Дарынды оқушының қабілеті мен талантын дамыту

 Дарынды оқушының қабілеті мен талантын дамыту

Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.
Біз балаға «қабілетті» деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан. Мектепте оқушыларға түрлі жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалда әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе оның нәтижесінен жақсы көрінеді. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимылдап, сапасыз орындайды. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екені көрініп тұр.
Қандай да болсын бір нәрсеге қажеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді. Теңдік деген адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігі деп түсінеміз.
Адамның өзгеше қасиеттері ана құрсағында пайда болады. Анатомиялық нышан – баланың ата-анасына ұқсап тууы. Физиологиялық нышан – жүйке жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшелігі. Анализатордың ерекшелігі қабілеттің көрінуіне себін тигізеді. Егер адамның туысында нышан болып, ол тәрбиеленбесе, оның қабілеті дамымайды. Қолайлырақ жағдай туса, қиыннан қиыстырып мәселе шеуде ізденімпаз болып шыға келеді.
Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттіліктің түрін дарындылық деп атайды. Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарыншығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады. Мысалы, Ч.Дарвин көп уақытын көбелек қуып, коллекция жинауға бөледі екен.
Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Ондайда олардың санасы барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі.
Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерлі дамытатын – оқыту мен тәрбие.
«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның өзгелер сияқты болып қоюы мүмкін» дейді америкалық ғалымдар.
Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі:
1. Ой-өрістің жоғарылығы
2. Академиялық табыс
3. Шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту
4. Көркемдік әрекет
5. Қатынас және белсенділік
6. Қозғалғыштық

Адам жан-жақты даму мен өздігінен жетілу (өзінің жақсы қасиеттерін,
қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіру) үшін басқа адамдармен араласу керек. Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жұмыс істегенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына баса назар аударуымыз керек.
Балаға әсер ететін орталар:
- ата-ана, мұғалім, мектеп, жұртшылық, БАҚ, жолдастары
Жұмыс істеу барысында баланың осы орталармен байланысын
жете бақылап отыру керек. Ол үшін арнайы тесттер жасалады. Дарынды балалармен жұмыс істеудің соңғы нәтижесі білімді өз еркімен, өзі игере алатын дәрежеге жеткізумен аяқталады.
Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі
шарт. Алдымен кәсіптік қабілетіне талап қойылады.
1. Бақылау жүргізу қабілеті. Анықтаудав тест, бағдарлама құра білуі
2. Диагностикалық тексерулерден алған қорытындылар бойынша баламен жұмыс істеу бағдарламасын құра білуі
3. Оқу бағдарламаларын қажетіне қарай өзгерте білу
4. Оқушының икем бағытын нақты ажырату, оған ықпал ету жолдарын сәтті талдаудағы ептілік
5. Арнайы оқу жоспарымен жұмыс жасауы
6. Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы
7. ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі

Мұғалім оқыту барысында кездесетін терминдермен, ұғымдармен таныс болуы керек. Өз мүмкіндіктеріне үнемі баға бере білсе, өзінің әлсіз, күшті жақтарын үнемі ескеріп отырса, дұрыс болмақ.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі