» » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М Жұмабаев «Балалық шақ» (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М Жұмабаев «Балалық шақ» (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу  М Жұмабаев «Балалық шақ»	 (3 сынып, II тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу  М Жұмабаев «Балалық шақ»	 (3 сынып, II тоқсан) на казахском языке
Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М. Жұмабаев «Балалық шақ»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу;
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді қатесіз, дауыстап оқиды, мазмұнын түсінеді, оқығаны бойынша ойын жазады
Көптеген оқушылар:. Өлеңді мәнерлеп оқиды, оқығаны бойынша мысалдар келтіре отырып өз ойын жазады;
Кейбір оқушылар: шығарманы мәнерлеп оқиды, оқығаны, көргені бойынша мысалдар келтіре отырып жазады, өз ойын дәлелдеп, қорытындылайды.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Доп лақтыру»ойыны.
Оқушылар шеңберге тұрады. Адамның өсу кезеңіне қатысты бала, оқушы, жігіт, қыз, ата деген сөздерге мағыналас сөздер айтып, біріне бірдоп лақтырады. Мысалы бала болса – онда ойыншық деген жауап болу керек. Оқушы десе – кітап, оқулық. Ата десе – таяқ. Ойын соңында әр жаз кезеңіне сай заттар болатынына назар аударылады.
Саралау: мағыналас сөздерді айтуға қиналған оқушыларға диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сөзбен қолдау көрсетіледі. Мысалы, бала сөзіне қандай сөз айтар едің?
Оқу мақсатын хабарлау:
Бүгінгі сабақта біз өлеңді саналы түрде түсініп оқимыз, сосын өлеңді оқығанға сүйене отырып хат жазуды үйренеміз.
Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ұ; Т; МК)
«Қақпа» әдісі арқылы оқушыларға М.Жұмабаевтің «Балалық шақ» өлеңін саналы түрде, қажетті ақпаратты тауып оқып, белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.
Іштей саналы түрде түсініп оқу алдында өлең мазмұнында кездесетін түсініксіз немесе уақыт тақырыбын білдіретін сөздерге талдау жасалады Сөздер тақтаға жазылып іліп қойылады:
ілгері күнді сағалау,
жоқ ойдан түңілу,
уақыттың дәмін татып қалу,
белді бекем буу,
надандық
Мұғалім тақтада қақпаның суреті мен кестені іліп қояды. Сыныпты екі топқа бөледі. Мұғалім мәтін мазмұнынан бір сөзді немесе сөз тіркестерін айтады. Әр топтан бір оқушы сол сөзді кестеге толтырады. Бір оқушы сөздікпен жұмыс істейді. Келесі оқушыға сөйлем құрастыру ұсынылады. Бір оқушы гол салады. Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін ауыстырып отырған дұрыс.
Сөз Біз қалай түсіндік Сөйлем құрастыр Сөздіктегі мағынасы
Саралау. Қарқын тәсілі арқылы. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады.
(ҚБ) «Смайликтер» арқылы топтық бағалау.
2-тапсырма
(Ж; Т) «Кірпіш» стратегиясын қолдана отырып, «Балалық шақ» өлеңінен өздері үшін маңызды сөздерді кірпіштерге түсіреді және пікірлерін білдіреді.
Мұғалім А4 парағына бейнеленген кірпіштердің суреттерін және мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтар таратады. Кірпіш суреттеріне жекелеп отырып, мәтін мазмұны бойынша сөздерді жазады. Оқушылар сөздерді алып, жұптасып оқиды. Бір-бірін толықтырады. Кірпіштерге жазылған жауаптарын топта талқылайды. Топтарталқылау соңында ішінен 5 маңызды ақпаратты стикерге жазып тақтадағы кірпіштерге қайта іледі және түсіндіреді.
Сұрақтар үлгісі:
- Өлеңде автордың айтайын дегенін бір сөзбен жеткіз? (Жастық)
- Балалық шақты немен теңейді? (Патшаның тағы)
- Санасыз адам ненің қадірін білмейді дейді? (Жастықтың)
- Жастық деген не? (Бағасыз уақыт, алтын)
- Өлеңнен қандай қорытынды шығаруға болады? (Әрбір уақыттың қадірін білу керек. бүгінгі уақыт ертең қайтып келмейді.)
Саралау Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Жұптағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп,идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.
(ҚБ) «Басбармақ» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі.

3-тапсырма
(Т, ОТ) «Күн бұлт» әдісімен екі топқа ақынның өлеңіне сүйене отырып «Постер» құру арқылы мазмұнын талдау ұсынылады. Әр топқа А4парағында күннің және бұлттың сызбалары беріледі. Адамның мінез-құлқына қатысты пікірлерді өлеңдегі сөз тіркестері немесе сөйлемдерге сүйеніп жазу ұсынылады.
Саналы адамға қатысты пікірлер – күнге орналастыру
Балалық шағын бағалайды. Патшаның тағы деп ойлайды.Уақытын текке өткізбейді. Жас кезінде білім, өнер үйренеді. Балалық шақты бағалауға тіл жетпейді. Жастық-алтын деп есептейді. Бағасыз деп ойлайды.
Санасыз адамға қатысты пікірлер – бұлтқа жазу
Бос жүреді. Уақытын бағаламайды. Уақытын еркелеп бос өткізеді.
Саралау. Диалог жəне қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады. Бұл əдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету жəне ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
(ҚБ) «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы . оқушылар құрылған постерлері бойынша талдауларын өзара бағалайды.
Сергіту сәті. Тақырыпқа байланысты Мадина Садуақасованың «балалық шаққа саяхат» әніне мұғалімнің нұсқауымен қимыл-қозғалыс жаттығулар жасау.
4-тапсырма
(Ұ; Ө)
Сөздерді орнына қойып, сөйлемді аяқтап жазу тапсырылады. Оқыған өлеңі бойынша өз ойын жазады. Жұмысты жазу кезінде М.Жұмабаевтің «Балалық шақ» өлеңіндегі автордың өсиетін пайдалану ескертіледі.
... жүгір, жоқ ... түңіл. Ойынға, білімге
Ойдан, тойдан
Қайтпас уақыттың дәмін ... ... Татып қал, ауыз ти.
Жастықтың салты-... Үйлену, үйрену
Өнер қуып, надандықтан ... Жирену, үйрену
Саралау:Қорытынды саралау тәсілі.
Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нəтижелері əртүрлі болады. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.
(ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау:
˗ өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
˗ өз ойын айтады;
˗ сөйлемдегі сөздерді байланысын табады
˗ сөздерді, сөйлемдерді сауатты жазады......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 9 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Өнер-білім бар жұрттар» Ыбырай Алтынсарин (3 сынып, III тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: «Өнер-білім бар жұрттар» Ыбырай Алтынсарин (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ат -ер қанаты «Атқа міндім» Қастек Баянбай (3 сынып, III тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ат -ер қанаты «Атқа міндім» Қастек Баянбай (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Асқақтаған кірпіштер Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу (3 сынып, II тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Асқақтаған кірпіштер Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Асқақтаған кірпіштер Аударған М Қуанышбеков (3 сынып, II тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Асқақтаған кірпіштер Аударған М Қуанышбеков (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Ж Әлмашев «Бимұраттың бір күні» (3 сынып, II тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Ж Әлмашев «Бимұраттың бір күні» (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Үйрен білім жастықта (3 сынып, II тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Үйрен білім жастықта (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Үйрен білім жастықта Мағжан Жұмабаев (3 сынып, II тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Үйрен білім жастықта Мағжан Жұмабаев (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну (3 сынып, I тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну (3 сынып, I тоқсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М Жұмабаев «Балалық шақ» 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М Жұмабаев «Балалық шақ», сабақ жоспары Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М Жұмабаев «Балалық шақ» 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары , Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М Жұмабаев «Балалық шақ» (3 сынып, II тоқсан)