» » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру « Бір минут» (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру « Бір минут» (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру « Бір минут»  (3 сынып, II тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру « Бір минут»  (3 сынып, II тоқсан) на казахском языке
Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру« Бір минут»
Оқу мақсаттары: 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка(күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді,мұғалімнің көмегімен шығарманы сурет немесе музыка нұсқасымен салысытырады;
Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда ашық сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, шығарманы сурет немесе музыка нұсқасымен салыстырады;
Кейбір оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтайды, сұрақтар құрастырады, шығарманы сурет немесе музыка нұсқасымен салыстыруда өз ойын дәлелдейді.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
(Ұ) «Ассоциативті қатар»ойыны.
Тақтаға бөлім тақырыбына байланысты «Уақыт»сөзі жазылады. Оқушыларға парақ таратылады. Бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Жазған сөздерді қатармен бірігіп оқуға ұсынуға болады. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: сағат, минут, таң, кеш, ай, жыл және т.б..
Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындыланады. Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.
1-тапсырма. Тыңдайық.
(Ұ) «Тик-так» әнін тыңдау. «Бір қадам алға...» ойыны.
Тақтадан столға дейін жол белгілеп тыңдалған өлеңге байланысты сұрақтарды мұғалім қояды. Жауап дұрыс болса, мұғалім бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Осылай столға жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырылады.
Сұрақтар:
- Өлең кімдерге арналады деп ойлайсыңдар?
- Өлеңде уақыттың қай мезгілі туралы айталады?
- ?
- Уақыттың өлшемдерін білу қаншалықты маңызды деп ойлайсыңдар?
Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойын еркін айтуға үйренеді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.
Уақыттың өлшем бірліктеріне байланысты «Сағат», «Минут», «Секунд» суреттері арқылы сыныптағы оқушылардың санына байланысты топтарға бөлу.
Сабақтың ортасы
2-тапсырма
(МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісімен «Бір минут» әңгімесін оқу ұсынылады. Бұл әдісте мұғалім әңгімені өзі бастап оқу моделін көрсетеді, оқушылар жалғастырып оқиды.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Уақыт – біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу. Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды бұл өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!- дейді Мұқағали Мақатаев атамыз. Расында кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақытты ұлы ұстаз дейді.
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.
(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың жауабын ұжымда бағалау ұсынылады.
3-тапсырма
(Т) (МК) Оқылған мәтінге байланысты «Идея туралы ойлар» стратегиясын қолданып әңгіменің мазмұны бойынша мазмұнын түсінгеніне қарай сұрақтар құрастырып, ойларын айту ұсынылады. Әрбір топ ұсынылған «уақыт қадірі, минут, кешігу, мәре » сөздері мен тіркестерінің мағынасын ашуға тырысады.
Сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы өзгелердің ойларын сұрау жолымен ойлау логикасын ашу керек.
Мысалы: “_...идея туралы қалғандары не ойлайды?
Әңгіменің мазмұны бойынша оқушылар сұрақтарды жеке құрастыртуға болады. Сұрақ құрастыруға уақыт беріледі. Жұпта, топта талқылайды. Ортақ қорытындыға келіп топтан 4-5 сұрақ ортаға шығарады, өз ойларымен бөліседі.
Топ кеңесе отырып, өз ойын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен топ басшысы берілген уақыт ішінде (5мин) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топтың ойын жеткізеді.
Жаңа тақырыпты меңгерту кезінде тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге көбірек көңіл бөлінеді. Тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастырылады. Оқушылар сыныптағы басқа оқушыларға өз пайымдауларын түсіндіруге ынталандырылады.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі. Әр топ жаңа сөздерді әртүрлі сипаттауы мүмкін деп болжанады. Сипаттау кезінде ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) Тыңдалым-айтылым және оқылым дағдысының мақсаттарына сәйкес «От шашу» әдісі арқылы әр топтың жаңа сөздерге берген түсініктемелері бағаланады.
Сергіту сәті. «Қазақтың ұлттық биі».
Уақыт тақырыбына байланысты сергіту сәтінде оқушылар би қимылын көрсете отырып жаттығады.
4-тапсырма (дәптермен жұмыс)
(ОТ, МК, Т,Ө) «Суреттер сөйлейді» стратегиясы бойынша әңгіме мазмұнына байланысты әр топқа суреттер таратылып беріледі. Мұғалімнің қолдауымен суреттерге талдау жасалады. Әңгімеден суреттің мазмұнына сәйкес келетін үзіндіні тауып оқып сурет бойынша мәтін бөлігін сипаттау ұсынылады. Сол суретке сүйене отырып шығармашылық жұмыс түрінде білгеніңді пайдаланып, сурет бойынша жоспар құру тапсырылады .
Мәтін мазмұны бойынша берілген тірек сөздер арқылы дәптерге жазады.
Тірек сөздер:. минут, уақыт, уақытты қадірлеу, жарыс, мәре, минуттың маңыздылығы және т.б.
Оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуы маңызды екенін ескере отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша тірек сөздерді пайдаланып өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.
ҚБ: Дескрипторлар бойынша бағалау.
Тірек сөздерді пайдаланып, көркем шығарма үзіндісін суретпен салыстырып жазған жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 21 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күй атасы Ахмет Жұбанов «Құрманғазы» (3 сынып, III тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күй атасы Ахмет Жұбанов «Құрманғазы» (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әлемнің кереметтері  Вавилонның  аспалы бағы  (3 сынып, II тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әлемнің кереметтері Вавилонның аспалы бағы (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жыл санау Жыл басы (Бабалар сөзі  Жүз томдық 73 том) (3 сынып, II тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жыл санау Жыл басы (Бабалар сөзі Жүз томдық 73 том) (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру №2 (3 сынып, I тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру №2 (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Н Айтов «Алтын сөз» (3 сынып, I тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Н Айтов «Алтын сөз» (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру (3 сынып, I тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Сапарғали Бегалин «Есеннің кірпісі» (3 сынып, I токсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Сапарғали Бегалин «Есеннің кірпісі» (3 сынып, I токсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық» (3 сынып, I токсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық» (3 сынып, I токсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Көркем шығарма элементтерін салыстыру « Бір минут» 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Көркем шығарма элементтерін салыстыру « Бір минут», сабақ жоспары Көркем шығарма элементтерін салыстыру « Бір минут» 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары Көркем шығарма элементтерін сал, Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Көркем шығарма элементтерін салыстыру « Бір минут» (3 сынып, II тоқсан)