Баяндама: Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту негіздері

Баяндама: Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту негіздері казакша Баяндама: Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту негіздері на казахском языке

Шығармашылық жаңа мүмкіндіктерді ашу, өз бетінше жұмыс жүргізу, өте жоғары психикалық белсенділік. Шығармашылыққа деген сұраныс кез келген бағытта дамиды. Ғылыми көркем, кәсіби-техникалық, шаруашылық және т.б. Шығармашылықтың деңгейі әп түрлі болады. Бірақ барлығы да жаңа нәрсенің тууына ашуылуына тікелей байланысты.
Шығармашылық арқылы ғылым мен өнер тіпті адам өмірінің негізі қалыптсақан. Дамыту шығармашылық бұл кездейсоқтық емес. Ол шынайы толыққанды адами мүмкіндік.
Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, және басқалардың зерттеулері көрсеткендей қабілет тек бала жаңа білімді меңгергенде ғана емес шығармашылық мүмкіндіктерін біліммен, тұлға ретінде өзін дамыту, қалыптастыру барысында оқу-тәрбие барысында анықталады.


Даму жоспарында осы қасиетті ашуға ерекше көңіл бөлінуі керек. Қиялдай білмейтін балалардың тұлғалық мүмкіндігі шектеледі, шығармашылық ойлауы төмендейді, өнерге деген қызығушылық жойылады.
Шығармашылық қызығушылығы дамымайды. Ал балалардың шығармашылық дамуын ұштау үшін ерекше ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуі керек.
Балалапрдың шығармашылық қабілетін оқу және тәрбие оқу жұмысында кешенді жұмыс жүргізуге үлкен қызмет атқарады. Шығармашылық қабілетті дамытуда үйірме жұмыстарының мүмкіндіктері көп. Көмекші мектептегі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарының үйірме жүргізуде болмауы зерттеудің негізгі маңызды мәселелерінің бірі. Қазіргі таңда бұл мәселені көмекші мектеп тәрбиеленушілерінің әлеуметтенуі қоғамдағы орны деп қарастыру қажет. «Осыдан кейін ақыл-ойы кем балалардың үйірме жұмысын жүргізу барысында шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбын зерттеуге алдым.
Зерттеу жұмысын мақсаты:
Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетінің ерекшеліктерін анықтау
Зерттеу нысаны:
Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Зерттау пәні:
Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін үйірме жұмыстарында қалыптастыру.
Зерттеудің ерекшеліктері:
Егер үйірме жұмысы дұрыс ұйымдастырылатын болса онда көмекші мектептегі оқушылардың шығармашылық қабілеті біршама өсетіні сөзсіз. Зерттеудің мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер шығады:
 Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың ерекшеліктерін анықтау;
 Үйірме жұмысы кезінде ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін шыңдауға қажетті мүмкіндік табу.
 Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін үйірме жұмыстары арқылы дамытуды оқушылардың жағдайына қарай ұйымдастыру.
Зерттеу гипотезасы:
Егер үйірме жұмысы өз деңгейінде ұйымдастырылса ақыл-ойы кем балалардың қабілеті дамиды. Осы мақсаттар негізінде төменгі міндеттер құрылады:
 Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамуы мен қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;
 Үйірме жұмысының негізінде ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды қарастыру;
 Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін үйірме жұмыстарын ұйымдастыруға ұсыныс жасау.


Зерттеудің әдістемелік және теориялық ерекшеліктері.
Қабілет тек балалардың жаңа білімді меңгеруімен ғана байланысты емес балаларда бар білімнің дамуымен, өзінің тұлғалық қасиетін дамытумен, оқу тәрбие қызметінің жетістігінің анықталуымен байланысты.
(Л.С. Высотский, С.Л.Рубинштеин, Д.Б. Элкокин)


І Шығармашылық қабілетін дамыту мәселелерін теориялық шолу.

Бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей қабілет арқылы психикалық үдерісте жаңа материалдарды қабылдау және тану танымдық тұрғыда іске асырылады. Қабілет тек адамға ғана тән. Ол еңбектің жемісін көрсетеді. Сурет салу не құрастыру немесе басқа да жұмыстар басталғанға дейін мүле басқаша көрінеді. Қабілет үдерісі анаметика-синтетикалық бағытта болады. Қабілет бейнесі әртүрлі элементтерді біріктіру арқылы оны жан жақты пысықтау негізінде болады. Бір нәрсені үлкен немесе кіші әр түрлі бейнелерді көріп нақтылау жұмысы қабілетпен байланысты. Өмірдің әр қырына байланысты қабілет белсенді және белсенділігі аз болады. Бейелердің ерекшеліктері мен өз беттерінше істеуі де қабілет жетілдіреді. Қабілет қоршаған ортаға бағытталған ерекше зияткерлік қызмет атқарады. Бейнені шындыққа айналдыру үшін тек қана көру емес, айтылған сөз де тірек болады.
Қабілет негізінен бала тәжірибесінде бір нәрсені анықтай алмайтын қиындықтардан туады. Осындай мәселелер қабілет ойды жетілдіреді. Л.С. Высотский көрсеткендей бұл екіүрдіс бір-бірімен тығыз байланысты.
Ой алған әсерді көрсетсе, қиял оны толықтырады, ойлаған тапсырманы шешуді нақтылайды, жүзеге асырады. Зияткерлік мәселелерді шешу шығармашылық үдеріс болып табылады. Сондай-ақ қиял таным шекарасын ерекше кеңейтіп балаға өмірде көп кездеспейтін оқиғаларға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл «қатысу» оның зияткерлік, эмоцияналдық, танымдық қабілетін дамытып қоршаған ортаның табиғи, әлеуметтік қызметтерін терең тануға шақырады. Ендеше бала қиялындағы ерекшелік шындықпен жанасып нені болатынын немес болмайтынын түсінуі керек. Шығармашылық балалардың көрген нәрседен алған әсерлерімен тығыз байланысты. Қиялдың әдіс тәсілдерін бала мектеп жасына дейінгі кезеңде шыңдайды. Қиял ол өмір тәжірибесінен алған әсерін, білімін, көрінісін, бұрыннан көргендерімен ұштастыру. Бұл жағдайда адам қолымен жасалған нәрсе және бізді қоршаған орта шығармашылық қиялдың негізі болып табылады. Шығармашылық қызмет адамның бұрынғы тәжірибесімен бай қиялынан тұрады. Егер адам өзіне керектіні алып, керексізін қолданыстан шығарып тастамаса шығармашылық шешімді шешуде керектіні қабылдамаса ол қажетсіз нәрсе болып есептеледі. Педагогтың педагогикалық тәжірибесі баланың тәжірибесін кеңейту болып табылады. Бала мүмкіндігінше көп көріп, естіп, білсе оның қабілеті соғұрлым дамиды.
Білім мен тәжіриебенің жинақталуы ол шығармашылық қабілеттін дамуы. Шығармашалық қабілет тек осындай ерекшеліктермен ғана шектелмейді. Қабілеттің дамуы үшін дұрыс бағыт мақсат анық көрсетілуі керек. Идеяларын дұрыс басқару ішкі ойды ерекше дамытудың әсері бар. Сондықтан балалардың қабілетін дамытуда дұрыс бағыт беру маңызды. Толық қамтылған әдіс болмайтыны белгілі. Барлық әдістер белгілі бір жағдайда қолданылады. Ол нақтылы педагогикалық жағдайды шағырмашалық танымдық мәселелер шешуі қажет. Сондықтан бала қабілетінің дамуы шындықпен жанасуы керек. Дамуы тежелген мектеп жасындағы балалардың шығармашылық дамыунда тежелу байқалады. Айтылған психикалық қабілеттің тежелуде жүргізілетін түзетулері дұрыс нәтиже беруі үшін дефектолог белгілі мақсатқа бағытталған және екі кезеңнен тұратын жұмыс жасауы керек. Бірінші кезең алғашқы ойда шығармашылық қызмет қалыптастырады. Жетістікке қол созу әсіресе белсенді емес, өз-өзіне сенімсіз дамуы бұзылған балалармен жұмысында және дамыту әдіс-тәсілдерде керек. Көркем шығармашылық қызметте жетістікке жету жағдайында эстетикалық қимыл-қозғалыстардың әсері мол. Бұл сурет қағаздан жасалған бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар болуы мүмкін. Педагог үшін бала жұмысына қанағаттана ма, жоқ па, деген сауалдың маңызы бар. Оқушыға берілген тапсырма тек қызықты ғана емес, оқушының жас ерекшелігіне сай болуы керек. Ол өз жұмысынан жақсы нәтиже көруі тиіс. Бала қорқынышты, өз-өзіне деген сенімсіздікті жеңгенде ғана жетістікке қол жеткізеді. Үлкендер балаға жаңа қызмет, жаңа тапсырманы орындауда көмектеседі. Педагогтың көмегі баланың өзіне сенімін мүмкіндігі мен күшін арттыруы керек. Оның осы тапсырманы орындай алатынына сенімін арттырады.
Жетістікке жетуге көрсетілетін көмек ашық және жасырын түрде болады. Мәселен, ашық көмекте оның құрылымы туралы айтылуы мүмкін. «Қане, мынаны бірге жасайық», «жасай алмасақ тағы көреміз» мыне, жасырын көмек осы негізде іске асырылады. Мысалы:
 Сен ғана өз жұмысыңда түлкі бейнесін жасай аласың.
 Осы жұмысты сен жасасаң бәріне ұнар еді.
Балалардың шығармашылын дамыту үшін ойын жаттығуларын қолдану керек. Бұлар қиялды дамытады. Сезім-эмоцияналды қасиеттерін жетілдіреді. Балалардың осындай қасиеттерін ашып дамытатын эстетикалық ойындар қажет. Даму мүмкіндіктерін қиындықты жеңу өз ойын айту сияқты қабілеттерін шығармашылық жұмыс арқылы қанағаттандыру қажет. Ол баланың қоршаған ортаны ғылым мен өнерді сезу мүшелерін дамытып тұлғалық қасиеттерін берілген хабарды қабылдауын жақсартады.
Ойын және ойын жаттығуларын өткізу, сондай-ақ экстеикалық ойындарды өткізуде өнер әр баланың немесе топтың эмоцияналдық сезім тәжірибесіне сүйенгенде дәстүрлі және дәстүрлі емес мүмкіндіктерді қолданады.
Осы айтылғандардың барлығын пысықтай отырып ата-аналар, мұғалімдер балаға ең маңызды қасиеттер жан сұлулығын, жүрек тазалығын, дарындылық қасиеттерін беруі керек. Шын мәнінде ашылып, дамуы қажет басқа қасиеттер осының нәтижесінде қалыптасады. Өзін сүю, сенімсіздік, менмендік, зұлымдық аясындағы талант адамның өзі мен айналасындағыларға зиянын тигізеді.
Баланың дамуы үлкендер тарапынан үлкен назар қажет етеді. Баланың дайындалуына психологиялық жағдай жасаудың жаңа шығармашылықты бастауда қолдаудың маңызы зор. Баланың шығармашылық қадамы жайлы жақсы пікір қалыптастырып қиындықта қолдау көрсету керек. Баланы көбіне жалғыз қалдырып, өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау керек. Ата-аналар тарапынан көрсетілетін ерекше қамқорлық бала шығармашылығының дамуына кедергі келтіреді. Үлкендер баламен қарым қатынаста өздерінің жеке қасиеттерін көрсетуден қорықпауы керек. Бұл өзін бағалауға, өзін тануға көмектеседі. Сонымен қатар әр адамның қабилеті мен талғамына қарай сыйлау қажет екенін балаға үйретіп отыру керек. Баланың шығармашылық мүмкіндігін ашуға жағымды жағдай тудыру қоғамдық көзқарастарды ажыратуға көмектеседі. Баланың шығармашылыққа қызығуын қолдан шығарып алмау керек. Себебі энергияны қалыптастыру қиындық келтіріп баланың бағыты қалауынан тыс болуы мүмкін.
Осындай тәрбиелік шаралар баланың шығармашылық қабілетін дамытып, үлкендердің баланы түсініп әлемге таза кіршіксіз баланың көзқарасымен қарауды үйретеді.



1.1 Арнайы білімді қажет ететін балалардың шығармашылық қабілетін дамыту ерекшеліктері.

Интелектісі төмен балаларға еңбекпен айналысу оңай емес. Оларға бастаған істі соңына дейін апару тіптен қиын. Сондықтан ең алғашқы маңызды міндет еңбекке баулуда жағымды іс әрекет қалыптастыру. Еңбекке баулу үдерісі ақыл-ойы кем балалардың мүмкіндігіне сенсарлық-перспективтік бағыттың дамуымен тығыз байланысты. Баланы қандайда бір жұмыс әдісіне баулу үшін педагог-психолог және дефектолог үлкен шыдамдылықпен еңбектің әр үлкенді кішілі үдерістері мен жұмыс жасауы қажет. Қиындық балаларды қорқытпауы керек, керісінше, өз-өзіне сенімділігін арттырып өз бетімен жұмыс істеуіне баулуы қажет. Шығармашылық еңбекке баулу сабақ уақытында тәжірибелік тұрғыда ал сабақтан тыс уақытта білімге, өмірге қажетті білік дағдыларына тәрбиеленеді.
Осындай жұмыстардың жүргізілуі еңбексүйгіштік, жауапкершілік тапқырлық, бір-бірін түсіну, қиындықты бөлісу сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Қиындатылған түріне қарай ауысу, құралдар қолдану арқылы қолдардың жұмысын жақсартады.
Өмірде кездесуі мүмкін эмоционалды жағдайлармен байланыс орнайды. Бұйымдар жасау арқылы балалар психо-эмоционалды тәжірибелерін біріктіреді. Керек кезінде өзін ұстауды, өзінің сезімін жеткізуді үйренеді. Өз бетімен жұмыстың барлық түрі балалардың эстетикалық талғамын, байқампаздығын, айналаны көре білуін, шығармашылық ойлауын дамытады. Қолөнер жұмысы белгілі бір мақсатта емес оқушының шығармашылығын дамытуда жасалуы керек. Еңбекпен айналысу балаларға қуаныш сыйлайды, жағымды эмоционалдық көңіл-күй әкеледі, шығармашылығын дамытады. Шығармашылықпен айналысқанда балалардың эстетикалық қабылдауы, көруі, қиялы дамиды. Бірақ бұл өздігінен болмайды. Ол әр оқушының жеке ерекшеліктеріне байланысты жүргізілетін педагогикалық жүйелі және белгілі мақсаттағы жұмысының нәтижесінде жүзеге асады.
Үйірме жұмысын ұйымдастыру, әдіс-тәсілдерін жүргізу бала шығармашылығының дамуына байланыстырылады. Бұл үшін тек қана эстетикалық талғамын, қиялын бейнелеу қабілетін ғана дамыту жеткіліксіз. Олардың ойлауын кеңейту қажет. Бұлардың бәрі балалардың еркін ойын жеткізуге өздеріне ұнаған іспен айналысуға шығармашылық ізденіске жетелейді. Мұндай сабақтар оқушыны өз бетімен жұмыс істеудегі белсенділігін арттыруға бағытталады. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың шығармашылық қиялы нақты іс әрекеттерге бағышталады. Мәселен, тропикалық орманды бейнелеу үшін ыстық елдердің аңының суретін көруі немесе ол жайлы әңгіме естуі керек. Ерекше білімді қажет ететін балалардың шығармашылық қиялының дамуы маңызды. Оқушылар тек қана болған немесе болатынды ғана емес болмайтын құбылыстарды көреді.
Үлкендердің міндеті оқушыларды ертегідей қиялдан шынайы өмірге ижанасымды бейнелерге ауыстыру.
Шығармашылық қиял «ойдан шығарылған» және «ашылған» тапсырмаларда дамиды. Мәселен еркін тақырыпқа берілген шығарма т.б.
Жасөспірім қиялымен өзін ғарыш қаһарманы сезініп басқа ғаламшарға ұшып барады. Бұл енді ертегі емес, бұл арманнан туындаған жағдай ол алыс болса да өмірде орындалуы мүмкін. Мұндай арман болашақ іс әрекетке дайындық. Жасөспірімнің алдына беймәлім бірақ қол жеткізуге болатын жаңа әлем ашылады. Жасөспірім ерекше ерліктер жасап, батыр, кейіпкер болғысы келеді. Бірақ оқушы өз арманымен оны істей алмайды. Біздің мақсатымыз арманның ерте ме кеш пе шындыққа айналатынын түсіндіру. Бала оқығанын сынып жиналыстарында немесе кешкілік бос уақытында талқыласа жақсы. Онда оларды тыңдау керек. Ешуақытта олардың армандарын жоққа шығаруға болмайды. Керсінше мүмкіндігі шектеулі балалардың осындай ұлы істерді жасасам дегендеру үшін оларды мақтау және қолдау керек. Дегенмен жасөспірім қиялын жетектеу үшін шыдамдылық пен педагогикалық такт қажет. Бала қиялы жасына сәйкес өзгереді. Ол шындыққа жақындайды. Дегенмен романтикаға ауыспайды. Бірақ ол өмірмен байланысып шындыққа үйлесе бастайды. Қиял әлемі шынайы әлеммен байланысады.
Баланың әдебиетке, театрға, бейнелеу өнеріне қызығушылығы оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсер етеді. Әсересе үлкен өмірлік мақсаттарға бағышталған болашақ бейнелер шығармашылық қиялды дамытары сөзсіз.

1.2 Көмекші мектепте арнайы жеке үйірме жұмыстарын ұйымдастыру

Үйірме жұмысының маңызы.
Әртүрлі үйірмелерде ұйымдастырылатын, жүргізілетін, жұмыстарға қарап балалардың қызығушылығы негізінде тәрбие және білім үдерісін бағалау қиын.
Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыста мектепішілік үйірме жұмысын ұйымдастыру тәжірибеде көрсеткендей баланың мүмкіндігін терең және жан-жақты дамытады. Олардың кемістігін жетілдіруге, жағымды шешім қалыптастыруға көмектеседі.
Үйірме жұмыстары 5-9 сыныптарда жетістігін көрсетеді. Себебі балалар бұл уақытта ұжыммен жұмысты меңгереді. Олардың қызығушылығы мен қабілеті нақты анықталады. Балаларға арналған үйірмелер әр түрлі болады. Дегенмен балаларға өз бетінше өмір сүргенде қажет болатын жұмыстарға үйірме ұйымдастырған дұрыс.
Мұнда физикалық және эстетикалық тәрбиеге жан-жақты, терең негізделген еңбекке баулу шешімін табу үйірмелері жатқызылуы керек. Үйірме жұмысын әр түрлі жалпы жалпы оқу пәндері негізінде де жасауға болады.
Еңбекке баулу сабағының міндеттері өз қолыман әдемі бұйымдар жасағаннан кейін өз жұмысының жемісін көріп, біліп балаларда энергия жағымлы қанағаттанарлық сезім оянады. Олардың шығармашылық мүмкіндігі ашылады. Шығармашылық еңбек барысында балалар әр түрлі ою-өрнектер жасайды, сый ұсынымдар мен безендіру заттарын жасайды. Шығармашылықпен айналысу кезінде төмендегі міндеттер шешіледі:
 Баланың танымын түзету;
 Баланың мүмкіндіктерін салыстыру және пысықтау ерекшеліктері
 Балалардың әртүрлі өнер түрлерімен жеке бағыттармен танысу.
 Өнерге деген эмоциональды-эстетикалық белсенді қарым-қатынасын адамның ішкі жан-дүниесінің қызығушылығын арттыру.
 Күнделікті өмірден алған білімдерін қолдануға үйрену.
Осылайша баланың барлық психикалық қызметі жұмысын жасап тұлға ретінде дамуы басталады. Сабақтан тыс жұмыстар ерікті түрде болатындықтан оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне байланысты ұйымдастырылуы қажет. Сабақтан тыс жұмыстар тәрбиешіге әр түрлі сабақтар өткізуге балалардың шығармашылық жұмысқа сүйіспеншілігін арттырып жұмысты орындауға қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.
Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда тәрбиені келесі бағыттарда сақтауы керек:
 Сабақтың жалпы бағытын сақтау;
 Жеке қасиеттеріне байланысты сабақтың мазмұны мен әдісін оқушы таңдауына сәйкес жасау;
 Сабақтан тыс жұмысқа оқушының көп қамтылуына көңіл бөлу;
 Баланың өз бетінше ұсынған талабын оның қалауын ескере отырып қарастыру;
 Барлық орындаған жұмыстарға тиімді-қоғамдық ой қалыптастыру;
 Сабақтан тыс жұмыстың барлық түрі оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндетіне бағынуы тиіс.
Үйірме жұмысының мазмұнына қағаздан, матадан, әр түрлі материалдардан жасалатын жұмыстар енгізу қажет. Бұл жұмыстар балалардың сыныпта жасаған жұмыстарын қайталамауы керек.
Үйірмені ұйымдастыру:
Тәрбиешілер мен мұғалімдер үйірме жұмыстарын жүргізіп өзінің ұжымына тәжірибелік көмек көрсете отырып педагогикалық ұжымның мақсатты жұмысын ұйыдастырады. Тәрбие жұмысының бұл бөліміне ерекше назар аудару керек. Тәрбиеленушінің өміріне қажетті тәжірибе, білім, білік беріп, балаларды қызықтыра білу керек.
Үйірме жұмысының нақты мазмұны қажетті жағдайларға оқушының қолдауына, тәрбиешінің дайындыған байланысты. Жұмыс балалардың құзығушылығын танудан үйірме мүшелерінің құрамын жасаудан, сынып белсенділері мен басшысын таңдаудан, материалдар мен құралдарды дайындаудан басталады. Сабақ аптасына бір мәрте 1 сағаттан болады. Бірінші сабақта балалар құралдармен танысып, сызбалар мен үлгілерді орындайды. Ал келесі сабақтарда өзгерістер мен толықтырулар жасауға тапсырмалар беріледі. Балаларда қажетті материалдар толық жиналғанда өз бетінше жұмыс жасауға уақыт беріледі.
Үйірме жұмысының қызықты да қажетті ұйымдастырылуы керек. Әр түрлі ойыншықтар қолөнер бұйымдарын дайындау керек. Осындай байқаудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Олар матадан, қағаздан табиғи материалдардан жасалуы мүмкін.
Мақсаты мен қиындығына қарай байқау бірнеше күнге созылуы мүмкін.
Әр түрлі байқаулардың тақырыптары:
 Өз қолдарымен ойыншық дайындау;
 табиғи материалдармен шырша ойыншықтарын жасау;
 Жаздық жинақтардан безендіру;
 Гүлдер мен жапырақтардан кептілірген бұйымдар;
 Әр түрлі материалдардан әр түрлі композиция құру;
Көрме тек экспонаттармен ғана емес, безендірумен де ерекшеленуі тиіс. Сондықтан көрменің өтуін орналасуы мен безендірілуін алдын-ала ұйымдастыру керек. Әр жмысқа баланың аты-жөні жазылған кесте ілу керек. Ақыл-ойы тежелген балалармен үйірме сабақтарында жеке жұмыс жүргізу.
Оқушылармен жеке жұмыс мұғалімнің немесе тәрбиешінің арнайы жоспарымен жүзеге асады. Тәрбиешінің айтуымен олар әр түрлі заттар жасайды. Жұмысты бастамас бұрын тәрбиеші кәріспе әңгіме өткізіп, еңбектің мақсаты мен міндеті туралы айтады. Балалар жалпылама түрде болашақ жасайтын жұмыстарының жобасын жасайды, керекті материалдар мен құралдарды көрсетеді. Кейбір тапсырманы балалар өздері орындайды. Ашық хаттар мен түрлі-түсті жіптер, табиғи матеиралдар қолданады.
Жеке жұмыстар үшін балалар тәрбиешінің көмегінсіз өз бетінше орындай алатын жұмыстар алынады. Жеке жұмыстар үшін үйірме жұмыстарында жасалатын материлдар ғана алынады. Бірақ түрі мазмұны жағынан олар сабақтардағы жұмыстарды қайталамауы керек.
Кейде балалар тапсырманы соңына дейін орындамайды. Қағаздан жасалған бұйымды бояй алмау немесе безендіре алмай қалуы мүмкін. №сондықтан мұндай жеке тапсырманы аяқтау кейбір оқушыларға ғана берілуі мүмкін. Өрнек салғанда жұмысты жақсы және тиімді жасауға болатын жолдарды мұғалім оқушыға жетік түсіндіруі керек.
Үйірме жұмысына қойылатын талаптар: тәрбиешілер мен мұғалімдерге балалардың ой-өрісін кеңейту үшін сабақтан тыс уақытта өмірге қажетті әдеттерге үйретуде тәжірибе жұмыстарына тәрбиелеу керек. Үйірме жұмысы күннің екінші жартысында өтеді. Білім мекемесінің орнына, күн тәртібіне, жұмыс тәртібіне байланысты ұйымдастыру жұмысы әр түрлі болады.
Дегенмен келесі шарттар міндетті түрде болуы керек.
 Үйірме жұмысы оқу сабақтарынан кейін 2-3 сағаттан кейін өткізілуі керек.
 Үйірме жұмысын кешкілік ұйымдастыруға болмайды.
 Егер үйірме жұмысы үй тапсырмасын орындағаннан кейін болса демалуға уақыт бөлу керек.
 Үйірме жұмысын кешкілік ұйымдастыруға болмайды.
Әрине, қандайда бір бұйымдар жасағанға баулыған дұрыс. Ол қосымша ой еңбегің жаңа әдіс-тәсілдерді керек етпейді.
Сабақ бір сағаттан артық болмауы керек. Жұмыс барысында топқа немесе кейбір оқушыларға үзілңс ұйымдастыру керек.
Үйірмедегі оқушылардың саны оннан көп болмауы керек. 3-5 адам болуы мүмкін. Баланың аз болуы тиімді болып саналады. Мысалы, ағаштан, металдан, бұйым жасау, тоқу және тігу кейбір бабаларға ғана тән қасиет. Үйірме жұмысын дұрыс ұйымдастыру қажет. Ел алдымен әр үйірменің уақыты мен орынын анықтап алу қажет. Осы уақытта топтағы балалардың нешеуі айналысатынын да білген жөн. Әр үйірмедегі сабақты аптасына бір реттен жиі екі аптада бір реттен сирек өтпеуі керек.
Үйірме құрамын жасақтау да ерекше орын алады.
Ол баланың қабілетімен мүмкіндігін терең бақылауды қажет етеді. Оқушыға немесе тәрбиешіге қай үйірме қажетті екендігін оның мүмкіндігін ашуға қайсысы көмектесіп, дамытатынын айтып, көмектесу керек. Бұл жұмыс бала таңдауымен жүзеге асады. Яғни оқушы өз қалауымен еш қиындықсыз үйірмені таңдай алуы керек.
Әрине, кемтар оқушылар үйірмеге шамасының келетін-келмейтіне қарамай барғысы келуі де мүмкін. Мұдай жағдайда көп қинамай баланы өзі қалаған үйірмепге жазу керек. Тәжірибеде мұндай жағдайлар көп кездесе бермейді. Кез келген үйірмеге қатысу балаға зиянын тигізбесі с өзсіз. Жұмыс барысында балаға жеке тапсырма бере отырып, басқа үйірмеде жүргізілетін жұмыстарға да қызығушылығын арттырған жөн. Қандай жағдай болмасын, балалар өз бетімен шешім қабылдай отырып, қалаған үйірмесінде жұмыс жасауы керек.
Әр бала бір-екі үйірмеден артық үйірмеге қатыспауы керек. Әрине, бұл үйірмелер басталған күннен-ақ толық құрамдалуы керек.
Сабақ барысында бір үйірмеден, екінші үйірмеге ауысуға болады. Баланың қалауымен әр кезде де санау керек. Егер ол үйірмеден үйірмеге ауысу мақсатты түрде жүзеге асса.
Тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде мектептің барлық оқушылар үйірме жұмысы туралы білулері керек. Ол әр түрлі тақырыптың іс-шаралары болуы мүмкін. Оны әр түрлі үйірмелердің мүшелері өткізеді. Ол үйірме мүшелерінің есеп кештері, бұйімдар көрмесі болуы мүмкін. Мұндай іс шаралар балаларды үйірмеге тарту жұмыстарының, үгіт-насизхат жұмыстарының мүмкіндігін ашады. Осыдан кейін балалардың үйірме жұмысына қатысуға деген құштарлығы артып іс-шаралар барысындағы қолдаулар мен марапттар баланың білім-білік дағдысын дамытуға көмектеседі.
Үйірме жұмысы басталысымен-ақ балалар нені үйренетіндігін, қандай тиімді жұмыстар атқара алатынын айтуылары керек.
Мектепке қажетті қызметтің бәрі әр түрлі көрнекіліктер дайындау. Үйірменің түзету тәрбиемжұмыстарының да өзіндік ерекшеліктері бар. Ақыл-ойының дамуы тежелген балалар өз-өздеріне сенімсіз болуы мүмкін. Үйірме жұмыстарын ұйымдастырғанда эстетикалық тәрбие берілетінін де ұмытпау керек.
Үйірме жұмыстарының кез келгенінде балалар өз қолымен жасайтын жұмыстарда мынадай талаптар сақталуы керек.
Жұмыста таза және ұқыпты орындау керек.

Қорытынды:
Ақыл-ойы кем қиялының дамуы өте төмен деңгейді көрсетеді. Фантазиясы нашар дамиды. Психикалық дамуы тежелген оқушылар үшін шығармашылық қиял дамымауы да мүмкін, олардың қимылы жай, әңгіме құрастыруда эмоциялары жеткіліксіз. Балалар ерекше сюжеттер ойлап, құрастыруда қызыққа тап болып, төмен деңгей көрсетті. Эмоцияларын көрсете алмады. Суреттері жақсы салынбаған. Әңгімелерінде қосымша мәліметтер жоқ. Бейнелердің бір-екі қасиетін ғана ашқан. Әңгімеде бір-екі кейіпкер ғана қолданады. Әңгіме құрастыру жылдамдығы 1 минут. Кейде балалар өз әңгімелерін эмоциональды бағытта бере алмады. Тыңдаушылар оны тыңдамады.
Суреттерде балалар сюжетті өздері ойлап тапты. Кейбіреулері кітаптан салды. Сюжеттер жаңа емес, бірақ кейбір элементтері де шығармашылық қиял болды. Мұндай суреттер балаларға эмоцилоналды әсер қалдырды.
Кейбір балалар өте төмен деңгейді көрсетті. Олар өте қарапайым суреттер салды. Сюжеттердегі деттуралы қорытынды жасауалдарды нашар көрсетілген. Қиялы нашар балалар қызығушылықпен салмағаннан кейін, мүкіндіктері төмен деңгейде.
І. констатация кезінде балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Әр баланың даму деңгейі әр түрлі болғандықтан жеке жұмыс жүргізілуі керек болады. Кейбіреулерге ауызша айту керек болса, кейбіреулеріне көмек көрсету қажет. Барлық балалар тәрбиешінің көмегін керек етеді. Бұл көрсеткіштер түзете-дамыту жұмыстарын ұйымдастырғанда әр баламен жеке жұмыс жүргізуде өте қажет. Мұндай жұмыстар үйірме жұмыстарында жүргізіледі. Бұл тәрбиешінің жетекшілігімен жүйелі түрде қткізіледі.
2.2. Психикалық дамуы тежелген балалардың шығармашылық қиялын дамытуда үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.
Психикалық дамуы тежелген балалардың шығармашылық қиялын дамытуда жүргізілген эксперименттік зерттеу мәселесінде дамытушы эксперимент ретінде тәрбиеленушінің шығармашылық қиялын дамыту үшін жүйелі үйірме жұмыстарының талдауы туралы қорытынды жасалуы керек.
Дамытушы эксперименттің мақсатты үйірме жұмыстары барысында шығармашылық қиялын дамытуға бағытталады. Үйірме жұмысын бір ай екі үш ретсенбі және жексенбі күндері өткіздік. Үйірмеде психикалық дамуы тежелген деген диагнозбен 15 бала болды.
Үйірме жұмысын жүргізуде мынадай мақсаттар қойылды:
 Түзетушілік;\
 Шығармашылық қиялын дамыту қолдың ұсақ моторикаларын түр, түс, есте сақтау, ойлау, фантазиясын дамыту;
 Білімділік:
Түр түс туралы балалардың түсінігін қалыптастыру. Балаларды ескі затқа, таныс дүниеге жаңаша көзқараспен қарауға үйретеді. Жасалатын затқа өзінің ойын қоса алуы керек.
Тәрбиешілік:
Жұмысты таза және ұқыпты орындауға үйрету шығармашылққа танымдық қызығушылығын арттыру. Баланы өз ісіне қанағаттануға үйрету.
Үйірменің міндеттері:
 Әр түрлу материалдардан түрлі бұйымдар жасауға үйрету;
 Балаларға өзінің алдына қойыған мақсатына сәйкес түс, түрді дұрыс қолдануға үйрету;
 Маталармен, ине, қайшы, желім қағаз бояулармен ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.
 Балаларға өзінің жұмыс орнын дайындауды және жұмыстан кейін жинауға үйрету.
Үйірменің бірнеше сабақтарында біз балаларды тақырыппен, құралдармен, қандай бұйымдар жасайтынымен, қандай жаңа нәрсе үйренетінін таныстырамыз. Үйірме сабақтарында құралдар мен жабдықтарды сақтау, қауіпсіздік ережесін сақтау туралы білімдерін нығайтамыз. Күз мезгілінде біз мынадай бұйымдар жасаймыз:
Кептірілген жапырақтардан күзгі мерекеге суреттер дайындаймыз. Суреттерге жиектерді ұсталық үйірмеде жасалған бұйымдарды қолданамыз. Бұл жұмыстарды орынджау барысында балалардың шыдамдылығын шыңдаймыз. Техникалық түсініктерін кеңейтеміз. Қиялы мен фантазиясын шығармашылық дамыту:
Суретпен оның жиегін балалар ұста шеберханасында мұғалімнің кһмегімен жасайды. Сюжетті балалар өздері жасап жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтайды.
«Тәтті ойыншықтар»
Бұл сабақта балалар азық-түліктер «ойыншықтар» жасайды. Олар үлкен сезіммен дайындайды.
«Торлау»
Жіптен ойыншық жасады. Желіммен, жіптен ұқыпты жұмыс істеуге үйренді. Қыс мезгілінде Жаңа жылға дайындық басталды. Біз шыршаға ойыншық, бөлмеге безендіргіш заттар, ойын бөлмесіне қажетті заттар, ашық хаттар мен жаңажылдық газеттер дайындаймыз. Бұл жұмыстарды орындаңғанда балалардың табиғи материалдар, оны қолданудағы мүмкіндіктер туралы білетіндерін кеңейтуді дамытамыз. Әдемі керемет бір нәрсеге жасауға деген құлшыныстарын тәрбиелейміз.
Жаңа жылдық бұйымдар мен безендірулер ескі қораптардан, қағаздар мен бөтелкелерден, мата, тері және т.б нәрселер жасалады.
Сабақтан соң жаңа жылдық ашықхаттарды бұйымдар мен ойыншықтардан көрме ұйымдастырамыз. Ең әдемі, ұқыпты керемет жұмыстарды атап өтеміз. Біз балалармен тұзды қамырдан бұйым жасаудың жаңа әдістерін үйрендік. Тұзды қамырдан кішігірім вазалар жасадық. Бұл сабақтар қолдың ұсақ маторикаларын, қозғалыс пен қиялын дамытады.
Үйірме жұмыстарында біз көп жұмыстар жасаймыз. Әдемі вазалар, әртүрлі шәй сервистері ұлттық оюмен жасауға болады. Бұл сабақтарда қиял мен көмкемдік дамиды.
Үйірме жұмыстарында балалармен бірге әртүрлі дақыл түрлерінен



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Сабақ жоспары жинағы / Баяндамалар жинағы, баяндама Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту негіздері туралы доклад казакша на казахском, доклад Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту негіздері на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту негіздері, баяндама Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту негіздері туралы доклад казакша на казахском доклад Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту негіздері на казахском языке баяндама скачать бесплатно скачать доклад на каза, Баяндама: Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту негіздері