептілік-әдемілік казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Әдептілік-әдемілік, баяндама Әдептілік-әдемілік, баяндама Әдептілік-әдемілік казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Әдептілік-әдемілік, баяндама Әдептілік-әдемілік, Баяндама: Әдептілік-әдемілік