Бастауыш класта оқытудағы жаңа технологиялардың тиімділігі

 Бастауыш класта оқытудағы жаңа технологиялардың  тиімділігі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
«Қазақстан-2030» жолдауында: «...Оқушыларды қазақстандық патриотизм
мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса
қажет, . . . бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық,
тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп
қалыптастыру керек» - деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор
міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы
біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай
мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. 
Тәрбиенің екінші сыңары – білім. 
М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» - деп
атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім
қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани
ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп,
тәуелсіз елді нығайтатын болады. 
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру,
тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін
бәріміз білеміз.
Оқытудың жаңа технологияларын бағыттарына қарай жіктеп, төмендегідей
топтастыруға болады. 
Бағыттары Түрлері Авторлары 
1 Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізіндегі технология
Педагогикалық қарым-қатынас - Ы.Алтынсарин 
Ізгілікті-тұлғалық технологиясы - Ш.Аманошвили 
Әдебиетті адам қалыптастыру пәні ретінде оқыту - Е.Ильина 
2 Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі
технология .Тірек белгілері негізінде оқыту - В.Шаталов 
Ойын арқылы оқыту технологиясы - В.Коваленко 
Проблемалық оқыту технологиясы - М.Махмутов, А.Матюшкин, В.Оконь 
Коммуникативтік қарым-қатынас - Е.Пассов 
3 Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару
Деңгейлеп-саралап оқыту - Ж.Қараев, 
Г.Селевко 
Топтық және ұжымдық оқыту - В.Дьяченко, И.Ривин 

Компьютерлік оқыту - Қ.Ағанина, М.Жүсіпбалиева 
Бағдарлап оқыту - В.Беспалько 
4 Оқу материалын әдістемелік жетілдіру, дидактикалық қайта құру
Мәдениеттер диалогы - В.Библер 
С.Курганов 
Экология және диалектика - Л.Тарасов 
Дидактикалық білімдерді ірілендіру - П.Эрдинов 
5 Жеке пәндік технология Сауаттылыққа ерте тәрбиелеу - А.Кушнир 
Сатылай талдап оқыту - Н.Оразақынова 
Өздігінен дамыту технологиясы - М.Монтессори 
6 Баламалы педагогикалық Еркін еңбек технологиясы - С.Френен 
Вальдорф технологиясы - Вальдорф 
7 Табиғи байқағыштық Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа
тәрбиелеу - А.Кушнир 
Өзіндік дамыту - Т.Семеко 
8 Дамыта оқыту Дамыта оқыту жүйесі - Л.Выготский, В.Заньков,
Д.Эльконин, В.Репин 
Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту - И.Якиманская 
9 Авторлық мектептің педагогикалық технологиясы - Педагогикалық
бейімдеу мектебі Е.Ямбург 
Өзін анықтау мектебінің технологиясы - А.Тубельский 
Мектеп бағы - М.Балабан 
Ертеңгі күн мектебі - Ховард 
Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын
тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші
жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық
құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек,
оқыту технологиясы – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-
тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру
қажет. 
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: 
 Балаға ізгілік тұрғысынан қарау; 
 Оқыту мен тәрбиенің бірлігі; 
 Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; 
 Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; 
 Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; 
 Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!