Баяндама: Тілді мәтін арқылы меңгерту

Баяндама: Тілді мәтін арқылы меңгерту казакша Баяндама: Тілді мәтін арқылы меңгерту на казахском языке

Тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың бірлігі әр адамның
жеке басы қасиеті мен қабілетінің даралығын танытатын белгі екені
мәлім. Лингвистер тілді өз алдына жеке емес, керісінше адам
әрекетінің бір түрі ретінде қарастырады. «Тіл – тұйықталған
әрекет актісі және оның өзінің аралық мақсаты бар, іс әрекет
мақсатына тәуелді тілдік әрекеттердің жиынтығы» дейді
А.Леонтьев.
Мәтін зерттеуде тек қана тілдік тәсілдерді зерттеудің
жеткіліксіз екенін ғалымдар түсініп келеді.
Тілдің қызмет етуін күрделендіретін, сөз мағынасының
өзгеруіне, жаңа мағына, жаңа сөз тудыруға мәжбүр ететін тіл мен
мәтін арасындағы адам әрекетінің психикалық, әлеуметтік
факторлары бар. Тілдік белгінің өзінде мәтінде эмоция туғызатын
қуаты болады. Сөз дыбыстық тізбектен, оның мағына белгісі
ретіндегі адамның сезіміне әсер ететін психикалық бейнесі мен
заттардың сипатын шындық әрекеттің белгісі ретінде білдіретін
ұғымнан тұрады. Өте күшті эмоция адамгершілік сезімдерін
тудырады және олар ақыл ой әрекетінде пайда болады әрі ол
әдемілікті түсінуге жетелейді.
Мәтіндер атқаратын қызметі, мазмұны, көлеміне қарай негізгі,
қосымша және түсіндірме мәтіндер болып үшке бөлінеді. Негізгі
мәтіндер іштей сипаттама, теориялық және түсіндірме келіп нақты
материалдарға құрылады. Сипаттама мәтіндер ғылыми фактілерді
суреттеп, шындық өмір құбылысын дәл береді. Теориялық мәтіндер
теориялық пайымдаулар мен анықтамалар ретінде келіп үлкен
танымдық рөл атқарады. Қосымша мәтіндерге, оқушыларға
арналған құлаққағыс мәтіндер, деректі хрестоматиялық
материалдар, жаттығулар мәтіндері, қорытындылар мен
түйіндеулер жатады. Олар оқушылардың білімдерін тереңдетіп
кеңейтуге, интеллектуалдық өресін биіктетуге, шығармашылық
ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.

Ауызша және жазбаша жаттығу мәтіндері оқушылардың
тікелей тәжірибелік жұмыс істеуіне арналған. Бұл жұмыстарды
орындай отырып, оқушылар белгілі бір дағдылар мен біліктерге ие
болады. Қосымша материал мәтіндер өтілген сабақты меңгеруге
қызмет істей отырып танымдық, тәрбиелік те үлкен рөл атқаруға
тиіс. Сондықтан ондай мәтіндерді мазмұн, стиль, әдеби сапасы
жағынан үлкен талғаммен таңдап алуға ерік береді. Мәтіндер
айқын, неғұрлым қысқа, белгілі бір ұғымды дәл тұжырымдайтын
болуы тиіс. Жазба жұмысын жүргізудемазмұны түсінікті, тәрбиелік
мәні зор мәтіндер алынады. Мұндай мәтіндер оқушыларды жаңа
біліммен қаруландырып, дүниетанымын кеңейтеді.
Оқушылар белгілі бір мәтінді сөзбе сөз қайталап қоймай, оның
мазмұнын өз беттерімен меңгеріп, өзіндік сөздік қор арқылы
құрастырып жазуы шарт. Оның өз ойы, жеке пікірі болуы тиіс.
Қажет кезінде мұғалім баяндалу жағын өзгертіп беруі де керек.
Негізгі мәтінді қабылдауға: оқығанды көру арқылы, есту арқылы
жүзеге асырады. Ол үшін оқушылардың зейінін жинақтап алу
қажет. Мәтін тақырыбын хабарлау, жұмыстың мақсатын түсіндіру,
шығарманың авторы мен айтылған оқиға туралы әңгіме жүргізу.
Мәтінді оқу, мазмұн айту арқылы оқушының зейінін оқиға
сюжетіне аударта отырып, мәтіндегі негізгі ойға, мазмұн арқауына
талдау жасаған жөн. Аяқталмаған мәтінді жалғастырып, оның
мазмұнына сай ой қорытындысын жасаудың мәні зор.
Тіл сабақтарында тілдік қарым қатынас жасау мәселесіне
басымдылық берілуі – тілдің адам болмысы мен бірлігіне сүйеніп
жасалған жаңа қадам. Осы бірлікті оқу үрдісінде жүзеге асырудың
ең ұтымды, ең тиімді жолы – тіл сабақтарында көркем мәтіндермен
кешенді жұмыс жүргізу. Тілдік қатынастың дамуының іргетасын
қалайтын басты фактор «оқушыға тілдік орта қалыптастыру». Яғни,
оқу мәтіндерінің коммуникативтік, ой дамытушылық,
шығармашылық сипаттары айқын көрсетіледі.
Мәтін шартты түрде екі қырынан: мазмұндық-әдістемелік
және лексика-синтаксистік, стильдік жағынан бағаланады.
Мәтін – сөйлесу әрекеті мен ойлау үрдісінің жемісі. Мәтіндік
тапсырмалар бойынша тіл дамыту жұмысын жан жақты жүргізуге
мүмкіндік мол. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын
оқушыларға түсіндіргеннен кейін оларды ойландыратын, түсінігін
ашатын, білімін жинақтауға көмектесетін, қызығуын арттыратын
жұмыстар кешенін жүргізеді. Мәтін арқылы берілетін деңгейлік

тапсырмалардың ішкі мазмұны танымдық әрі тәрбиелік мәні зор,
мәдениет пен әдебиеттен, салт сана мен жақсы ұлттық қасиеттерден
хабардар ететін мәтіндерден құралса, сабақ нәтижелі болады.
Тіл мәдениетінің негізгі міндеті – сөзді тіл табиғатына сай
дұрыс айту, емле ережесіне сай жазу, сөзді мағыналық, стильдік
ерекшеліктеріне сай жұмсау, ойды айқын да ашық, бейнелі, әсерлі,
сыпайы жеткізу. Сөздерді дұрыс қолдану, оның лексика-
семантикалық табиғатын сақтау – тіл мәдениетінің көкейтесті
мәселелерінің бірі.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Сабақ жоспары жинағы / Баяндамалар жинағы, баяндама Тілді мәтін арқылы меңгерту туралы доклад казакша на казахском, доклад Тілді мәтін арқылы меңгерту на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Тілді мәтін арқылы меңгерту, баяндама Тілді мәтін арқылы меңгерту туралы доклад казакша на казахском доклад Тілді мәтін арқылы меңгерту на казахском языке баяндама скачать бесплатно скачать доклад на казахском языке қазақша баяндамалар жинағы казакша Тілді мәтін арқылы меңг, Баяндама: Тілді мәтін арқылы меңгерту