Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Кішкентай кісілер» «Ағайынды Гримм» ертегісінен (3 сынып, III тоқсан)

 Көркем  шығарма  элементтерін  салыстыру «Кішкентай кісілер» «Ағайынды Гримм» ертегісінен (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Кішкентай кісілер» «Ағайынды Гримм» ертегісінен
Оқу мақсаттары: 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: ертегінің эпизодтерін салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды, логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қояды.
Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтап, талдау жасай алады, әр бөлікке ат ұсынады.
Кейбір оқушылар: ертегі мазмұнының ретін сақтай отырып, жинақтап, бөліктерге бөле алады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
Мұғалім оқушыларға алдыңғы сабақтағы оқылған ертегінің үзіндіні оқып береді. Оқушылар сол үзіндіге ат қояды. Осы тапсырмада қандай іс-әрекет жасалғаны сұралады. Сабақ мақсат оқушылармен бірге айқындалады.
Оқу мақсатын анықтау: ертегінің эпизодтерін салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды, логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құрайды. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ө). «Стоп кадр» әдісі. «Кішкентай кісілер» («Ағайынды Гримм» ертегісінен алынған) ертегісінің жалғасын оқушылар жеке оқиды.
1. Ертегі жалғасын оқып отырған кезде бір оқушыға «стоп кадр» деген белгі немесе сигнал беріледі, сол оқушы оқып отырған ертегінің тоқтаған жерінен түсінгенін айтады.
2.Мәтін аяқталғанша осылай кезекпен жалғасады.
3.Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі ((көз ілеспеу, тыным таппау, аң-таң болу, еңбегі жану)
4. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін ертегіні шолу тапсырылады
5. Қажеттілігіне қарай мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.
1. Эльфтер не көзден ғайып болды?
2. Кішкентай кісілердің келуін қалай тосып отырады?
3. Кішкентай кісілерге сыйлыққа не дайындады?
Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.
2-тапсырма
(ЖЖ) «Шахмат» әдісі. Ертегінің алдынғы бөлігі мен бүгінгі сабақта оқылған жалғасындағы оқиғалар мен эпизодтер негізінде маңызды тұстарына талдау жасап, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықта.
1. «Шахмат» әдісінде әр топ оқушыларына шахмат тақтасының суреті бейнеленген тақта-парақтар таратылады.
2.Оқушылар тақтаны пайдалану арқылы бос ақ ұяшықтарға ертегідегі эпизодтер мен оқиғалардың негізінде өз ойларын кезекпен жазады.
3.Жазып болғаннан кейін ой бөлісіп, сюжеттің дамуындағы өзгерістер туралы әңгімелейді.
4.Соңында әр топ өз тақтасына сүйене отырып, маңызды ақпарат туралы ой бөліседі.
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.
Б: «Күншуақ» Оқушылар жұппен жұмыс жасау барысында талқыланған мәліметтердің түсінгендігін былай көрсетеді:
Барлығын түсінсе - күнді
Жартылай түсінсе – күн мен бұлтты
Ештеңе түсінбесе – бұлтты
3 - тапсырма
(Т;Ұ) «Оқиға шыңы» әдісі. Ертегіні логикалық бөліктерге бөл.
1.Мұғалімнің көмегімен оқушылар ертегіні қанша бөліктерге бөлуге болатынын бірге анықтайды. Мұғалім ертегі бөліктерін «Оқиға шыңы» арқылы қалай бөлуге болатынын түсіндіреді: таудың сол жақ етегі - мәтіннің басталуы, таудың басы - мәтіннің ортасы, таудың оң жақ етегі - мәтіннің соңы.
2. Әр топқа тау суреті бар А3 форматтағы қағаз беріледі. Топ ішінде оқушылар жұппен жұмыс кезінде жинақталып, сараланған мәліметтеріне сүйене отырып, стикерлерін «Оқиға шыңына» сай бөліктеріне орналастырады.
3. Нәтижесінде мұғалім нақты ертегі бөліктерін оқиды, топ мүшелері стикерлерді дұрыс ертегі бөліктеріне сай қайтадан орналастырады.
Саралау: қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, түсінгендеріне көз жеткізу.
Б: «Білім ағашы»
Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар:
жасыл – «барлығын дұрыс істедім»
сары – «қиындықтар болды»
қызыл – «көп қателестім»
4- тапсырма
(Т;Ұ) 1.Мұғалім әр топқа «Оқиға шыңындағы» мәтін бөліктеріне жапсырған стикерлеріне сүйене отырып, жоспар құрастыруды ұсынады. 2.Оқушыларға жоспар құруға өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.
3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.
4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.
Жоспар үлгісі
1. Етікшінің кедейленуі
2. Тігілген етіктер
3. Етікшінің бай болуы
4. Етікті кімнің тігіп жүргенін анықтау
5. Кішкентай кісілерге сыйлық әзірлеу
6. Кішкентай кісілердің көзден ғайып болуы
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі
Б: «Пантомима»
Қолдарын жоғары көтерсе – жоспарды дұрыс құра алдым
Басын төмен ұстаса – жоспар құруда қателер болды
Бетін қолмен жапса – жоспарды дұрыс құра алмадым......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 792



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі