Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 10-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 10-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы:Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 10-сабақ
Оқу мақсаты: Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Әткеншек» әдісі
Тапсырма «Әткеншек» әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл тәсіл оқушылардың өз ойын дәлелді жеткізуге үйретеді. Сынып оқушыларына «Парасат- Тахауи Ахтанов 28.04.18»(https://yandex.kz/video/search?filmId=5529685226205117143&text=т.ахтанов%20шығармалары&family=yes) бейнебаяны көрсетіледі. Оқушылар «бірінші және екінші» болып екі топқа бөлінеді. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап, сыртқы және ішкі шеңберге тұрады. Барлығына бірдей «Сен «Күй аңызы» әңгімесінің авторы жайлы не білесің?» деген сұрақ қойылады. «Бірінші нөмір» «екіншіге», «екінші нөмір» «біріншіге» жауап береді, содан кейін «біріншілер» солға жылжиды, «екіншілер» орындарында қалады. Келесі сұрақ қойылады. Енді «екіншілер» оңға жылжиды, «біріншілер» орындарында қалады. Осылайша сұрақ біткенше жылжып, орын ауыстырып, жауап береді.
Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаза алады. • көркемдік-идеялық құндылығына талдау жасайды;
• шығармадағы құндылықтарды кейіпкер табиғаты арқылы бағалап,салыстырады.
• әдеби эссе жазады.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма «Тест- сұхбат» әдісі
1. Шығарманың философиялық тереңдігі неде?
2. Ең маңызды үш фактіні атаңыз. Неліктен? Түсіндіріңіз.
3. Қай факті маңызды емес. Жауабыңызды түсіндіріңіз.
3. Мағынаны тану
2-тапсырма «Қөзқарастар тайталасы»
Сыныпта пікірталас ұйымдастырылады. Жаңылдың іс-әрекетіне екі жақты баға беріледі.
Сынып бөлмесінің бір жағына «Қыздың Естемес күй ойнаған кездегі әрекеті дұрыс болды. Өйткені...» деген пікірдегі топ оқушылары және бөлменің екінші жағына «Қыздың әрекеті дұрыс болмады. Өйткені...» деген пікірдегі топ оқушылары топтасып, өз көзқарастарын қорғайды. Оқушылар ойларын ниет –көзқарас-контекст шеңберіне салып, талдайды.
Оқушылар ойларын шығармамен дәлелді байланыстыруы қажет.
4. Бекіту
3-тапсырма
«Уақыт шеңбері» әдісі
Сынып оқушылары топқа бөлініп, шеңбер жасап отырады. Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже оқушылардың барлығы талқылауға түгелдей қатысуы керек. Негізгі үш ережені талқылау керек:
1. тек бір адам ғана сөйлеу керек – әңгіме тақырыбы ережелердің сақталуына мүмкіндік туғызуы керек.
2. егер сіз тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға бере аласыз.
3. ешқандай ескерту болмау керек.
Әр топта топ жұмысын ұйымдастырушы делдал болады. Делдал мұғалім дайындап келген сұрақтар бойынша топтағы оқушыларды әңгімелесуге, пікірлесуге шақырады. Бір сұраққа жауап бергісі келмеген оқушы болса, оған жетелеуші сұрақтар қойып, топ жұмысына қатыстыруға тырысу керек.
Жетелеуші сұрақтар:
1. Шығарманың жанрлық ерекшелігі неде?
2. Сюжеттік желі арқылы автор оқырманына қандай ой тастайды?
3. Әңгіменің идеясы не?
5.Салыстыру
4-тапсырма «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі
Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Тапсырманы орындау барысында «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі қолданылады. Топ мүшелері алдымен шығарма шығармадан эпизод таңдайды. Содан кейін жұппен таңдаған эпизодтарын салыстырады. Топтағы оқушылардың эпизодтары бірдей болуы мүмкін, барлығы өздері таңдаған шығарма бөліктерін бірінші топта жеке-жеке оқып шығады. Оқып болғаннан кейін эпизодтарды біріктіріп, тұтас мәтін құрастырады. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, жазған мәтін нұсқасын оқиды. Топтағы қалған оқушылар ерекше әсер берген жолдарды
Мәтіннің ерекше әсерлі жолдары қандай жағдайды сипаттайды ұмытылмайтын тұстар кейіпкердің ойы мен сезімі сенің ойың мен сезімің
- деген кесте бөліктеріне жазып отырады. Кесте интерактивті тақтадан көрсетіледі. Интерактивті тақтадан көрсетуге мүмкіндік болмаса оқушылар анық көретіндей етіп флипчартқа сызып, тақтаға іліп қоюға болады.
6.Бағалау.
«Үш қадамды сұхбат» әдісі
Әр топ әңгіме бойынша бойынша 3 түрлі сұрақ құрастырып, пікір алмасады.
Анықтау. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан анықтау.
Салыстыру. Шығармадағы құндылықтарды кейіпкер табиғаты арқылы бағалап,салыстыру.
Бағалау. Шығармадағы құндылықтарды өз көзқарасы тұрғысынан қорытып, әдеби эссе жазу.
Әдеби эссе тақырыбы: «Бір күйдің тарихы»
Оқушылар белгіленген уақытта эссе жазып болғаннан кейін топ ішінде бірін-бірі тексеріп бағалайды:
 Эсседе әдеби шығарма құндылығы қалай ашылған?
 Эссе шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап көрсете алған ба?
 Эссе арқылы оқырман өз ой-пікірін, жеке көзқарасын шығармашылықпен жеткізе алды ма?
Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды спикер болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар жазба жұмыстарына толықтыру енгізіп, кері байланыс береді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 581



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!