Баяндама: «Алтын қақпа» ойыны

Баяндама: «Алтын қақпа» ойыны казакша Баяндама: «Алтын қақпа» ойыны на казахском языке


Кобдабаева Ботакуз Жадигеровна
Ақтөбе политехникалық колледжі. Ақтөбе қаласы.

Баяндаманың тақырыбы: «Алтын қақпа» ойыны туралы
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты».

Мақсаты: ойын технологиясы арқылы жеке тұлғаның бойында Қазақстандық патриотизм, мәдениеттіліктің қалыптасуына жағдай тудыру, сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері:
-ойын технологиясының мазмұнымен таныстыру;
-ойын технологиясының құрылымын анықтау;
- «Алтын қақпа» ойын технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін құрастыру.
Мәселенің өзектілігі: оқушының мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге бағыттау, тапсырмаларды әдеттен тыс, жаңа тәсілмен орындау.
Болжам: оқушылардың қызығушылығы, білімге деген ұмтылысы мен олардың жеке тұлға ретінде дамуы байқалады; оқушының білімге деген құштарлығы айқындалып, білім сапасы дамиды; іздену, талпыну арқылы мақсатқа жететініне сенімділігі артады; алған базалық білімдерін әр түрлі жағдайда жан-жақты қолдануға мүмкіндік туғызады, ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді
Баяндаманың құрылымы:
I. Кіріспе. Жаңа технология туралы түсінік беру.
II. Негізгі бөлім.
1. Ойын технологиясын зерттеушілер.
2. «Алтын қақпа» ойыны.
III. Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу- тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.

Білім алу - адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы саналы әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағынан, адамның табиғи- генетикалық ерекшелігімен тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі білім беру парадигмасында білім алушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мән беріп отыр. Өйткені, әрекет дегеніміз-саналы мақсатқа тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жалпы білім беруші мен білім алушының бірлескен іс- әрекеті болып табылады. Осыған орай оқытуды екі жақты әрекетке, субъект- субъектілік, диалогтық қарым-қатынасқа құру мәселесі шешімін табуда.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті.[7]. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.

Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі қызметкерлерін оқытудың ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру ұйымдары іс - әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім , іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы.

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс- тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс- тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

Білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті - оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту. Әр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.

3. Ойын технологиясы туралы зерттеушілер.

Еңбек, ойын және оқу ерте кезден- ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В. А. Сухомлинский, Н. К. Крупская, К. Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Ә.А.Диваев, М. О. Әуезов.
Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен. Сабақта ойналатын ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.
Ойын дегенміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай- ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты».
С. Ф. Занько, Ю. С. Тюнникова және С. М. Тюнниковалардың пікірінше, оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша-оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру. Оқу ойыны- бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды,оқу қызметінен жағымды эмоциялар алады.
Ұлы педагог А. С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады.
Қазақстанда Ж. А. Қараевтің, Ә. Жүнісбековтың, Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. В. И. Загвизинскийдің пікірі бойынша сабақта білімге қызығушылық, ізденуге, зерттеуге, ойлап табуға, тапқырлықты дамытуға атмосферасын орнату маңызды десе, М. И. Махмутовтың пікірінше теориялық негіздеулерсіз, оқу ақпараттарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін өте жетілген жаңа әдістерді оқытудың тәжірибесіне енгізбейінше, үйренушілердің танымдық іс-әрекетін белсенді етпейінше, олардың шығармашылық қабілеттіліктерін жұмылдырмайынша, оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін қалыптастыру мүмкін емес.
Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатарда қолдану тиімді:
1. Алфавитті дұрыс меңгерту
2. Орфографияны дұрыс оқыту
3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру
4. Грамматикалық құрылымды меңгеру
5. Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, айту

Негізгі бөлім

Әр халық ұрпағының қайырымды да, адал, әділ де, ержүрек, үлкенді құрметтейтін, кішіге қамқор, ар- ұяты мол, кішіпейіл болып өскенін қалайды.
«Тәрбие - бала дүниеге келген сағаттан басталады» -деген сөздің жаны бар. Бесік жырын, ана әлдиін естіп өскен бала мейірімді, тәрбиелі болары анық.
Адамгершілік тәрбиесінің қасиеттерін бала бойына дарыту сан түрлі жолдармен жүзеге асырылатыны белгілі, ол ата- анадан, ал мектепке келген соң мұғалімнен соған орай әдіс- тәсілдерді іздестіруді, арнайы дайындықты, үлкен жауапкершілікті талап етеді.Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу- тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Тәрбиенің, сабақтағы жиі қолданылатын құралдарының бірі- ойын. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден бір таптырмайтын құрал.
Ойын арқылы оқыту технологиясы кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет.
1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын- ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау
2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу.
3. Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.
4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Ойын технологиясын құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Оқушылардың іс- әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу- тәрбие мәселесіне көшу.
2) Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
3) Берілген тапсырмаларды шешуге оқушының ақыл – ой белсенділігінің күшеюі.
4) Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Мысалы: «Кім жылдам?», «Көршіңді тап», «Жеміс жинау», «Алтын қақпа», «Бәйге», «Жүз бір жұмбақ, мың бір мақал», «Жұмбақ шешу», «Сен білесің бе?», «Ойлан тап!», «Қайда менің өз орным», «Аққала» деген сияқты ойындарды атауға болады. Енді, осы ойындардың маңызы мынада:
1) Ойындар оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
2) Әрбір ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл- ой қызметін қалыптастырады.
3) Ойындар адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені, оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Оқушылар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Ойындар, оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуіне дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі.
Сабақтағы ойын оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.
Ойындардың тиімділігі, олардың сабақты, сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Төмендегі шарттар орындалған жағдайда ойындарды пайдалану тиімділігі артады.
- Егер мұғалім ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе;
- Егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;
Ойындардағы тапсырмалар сыныптары өскен сайын күрделене береді.

2. «Алтын қақпа» ойыны
Сабақтарда ойын түрлерін күрделендіріп, «Алтын қақпа» ойынын ойнатуға болады. Бұл ойынды сабақтың мақсатына қарай түрлендіріп, тапсырманы орындатуға болады.
1. Қатысушылар екі топқа бөлінеді, нөмірленеді. (І топ – 3 оқушы, ІІ топ – 3 оқушы)
2. Ойыншыларға жалпы сұрақ қойылады, оны тапқан ойыншы ортаға шығып қақпадағы құлыпты ашады. Сол ойыншы тас қақпаның №1, №2, №3 сұрағының біреуін таңдайды. Сұрақтың жауабын тапса, тас қақпа ашылады.
3. Күміс қақпа құлпының сұрағы қойылады. Сұрақтың жауабын тапса, күміс қақпаның №1, №2, №3 сұрағының біреуін таңдайды. Сұрақтың жауабын тапса, күміс қақпа ашылады.
4. Алтын қақпа құлпының сұрағы қойылады. Сұрақтың жауабын тапса, алтын қақпаның №1, №2, №3 сұрағының біреуін таңдайды. Сұрақтың жауабын тапса, алтын қақпа ашылады.
5. Алтын қақпаның ішіндегі сандықтың сұрағына жауап бере алса, тиісті сыйлығын алады.
Ескерту.
1. Әрбір қақпаның өзіне тиісті сыйлығы болады.
2. Ойынды әрі қарай жалғастырмаймын деген ойыншы өзіне тиісті қақпаның сыйлығын алуына болады.
3. Әрбір қақпаның сұрағы күрделене түседі. «Алтын қақпадағы» сандықтың ішіндегі сұрақ ең қиын сұрақ болып табылады және ең бағалы сыйлық та сол.
Ескерту:
Көрермендерге жалпы сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап берген көрермен оқушылар ойынға қатыса алады. (6 оқушы)
Жалпы сұрақ:
1. Оқу жылының төрт тоқсанында беспен оқыған оқушы жылдық қорытындыда қанша деген бағамен шығады? (үздік)
2. Бір жылда қанша мезгіл бар? (4)
3. Эвфемизімі бар сөздерді тап (ұрлық, ұрланды, қолды болды)
4. Әкенің әкесі сендерге кім болады? (ата)
5. Антоним сөздерді тап (Сулы — сусыз, сулы – сулы емес, сулы – құрғақ)
6. Тілде жаңа ұғымды білдіретін сөздер (кірме сөздер, жаңа сөздер, тіркес сөздер )
Сұрақтар:
1. Құлыптың сұрағы: Бөлек жазылса металл мен өткен шақтық есімше, ал бірге жазылғанда кен өндіретін қала (Жез — қазған)
2. Тас қақпаның сұрағы.
№ 1. Үш қуатты ата (тіл, ақыл, жүрек)
№ 2. Мақалды жалғастыр: Тіл – адам ойының … (айнасы)
№ 3. Батаның түрлерін ата. Бір батаны жатқа айт (дастархан батасы, алғыс батасы, жаңа айдың батасы, наурыз батасы, жас талапкерге бата т.б.)
1. Құлыптың сұрағы: Бөлек жазылса, сын есім мен географиялық термин, ал бірге жазылса республикамыздағы бір қала (Ақ — төбе)
2. Күміс қақпаның сұрағы.
№ 1. Үш тақ санды есімді тіркес (Бес қару, жеті қазына, қырық уәзір)
№ 2. Ұлт тәрбиесі дегеніміз не? (діл- рух, тіл, салт- дәстүр, тарих)
№ 3. Төрт ананы ата (туған жер, туған тіл, салт- дәстүр, туған тарих) М.Шаханов
1. Құлыптың сұрағы: Жұмбақ жасыру.
Бірінші буыны – жіңішке, езулік,
Екінші буыны – есімдік.
Тұтасынан алғанда
Ол ағаш тым биік. (Е — мен)
2. Алтын қақпаның сұрағы.
№ 1. Үш фразеологиялық (тұрақты) тіркестер айт (ала жібін аттамау, табан астынан, тісін батыру)
№ 2. Он сегіз мың ғаламды жаратушы, оның әміршісі (Алла)
№ 3. Қ Р. қазақ тілі – мемлекеттік. Тіл дәрежесін қай күні мерекелеп атап өтеді? (22 қыркүйек)
Сандықтың сұрағы: Аманат. «Тіл – ата-баба аманаты» дегенді қалай түсінесің? (Аманат түбірі «аман» деген сөзден шыққан, яғни «аман сақтап жеткіз» деген ұғымды білдіреді, «аманатқа қиянат жасалмайды», жасалған күнде өте ауыр күнә болып есептеледі)

Қорытынды
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу- жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым -қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.
Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс- тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.

Қорыта айтсақ, ойынның үйренуде, күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын оқушының алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар ойын- тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан- ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл -ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін. Ойындарды пайдалану арқылы жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық рухта тәрбиелеп, өмірге әзірлей берейік демекпін.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аймағанбетова Б. Р., Бейсенбаева А. А. Жеке адамның дамуы. Алматы 1991ж.
2. Мусаева С.А., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшеліктер педагогикасы. «Фолиант» баспасы Астана – 2006
3. Нағымжанова Қ.М., Нұрғазиева Н.М. Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар. Өскемен, «Медиа-Альянс», 2005



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама Алтын қақпа ойыны туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Алтын қақпа ойыны, баяндама Алтын қақпа ойыны туралы казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Алтын қақпа ойыны, Баяндама: «Алтын қақпа» ойыны