Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 2-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 2-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И4. Шығармашылық жұмыс
Сабақ мақсаты: А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Сабақ барысы.
Психологиялық ахуал орнату.
«Алма, шие, өрік, банан»
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.
1-тапсырма Оқушылар «Түсіндірме күнделік» бойынша жұмыс жасайды. Топта төрт оқушы болады.
Шығармадан үзінді Түйіні Оқушы пікірі
2-тапсырма ПОПС формуласы
Оқушылар кестені толтырып болғаннан кейін шығарма үзінділері бойынша өз ойларын талқыға салады.
«Менің ойымша, бұл...»
«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»
«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...».
3-тапсырма Еркін жазу
Оқушылар топқа бөлініп «Айға саяхат » деген тақырыпта ғылыми жаңалықтар дайындайды. Жаңалықтар негізінде өз көзқарасын айтады. Жұмысты шығарма мазмұнымен байланыстырады.
4-тапсырма РАФТ стратегиясы
Оқушылар шығарманың өздеріне ұнаған бөліктерін таңдап алып, қайта өңдеп фантастикалық әңгіме құрастырады.
Рөл – кез келген рөлге ену
Аудитория – тыңдарман, оқырман, қауым
Форма – фантастикалық әңгіме
Тақырып – «Айдағы жасырынбақ»
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.
Немесе:....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 539



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі