Баяндама: Химия пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу

Баяндама: Химия пәнін оқытуда оқушыларды  шығармашылыққа баулу казакша Баяндама: Химия пәнін оқытуда оқушыларды  шығармашылыққа баулу на казахском языке


“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады”-деген Абай.
Жетінші сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады. Екіншісі- «білсем, көрсем» екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.»
Қазіргі уақытта мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау. Себебі, оқушы шамасына қарай өз ісіне бейім болады, ал бейімділік – адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Шын мәніндегі бейімділік әрекеті құштарлықпен ғана емес, оны нәтижелі орындаумен ерекшеленеді.
Мәселенің өзектілігі:
-жаңаны тез, өз бетімен игеріп, дұрыс түсінетін, даулы мәселелерді оң шеше білетін, істің мағынасын терең және нақты түсінуге тырысатын байқағыштық қасиеті өте жақсы дамыған, сауатты сөйлейтін, білімді нақты игеріп, оны практикада жүзеге асыратын, химиялық таңбаларды, тілді, теориялық білімді тез меңгеріп, пәнаралық байланыстарға сүйеніп, химиялық үрдістің жүру барысына болжам жасай алатын жеке тұлға қалыптасады;
-сыныпта мұндай оушының болуы мұғалімнің жұмысына оң әсер етеді;
- қабілетті балалардың сабаққа дайындығының күшеюі арқылы сыныптың интеллектуалдық деңгейі артады;
- мұғалімннің арнайы тапсырмалар дайындауы барысында оқушының ізденгіштік қасиеті үдей түседі;
- дарынды бала- қоғамның сұранысына ие болады;
-әр жеке тұлғаның қабілетің ескеру арқылы өз аймағында дамуды қолдап әрекет ету қажет;
Мәселенің болу себебі:
* мұғалімнің психологиялық дайындығы аз болуы;
* аса қабілетті баланы анықтайтын айқын белгілердің жеткіліксіздігі;
* дарынды баланы анықтайтын дәл әдістеменің жоқтығы;
*сабақ барысында өзіндік жұмыстарда жеке оқушының қабілетінің ескеріле бермеуі;
* мұғалімнің қабілетті баламен жеке жұмыс істеуге мүмкіндігінің аздығы ( өйткені , бұл баланың білімді игеруі өзгелерден ілгері кетеді.)
*сабақта оқушы ойының еркіндігіне жол бермеуі.
* жауап берудің стандарттан тыс ерекшеліктеріне мән бермеуі
*мәселені шешуде өзгеге ұқсамайтын жауабына көңіл бөлінбеу, бағаланбауы
* сезімге тез берілуін, оқу пәндерін таңдап оқуын ұстаздар қауымының теріс ұғынуы;
*Өзіндік жұмыс барысында мұғалімнің сыныпта қабілеті бар әр түрлі балалардың бар екенін ескере бермеуі, яғни гуманитарлық бағытта қабілеті бар балаға да химияның қиын есептерін беру арқылы мезі етуі.
Мәселені шешудегі әрекетім:
Осындай туындаған мәселені шешу мақсатында көптеген ғалым-педагогтердің , практик- мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек , оқу-тәрбие үрдісінде басты рөлді ең алдымен оқушының өз бетінше жүргізетін әрекеті, белсенділігі атқарады. Мұндағы басты нәрсе , мейлі сабақ қанша сапалы , мұғалім білімді, шебер болсын, бала тарапынан ешқандай іс-әрекет байқалмаса, жұмыс нәтижелі деп айту мүмкін емес.
Қазіргі жаңа буын оқулықтары , оқытудың жаңа әдістері оқушылардың өз бетімен білім алып, дамуына мән беруде. Мұның өзі жас ерекшеліктері, қабілеттері әр түрлі деңгейдегі оқушының өз мүмкіндігін анықтауға жол ашуда.
Кезінде өзіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі – ағартушы ғалым А. Байтұрсыновтың пікірінше , бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек.
Химия сабақтарында оқушының шығармашыл қабілетін дамыту бірнеше бөліктерден тұрады: шығармашылық мативі, шығармашылықпен ойлау қабілеті және оны шешу жолы, өзгемен бірлесе жұмыс істеу қабілеті, химияның түрлі саласы бойынша білімді қолдану тәжірибесі мен нәтижесі.
Осы ерекшеліктерді ескере отырып тәжірибемде шығармашыл тұлғамен жұмысты былай ұйымдастырамын:
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары:
а) сабақта оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы қабілетті балаларды тану.
Әрбір сабақ – мұғалімнің өз мақсатына жету уақыты. Сол себепті мен өз сабақтарымда , күнделікті сабақ жоспарын жасауда оқушының өзіндік іс-әрекетіне қолдау болатын жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көңіл бөлемін.
Өз бетінше жұмыс істеу – бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Онсыз оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мүмкін емес.
Оқушының белсенділігін , қызығуын арттыруда жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлері:
1. Логикалық дамытушы ойындары берілген тапсырмалар.
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыстар.( кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу т.б.)
3. Еркін тақырыпқа өз ойын құрастыруға берілген шығармашылық жұмыстар ( мәтін құрастыру, ертегі, диалог).
Ә) сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушының ерекше қабілетін ашу, балаларды танып, әрі қарай дамытуға көмегі тиеді.
Б) Әр тұлғаның жеке шығармашыл қабілетін ескере отырып, оны дамытатын ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру, мүмкіндігін пайдалана білуге дағдылану. Осындай сыныптан тыс жұмыс арқылы ерекше қабілетті оқушыларды химиктер қатарына қабылдап, әрі қарай жеке тұлғалық қабілетін дамытуға тырысамын. Бұл жұмыстарды мектептен тыс мекемелермен, дарын орталығымен байланыста болып түрлі сайыстар арқылы жүзеге асырамын.

автор: Акерке Тасболатова



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама Химия пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Химия пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу, баяндама Химия пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Химия пәнін оқытуда оқушыларды шығ, Баяндама: Химия пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу