Баяндама: Арнайы және көмекші (түзету- коррекциялық) мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың яғни ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері

Баяндама: Арнайы және көмекші (түзету- коррекциялық) мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың яғни ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері казакша Баяндама: Арнайы және көмекші (түзету- коррекциялық) мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың яғни ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері на казахском языке

Шығармашылық жаңа мүмкіндіктерді ашу, өз бетінше жұмыс жүргізу, өте жоғары психикалық белсенділік. Шығармашылыққа деген сұраныс кез келген бағытта дамиды. Шығармашылықтың деңгейі әр түрлі болады. Бірақ барлығы да жаңа нәрсенің тууына ашуылуына тікелей байланысты.
Шығармашылық арқылы ғылым мен өнер тіпті адам өмірінің негізі қалыптсақан. Дамыту шығармашылық бұл кездейсоқтық емес. Ол шынайы толыққанды адами мүмкіндік.
Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, және басқалардың зерттеулері көрсеткендей қабілет тек бала жаңа білімді меңгергенде ғана емес шығармашылық мүмкіндіктерін біліммен, тұлға ретінде өзін дамыту, қалыптастыру барысында оқу-тәрбие барысында анықталады.
Даму жоспарында осы қасиетті ашуға ерекше көңіл бөлінуі керек. Қиялдай білмейтін балалардың тұлғалық мүмкіндігі шектеледі, шығармашылық ойлауы төмендейді, өнерге деген қызығушылық жойылады.
Шығармашылық қызығушылығы дамымайды. Ал балалардың шығармашылық дамуын ұштау үшін ерекше ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуі керек.

І Шығармашылық қабілетін дамыту мәселелерін теориялық шолу.
Бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей қабілет арқылы психикалық үдерісте жаңа материалдарды қабылдау және тану танымдық тұрғыда іске асырылады. Қабілет тек адамға ғана тән. Ол еңбектің жемісін көрсетеді. Сурет салу не құрастыру немесе басқа да жұмыстар басталғанға дейін мүле басқаша көрінеді. Қабілет үдерісі анаметика-синтетикалық бағытта болады. Қабілет бейнесі әртүрлі элементтерді біріктіру арқылы оны жан жақты пысықтау негізінде болады. Бір нәрсені үлкен немесе кіші әр түрлі бейнелерді көріп нақтылау жұмысы қабілетпен байланысты. Өмірдің әр қырына байланысты қабілет белсенді және белсенділігі аз болады. Бейелердің ерекшеліктері мен өз беттерінше істеуі де қабілет жетілдіреді. Қабілет қоршаған ортаға бағытталған ерекше зияткерлік қызмет атқарады. Бейнені шындыққа айналдыру үшін тек қана көру емес, айтылған сөз де тірек болады.
Қабілет негізінен бала тәжірибесінде бір нәрсені анықтай алмайтын қиындықтардан туады. Осындай мәселелер қабілет ойды жетілдіреді. Л.С. Высотский көрсеткендей бұл екіүрдіс бір-бірімен тығыз байланысты.
Ой алған әсерді көрсетсе, қиял оны толықтырады, ойлаған тапсырманы шешуді нақтылайды, жүзеге асырады. Зияткерлік мәселелерді шешу шығармашылық үдеріс болып табылады. Шығармашылық балалардың көрген нәрседен алған әсерлерімен тығыз байланысты. Қиялдың әдіс тәсілдерін бала мектеп жасына дейінгі кезеңде шыңдайды. Қиял ол өмір тәжірибесінен алған әсерін, білімін, көрінісін, бұрыннан көргендерімен ұштастыру. Шығармашылық қызмет адамның бұрынғы тәжірибесімен бай қиялынан тұрады. Арнайы педагогтың педагогикалық тәжірибесі баланың тәжірибесін кеңейту болып табылады. Бала мүмкіндігінше көп көріп, естіп, білсе оның қабілеті соғұрлым дамиды.
Шығармашалық қабілет тек осындай ерекшеліктермен ғана шектелмейді. Қабілеттің дамуы үшін дұрыс бағыт мақсат анық көрсетілуі керек. Идеяларын дұрыс басқару ішкі ойды ерекше дамытудың әсері бар. Сондықтан балалардың қабілетін дамытуда дұрыс бағыт беру маңызды. Толық қамтылған әдіс болмайтыны белгілі. Барлық әдістер белгілі бір жағдайда қолданылады. Ол нақтылы арнайы педагогикалық жағдайды шағырмашалық танымдық мәселелер шешуі қажет. Айтылған психикалық қабілеттің тежелуде жүргізілетін түзетулері дұрыс нәтиже беруі үшін дефектолог белгілі мақсатқа бағытталған және екі кезеңнен тұратын жұмыс жасауы керек. Бірінші кезең алғашқы ойда шығармашылық қызмет қалыптастырады. Жетістікке қол созу әсіресе белсенді емес, өз-өзіне сенімсіз дамуы бұзылған балалармен жұмысында және дамыту әдіс-тәсілдерде керек. Арнайы педагог үшін бала жұмысына қанағаттана ма, жоқ па, деген сауалдың маңызы бар. Оқушыға берілген тапсырма тек қызықты ғана емес, оқушының жас ерекшелігіне сай болуы керек. Ол өз жұмысынан жақсы нәтиже көруі тиіс. Бала қорқынышты, өз-өзіне деген сенімсіздікті жеңгенде ғана жетістікке қол жеткізеді. Үлкендер балаға жаңа қызмет, жаңа тапсырманы орындауда көмектеседі. Педагогтың көмегі баланың өзіне сенімін мүмкіндігі мен күшін арттыруы керек. Оның осы тапсырманы орындай алатынына сенімін арттырады.
Жетістікке жетуге көрсетілетін көмек ашық және жасырын түрде болады. Мәселен, ашық көмекте оның құрылымы туралы айтылуы мүмкін. «Қане, мынаны бірге жасайық», «жасай алмасақ тағы көреміз» мыне, жасырын көмек осы негізде іске асырылады. Мысалы:
 Сен ғана өз жұмысыңда түлкі бейнесін жасай аласың.
 Осы жұмысты сен жасасаң бәріне ұнар еді.
Балалардың шығармашылын дамыту үшін ойын жаттығуларын қолдану керек. Бұлар қиялды дамытады. Сезім-эмоцияналды қасиеттерін жетілдіреді. Балалардың осындай қасиеттерін ашып дамытатын эстетикалық ойындар қажет. Даму мүмкіндіктерін қиындықты жеңу өз ойын айту сияқты қабілеттерін шығармашылық жұмыс арқылы қанағаттандыру қажет.
Осы айтылғандардың барлығын пысықтай отырып ата-аналар, мұғалімдер балаға ең маңызды қасиеттер жан сұлулығын, жүрек тазалығын, дарындылық қасиеттерін беруі керек. Шын мәнінде ашылып, дамуы қажет басқа қасиеттер осының нәтижесінде қалыптасады. Өзін сүю, сенімсіздік, менмендік, зұлымдық аясындағы талант адамның өзі мен айналасындағыларға зиянын тигізеді.
Баланың дамуы үлкендер тарапынан үлкен назар қажет етеді. Баланың дайындалуына психологиялық жағдай жасаудың жаңа шығармашылықты бастауда қолдаудың маңызы зор. Баланың шығармашылық қадамы жайлы жақсы пікір қалыптастырып қиындықта қолдау көрсету керек. Ата-аналар тарапынан көрсетілетін ерекше қамқорлық бала шығармашылығының дамуына кедергі келтіреді. Баланың шығармашылық мүмкіндігін ашуға жағымды жағдай тудыру қоғамдық көзқарастарды ажыратуға көмектеседі. Баланың шығармашылыққа қызығуын қолдан шығарып алмау керек.
Осындай тәрбиелік шаралар баланың шығармашылық қабілетін дамытып, үлкендердің баланы түсініп әлемге таза кіршіксіз баланың көзқарасымен қарауды үйретеді.

1.1 Арнайы білімді қажет ететін балалардың шығармашылық қабілетін дамыту ерекшеліктері.

Интелектісі төмен балаларға еңбекпен айналысу оңай емес. Оларға бастаған істі соңына дейін апару тіптен қиын. Сондықтан ең алғашқы маңызды міндет еңбекке баулуда жағымды іс әрекет қалыптастыру. Еңбекке баулу үдерісі ақыл-ойы кем балалардың мүмкіндігіне сенсарлық-перспективтік бағыттың дамуымен тығыз байланысты. Баланы қандайда бір жұмыс әдісіне баулу үшін педагог-психолог және дефектолог үлкен шыдамдылықпен еңбектің әр үлкенді кішілі үдерістері мен жұмыс жасауы қажет. Қиындық балаларды қорқытпауы керек, керісінше, өз-өзіне сенімділігін арттырып өз бетімен жұмыс істеуіне баулуы қажет. Шығармашылық еңбекке баулу сабақ уақытында тәжірибелік тұрғыда ал сабақтан тыс уақытта білімге, өмірге қажетті білік дағдыларына тәрбиеленеді.
Осындай жұмыстардың жүргізілуі еңбексүйгіштік, жауапкершілік тапқырлық, бір-бірін түсіну, қиындықты бөлісу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Өз бетімен жұмыстың барлық түрі балалардың эстетикалық талғамын, байқампаздығын, айналаны көре білуін, шығармашылық ойлауын дамытады. Шығармашылықпен айналысқанда балалардың эстетикалық қабылдауы, көруі, қиялы дамиды. Бірақ бұл өздігінен болмайды. Ол әр оқушының жеке ерекшеліктеріне байланысты жүргізілетін педагогикалық жүйелі және белгілі мақсаттағы жұмысының нәтижесінде жүзеге асады.
Үйірме жұмысын ұйымдастыру, әдіс-тәсілдерін жүргізу бала шығармашылығының дамуына байланыстырылады. Бұл үшін тек қана эстетикалық талғамын, қиялын бейнелеу қабілетін ғана дамыту жеткіліксіз. Олардың ойлауын кеңейту қажет. Бұлардың бәрі балалардың еркін ойын жеткізуге өздеріне ұнаған іспен айналысуға шығармашылық ізденіске жетелейді. Мұндай сабақтар оқушыны өз бетімен жұмыс істеудегі белсенділігін арттыруға бағытталады. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың шығармашылық қиялы нақты іс әрекеттерге бағыталады. Ерекше білімді қажет ететін балалардың шығармашылық қиялының дамуы маңызды.
Үлкендердің міндеті оқушыларды ертегідей қиялдан шынайы өмірге ижанасымды бейнелерге ауыстыру.
Шығармашылық қиял «ойдан шығарылған» және «ашылған» тапсырмаларда дамиды. Мәселен еркін тақырыпқа берілген шығарма т.б.
Жасөспірім қиялымен өзін ғарыш қаһарманы сезініп басқа ғаламшарға ұшып барады. Бұл енді ертегі емес, бұл арманнан туындаған жағдай ол алыс болса да өмірде орындалуы мүмкін. Мұндай арман болашақ іс әрекетке дайындық. Жасөспірімнің алдына беймәлім бірақ қол жеткізуге болатын жаңа әлем ашылады. Жасөспірім ерекше ерліктер жасап, батыр, кейіпкер болғысы келеді. Бірақ оқушы өз арманымен оны істей алмайды. Біздің мақсатымыз арманның ерте ме кеш пе шындыққа айналатынын түсіндіру. Бала оқығанын сынып жиналыстарында немесе кешкілік бос уақытында талқыласа жақсы. Онда оларды тыңдау керек. Ешуақытта олардың армандарын жоққа шығаруға болмайды. Керсінше мүмкіндігі шектеулі балалардың осындай ұлы істерді жасасам дегендеру үшін оларды мақтау және қолдау керек. Дегенмен жасөспірім қиялын жетектеу үшін шыдамдылық пен педагогикалық такт қажет. Бала қиялы жасына сәйкес өзгереді. Ол шындыққа жақындайды. Бірақ ол өмірмен байланысып шындыққа үйлесе бастайды. Қиял әлемі шынайы әлеммен байланысады.
Баланың әдебиетке, театрға, бейнелеу өнеріне қызығушылығы оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Әсересе үлкен өмірлік мақсаттарға бағыталған болашақ бейнелер шығармашылық қиялды дамытары сөзсіз.

1.2 Көмекші мектепте арнайы жеке үйірме жұмыстарын ұйымдастыру

Үйірме жұмысының маңызы.
Әртүрлі үйірмелерде ұйымдастырылатын, жүргізілетін, жұмыстарға қарап балалардың қызығушылығы негізінде тәрбие және білім үдерісін бағалау қиын.
Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыста мектепішілік үйірме жұмысын ұйымдастыру тәжірибеде көрсеткендей баланың мүмкіндігін терең және жан-жақты дамытады. Олардың кемістігін жетілдіруге, жағымды шешім қалыптастыруға көмектеседі.
Үйірме жұмыстары 5-9 сыныптарда жетістігін көрсетеді. Себебі балалар бұл уақытта ұжыммен жұмысты меңгереді. Олардың қызығушылығы мен қабілеті нақты анықталады. Балаларға арналған үйірмелер әр түрлі болады. Дегенмен балаларға өз бетінше өмір сүргенде қажет болатын жұмыстарға үйірме ұйымдастырған дұрыс.
Мұнда физикалық және эстетикалық тәрбиеге жан-жақты, терең негізделген еңбекке баулу шешімін табу үйірмелері жатқызылуы керек. Үйірме жұмысын әр түрлі жалпы жалпы оқу пәндері негізінде де жасауға болады.
Шығармашылықпен айналысу кезінде төмендегі міндеттер шешіледі:
 Баланың танымын түзету;
 Баланың мүмкіндіктерін салыстыру және пысықтау ерекшеліктері
 Балалардың әртүрлі өнер түрлерімен жеке бағыттармен танысу.
 Өнерге деген эмоциональды-эстетикалық белсенді қарым-қатынасын адамның ішкі жан-дүниесінің қызығушылығын арттыру.
 Күнделікті өмірден алған білімдерін қолдануға үйрену.
Осылайша баланың барлық психикалық қызметі жұмысын жасап тұлға ретінде дамуы басталады. Сабақтан тыс жұмыстар ерікті түрде болатындықтан оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне байланысты ұйымдастырылуы қажет. Сабақтан тыс жұмыстар тәрбиешіге әр түрлі сабақтар өткізуге балалардың шығармашылық жұмысқа сүйіспеншілігін арттырып жұмысты орындауға қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.
Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда тәрбиені келесі бағыттарда сақтауы керек:
 Сабақтың жалпы бағытын сақтау;
 Жеке қасиеттеріне байланысты сабақтың мазмұны мен әдісін оқушы таңдауына сәйкес жасау;
 Сабақтан тыс жұмысқа оқушының көп қамтылуына көңіл бөлу;
 Баланың өз бетінше ұсынған талабын оның қалауын ескере отырып қарастыру;
 Барлық орындаған жұмыстарға тиімді-қоғамдық ой қалыптастыру;
 Сабақтан тыс жұмыстың барлық түрі оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндетіне бағынуы тиіс.
Үйірмені ұйымдастыру:
Тәрбиешілер мен мұғалімдер үйірме жұмыстарын жүргізіп өзінің ұжымына тәжірибелік көмек көрсете отырып педагогикалық ұжымның мақсатты жұмысын ұйыдастырады. Тәрбие жұмысының бұл бөліміне ерекше назар аудару керек. Тәрбиеленушінің өміріне қажетті тәжірибе, білім, білік беріп, балаларды қызықтыра білу керек.
Үйірме жұмысының нақты мазмұны қажетті жағдайларға оқушының қолдауына, тәрбиешінің дайындығына байланысты. Жұмыс балалардың қызығушылығын танудан үйірме мүшелерінің құрамын жасаудан, сынып белсенділері мен басшысын таңдаудан, материалдар мен құралдарды дайындаудан басталады.
Ақыл-ойы тежелген балалармен үйірме сабақтарында жеке жұмыс жүргізу.
Оқушылармен жеке жұмыс мұғалімнің немесе тәрбиешінің арнайы жоспарымен жүзеге асады.
Үйірме жұмысы күннің екінші жартысында өтеді. Білім мекемесінің орнына, күн тәртібіне, жұмыс тәртібіне байланысты ұйымдастыру жұмысы әр түрлі болады.
Дегенмен келесі шарттар міндетті түрде болуы керек.
 Үйірме жұмысы оқу сабақтарынан кейін 2-3 сағаттан кейін өткізілуі керек.
 Үйірме жұмысын кешкілік ұйымдастыруға болмайды.
 Егер үйірме жұмысы үй тапсырмасын орындағаннан кейін болса демалуға уақыт бөлу керек.

Сабақ бір сағаттан артық болмауы керек. Жұмыс барысында топқа немесе кейбір оқушыларға үзілңс ұйымдастыру керек.
Үйірмедегі оқушылардың саны оннан көп болмауы керек. 3-5 адам болуы мүмкін. Баланың аз болуы тиімді болып саналады. Үйірме жұмысын дұрыс ұйымдастыру қажет. Ең алдымен әр үйірменің уақыты мен орынын анықтап алу қажет. Осы уақытта топтағы балалардың нешеуі айналысатынын да білген жөн. Әр үйірмедегі сабақты аптасына бір реттен жиі екі аптада бір реттен сирек өтпеуі керек.
Үйірме құрамын жасақтау да ерекше орын алады.
Ол баланың қабілетімен мүмкіндігін терең бақылауды қажет етеді. Оқушыға немесе тәрбиешіге қай үйірме қажетті екендігін оның мүмкіндігін ашуға қайсысы көмектесіп, дамытатынын айтып, көмектесу керек. Бұл жұмыс бала таңдауымен жүзеге асады. Яғни оқушы өз қалауымен еш қиындықсыз үйірмені таңдай алуы керек.
Әрине, кемтар оқушылар үйірмеге шамасының келетін-келмейтіне қарамай барғысы келуі де мүмкін. Мұдай жағдайда көп қинамай баланы өзі қалаған үйірмепге жазу керек. Тәжірибеде мұндай жағдайлар көп кездесе бермейді. Кез келген үйірмеге қатысу балаға зиянын тигізбесі с өзсіз. Жұмыс барысында балаға жеке тапсырма бере отырып, басқа үйірмеде жүргізілетін жұмыстарға да қызығушылығын арттырған жөн. Қандай жағдай болмасын, балалар өз бетімен шешім қабылдай отырып, қалаған үйірмесінде жұмыс жасауы керек.
Әр бала бір-екі үйірмеден артық үйірмеге қатыспауы керек. Әрине, бұл үйірмелер басталған күннен-ақ толық құрамдалуы керек.
Сабақ барысында бір үйірмеден, екінші үйірмеге ауысуға болады. Тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде мектептің барлық оқушылар үйірме жұмысы туралы білулері керек. Ол әр түрлі тақырыптың іс-шаралары болуы мүмкін. Оны әр түрлі үйірмелердің мүшелері өткізеді. Ол үйірме мүшелерінің есеп кештері, бұйімдар көрмесі болуы мүмкін. Мұндай іс шаралар балаларды үйірмеге тарту жұмыстарының, үгіт-насизхат жұмыстарының мүмкіндігін ашады. Осыдан кейін балалардың үйірме жұмысына қатысуға деген құштарлығы артып іс-шаралар барысындағы қолдаулар мен марапттар баланың білім-білік дағдысын дамытуға көмектеседі.
Үйірме жұмысы басталысымен-ақ балалар нені үйренетіндігін, қандай тиімді жұмыстар атқара алатынын айтуылары керек.
Мектепке қажетті қызметтің бәрі әр түрлі көрнекіліктер дайындау. Үйірменің түзету тәрбиемжұмыстарының да өзіндік ерекшеліктері бар. Ақыл-ойының дамуы тежелген балалар өз-өздеріне сенімсіз болуы мүмкін. Үйірме жұмыстарын ұйымдастырғанда эстетикалық тәрбие берілетінін де ұмытпау керек.

Қорытынды:
Ақыл-ойы кем қиялының дамуы өте төмен деңгейді көрсетеді. Фантазиясы нашар дамиды. Психикалық дамуы тежелген оқушылар үшін шығармашылық қиял дамымауы да мүмкін, олардың қимылы жай, әңгіме құрастыруда эмоциялары жеткіліксіз.
Әр баланың даму деңгейі әр түрлі болғандықтан жеке жұмыс жүргізілуі керек болады. Кейбіреулерге ауызша айту керек болса, кейбіреулеріне көмек көрсету қажет. Барлық балалар тәрбиешінің көмегін керек етеді. Бұл көрсеткіштер түзете-дамыту жұмыстарын ұйымдастырғанда әр баламен жеке жұмыс жүргізуде өте қажет. Мұндай жұмыстар үйірме жұмыстарында жүргізіледі. Бұл тәрбиешінің жетекшілігімен жүйелі түрде жеткізіледі.
Үйірме жұмысын жүргізуде мынадай мақсаттар қойылды:
 Түзетушілік:
 Шығармашылық қиялын дамыту қолдың ұсақ моторикаларын түр, түс, есте сақтау, ойлау, фантазиясын дамыту;
 Білімділік:
 Тәрбиелік:
 Дамытушылық:



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Сабақ жоспары жинағы / Баяндамалар жинағы, баяндама Арнайы және көмекші (түзету- коррекциялық) мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың яғни ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері туралы доклад казакша на казахском, доклад Арнайы және көмекші (түзету- коррекциялық) мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың яғни ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Арнайы және көмекші (түзету- коррекциялық) мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың яғни ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері, баяндама Арнайы және көмекші (түзету- коррекциялық) мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың яғни ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері туралы доклад казакша на казахском доклад Арнайы және көмекші (түзету- коррекциялық) мектеп, Баяндама: Арнайы және көмекші (түзету- коррекциялық) мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың яғни ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері