Күшіңе сенбе ісіңе сен Ер еңбекте сыналады (3 сынып, II тоқсан)

  Күшіңе сенбе ісіңе сен Ер еңбекте сыналады (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Күшіңе сенбе ісіңе сен Ер еңбекте сыналады
Оқу мақсаттары: 3.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану;
3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында суреттерді қолданып, мәтінді мазмұндай алады.
Көптеген оқушылар: сурет бойынша мәтін құрап айтады, сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады, өз ойын дәлелдеп, қорытынды жасайды.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды көлік түрлері арқылы таңдауы бойынша 3 топқа біріктіреміз.
1-топ: «Көтергіш кран»
2-топ: «Мәшине»
3-топ: «Жүк мәшине»
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК,Ұ,ОТ) «Ой шақыру» стратегиясы бойынша «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» мақалын қалай түсінетінін сыныпта бірге талдай отырып, мәтіннің тақырыбына болжам жасайды.
Үлгі:
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын
айтуға үйренеді.
(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.
(Ұ,ОТ,МК)Автор туралы мәлімет:
Жекен Жұмақанов - жазушы, журналист, мұғалім, қоғам қайраткері. 1935ж. 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Жүрекадыр ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген (1978 ж. дүниеден өткен).
1925 жылдан бастап оқу жолына түсті. 1935 ж. Алматыда Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірді. «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі болып қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысына қатысып, Армия қатарынан 1964 ж. босап, қайтадан әдеби өмірге араласты. «Әлия», «Мен жұмысшымын», «Қаракөз қарындасым» әңгімелерін жазды.
2-тапсырма
(Т,МК,ОТ) Жекен Жұмахановтың «Ер еңбекте сыналады» мәтінін «Кірпіш» стратегиясы бойынша;
1. Мәтінді түсініп оқиды.
Дәптермен жұмыс: Сөздік жұмыс:
- Алқынып - ұмтылу
- Гүжілдеп - машинаның қиналған дыбысы
- Кекетіп – мұқата - күлкі қылу
- Ойпат - шұңқыр
- Белшеден батқан - батпаққа бату
2. Мәтін мазмұнына негізделген сұрақтар қойып және жауап береді. Сызбаны қолданады.
3. Сурет бойынша әңгіме құрастырады. (Диалог құрастыруы мүмкін)
4. Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.
Үлгі:
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
• суреттерді қолданып, мазмұндады;
• мәтін мамұнына сәйкес сұрақтар құрастырды;
• сурет бойынша әңгіме құрап айтты;
• сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданды;
• берілген тақырыпқа қатысты ой қорытып айтты;
3-тапсырма суретпен жұмыс
(ОТ, МК, Т) «Бірге ойлаймыз» әдісіне сүйеніп мәтінде берілген суреттерді пайдаланып, мәтін бойынша мультфильм жасайды және бірнеше кадрлар қосады. Мультфильмге қатысушы кейіпкерлер сөздерін дайындап ортада баяндайды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
(ОТ, МК, Ұ) Қосымша тапсырма: сабақты
«Венн диаграммасы» әдісімен екі көлікті салыстырады.
•Кран
Күшті,
Еңбекқор, табанды
Сабырлы, қайырымды, орнын біледі, жанашыр
• Жүк машинасы
Мақтаншақ, өзімшіл, шыдамсыз, сөзі көп орнықсыз
• Екеуі де
Құрылысшының көмекшісі, көліктер.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 823



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!