Еңбекке жастан өнерге бастан Алтын балта (ертегі) 1-сабақ (3 сынып, II тоқсан)

  Еңбекке жастан өнерге бастан Алтын балта (ертегі) 1-сабақ (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Еңбекке жастан өнерге бастан Алтын балта (ертегі) 1-сабақ
Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау;
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: ертегі мазмұнын түсінеді, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс – әрекетіне, мінез-құлқына сүйеніп,оқиғаның дамуын болжай алады; бағалауға негізделген сұрақтар қояды.
Кейбір оқушылар: бағалау сұрақтарын қояды, оған дәлелдер келтіріп жауап бере алады.
Сабақ барысы:
1-тапсырма
(МК, Ж,ОТ) «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы жұпта өзара ақылдасып алдарына таратылып берілген мақалдың жалғасын тауып, ортақ тақырып ойластыру әрекеті жүргізіледі.
Еңбек етсең, ..... .
Еңбегі аздың .... ... .
Еңбек етсең ерінбей, .... ..... ..... .
Еңбектің наны .... .
Еңбек, еңбек бәрін ... .
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.
(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
2-тапсырма
(МК,Т,ОТ) сабақтың тақырыбын анықтауда «Ой шақыру» әдісі арқылы «Балта» сөзі көзіңе нені елестетеді? 5 сөз ата.
Үлгі:
Сайман-Құрылыс-Жұмыс-Темір-Ағаш
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалау
3-тапсырма
(МК,Т,ОТ) «Бағытталған оқу» әдісімен ертегінің бір бөлігі оқылады, оқиғасын болжайды. Болжамымен салыстырылады. Мәтін тұтас оқылады. Ертегі бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді. Шығарманың жанрын анықтап, ерекшелігін айтады.
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
 -ертегідегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;
 -ертегідегі оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды;
 -ертегі бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;
 -шығарма жанрын ажыратады.
4-тапсырма
(ОТ, МК, Ө) «Әңгіме айтушы орындығы» әдісі арқылы оқушылар жоғарыдағы мақал-мәтелдерден осы ертегінің негізгі ойына сәйкес келетіндерін табады. Ертегіден көңіліңе не түйгенін ортаға салады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 184



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі