Баяндама: «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым өткізілгендігі туралы есеп

Баяндама: «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым өткізілгендігі туралы есеп казакша Баяндама: «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым өткізілгендігі туралы есеп на казахском языке


Битимбаев Алмас Серикханович
№6 топ
Ақтөбе қаласы

Үш кезеңнен тұратын «Кембридж бағдарламасының міндеті – Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 12-бет) деп көрсетілгендей менде өзге мұғалімдер секілді тәжірибемді жетілдіріп, өзгеріс енгізу мақсатында Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының үшінші базалық деңгейлі курсына оқуға келдім. Курстың Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде тренерлер көшбасшылығымен топтасып жұмыс жасауға дағдыландық. Бірлесе жұмыс жасау мақсатымыз топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырумен қатар, кездескен қиындықтарды бірге шешу болды. Тренерлердің бізге берген бағыт бағдары арқылы келген күннен бастап түрлі тәсілдер арқылы топтасып, жұптасып жұмыс жасау барысында әр қилы мәселелерді бірігіп талқылап, бір-біріміздің жауабымызды тыңдап, пікірлерімізбен санасуға үйрендік. Мұның өзі біздің тәжірибеде шыңдалуымызға ықпалын тигізді. «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде тәжірибемізге енгізіп жатқан өзгерістермен бөлісу мақсатында тренер және әрістестермен іnternet желісі арқылы ақылдасып, байланысты үзбедік.
Екінші «Бетпе-бет» кезеңінде топтағы әріптестермен жаңа бағдарлама бойынша өткізген тәжірибеден алған әсерлерімізбен бөлісе отырып, әр мұғалімнің тәжірибе кезінде өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтары, сонымен қатар кедергілер мен қиындықтары да болғанын білдік.
Тапсырма 1. Екінші кезеңге кері байланыс жасай отырып, мектептегі тәжірибе кезіндегі «Әріптестермен кеңес» тапсырмасына тоқталдық. Менде «Бірінші бетпе-бет» кезеңінде түйгенімді әріптестеріммен бөлісу мақсатында «Оқытуда Кембридж тәсілдерін қолдану» тақырыбында ұйымдастырған семинар-практикум барысымен бөлістім. Мектеп ұжымы ұсынылып отырған тәжірибе мазмұнын жақсы қабылдап, мектеп директорынан қолдау тапқандығымды айттым. Өзге әріптестерімен кеңесу барысында тәжірибе кезінде уақыттың жетіспеуі және ақпараттық технологияның сын көтермейтіні, кабинеттер жабдығының сай келмеуі секілді ортақ қиындықтар мен кедергілер жөнінде пікір бөлісіп, туындаған қиындықтардан тиімді амалдар арқылы шешу, уақытты тиімді пайдалану, әріптестермен ынтымақтаса жұмыстану және тағы басқа да ойлар айтылып, оның жеңу жолдарын қарастырдық.
Тапсырма 2. Бағдарлама идеясын жүзеге асыру мақсатында жеті модуль кіріктірілген сабақтарымды өткізбес бұрын сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Тәжірибе барысында «Достық шеңбері», «Мен сізді ... таныстырғым келеді», «Не ортақ?» және тақырыпқа байланысты түрлі тренингтер өткіздім. Осы тренингтер арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатып, бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде үйренген және шығармашылығымнан туындаған топтасу түрлерін пайдаландым. Сондай-ақ топтастыруда оқушы үнін ескере отырып, жұптық тапсырмалар арқылы жақсы нәтижеге жеттім. Бастапқы кезде оқушылар санының аздығына байланысты топтарға бөлуде аздаған қиындықтар болды. «Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру» тапсырмасы бойынша топтық таныстырылым барысында әріптестерімде керісінше оқушылардың көптігі, кабинеттің тарлығы, оқушының өзін шектен тыс еркін ұстауы, топтарға бөлгенде келіспеушіліктің болуы секілді қиындықтар болғандығымен бөлісті. Осы қиындықтарды айтып қоймай оның шешу жолдарын іздестірдік. Кабинетті оқу процесіне сай қылып жабдықтау, түрлі тренингтер арқылы топқа қайта бөлу әдістерін жиі пайдалану, жаңа тәсілдерді жиі пайдаланудың арқасында оқушылардың қызығушылығын арттырып отырса, мұндай кедергілер болмайды деп ұйғардық. Кейбір мұғалімдерде Айнагүл Акимбаевна мен Гүлжанат Тұрғалиқызы кездескен ресурстың тапшылығы, яғни сергіту сәттерін тақырыппен байланыстырудағы қиындықты шешу үшін өзімізде бар ресурстармен алмастық. Жалпы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, топтастыру әдісі арқылы нәтижелі білімге қол жеткізуге болатынын анықтадық.
Тапсырма 3. «Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету» тапсырмасында мұғалімдерде сұрақ қоя білмеуі, сұрақтың бала деңгейіне сәйкес келмеуі, сұрақтың сабақ мазмұнын ашпауы секілді қиындықтар туындауы мүмкін екені сөзсіз. Қиындықта жеңу жолында бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде үйренген сұрақ қою жайлы теориялық білімді тереңдету арқылы, баланың психологиялық және жас ерекшелігіне көңіл бөле отырып нәтижеге жетуге болатынына сендім. Тәжірибе барысында тақырыпты ашуда немесе тақырыпты жан-жақты талдау кезінде сандық технологиялар мүмкіндігін пайдалана отырып, сыни ойлатып, төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарды ретімен қоя білдім, сондай-ақ түрткі, сынақ, қайта бағыттау сұрақтарын пайдаланып, оқушыларды диалогке түсіріп отырдым. Дұрыс сұрақ қою арқылы тақырыпты түсіну деңгейін арттырып, талқылау дағдаларының қалыптасуына қол жеткіздім. Несібелі Қожағалиевна, Айнагүл Акимбаевна, Гүлжанат Тұрғалиқызы, Гүлдана Есенгельдиновнамен топтық таныстырылым кезінде оқушылардың жеңіл сұрақ қоюға дағдыланып кетуі, әр деңгейлі оқушылардың сұрақты қабылдауы, ойлануға уақыттың ұлғаюы сияқты қиындықтарды талқылап, шешу жолдарын қарастырдық. Соның ішінде әр оқушының түсіну дәрежесін анықтауда Блум таксономиясының өлшеуіштерін басшылыққа алуы маған тиімді көрінді. Бұл әдіс арқылы оқушылар үлкен қызығушылықпен жұмыс жасап, әр кезең сайын тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеруге болатыны мені қызықтырды. Болашақта Блум таксономиясын сабақтарыма кіріктіріп, өз тәжірибемде қолдануға ұйғардым – деді Несібелі Қожағалиевна
Тапсырма 4. «Түсіну дәрежесін бағалау» тапсырмасында әр оқушының түсінік деңгейінің әртүрлілігін ескере отырып, сұрақтың тақырыпқа сәйкестігіне, жауаптардың дұрыс бағалануына көңіл бөлдім. Толық жауап алмағанда қайта бағыттау арқылы күтілген нәтижеге жеттім. Оқушы жауабын бағалау үшін бағалау критерийлерін қолданып, рефлексияны пайдаландым. Айнагүл Акимбаевнамен бірлесіп, сұрауды бағалауда кездескен қиындықтарды талдай келе, сыни ойлауға бағытталған “жоғары” деңгейлі сұрақтарды қолданғанда бір сұрақты “төмен” деңгейден сатылай күрделендіре отырып, “жоғары” деңгейлі сұраққа жеткізу керектігін түсіндік. Топтық талқылаудың барысында жүргізілген тәжірибемізді ой елегінен өткізіп, саралап, бір-бірімізге бағыт-бағдар бердік.
Тапсырма 5. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме» тапсырмасы бойынша оқушыларға ерік беріп, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыттым. Тәжірибе кезінде сыни тұрғыдан ойлануын бақылау мақсатында міндетті түрде сабағымның бір тапсырмасын шығармашылық жұмысқа арнап отырдым. Сыни тапсырмалар беру арқылы оқушыларды диалогке түсіріп, жұптық жұмыс арқылы әр баланың бойында өз жұбының жауабы үшін жауапкершілікпен қарағандығын және үнсіз оқушыныңда белсене қатысқанын байқадым. Бұл тапсырма бойынша өз тәжірибемде қиындықтар кездеспеді. Мен тапсырманы талдауда сыни тұрғыда ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме жүргізуде Гүлдана Есенгельдиновнаның қолданған әдістері, атап айтар болсам зеттеушілік әңгіме арқылы жүргізуі маған ұнады және осы әдісті өз тәжірибемде қолдансам деймін. Бұл әдіс арқылы сыни ойлата отырып, жұппен диалогке түсуде жақсы нәтижеге жеткізеді деп ойлаймын.
Тапсырма 6. «Өзін-өзі реттеу» тапсырмасы негізінде екі оқушыны бақылауға алып, олардың танымдық ерекшеліктерімен таныстым. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде оқыған «Өзіндік оқуды дамыту» атты материалдағы өз бетімен оқуды дамытуды тексеру парағындағы тексеру тізімін оқушылардың жас шамасына сәйкес өзгертіп, сол арқылы қалай жұмыстану керектігін ұғындым. Әріптестеріммен қадағалағанымның дәлелін ортаға салып, талқылау кезінде жұптық, топтық, сыни тапсырмаларды бірлесіп орындату барысында осы екі оқушымның да өзін-өзі реттеуінің жақсарғанын байқадым. Ал әріптестермен осы ойымды бөлісу барысында Несібелі Қожағалиевна мен Айнагүл Акимбаевна бастауыш сынып мұғалімдері осы тапсырманы мектеп психологымен орындап, бірлесе талдау арқылы қорытынды шығарғаны туралы айтып, оның тиімділігіне көз жеткізді.
Тапсырма 7. «Дарынды және талантты оқушыларды оқыту» тапсырмасы кезінде әртүрлі деңгейлі үш оқушыны бақылап, олардың топта қалай жұмыс істейтінін барлық тапсырма барысында анықтап отырдым. Көбіне сыни тұрғыда ойланатын шығармашылық тапсырмалар кезінде үш оқушының да әр қырынан ашылып жатқандығын аңғардым. Нәтижесінде тек үлгерімі жақсы оқушы ғана дарын, ерекше қабілетті бола бермейді деген ой түйіндедім. Себебі бір оқушы білім жағынан өзін көрсете алса, келесі оқушы өз ойын жүйелі айтуда, шығармашылықпен айналысуда, қажетті материалды тез тауып алу кезінде жан-жақты қырынан ашыла білді. Осы тапсырма барысында әріптестермен топта талқылау кезінде өзімде болған қиындықтардан шығудың жолдарын тауып, басқа әріптестердің дәл сондай қиындыққа кездесіп, өзгеше шығу жолын тапқанын білдім.
Тапсырма 8. «Сыни тұрғыдан ойлауды бақылау» тапсырмасында оқушыларымның шығармашылық, көшбасшылық қабілеттері анықталды. Сабақтардың барлық кезеңдерінде тиімді пайдалана алдым. Сыни ойлауға бағытталған тапсырмалар барысында оқушыларым тақырыпты өз бетімен игерді, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамып, диалогке түсе отырып пікірлерін ашық айтып, сөйлеу дағдылары қалыптасты. Болашақта сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыратын тапсырмаларды түрлендіріп, дамытумен жұмыстанамын және әріптестерімнің сыни ойлатуға бағытталған тапсырмаларын қолданып, өз тәжірибеме енгіземін. Мен тәжірибемнен мысал келтіре отырып, топ ішінде проп карта құрастыруға ой тастадым Себебі мен аталған әдісті өзімнің мектептегі тәжірибемде өткен курс тыңдаушысы Танашева Гүлназ Утегенованың ұсынысын қабылдап, әріптестермен бөлістім. Ол мынадай сұрақтарға жауап беру керек «Не бар? Не істейді? Не емес?» картасымен жұмбақ жазу. Бұл тапсырманы орындауда біздің топтың тыңдаушылары белсенділік танытты. Соның ішінде бастауыш мұғалімдері: «Ұрпаққа білім береді, ізденеді, оқушы емес. Сөйлей алады, адам емес, білім береді.» деп «Оқулық» сөзін жасырса, мен және математика пәнінің мұғалімі Гүлдана апай «Болашақ, алға жетелейді, сағым емес. Жаһандану, үйретеді, оңай емес.» деп «Кембридж тәсілін» әріптестерімізге жасырдық. Осындай тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауы дамитындығын байқап, болашақта өз сабағымда осы тәсілді қолданануды жөн көрдім.
Есебімді қорыта келе, мен осы тәжірибе нәтижесінде оқушылар арасында ынтымақтастық, достық қарым-қатынас орнатуға септігімді тигіздім деп ойлаймын. Оқытудағы жаңа тәсілдермен өткізген сабақтардан кейін оқушылар бірін-бірі тыңдауға, өзіндік пікірлерін айтып, бөлісуге дағдыланады деген тұжырымға келдім. Әріптестермен бұл тапсырмаларды талдау кезінде постер, слайдтар құру арқылы қалай орындағанымызды ортаға салып, туындаған кедергілер мен шешу жолдарын қарастырдық. Бұл топтық таныстырылым әзірлеу арқылы көп сұрақтарыма жауап алып, әріптестерімнің тәжірибесіне орай өз жұмысымды жетілдіре түстім. Осы таныстырылымдарды ашық талдау арқылы біз жан-жақты мұғалім ретінде көкжиегіміз кеңейе түсті, нағыз көшбасшы бола білгенімізді ұқтық. Көзқарасымыз бен ұстанымдарымызды жаңа арнаға өзгерткен жағдайда, осы аталған тапсырмаларды тиянақты орындасақ қана өзгермелі өмірге бейім тұлға тәрбиелеріміз анық.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (ІІІ негізгі деңгей)
2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама Мектептегі тәжірибе туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Мектептегі тәжірибе, баяндама Мектептегі тәжірибе туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Мектептегі тәжірибе, Баяндама: «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым өткізілгендігі туралы есеп