» » » Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жас уақытта көңіл – гүл Абай Құнанбаев (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жас уақытта көңіл – гүл Абай Құнанбаев (3 сынып, II тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жас уақытта көңіл – гүл Абай Құнанбаев (3 сынып, II тоқсан) казакша Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жас уақытта көңіл – гүл Абай Құнанбаев (3 сынып, II тоқсан) на казахском языке
Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Жас уақытта көңіл – гүл Абай Құнанбаев
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады, өлеңнен нақыл сөздерді таба алады;
Көптеген оқушылар:өлеңдегі нақыл сөздердің мағынасын түсіндіре алады; өз ойын жеткізуде вербалды емес тілдік құралдарды қолдананады;
Кейбір оқушылар: өз ойын жеткізуде көркем-бейнелі сөздерді, мақал- мәтелдер мен нақыл сөздерді қолданады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы:
Сыныпта жақсы көңіл - күй орнату мақсатымен «Шаттық шеңберін» құру. Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Әр бала қасында тұрған баланың жақсы қасиетін атай отырып, доп лақтырады. Мысалы: Айгүл Маратқа «Сен ақылдысың», Марат Нұржанға «Сен кішіпейілсін» с.с. жалғасады. Мұғалім өз еркімен тапсырманы өзгерте алады.
Топтастыру
Оқушыларды «Өлең жолдары» әдісі бойынша 5 топқа бөлу. Әр оқушыға бір өлең жолы жазылған карточка беріледі. Оқушылар сыныпты аралап, жолдардан шумақ құрап, сол құрамда топқа бөліну керек. Топтасқаннан кейін Абай және оның шығармалары туралы балалармен қайталап кетуге болады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім өзі таныстырады.
Сабақтың ортасы
(Т) 1-тапсырма. Әр топқа жеке жағдаяттық мәтіндер таратылады. Оқушылар мәтінді топта оқып, талдап, ортақ шешімге келіп, тапсырма бойынша ортаға шығып, өз ойларын білдіреді, дәлелдейді.
1-топ
Арман мен Талғат шахмат үйірмесіне қатысады. Арман алғыр, ұқыпты, талапты бала. Шахмат жарыстарында үнемі жүлделі орындар алады. Талғат та шахматты жақсы ойнайды, бірақ шахматтан берілген тапсырмаларға дұрыс көңіл бөлмейді. Мен Арман тәрізді бола алмаймын деп ойлайды.
Тапсырма: Арманға қандай ақыл айтар едің?
2 -топ
Назира мен Айгүл көрші тұрады. Екеуі бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Алғашында екеуі де фортепиано үйірмесіне барды, бірақ жарты жылдан кейін Айгүл фортепиано ойнаудан жалықты. Ол домбыра үйірмесіне жазылды. Алайда одан да жалығып, жыл ішінде би, қол өнер, ән үйірмелеріне барып шықты. Назира фортепиано ойнауды шыңдап, халықаралық сайысқа қатысып бірінші орын алды.
Тапсырма: Кейіпкерлердің ісіне баға бер.
3-топ
Сыныптағы сотқар Мараттан барлық оқушылар қорқатын еді. Мараттың барлық әрекеті айналадағы адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге зиян келтіру. Сыныпқа жаңадан келген Алихан ғана Маратпен жақсы тіл табысты. Екеуі күнде бірге ойнайды, сабақ оқиды. Көктемде Марат пен Алихан біргіп құстарға ұя жасады. Құстар ұяны мекендеп, балапан шығарды. Ұядан шиқылдаған балапандардың көңілді дауыстары шықты. Ауыл адамдары сол ағаштың маңайында отырып, құстың сайраған үнін еститін. Біраз уақыттан кейін сыныптағы барлық оқушылар Маратпен дос бола бастады.
Тапсырма: Мараттың өзгеруіне не себеп болды?
4- топ
Математика сабағында мұғалім төрт топқа тапсырма берді. Топтарда қызу талқылау жұмыстары басталды. Тек бірінші топта ғана тапсырманы әркім өзі орындап отырды. Осы топтағы Руслан тапсырманы бәрінен бұрын орындады. Топ мүшелері одан көмек сұрап еді, ол дәптерін жауып алды. Олар Руслансыз өз білгендерінше тапсырманы орындады. Уақыт аяқталды. Топтар жұмыстарын жариялады. Кезек бірінші топқа келді. Олардың жауабы қате болып шықты. Қалған топтардың жауаптары дұрыс бодды.
Тапсырма: Неліктен бірінші топтың тапсырмасы қате болды?
5 -топ
Самал ата-анасы сатып әперген ұялы телефонымен мақтанып сыныпқа келді. Енді ол өз уақытын тек сол телефонмен өткізетін болды. Сыныптастары да оны айналып шықпайды. Айманда ұялы телефон жоқ еді. Самал оны сол үшін ылғи шектейтін. Бірақ Айман оған назар аудармайтын. Оның бар ермегі кітапхана еді. Бір күні мектепшілік сайысқа сынып командасы қатысты. Құрамында Самал мен Айман болды. Осы сайыста күрделі тапсырмалардың бәрін тек Айман шешті. Сынып командасы жеңіске жетті.
Тапсырма: команданың жеңіске жетуіне не себеп болды?
Бағалау. Топтар бірін-бірі өзара «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.
2-тапсырма
(ЖЖ) Оқулықтағы Абайдың «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» өлеңін мәнерлеп оқиды, өзара бағалайды. Мәтінді зерделеп оқу арқылы түсініксіз сөздерді белгілейді. Белгіленген сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Бағалау. Оқушылар жұпта бірін-бірі өзара «Шапалақ бұрқасыны» әдісі арқылы бағалайды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, бағалайды.
3 –тапсырма
(Т) Тапсырма эпизодтарды анықтап, шығарма мазмұнын толық түсінуге, өлеңнен сәйкес ақпаратты табуға көмектеседі. Оқушылар берілген уақыт ішінде жағдаяттарға білдірген ойларын сынып қабырғаларында ілулі тұрған өлең жолдарынан іздеп тауып сәйкестендіру керек.
1 топ:
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
2 топ:
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
3 топ:
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
4 топ:
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
5 топ
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.
Оқушыларға өлеңнен нақыл сөздерді табуға беріледі. Нақыл сөзді өмермен байланыстыра отырып, өз ойларын айтады. Өз ойларын білдіру кезінде вербалды емес тілдік құралдарды қолдану, мақал – мәтелдерді, көркем – бейнелі сөздерді қолдану туралы алдын ала ескертіледі.
Бағалау. Топтар бірін -бірі өзара «Шапалақ бұрқасыны» әдісі арқылы бағалайды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушылағ қолдау көрсетіледі.
4-тапсырма
Оқулықта берілген №5 тапсырманы ауызша жеке орындайды. Тапсырмалар деңгей бойынша берілген. Балаларға деңгейлік тапсырма деп айту маңызды емес. Әр бала өзі таңдауы бойынша орындайды.
І деңгей:
Гүлді баптаудың маңызын айт.
ІІ деңгей:
Жас кезде алған білімнің пайдасы туралы айт.
ІІІ деңгей:
Гүл өсіру мен жас кезде алған білімнің пайдасы арасында байланыс бар ма?
Тапсырманы орындап болған соң, жұмысын жариялағысы келген оқушыларды, уақытқа қарай, ортаға шығаруға болады. Жұмысты мұғалім өзі дескрипторлар бойынша бағалайды.
Дескрипторлар:
- Жауабы толық, тақырыпқа сәйкес келеді;
- Өз ойын білдіруде нақыл сөздерді қолданды;......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 11 |



Загрузка...
Читайте также
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Әдеби шығарманың жанрын анықтау  «Мен қалай қобызшы атандым?» Нұрсұлтан Әлімқұлов   (3 сынып, III тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау «Мен қалай қобызшы атандым?» Нұрсұлтан Әлімқұлов (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Өнер алды-қызыл тіл Бала-бауыр-етің (3 сынып, III тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Өнер алды-қызыл тіл Бала-бауыр-етің (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Асыл сөз (3 сынып, III тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Асыл сөз (3 сынып, III тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Күшіңе сенбе ісіңе сен Ер еңбекте сыналады (3 сынып, II тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күшіңе сенбе ісіңе сен Ер еңбекте сыналады (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі» (3 сынып, II тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі» (3 сынып, II тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары:  Әдеби шығарманың жанрын анықтау №2 (3 сынып, I тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау №2 (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жақсы деген немене жаман деген немене? (3 сынып, I тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жақсы деген немене жаман деген немене? (3 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Н Айтов «Алтын сөз» (3 сынып, I тоқсан)
Сабақ жоспары жинағы
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Н Айтов «Алтын сөз» (3 сынып, I тоқсан)

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Жас уақытта көңіл – гүл Абай Құнанбаев 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Жас уақытта көңіл – гүл Абай Құнанбаев, сабақ жоспары Жас уақытта көңіл – гүл Абай Құнанбаев 3 сынып әдебиеттік оқу әдебиеттік оқудан қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары Жас уақытта көңіл – гүл Абай Құнанбаев, Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Жас уақытта көңіл – гүл Абай Құнанбаев (3 сынып, II тоқсан)