Білім беру үрдісіндегі педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы.

 Білім беру үрдісіндегі педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың маңызы.

Мектеп – келешек ел басқарар, жер-суына иелік етіп, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін
асыратын жандарды тәрбиелейтін бірегей орта, киелі ұя.Сонымен қатар, жеткіншек ұрпақтың ойын
жан-жақты қалыптастыратын шеберхана.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаhандану үрдісі тіпті шағын комплектілі мектептерге де
бәсекелестікті күшейте түсуде. Оған білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі
ынталы бастамалар мен түрлендірлерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен
айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру
қажеттілігі туындайды.
«Педогогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық
жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі
ғана» деп В.Беспалько атап көрсетсе, И.Талызинаның пікірі бойынша, педагогикалық технологияның
басты мақсаты – іс-жүзінде дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын ең тиімді әдістерді
анықтау.
Педагогикалық технологиялардың басты міндеті оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра
отырып алға қойған мақсатқа жету үшін қолданылатын ең тиімді әдістерді анықтау.
Педагогикалық технологиялардың басты міндеті оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра
отырып алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік
қызметтің ерекше түрі болып есептеледі.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен
шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді.Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер
мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Жаңа педагогикалық технологиялармен жұмыс істеудің алғышарттары:
- оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
- оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;
- оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау
жасап, назарда ұстау;
- жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу;
- пәндік білім стандартымен жете танысу;
- білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт
деңгейінде игертуге қол жеткізу;
- оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

Педагогикалық
технологиялардың
басты міндеттері

Оқушылардың іс-
әрекеттерін мақсатты
түрде ұйымдастыра білу

Білімі мен білігіне сай
келетін бағдар таңдап
алатындай дәрежеде
тәрбиелеу

Өз бетінше жұмыс істеу
дағдыларын
қалыптастыру

Аналитикалық ойлау
қабілеттерін дамыту

Жаңа технологиялардың іске асу кезеңдері:
1-кезең – оқып үйрену
2-кезең – меңгеру;
3-кезең – тәжірибеге енгізу;
4-кезең – дамыту.
Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады.
Олар мыналар:
- педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;
- оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларынн қарастыру;
- оқу модулін құрастыру;
- оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;
- оқушылардың жаңа материалдыы меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;
- оқу әрекетінің бағалау көрсеткіштерін анықтау.
Бәсекеге қабілетті мектептердің қалыптасуы үшін мұғалімдер жаңа оқыту технологияларын меңгеруі
шарт.
Педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері

Технологияның аты,
авторы

Мақсаты Ерекшеліктері

1
Ойын арқылы оқыту
технологиясы
(Коваленко В.Г.)

- тәрбиелік;
- дамытушылық;
- әлеуметтендірушілік;

Ойындық іс-әрекеттің
психологиялық механизмі жеке
бастың өзіндік талап,
талғамына сүйенеді

2 Проблемалық оқыту
(В.Оконь, М.И.Махмутов)

- білім, білік, дағдыларды игеру,
- өз бетімен жұмыс істеу
ізденістерін меңгеруі;
- танымдық,
-шығармашылық дербестігін
қалыптастыру;

- оқытуда табысқа жетудің
шарттары;
- оқу материалында проблема
туғызу;
- баланың дербес ойлау
мүмкіндігі;
- өз ой тұжырымын жасау;

3 Тірек сигналдары
арқылы оқыту
(Шаталов В.Ф.)

- оқушының ақыл-ойын
дамыту;

- үнемі қайталау, кезеңдік
бақылау, тірек сигналдарын
қолдану;

Жаңа
технологиялардың
педагогикалық негізгі
қағидалары:
балаға ізгілік
тұрғысынан қарау

оқыту мен тәрбиенің
бірлігі

баланың өз бетімен
әрекеттену әдістерін
меңгерту

барлық
оқушылардың дамуы
үшін жүйелі жұмыс
істеу
оқу үрдісін
оқушының сезінуі

Баланың танымдық
күшін қалыптастыру
және дамыту

Баланың өз бетімен
әрекеттену әдістерін
меңгерту

баланың танымдық
және шығармашылық
икемділіктерін дамыту

- білім алудағы дербестікті
дамыту;

4 Деңгейлеп саралап оқыту
(Селевко Г.К.)

- әр оқушының жеке
мүмкіншіліктеріне қарай
оқыту

- шығармашылық
мүмкіндіктері дамиды;
- ізденімпаздығы, белсенділігі
қалыптасады;
- шығармашылық ой-өрісі
артады;

5 Міндетті нәтижелерге
негізделген деңгейлік оқыту
технологиясы (В.В.Фирсов)

- оқытуды оқушылардың
әртүрлі топтардың ерекшелігіне
сәйкес бейімдеу, ыңғайлау

- білімнің базалық деңгейінің
барлық оқушылар үшін
міндеттілігі және оларға
қолайлы болуы;
- оқушыға оқу деңгейін
таңдауға ерік беру;
-оқушы өз мүмкіндігіне орай,
міндетті деңгейден кем емес
білім алуға міндетті;

6 Бағдарламалап оқыту
технологиясы
(В.П.Беспалько)

- ғылыми негізде құрылған
бағдарлама негізінде
оқыту;
- баланың жеке
ерекшеліктерін ескеру;

-оқыту құралдарының (ЭВМ,
бағдарламаланған оқулық, т.б.)
көмегімен бағдарламаланған
оқу материалын меңгеру;
Бағдарламаланған оқу
материалдары логикалық
бірізділікпен беріледі

7 Дамыта оқыту
технологиясы
(Л.С.Выготский,Л.В.Занков,
Д.Б.Эльконин,В.В.Давыдов)

- баланы оқыта отырып жалпы
қасиеттерін дамыту,
жеке тұлғаны қалыптастыру

- оқыту мен дамытудың
бірізділігі, сабақтастығы;
- дидактикалық құралдардың
дамытуға әсерін ескеру;

8 Оқытудың компьютерлік
технологиясы
(Н.В.Апатова), т.б.

- ақпараттық құрал-
жабдықтармен жұмыс істеу
қабілеттерін қалыптастыру;
- математикалық білімнің
оқушының интеллектісін дамыту
және өзін-өзі дамытуының басты
шарты ретінде тұтастығына қол

жеткізу;

-оқыту - бұл оқушының
компьютермен қатынасы;
- оқушының жеке қасиеттеріне
қарай компьютерге бейімделуі;
- математикалық білімнің
табиғатының күрделілігіне
орай жүйелі білім беру;
- тапсырмалардың логикасын
дамытуға әсері
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту
мақсатымен атауымыз үлкен үміттің нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы
жарқын болмақ. Жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық
және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ...
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Қоғамның дамуы ғылыми-техникалық прогрестің тез даму қарқынымен сипатталады. Қазіргі егемен
елімізде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын
арттыру – бүгінгі күннің басты мақсаты. Ал білімді ақпараттандыру жүйесінің негізгі мақсаты –
ақпараттық-коммуникациялық технологияның қазіргі заманға сай жетістіктерін пайдалана отырып,

Қазақстан Республикасында білімнің сапасын арттыратын, болашақ ұрпақтың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге
артып, мазмұны өзгеріп отыр.Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы модернизациялаудың тиімді тәслдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл
жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық
мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге
болады.
- Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын
анықтау;
- Оқушылардың тәжірибелік іс-әрекеттерінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың
әдістемесін меңгеру;
- Мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеружәне оқу үрдісінде пайдалануы бойынша
кәсіби біліктерін жетілдіру;
- Оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеруі үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға
үйрету;
- Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен
оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалық құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық
технологиялардың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан
алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып
табылады. Екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек
білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы
оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа
өту қажеттілігі туындайды. Сондықтан әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті әдіс-тәсілдерді дер кезінде
қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің дамуына қосатын, әлеуметтік өркениетке
көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеу ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы
мерейлі міндеті.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!