Жақсыдан үйрен Ыбырай Алтынсарин «Малды пайдаға жарату» (3 сынып, I тоқсан)

 Жақсыдан үйрен Ыбырай Алтынсарин «Малды пайдаға жарату» (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жақсыдан үйрен Ы.Алтынсарин «Малды пайдаға жарату»
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқып, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;
Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады; шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады.
Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіреді.
Сабақтың басы
Сәлемдесу
Амансың ба,Алтын күн,
Амансың ба,Көк аспан.
Амансың ба, достарым.
Сендерді көрсем қуанам.
Топтар бөлінеді (жанашыр, бақыт,ақыл,бірлік).
Қима қағаздар(қима қағаздарда жанашыр,бақыт,ақыл,бірлік деп жазылған) арқылы топтарға бөліп отырғызады. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын таныстырады. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастырады немесе таныстырады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Т) «Джигсо» әдісі
1.Ы.Алтынсариннің «Малды пайдаға жарату» мәтінін бөліктерге бөліп, топтарға тарату.
2.Оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с.
3. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады
ҚБ «Жұлдызша»
Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату
2-тапсырма
(Ө;ЖЖ) «Ашық микрофон» әдісі
1.Алдымен оқушылар жұптарымен ойларын бөліседі. Қандай сұрақ қоятынын ақылдасады. Мұғалім оқушыларға микрофон береді. Оқушылар кезекпен микрофон арқылы бір-біріне мәтінге қатысты сұрақтар қояды.Оқушылар бір-бірін толықтырып отыруға болады
Үлгі:
-Мәтіндегі оқиғаға сенің көзқарасың қандай?
-Ата-анаңның алдындағы борыш дегенді қалай түсінесің?
-Үйшінің бай екенін кімнің сөзінен аңғардың?
Саралау: Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлу. Сонымен бірге жетекші сұрақтар қоюға болады
ҚБ «Қол шапалақтау»
Сұрақтарға дұрыс жауап бергендерді қол шапалақтау арқылы бағалау.
3-тапсырма
Талқылайық «Рөльдік ойын» әдісі
- Сілтеме табушы: мәтіндегі ең қызық жерін табу
- Із қуушы: ары қарай не болады деп ойлайсың?
- Дәнекер: шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды, өмірмен байланыстыр
- Сұрақ қоюшы: кез келген топқа мәтін бойынша сұрақ қояды.
- Сөз тапқыш: осы оқиғаға байланысты мақал айту
- Мінездеме беруші: бір кейіпкерге мінездеме беру.
Саралау: Оқушылар өздеріне берген тапсырма бойынша ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді.
ҚБ «Бағдаршам»
Қызыл-түсінбедім
Сары-түсініксіздеу
Жасыл-түсінікті
4-тапсырма
Құрастырайық «Сәйкестендіру»
Борыш пайыз

парыз
Өсім
көбею

міндет
Парақшадағы тапсырманың екі бөлігін бір-бірімен сәйкестендіреді. Осы тапсырма арқылы мәтінді қаншалықты түсінгендерін аңғаруға болады.
Саралау: Қабілеті төмен оқушы өзінің жазғанына сенімсіздікпен қарауы мүмкін.Сол кезде өзге оқушыларды тыңдап жұмысына түзетулер енгізеді
ҚБ «Бір-бірін бағалау»
Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 530



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі