» » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.4. 1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
Сабақ мақсаты: Көркем шығармалардан алған үзінделерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін қолдана алады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Психологиялық ахуал орнату.
 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Топқа бөлу
Оқушылар санамақ әдісі бойынша 3 топқа бөлінеді.
Үй жұмысын сұрау.
1-тапсырма.Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сай нөмірлеңіз.
Оқиға желісі №
Жамалдың жайын жаздық бұл кiтапта...
Бiреуге хас нәрсе емес һәм болған iс...
Жазылған ерiккеннен ертегi емес...
Қазақша бiр роман жаза салшы...
Болмайды кемшiлiксiз ешбiр халық...
Көрген кiм шариғаттан деген сөздi:...
Бақытсыз бiр қыз екен осы шақта...
«Қор етiпәйел халқын аямасын»....
Демеймiн жалпақ жұрттың бәрiкеще...
Кеудесiн «мырза» десең көтередi...
Жайылған бұл бiр ғұрып һәр қазақта...
Бәрiнен кейiн қалған қазақ анық...
2-тапсырма. Романды бөлімдерге бөліп, әрқайсысына ат беріп, басты оқиғаны суреттейтін үзіндіні мысалға келтіріңіздер.
"Бақытсыз Жамал" романы
бөлім бөлім бөлім бөлім бөлім
Бөлім атауы
үзінді
Қалыптастырушы бағалау
3 - тапсырма. Топтық жұмыс.
1. Берілген үзіндіні оқып, мазмұнын еске түсіру арқылы талдайды.
2. Сахналанған көрініс ретінде қойылым жасайды.
3. Өз нұсқаларын ұсынады.
1 - мәтін.
Жоғарыда айтып өткен Байжанның он жетi жастарға келген Жұман дейтiн бiр таз һәм ақылсыз баласы бар едi. Сол елде екi-үш Жұман есiмдi жiгiттер болғанғаа, бiрiн — «сары Жұман», бiрiн — «тапал Жұман», Байжанның баласын «таз Жұман» деушi едi. «Ата даңқымен қыз өтедi, мата даңқымен бөз тедi» деп, Байжан өзi тәуiр болған соң,қол жетiп тұрған заманда бiр бай жерден Жұманға жақсы қыз айттыруға ойы бар едi. Бiр күндерде Байжан мәжiлiс арасында: «Жұманға құда болатын лайықты жер бiлгендерiң бар ма?» — деп сұрап отырғанда, бiреу тұрып:
— Биылғы Нұрпейiспен билiкке таласатын Сәрсенбайдың бiр жақсы баласы бар, шешесi тәуiр кiсi — Жарас молданың қызы, өзi оқыған бала, қазiрде он-он бiрге келсе керек, —дедi. «Олай болса, бұл ескеретiн жер екен», — деп Байжан iшiнен ойлап қойды. Көп ұзамай Байжан Сәрсенбайға: «Құдай қосса, құда болайық» — деп бiр кiсi жiбердi. Бұл хабарды есiткеннен соң Сәрсенбай үй iшiне ақылдасып көрiп едi, үлкен қатыны ұнатып, Жамалдың анасы Шолпан ұнатпады.
Сөйтсе де өткен сайлаудағы Байжанның Нұрпейiске болысып, өзiн құр тастағанын ойлап, Сәрсенбай: «Құдалық себебiмен келесi сайлауда би болмаспын ба екен?» — деген ойға кiрiп, өзiн билiкке таластырған достарына ақылдасты.
2 - мәтін.
Ата-анасы зарыққанда көрген баласы екенiн де ойлап,не себептi жаман күйеуге бергенiне қайран қалып жүрдi.Өзi теңдес қыздардың күйеулерiн салыстырып қарағанда, Жұманнан нашары жоқ едi. Басқа шет елдерден: «Күйеуiне разы болмай, екiншi жiгiтпен қашып кетiптi» дегендi естiгенде, iшiнен ойлап: «Олар да мен секiлдi бейшараларғой», — деп аяушы едi. «Олар секiлдi бiр жiгiтпен көңiл қосып қашсам, «пәленшенің қызы қашып кетiптi» деген сөз болып,атамның сүйегiн сындырғандай боламын. Разы болып Жұманға барсам, ғұмырымша қор боламын ғой», — деп,қайсысын iстеуге ақылы жетпей, бағзы уақыттарда түн бойы ойлаумен ұйықтамай да шығушы едi. Һәр уақыт осындай уайымда болған соң Жамал жүдеп те кеттi. Ата-анасы:
—Қарағым, сен неге жүдеусің? — дегенде:
— Жай, басым ауырады, — деп қоюшы едi. Жамал осындай уайымдарда болып жүргенде, бiр күнi Байжаннан Сәрсенбайға: «Биыл баламды ұрын жiберемiн», — деп сәлем келдi.
3 - мәтін.
Ендi мынадай «Жұман келедi» деген хабар аныққа шыққан соң, дүниеде бiрiнен-бiрi бөлек тұрудан қапаста жатқанды артығырақ көрiп, не болса да, екеуi қосылуға бiр жол қарамақшы болып, ендi қай күнi бiр жолықса, бұрынғы iштегi жұмбақ болып жатқан сырларын таласып сөйлемекшi болып тұрғанда, Жамалға Ғалидан бiр хат та келiп жеттi.Бұл хатты Ғалидан Жамалға алып келген жiгiт әруақыт бұл екеуiнiң арасында осындай құпия хабарлар һәм хаттар тасып жүретiн Ғалидың бiр анық сенген кiсiсi едi.Бүгiн бұл хатты Жамалға тапсырып:— Жауабын ертеңге шейiн даярлап қоярсың, мен бiр ауылға барып қайтамын, — деп кетiп қалды. Жамал бұл хатты үш - төрт мәрте оқып шығып, бiр қызып, бiр суып, Жұманға барса — ғұмырынша қайғы-қасiретте өтетiнiн ойлап, Ғалимен қашса — не түрлi ұят машақаттар болып, ақыры нешiк болатынына көзi жетпей, аз дағдарып, көзiнен моншақ-моншақ жастарды төгiп алды. Бiраздан соң тағыда қайраттанып: «Тәуекел, Алла басқа салған соң, не де болса көтердiм, Ғалимен ғұмырымша қол ұстасып жүрсем де арманым болмас», — деп ойлады. Егер де Ғалимен қаша қалса,кiм тiлектес, жәрдемдес боларын ойлағанда, өзінің шешесi Шолпаннан басқа ешкiм көзiне көрiнбедi. Шешесiне сиынатын себебi оқушыѕа да мәлiм. Шолпан әуелден Жамалды Жұманға беруге разы болмай, Сәрсенбайға тiлiн алғыза алмай қойған едi. Екiншi, Жамал бойжеткен соң Жұманға көңiлi наразы болып жүргенiн де сезiп, хатта сол мезгiлде Жамалдың жазып жүрген өлеңiн де тауып алып оқиды деп жоғарыда жазып едiк. Үшiншi, Жамал мен Ғалидың жақын болып жүргендерiн бiлiп, көрiп жүрсе де, бiлмегенсiп жүрушi едi. Жамалды Ғалиға лайық көрген секiлдi болып, Ғалиды шын ықыласымен баласындай жақсы көрушi едi.
Бағалау критерийі Дескриптор
Көркем шығармадағы үзінді арқылы өз пікірін білдіреді Мәтінмен жұмыс жасайды
Шығармада кездесетін көнерген сөздерді қолданады
Шығарманы өз нұсқасы бойынша аяқтайды.
Қалыптастырушы бағалау.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Анна | 14 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 4-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 4-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 5-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 5-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» шығармасы 1-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» шығармасы 1-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 5-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 5-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы  «Ұшқан ұя» романы 4-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 4-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауидің авторлық тұлғасы  (8 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауидің авторлық тұлғасы (8 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 3-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 3-сабақ, сабақ жоспары Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 3-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 3-сабақ, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан )