Баяндама: Мемлекеттік тілдің білім беру жүйесіндегі маңызы

Баяндама: Мемлекеттік тілдің білім беру жүйесіндегі маңызы казакша Баяндама: Мемлекеттік тілдің білім беру жүйесіндегі маңызы на казахском языке

Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына
сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге , бүкіл
оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніңіз
мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.
Сонау xx ғасырдың басында Ж. Аймауытов: « Сабақ беру
үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер»
деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын
пән ерекшеліктеріне сай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің
бірден - бір жолы. Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма
қойған мақсатым – баланың қызығушылығын оятып, қабілетін
арттыратын , өз бетімен ізденісін жаттықтыратын жағдай туғызу.
Оның бастысы сабақ үрдісін жаңаша ұйымдастыру , оқушылардың
оқудағы іс- әрекеттері арқылы білім , білік,дағдыларын жетілдіру,
өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету
оқушылардың өздері арқылы жүзеге асады. Мұғалім –
ұйымдастырушы, бағыт беруші.
Тіл мен әдебиет – ұлт байлығы ,қымбат қазына. Тіл мен әдебиет –
ұрпақ арасын жалғар алтын көпір, ақыл – ойдың түйінін танытар
асыл қазына.
Өз тілімізді сақтап , құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет
ететін, ата- баба алдындағы ұлы парызымыз дауға салса алмастай
қиған, сезімге салса қырандай қалқыған , ойға салса қорғасындай
балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару , әрі қалқан болған

, байырғы , әрі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін
бұл дүниеде қымбат не бар!?
Ел егемендігі басты сипаттарының бірі – мемлекеттік тіл
болғандықтан , білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытып үйрету
сапасы Қазақстан Республикасының болашағын айқындауға
маңызды ықпал ететіндігі даусыз. Тіліміздің мәнінің артуына ,
қазіргі жаңаша құрылған білім мекемелерінде оны жоғары
деңгейі оқытып үйрету әдістемесінің дамуына білікті де терең
теориялық, жан- жақты біліммен қаруланған, озық та озат
тәжірибелерді бойына жинақтаған маман ғана үлес қоса алады.
Қазақ тілін меңгерту үшін , ең алдымен білімді , білікті ұстаз болуы
тиіс.
Мемлекет басшысы: «Менің ел басшысы ретінде де, қазақ
ретінде де парызым қазақ тілін өсіп өркендету... Қазақ елі барда
қазақ тілі болады, өседі, өркендейді. Бүкіл қоғамымызды
топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілін оқыту
сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғысы келетінін»
айтқан болатын. Олай болса, қоғамды топтастырушы тілдің иесі -
қазақ ұлтының болашағы , ұлт болып қалуы кез - келген ұлттың
басты белгісі болып саналатын ұлттық тілінің өміршеңдігімен
тығыз байланысты болмақ. Ана тіліміз арқылы ғана біз
халқымызды , Отанымызды танып білеміз.
Тілді оқытуда оқытушы қауымының ұстанған бағыты ауызекі
сөйлеу әрекеттері, ал грамматика оның жетегінде кетуі тиіс . Тілді
меңгеруде негізгі назар ауызекі сөйлеу тілі материалдарына
аударылуы қажет, өйткені біздің ұстанып отырған мақсатымыз да
басқа ұлт өкілдерін қазақ тілінде сөйлей білуге үйрету. Қазақ тілі –
оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы
қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында күнделікті өмірінде
қажетіне жарайтындай, білім бере алатындай аса білікті пәндердің
бірі, мемлекеттік тіл.

Біздің тіліміз республикамызда барлық деңгейде қарым –
қатынас құралына айналуда егемендікпен бірге халықтың рухы
оянды, тарихи жады сілкінді.
Мемлекеттік тілді оқытудың жүйелі әдістемесі дұрыс жолға
қойылғанда , пікір тәжірибе алмасуда алдағы уақытта жақсы
нәтиже беретіні сөззіз. Мемлекеттің негізгі құндылықтарының бірі –
оның мемлекеттік тілі. Қазіргі таңда қазақ тілінің – мемлекеттік
тілдің мәртебесін арттыру, қолданылу аясын кеңейтуде бірнеше
іс- шаралар қолға алынуда.
Жалпы , қай халықта да тілдің орны ерекше. Тілсіз халық
болмайды. Тіл – халықтың жаны , демі, тынысы іспеттес. Тілдің
арқасында ұлт адамы , оның мінез- құлқы, жан- жүрегі
қалыптасатындай. Тілі жоғалған халықты ұлт, халық деп атауда
артықтау. Біздің халықтың тіліне көзқарасы , оған беретін бағасы
ғажап. Оны өмірге перзент әкелуші , адам әкелуші, өмірдің
нұрымен шуағы – Анаға теңейді. Бұл дүниеде Анадан құдіретті ,
Атадан қасиетті не бар? Ана қандай қымбат болса қазақ үшін
қазақ тілі сондай қымбат. Қазақ тілінің мәртебесі үшін күрес – бұл
елдік үшін , тәуелсіздіктің баянды болуы үшін күрес . Тіліміз
арқылы ғана жүзіміз жарқын, еңсеміз биік болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру;халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру
жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Білім – теңіз , оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай
алмақ . Ондай адамдарды дайындайтын, білім , тәрбие беретін

бала жанының бағбаны – мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы
санасына сабақ арқылы жеткізеді.
Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуға жаңа технологиялық әдістерді
қолдана отырып, сапалы білім беруге ерекше көңіл бөлініп отыр.
Инновация дегеніміз – педагогикалық процеске оқыту мен
тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын,
бағдарламаларын, әдістерін құралдарын енгізіп, мақсатқа жеткізу.
Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман
талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең
маңызды мәселе болып келгені даусыз. Ұстаз үшін ең басты
мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау.
Қазіргі күні бұқаралық ақпарат құралдарының, электронды
ақпарат құралдарының пәрмені зор . Әңгімеге тиек болып отырған
мемлекеттік тілдің орнықтыруда теледидардың да алатын орны
ерекше.
Мемлекеттік тілді білу – әрбір қазақстандықтың парызы . Әрбір
азаматқа уақыт өте келе қазақ тілінің қажеттілігін уақыт талабы
екенін түсіндіру , жеткізу, жағдай жасау біздің міндетіміз.
Біздің бүгінгі мақсатымыз – ұлт болашағы үшін аянбай еңбек ету.
Ұлт мүддесі үшін ұйыса алатын , шығармашылықпен жұмыс
жасауға бейім ұрпақ тәрбиелеу , салмақты ой мен сабырлы
әрекетті тұлғаны қалыптастыру ел тәуелсіздігін баянды ететін
ортақ міндетке бәріміз бірдей ат салысайық.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Сабақ жоспары жинағы / Баяндамалар жинағы, баяндама Мемлекеттік тілдің білім беру жүйесіндегі маңызы туралы доклад казакша на казахском, доклад Мемлекеттік тілдің білім беру жүйесіндегі маңызы на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Мемлекеттік тілдің білім беру жүйесіндегі маңызы, баяндама Мемлекеттік тілдің білім беру жүйесіндегі маңызы туралы доклад казакша на казахском доклад Мемлекеттік тілдің білім беру жүйесіндегі маңызы на казахском языке баяндама скачать бесплатно скачать доклад на казахском языке қазақша баяндамал, Баяндама: Мемлекеттік тілдің білім беру жүйесіндегі маңызы