Баяндама: Баланың бас ұстазы-ата-ана

Баяндама: Баланың бас ұстазы-ата-ана казакша Баяндама: Баланың бас ұстазы-ата-ана на казахском языке


Облыс, аудан, ауыл Қарағанды облысы,Октябрь ауданы
№76 Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББОМ
Какимова Жибек Муратовна

Бүгінгі жастарды жетілгеп азамат етіп тәрбиелеу отбасы жауапкершілігін тағы да арттыра түсуде.Себебі,балаға саналы тәрбие өмірге келген күннен бастап,сол өзі туған отбасынан бойына сіңіреді. Қазіргі мектеп қоғамыздың білімді,саналы адамгершілігі жоғары азаматтарын оқытып,тәрбиелеуде. Сондықтан,бұл бағыттағы жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру үшін өзім жетекшілік ететін сыныпта ұрпақ тәрбиесіндегі отбасы ролін басты назарда ұстадым.
Отбасы-шағын мемлекет.Қоғамдағы отбасы екі қызымет атқарады.Оның бірі –дүниеге ұрпақ әкелу,екіншісі-дүниеге әкелген сәбиді өсіріп,өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,тұлға ретінде қалыптастыру. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз,сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында кішіпейілділік,қайрымдылық адамгершілік,ізгілік,батырлық,отансүйгіштік,т.б қасиеттер болу керек.Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар- ұят,адалдық,руханият,адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет.Жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірбиесі бар,сол мол тәжірбиені пайдалануға тырысып,ең бірінші жаны таза,адамгершілігі мол,парасатты,халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеуді мақсат етіп жүрміз.Себебі,ұлы бабамыз Әл-Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген екен.М.Жұмабаевтің пікірінше тәрбие саласынд төрт түрге бөлуге болады,олар:Жан,ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-қылық тәрбиесі.Баланың бойына басынан сіңген мінезді қайтадан түзету қиындық келтіреді. Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді,демекші бала мінезін қалыптастыруда отбасы мүшелерінің әсіресе,әке-шешенің ықпалы күшті болу керек Отбасы-адамзат бесігінің тербеткен ұя болса баланың бас ұстазы-ата-ана.Әкеден ақыл,анадан мейірім алады.Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын,мейрімділігін қажет етеді,ол ата-ананы өмірдегі тірегі санайды.Бала тәрбиесінде ата-ананың іс- қимыл әрекетінің өзі шешуші роль атқарады.Ата-ана тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету,бұйыру арқылы іске асырылмайды.Тәрбие әр сәтінде іске асады.Тәрбие-сіздің қалай киінетініңіз,өзгелермен қалай сөйлесетініңіз,олар туралы не ойлатыныңыз.Осы іс-әрекеттеріңіздің тәрбиесі балаңыз үшін маңызды.Тіпті бала дауыс екпінінің өзгеруін де сезінеді,сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім жолмен жеткізіп жатады,сіз оны байқамайсыз да.Сондықтан есею жолында басты нәрсе-баланы парасатты іске,адалдыққа үйрету,жақсы іс атқару,ата-ананы,мұғалімді,достары мен таныстарын бейтаныс адамдарды қуанта білу.Ата-ана жетекшінің ой-пікірін,не нәрсені идеал тұтатынын,кімге еліктейтінін қандай кинофильм көріп,қандай музыка тыңдайтынын біліп отырса құба құп.Жас бала көк шыбық сияқты.Оны қалай майыстырсаң солай қарай иіле береді.Сондықтан,ата-ана баласының тәрбиесіне немқұрайлы қарап,уақытын өткізіп алмай,бала бойындағы кемшілік пен оғаш қылықты дер кезінде жойып,жағымды мінез,жақсы әдетке баулу керке.Баланың тіл алғыштығы,ұқыптылығы,істеген ісін жақсы орындағаны үшін мадақтап,қостап.ризашылық білдіріп отырудың маңызы зор.Қанша жұмыстан шаршап келсеңіз де балаға деген мейрімділік,үнемі назардан тыс қалдырмау балаға үлкен әсерін тигізеді.Ата-ана баланы тек жақсылыққа, қайрымдылыққа,мейрімділікке, ізгілікке тәрбиелеп,соны мақсат тұтса болашағы ұрпақтың зор болмақ.Ақан сері былай деген екен «мен үш қасиетімді мақтан тұтам:жалған айтпадым,жақсылықты сатпадым,ешкімнен ештеңе қызғанбадым».Бұл үш қасиетті бала бойына сіңірсе бала өзінің жан дүниесіне сезіммен қарап,әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға,жоспарлауға,оны орындауға,өзіне-өзі талап қоя біледі. Ұрпақты саналы,есті,тіл алғыш, еңбекқор,білімді, дені сау,халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасын,салт-дәстүрін пайдалана отырып тәрбиені іске асыру қажет Ата-ананың міндеті егеменді елдің болашақ жасөспірімдерін тәрбиелі, жауапкершілігі мол- азамат,отансүйгіш- жас ұрпақ, жеке тұлға тәрбиелеу. Бұл ұрпақ өсіруде қоғам алдындағы әр ата-ананың үлкен міндеті.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама Баланың бас ұстазы-ата-ана казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Баланың бас ұстазы-ата-ана, баяндама Баланың бас ұстазы-ата-ана казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Баланың бас ұстазы-ата-ана, Баяндама: Баланың бас ұстазы-ата-ана